Психологияның тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:49, реферат

Описание работы

Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Файлы: 1 файл

психология тарихы.docx

— 120.55 Кб (Скачать файл)

 

Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

 

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

 

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

 

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.

 

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.

 

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты  анықтайтын себептердің бәсекесінде  айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ңиеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.

 

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті  ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын  өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс  түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.

 

Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмбпияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.

 

П. K. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мүқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсеңді іс - әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл - әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

 

В. В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар  миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын  және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:

 

Э=М- (An-A11) ,

 

мұнда Э — эмоция, оның дәрежесі, сапасы және белгісі; M — маңызды  мұқтаждықтың сапасы мен күші; (Ак—A1, )—туа бітін және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ак — мұқтаждықты қанағаттандыру үшін қажетті амалдар тұралы ақпарат, A1, субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.

 

Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлармен қатар субъектің дара типологиялық ерекшеліктері, эмоция тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтың сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтждықтан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.

 

Осы «эмоция теңдеуі» бойынша, амалы  ықтималдылық

 

(Ақ—Ah) жағымсыз эмоциялар тудырады. Ал болжамды мақа жету ықтималдылығы  (Ан—Ақ) артқа жағдайда жағымды сезініс пайда болады.

 

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.

 

Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың  әртүрлі құрылымда­ры қатысады. У. Кеннон ұсынған таламустың теория бойынша  эмоциялық әсерленіс алғашқыда  таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсіңті түрлендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.

 

Эмоцияны ұғынуда лимбиялық  теория жетекші орын алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипо­таламус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.

 

B. P. Гес тітіркендіру әдісі арқылы гипоталамустың алдыңғы және қапталдас ядроларының жағымды эмоцияға, ал артқы және ішкерілес (медиальды) ядроларының жағымсыз эмоцияға жауапты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, олардың өзін-өзі токпен тітіркендіру әдісін пайдаланып, мидың жағымды және жағымсыз нығайтушы құрылымдары болатындығын анықтады. Жағымды нығайтушы құрылымдар жүйесіне қапталдас гипоталамус, перде, мидың ішкерілес будасы жатады. Жағымсыз орталық солғын зат, ішкерілес гипоталамус, бадамшадан құралады. Бұл құрылымдар мидың эмоциогендік жүйелері құрамына кіреді.

 

Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың  оң жарты шарының эмоциогендікмәні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шармен, ал жағымсызы оң жарты шармен жүзеге асады. Осыған сәйкес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғанын, сол жақ жартысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жағымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырмашылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді туйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.

 

Алайда A. B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидыц нақты құрылымдары арасында «мызғымас» байланыс болатынына кумән келтіреді. Өйткені, эмония психикалық әрекет болғандықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол туа біткен және жүре болған механизмдерге негізделген мінездің түрі. Расында, клиникалық байқауларда, мидың әртүрлі құрылымдарын емдеу мақсатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетіндігі анықталды.

 

Эмоциялык күйдің пайда болу негізі орталық жүйке жүйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен құралады. Жануарларға  жасалған тәжірибелер бойынша, норадреналин жағымды сезініс, ал cepотон мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция тудырады. Сонымен қатар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгерте алады.

 

Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы әрекетінің дофамин — және серотонинергиялық жүйелерден, ал мотивация норадренергиялық жүйелерден тәуелді екендігі анықталды. Сөйтіп: әртурлі эмоциялық күйді жүзеге асыруға мидың бүкіл нейромедиаторлық жүйесінің қатысатындығын болжауға болады. Шынында, олардың балансы өзгергенде эмопия бұзылады. Мәселен, мания немесе депрессия жағдайларында мидың әртүрлі бөлімінде дофамин, норадреналин және серотонин құрамасы өзгереді.

 

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы  байқалады. Гипотимия — абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия — көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмо­циялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай кақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.

 

Эмоциялык стресс — жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді.

 

Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығы - суларда ете жиі кездеседі.

 

Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды  емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан  ұзақ және тиімді психофармакологиялық ем­деу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмониялық зерде, із жазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты — мидың өзінің етеміс механизмдерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.

 

Ойлау

 

Oйлау —-адамның жаңа жағдайларға  бейімделуі кезінде мақсаттарды  жаңаша шешуге' арналған ми қыртысының  ете күрделі іс-әрекеті. Ол әлемді танудың және бейнелеудің ең жоғары сатысы. Ойлау — болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынастарын және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түйсінбейтін мазмұны, маңызы және мағынасы танылады.

 

Танымның алғашқы кезеңі — нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен организмнің өз

 

хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.

 

Материалдық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары  мен заттардың жеке қасиеттерін  бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы  бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге, тікелей әсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады.

 

Ойлау процестері жалпы түсінік  пен уғышнан және пікір мен ой тұжырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары ойлаудың дәрежесі — түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын ең маңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі — қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу. Ойлаудың дерексіздік (абстракциялық) , сезімдіқ, нақтылы, көрнекі әсерлі т. б. түрлері болады.

 

Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).

 

Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіркеледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.

 

Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.

 

Дерексіз-қисынды ойлау — ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.

 

Ұғым дегеніміз заттар мен кұбылыстардың  жалпы және маңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пікір олардың әртүрлі жақтары мен қасиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың, жоғары сатысы. Ойлаудың үш түрі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.

 

Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау— нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нактылы тәжірибелерімен дәлелденді.

 

И. M. Сеченов пен И. П. Павловтың  еңбектерінде, ассоииация (ұлас) үғымы  организмнің белсенді бейімделу  іс-әрекетінің күрделі нәрселер ортасындағы  мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық механизмдеріне талдау жасағанда, ол екі сигиалдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз сезім мен эмоцияның көптеген көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыяды. Ми бағаны мен торлы құрылымның серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын (сергуін) қамтамасыз етеді.

 

Ойдың физиологиялық негізін сигналдық  жүйелердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын үлкен ми сыңарларының қызметі құрайды. И. П. Павловтын, айтуынша, екінші сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай аймағы мен сөйлеу, есту және керу талдағыштарының әрекеттерінен тұрады. Олар ауызша, жазбаша сездерді түйсініп, жаңа сөйлемдер құрауға, айтуға жағдай жасайды. Сөйтіп, миға жететін сигналды қадағалап, сыртқы әлемнің тітіркендіргіштерін қалайша әуелі сезуге, түсінуге болатынын анықтайды. Кейін сөз арқылы нақтылы нәрселерді түйсініп, олардың қасиетін ажыратып, белгілі категорияларға жатқызып ұғынуға болады. Осылай танымның бірінші кезеңі екінші кезеңге, қарапайым сезуден күрделі ой процесіне алмасады.

 

Ой іс-әрекеті ми қыртысы мен оның маңдай аймағында өтетін анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дерексіз ойлау (абстракция) және нақтылау құбылыстарын бірлестіру арқылы орындалады. Жоғарыда аталған ойлау операциялары ұғым және сөз түрінде әрбір ойдың негізін құрастырады.

 

Тіл

 

Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде  қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде  адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, емдеу және жеткізу түрінде сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнеленеді.

 

Сөз бейнелеудің екінші сигналдық  формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы (коммуникациялық) әрекеті  — оның адамға тән арнайы қатынас құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік) , суреттелу немесе ұғыну (импрессивтік) түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық құбылыс. Бұлардың физиологиялық негізін мидың ерекше әрекеттік жүйелері атқарады.

Информация о работе Психологияның тарихы