Психологияның тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:49, реферат

Описание работы

Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Файлы: 1 файл

психология тарихы.docx

— 120.55 Кб (Скачать файл)

 

Негізінен иллюзияларды галлюцинациялардан ажырата білу керек. Галлюцинациялардың туындауы сыртқы бейненің қандай да бір мүшесі жетіспегендіктен пайда болады. Көрерменді иллюзиялар өзінің сипаты және өлшемі, мағынасы бойынша әр түрлі болып келеді.

 Заттардың өлшемдерін  дұрыс қабылдамау. Екі тең сызықтар  бір жағдайда соңында біріккен, ал екінші жағдайында бұрышымен екі жаққа ажыратылған(а суреті). Екі бірдей дөңгелектер оның айналарын үлкен не кіші дөңгелектер қоршағанына байланысты үлкен не кіші болып көрінеді(б суреті). Екі бірдей АГ және ДГ сызықтары өлшемдері бірдей емес сияқты болып көрінеді, егер де олардың біреуі диагоналі бойынша кіші, ал екіншісі үлкен төртбұрыштың диагоналі.

 

 

 

 

 

Иллюзияның бұл түрі жалпы бір заңмен түсіндіріледіғ яғни бүтіндей затты қабылдауы меңгерудің ерекшелігіне сипатталады. Дөңгелекті иллюзия контраст заңы бойынша түсіндіріледі, яғни затты үлкен не кіші зат қоршауына байланысты өлшемінің үлкен не кіші болып көрінуі.

 Заттардың формасының  ығысуы. Егер де параллель сызықтарды  өзара қиылысқан сызықтар фонында  қарастыратын болса, онда олар  параллель емес сызықтар ретінде  қабылданатын болады(г-суреті). Егер де дөңгелекті қисық сызықтар фонында қарастыратын болсақ, онда шеңбер өзінің дұрыс формасын жоғалтады.

 

 

Иллюзияның бұл түрі өзінің ерекшелігін қабылдау заңында өзінің шешімін табады.

 Геометриялық перспективаның  иллюзиясы. Егер де заттар бір бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан болса, онда біркелкі заттар әр түрлі өлшемде болып көрінеді. Осы кезде жақын орналасқан зат кіші, ал алыс орналасқан зат үлкен болып көрінеді(е-суреті).

 

Мұнда қашықтықтың бағалануы бойынша жүргізілген қабылдау заңымен түсіндіріледі.

 Вертикаль сызықтардың  асыра бағалануы. Бір өлшемді сызықтардың горизонтальды орналасқанына қарағанда вертикаль сызықтың орналасуы ұзынырақ болып көрінеді. Осының негізінде заттардың өлшемі өздерінің өлшемдеріне қарағанда үлкен болып көрінеді.

 

Иллюзияның бұл түрі тұрақты және заңды болып келеді. Мысалы, сәулет жобаларының өзінде есептеу нәтижесінде көруге болады. Иллюзиялардың мүмкін болатын түсіндірмесі. Бізге көрініп тұрған объектінің өлшемі тек қана бұрышты өлшем бойынша немесе оның физикалықөлшемі бойынша ғана анықталуы мүмкін. Бұл екі түсінік адам қабылдауының көзқарасына байланысты болады. Бұл заңдылықты басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратып берген Эммерт болып табылады. Әлі күнге дейін нақты дәлелдемелер жоқ. Мысалға, бізден қашық орналасқан бұлттар кіші болып, ал біздің жоғары жағымызда орналасқан бұлттар үлкен және жақын болып көрінеді. Қашықтық теориясын алғаш Клеомед сипаттап өткен. Көру иллюзиясын ереже бойынша фигуралардың нақты өлшемдерін жақындату үшін қолданған. Иллюзияны киімдерде көп қолданған. Қазіргі уақытта адамның фигурасы өзгеріссіз қалып, тек қана киімдердің көмегімен тек қана көрермен бейнесін өзгертуге тырысқан. Киімді модельдеу үшін көру иллюзиясын қарастырайық:

 

1. Кеңістік толтырылған иллюзия. Кей жағдайда костюмнің детальдарымен толтыруда кеңістік көп сияқты болып көрінеді. 2. Доғал бұрыштың артық бағалануының иллюзиясы. Доғал бұрыштардың арасындағы ара қашықтық үлкен болып көрінеді. 3. Контраст иллюзиясы. Үлкен заттың жанында кіші зат үлкен болып көрінеді, ал керісіншісінде басқаша. 4. Теңестіру иллюзиясы. Әр түрлі түстегі жіптерді бір түсті матаға орналастыруда бастапқы екі түсті жіптердің өлшемдері әр түрлі болып көрінеді. 5. Ассимиляция иллюзиясы. Егер де сызықтар, өлшемдер, формалар қайталанатын болса, бірігіп кеткендей болады. 6. Үш өлшемді кеңістіктің иллюзиясы. Көру иллюзиясы- көру нәтижесінде қабылдаудың жүйелік қателігі. Көбінесе қабылдау бойынша кеңістікті кең түрде қабылдау үшін қолданылады.

 

Техниканың дамуына байланысты соңғы он жылдың ішінде топтаудың  нәтижесінде иллюзияларды тағы да басқа  түрлерге бөліп қарастырады. Геометриялық иллюзия- Мюллер-Лиердің иллюзиясы деп аталады. Ағымды сурет екі бірдей горизонталь бөліктердің әр түрлі ориентациялы қысқа бөліктермен қосылуынан тұрады. Стрелкалы сызықтарды қарастырғандай. Бинокулярлы иллюзияларө ол бинокулярлы көру механизмінің жұмыс істеуімен сәйкес келеді. Мысалы, жұдырықты беттіңнен 30-40см қашықтықта ұстап, сұқ саусағыңды горизонталь түрінде орналастырып екеуін жақындататын болсаң, одан кейін саусақтардан тыс алысқа қарасаң бинокулярлы көру иллюзиясын бақылауға болады. Иллюзорлы трансформация. Кубтың орналасуында оның алдыңғы және соңғы табандарының орын ауыстыруы байқалатындай болады. Динамикалық иллюзия. Егер де адам қозғалатын денеге ұзақ қарайтын болып сол объект кездейсоқ тоқтайтын болса, адамға объект тоқтағаннан кейін кері қарайй айналғандай болып көрінеді. Көбінесе иллюзияға толы суреттерді бір көзбен көргенде ол анығырақ көрінетіндей кейіпте болады. Сонымен қорытындылай келе иллюзиялар дегеніміз сыртқы бейнені ерекше бір көріністе қабылдау, яғни озінің көрінісінен басқаша елестету. Олардың көп түрлілігіне қарамастан қазіргі уақытқа дейін қолданыста жүзеге асырып жүрген кездеседі. Оны баяндаманың басында қарастырып өткендей іс жүзінде тағы да қайталап өтеміз

 

[өңдеу] Пайдаланылған  әдебиеттер

 

Қазақ энциклопедиясы

Адамның психикалық іс-әрекеті

 

Осы күнгі физиология ғылымының  өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды

 

Адамның психикалық әсерленісінің  физиологиялық негіздері мен  заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

 

Психикалық және физиологиялық  кұбылыстардың ара салмағы

 

(психо - физиология сауалы) бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға байланысты философияның негізгі мәселесі.

 

Психикалық әрекеттің  қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың  ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды.

 

Психикалық әрекет жалпы  психикалық құбылыстардан, күйлерден  және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс) , ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.

 

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

 

Психикалық әрекеттің  негізі — қоршаған ортамен организмнің  объективті ара қатынасын сипаттайтын  жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.

 

Психикалық әрекетті бірнеше  әдістер арқылы зерттейді. Олар

 

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық,

 

электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша

 

жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл сана іспетті психикалық процестердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.

 

Ықылас

 

Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

 

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

 

Ықыластың әртүрлі көріністері  бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім  мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен қа­тар, A. A. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс - индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.

 

Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің, шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпілістерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді.

 

Торлы құрылымның белсендіруші әрекеті  әртүрлі сезім мүшелері қозғанда немесе ми қыртысының (ұласқан) аймақтарының құлдыраушы ықпалдарынан пайда болады.

 

Таламустың бейарнамалы жүйесі ми қыртысына берілетін мәліметті  іріктеп, ықыласты бір тітіркенуден басқасына ауыстырады

 

Торлы кұрылым ұзақ және жалпылама  сергектікті, ал таламустың арнамалы Жүйесі ықылас пен сергектіктің қысқа мерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді.

 

Ми қыртысы және оның ұласқан  зоналары ықылас механизмінің негізгі  орталық бөлімі болып саналады. Мұнда  ақпаратты іріктеп алу арқылы түйсік, ықылас және сананың талғамыс түрлері жүзеге асырылады. Ми қыртысы - торлы құрылым механизмдері ерікті ықыласты, оның шоғырлануын жіті қадағалайды. Еріксіз ықылас механизмдер қыртысасты құрылымдарда қалыптасады.

 

Соңғы жылдары ерікті ықыластың  ерекше «парасатты ықылас» деп аталатын түрі айтылып жүр. Ықыластың бұл түрі ми қыртысының маңдай бөлігінің арнамалы нейрондары мен олардың өзара байланыстары арқылы іске қосылады. Сөйтіп ықыластың әркелкі құбылыстарына жауапты құрылымдардың иерархиялық (көп сатылы) құрылысы байқалады (торлы құрылым-таламус-гипоталамус-лимбия жүйесіми қыртысы).

 

Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аудара қосушылығы болады. Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным - тіршілігі, ақыл - ойы және іс-әрекеті үшін жетекші роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.

 

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нәрсеге (объектіге) шо-ғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы келеді.

 

Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ыкыластың шашырауы немесе шоғырлануы маңызды орын алады

 

Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке  бағытталады. Ықылас басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы жоғары немесе төмен болады.

 

Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін шашырауда, қажудан кейін білінеді. Бұл кебінесе мектеп жасына дейінгі

 

балаларда, торыққыш адамдарда кездеседі. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын және иіке бағытталған болады. Мұны өз ойына терең берілетін «оқымыстының ықылассыздығы» деп те атайды. Ыкылас сыздықтың үшінші түрінде әлсіз қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.

 

Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді.

 

Эмоция

 

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

 

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологияльщ эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

 

Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс) , нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат) , отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда бола­ды. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

 

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық  күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

 

Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Информация о работе Психологияның тарихы