Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 11:37, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі біздің Қазақстанның жарқын болашағының тағдыры бүгінгі таңда талқыланып отырған өте өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, мен осы тақырыпты таңдадым.
Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................2
1-тарау. Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық негіздері.......................................................................................................3
1.1. Жеткіншектердің тұлғасының даму мәселелері...............................3
1.2. Жеткіншек шақтағы тұлғаның мінез-құлық ауытқушылықтары....9
2-тарау. Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары........................................................17
2.1. Жеткіншек шақтағы мінез-құлықтың ауытқушылық өзгерістердің себептерін белгілеу....................................................................................17
2.2. Жеткіншек шақтағы оқушылар бойындағы мінез-құлық ауытқушылығын болдырмау жолдары..................................................................................25
Қорытынды....................................................................................29
Әдебиеттер тізімі............................................................................31

Файлы: 1 файл

Курс глав.doc

— 243.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

Кіріспе................................................................................................2

1-тарау. Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық негіздері.......................................................................................................3

1.1. Жеткіншектердің тұлғасының  даму мәселелері...............................3

1.2. Жеткіншек шақтағы  тұлғаның мінез-құлық ауытқушылықтары....9

2-тарау. Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары........................................................17

2.1. Жеткіншек шақтағы  мінез-құлықтың ауытқушылық өзгерістердің  себептерін белгілеу....................................................................................17

2.2. Жеткіншек шақтағы оқушылар бойындағы мінез-құлық ауытқушылығын  болдырмау жолдары..................................................................................25

Қорытынды....................................................................................29

Әдебиеттер тізімі............................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

КІРІСПЕ

Бүгінгі жастардың терең  жан күйзеліс дертіне шалдыққанына талас жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады? Себебі неде? Өтпелі жеткіншектік кезең - қиын кезеңнің бірі. Организмдерде болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жеткіншектердің өміріне жаңа сезімдер мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде олардан құрдастары мен мұғалімі одан қалса үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Теледидар, фильмдер музыка мен интернет оларға өз стеореотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ жеткіншектердің бұл кезеңін стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қоса жас адамдар, көбінесе, тәжірибесі жоқ және өмірдің алғашкы соққыларына қарсы тұра алмайды. Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін. Бұл жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымының есеп баяндамасында «...зерттеулердің көрсетуінше, жастар нашақорлықпен айналысуды жеткіншек кезінде немесе есею алдында қолдана бастайды. Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы осыны айтуға болады»- деп жазылған.

Неге қазіргі жастар соншама қайғы қасіретке ұрынады? Алдыңғы ұрпақ жастары бұндай кезеңдерден өтпеп пе еді? Әрине, бәрі де есею жолында өтпелі кезеңнен өткен. Бірақ, қазір біз қиыншылығы көп басқа заманда өмір сүріп жатқандығымызды ұмытпағанымыз жөн сияқты. Жастарға бүгінгі өмірдің ауыр тұрмысы иықтарын басқан, ауыр жүк болып көрінуі мүмкін.

      Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев, Г. Н. Минковский, И. В. Мягков және т.б. қиын балалардың басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез- құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді, - деп атап көрсетті. Қиындықпен тәрбиелену- баланың теріс мінез- құлқы, дау- жанжал. Дау- жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез- бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады.

     А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В. Лысенко, И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шывченко, Г.А.Уманов сияқты зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық қыныр жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.

Жеткіншектердің өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан қарастырғандар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Кон, М.И. Лисина, А. Липкина, В.В. Столин, Е. Шорохова, У. Джеймс, Ч. Куль, Д.Ж. Мид, Э. Эриксон, К. Роджерс сияқты ғалымдардың зерттеулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылады.

Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі  біздің Қазақстанның жарқын болашағының  тағдыры бүгінгі таңда талқыланып отырған өте өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, мен осы тақырыпты  таңдадым.

Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.

Зерттеу мақсаты: Жеткіншек шақтағы оқушылар бойында пайда болатын ауытқушы мінез-құлықтың себептерін анықтау және оның алдын алу.

Зерттеу міндеті:

    1. Жеткіншек шақтағы мінез-құлық ауытқушылықтарының теориялық   аспектілері;
    2. Жеткіншек шақтағы ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу себептерін диагностикалау;
    3. Жеткіншек шақтағы мінез-құлық ауытқушылықтарын болдырмау жолдарын қарастыру;
    4. Оқушылардың дамуындағы”дағдарыс”, “өтпелі”, “қиын” кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу.
    5. Үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар жүргізу.

Зеттеу объектісі: Жеткіншек шақтағы оқушылардың мінез-құлқы.

Зерттеу пәні: Жеткіншек шақтағы ауытқушылық мінез-құлықты болдырмау әдістері.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, тест, сауалнама, тренингтер.

Ғылыми болжам: Егер мектеп психологтары ата-аналармен тығыз байланыста болып, жеткіншектермен психологиялық алдын-алу жұмыстарын жүргізсе, ауытқушы мінез-құлықты жеткіншектер біршама азайар еді.

 

 

 

І-тарау.Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық негіздері

1.1. Жеткіншектердің тұлғасының даму мәселелері

Жаңа туған нәресте  «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден» ажырата білуі тиіс. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды тұлға дей аламыз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды- көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам- мұраты, бағыт- бағдары бар адамды  тұлға дейді. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс- әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды тұлға дейміз. Тұлға - қоғамның мүшесі ретіндегі адам саналы тіршілік иесі, өзінің өмір жолын таңдай алады, қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық рөл атқаратын саналы индивид.

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы, әрекет барысында белсенді түрде өзгеріп және әрекетті де өзгертетін, табиғат, әлеуметтік орта және сол тұлғаның күрделі ара қатынасы арқылы жүріп жатады. Өзгерту барысында әсіресе еңбек әрекеті процесінде, адамдар бір-бірімен белгілі қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседі. Адамның тұлға ретінде қаыптасуы, негізінен, қоғамда қалыптасқан қарым- қатынас жүйесімен анықталып, сол тұлғаның осы қатынас шартына орай әрекетінің қалыптасуына, ойын сол қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасының қалыптасуына байланысты болады.

     Адамның  қоғамдық қатынас жүйесіндегі  орны мен әлеуметік ортаның  ықпалының өзі, адамның жас  ерекшелігіне орай қолданылады.  Бұл  өскелең жеке тұлғаны  мақсатты бағытпен қалыптастыру  жағдайын ұйымдастыруды қажет  етуін анықтайды.

Сонымен, тұлға- бұл, біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің  субъектісі ретінде индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті. Оның қоғамдық енуімен анықталып және де біріккен әрекетпен қарым- қатынаста  қалыптасып отырады.

Отандық психологияда адамды тұлға деп- қоғамның субъектісі ретінде оның қарым- қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

В.Г. Ананьев пен А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объектіні өмірді бейнелеу процесінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік танымы, сана- сезімімен бірлестікте іске енетін, тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп белгілеген. Сонымен қатар, тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, демек индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуын көрсетеді.

Индивидтің табиғи қасиеттері мен ерекшеліктері тұлғада оның әлеуметтік элементі ретінде көрініп отырады.

С.Л. Рубинштейннің қарастыруы бойынша, тұлға арқылы сыртқы ықпал индивид психикасында өзінің туындысымен байланысты болады.

Л.И. Леонтьев айтуы бойынша, тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы, индивид басқа индивидтермен біріккен әрекетінде, ақиқатты өзгертіп, соның арқасында өзін де өзгертіп, жеке тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс әрекеттерінің сапасын кеңейтуімен, талап қойылған жағдайлардың шегінен әрекет жасауымен (мотивация, жетістік, қауіп- қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, демек үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер- қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен сипатталады.

Оқушылардың тұлғасының дамуы механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді  болып келеді.

Л.С. Выготскийдің пайымдауынша, баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие...

         Адамның тұлға ретінде қалыптасуында жеткіншектік кезең маңызды орын алады. Бұл жас кезеңнің, адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше маңыздылығы, 10- 16 жастағы баланың дамуындағы саналы өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жастағы бала, жаңа әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, жаңа қоғамдық қатынасқа және байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесіндегі жеткіншектің орнының өзгеруі, әрекеттің жаңа аспектілірінің дамуына байланысты. Әрекеттің бұл жаңа аспектілері, осы жас кезеңінің ерекшелігіне тән жаңа өзара байланыс, қарым-қатынас жүйесін тудырады. Дегенмен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жеткіншек үшін маңызды болып әрекеттің негізгі типі саналады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі әрекетпен ғана шектелмегенімен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.

К. Юнг айтуы бойынша, жеткіншектік кезең - балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі.

М.И. Шардаков бойынша, жеткіншектік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жеткіншек  осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жеткіншек  тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әртүрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында көрініс тапқан. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму үрдістерінің күделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл- ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен ерекшелігі болып табылады. Аса  айқын, қиын  және  өзгерісі  көп  қауіпті  мектеп  жасындағы бұл  кезеңнің  қиындығы  баланың денсаулығынан  бұрын  қалыптасып  қалуымен байланысты. Егер  жеткіншектің денсаулығына  қатынас бірыңғай, барабар болмаса, ол өтпелі кезеңде жағдай асқынып  кетеді. Ағзаның  маңызды  жүйелерінің қайта құрылуы  жеткіншектің  өзіне де елеусіз өтпейді , әр  жеткіншек жаңа және  ылғи сүйкімді бола бермейтін  өзгерістерге  дайын емес. Көбінесе  бұл  бас  айналу, әлсіреу  жүрек ауруы  арқылы  білінеді т.б. Жеткіншек  балалардың  көңіл – күйі  жиі құбылып  тұрады, эмоциялық әлемі жиі  өзгереді. Балалардың  белгілі  бір  тобы  тез шаршағыш  , ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің  психикасы  аса тұрақсыз болады, бірақ  жас ерекшелігінің заңдылығы  сондай, онда  кісіаралық  қатынастар  сонша жаңа  қиындықтарды қосады. Жекіншектер  - жаңа сапаға , яғни  үлкен жасқа  ауысуы  үшін  дағдырыстан  өтеді. Бұл  жеткіншектер  үшін ғана емес , оларды  қоршаған  үлкендер үшін  де қиын  кезең. Эмоциялық  сезімталдықтың  жоғарылаған  түрі  және  олардың  тұрақсыздығы  мен  олардан  азат  ету реакциясы  мектептегі  оқу  және  тәрбие   үрдісін  қиындатып , күрделендіруі мүмкін. Сондықтан педагогтар  бұл дағдырыстың болуы нормада және оның  қажет екенін  түсіндіруі  керек. Адамның дамуындағы  маңызды дағдырысты Л.С. Выготский байқауынша , дағдырыс немесе  сыни  кезең позитивті сапалы өзгерістер  кезеңі нәтижесінде тұлғаның  жаңа  сападағы  дамуына  ауысу кезеңі. Бүгінде біз  дағдырысты  кезең  бұл бір  жағынан  дамудың  қозғалыстың  қауіпті  қиын  кезеңі  екенін,  екінші  жағынан  жаңа  мүмкіндіктердің  оянуы  ішкі  жаңа өзгерістердің  ашылуы  екенін білеміз.

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың ағзасында нақ осы шақта биологиялық толасуы жолына түбегейлі өзгерістердің болынан туындайды.

Организмнің қайта құрылуы  эндокридік жүйедегі өзгерістерден  басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектердің организміндегі көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Яғни жыныс органдарының дамуы екінші жыныстық белгілердің көрінуі. Бұл үрдістер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13- 15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалған кезде кейбір қыздар 10- 11, ер балалар 12- 13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың  артуы, кеуде клеткасының шеңберінің өсуі- жеткіншектік шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлар, бұлар «күрт өсуі» деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінд бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншектік кезеңінде омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқыны қалып қояды.14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11- 15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста осындай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кезеңдердегідей оңай болады.

Танымдық - іс-әрекетте ересектіктің дамуы. Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектердің бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып дамиды. Мұның өзі мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс- әрекеттің, дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекетінің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің немесе бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысты бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар  уақыт-  бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттың да сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады, қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әртүрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей- тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар әртүрлі мәселелерді талқыламайды, кітаптармен, материадармен алмасады, әртүрлі қиыншылықтарда ақыл- кеңеспен және іспен жәрдемседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамалар қарайды. Мұның өзі ынта- ықылас пен нәтижелі іс- әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс- әрекетінде кейде шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау үрдісі және жалпы алғанда танымдық үрдістің өзі әуестендіреді. Бұл орайда интеллектілік даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.

Информация о работе Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары