Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 11:37, курсовая работа
Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі біздің Қазақстанның жарқын болашағының тағдыры бүгінгі таңда талқыланып отырған өте өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, мен осы тақырыпты таңдадым.
Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Кіріспе................................................................................................2
1-тарау. Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық негіздері.......................................................................................................3
1.1. Жеткіншектердің тұлғасының даму мәселелері...............................3
1.2. Жеткіншек шақтағы тұлғаның мінез-құлық ауытқушылықтары....9
2-тарау. Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары........................................................17
2.1. Жеткіншек шақтағы мінез-құлықтың ауытқушылық өзгерістердің себептерін белгілеу....................................................................................17
2.2. Жеткіншек шақтағы оқушылар бойындағы мінез-құлық ауытқушылығын болдырмау жолдары..................................................................................25
Қорытынды....................................................................................29
Әдебиеттер тізімі............................................................................31
«Бір- бірімізбен сәлемдесейік» ойыны
Нұсқауы: Қазір сіздерде бүгінгі таңға кері қайту мүмкіндігі бар. Елестетіңіздер, сіз мектепке кірдіңіз және бір партада отыратын аамды кездестірдіңіз. Бір-біріңізбен жылы шырай танытып, өзіңізбен қалай амандасқанды қаласаңыз, солай амандасыңыз.
Бұл ойынның мақсаты: сыныптастар арасындағы психологиялық ахуалды жақсарту.
« Аяқталмаған сөйлем» ойыны
Қоңырау соғылып шет тілі сабағы басталды делік. Бәріне бірдей басқа тілдің сөздерін дұрыс айту шықпайды. Біреу орнынан тұрып, қате және қызық айтады... Мұнда әркім өзінше көңіл аударады. Біреу сыныптасын ренжіте, күлер, біреу өзінің білетінін көрсетіп, түзер, біреу сабақтың соңында келіп, сол сөздерді айтып үйренуге ұсыныс жасайды.
Нұсқауы: берілген сөйлемдерді аяқтау.
Осы ойынның сыныптастар арасында көрінетін төбелестерге қатысы бар ма, әлде жоқ па екенін анықтауды балалардың өздері арасында талқылауға қалдырдық.
Сынып сағатында егер сыныптастардың әрекеттері ашуландырса және оны соққың келсе, не істеуге болатыны жайында мынадай ұсыныстар жасадым:
Егер біреу төбелеске итермелесе, ондай жағдайда не істеу керек жайлы келесіде ұсыныстар бердік:
Өткізілген тренинг-ойындар
мен сынып сағатының
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта айтқанда, жеткіншек шақ - тұлғалық қылыптасудың дағдарысты кезеңі болып табылады. Бұл кезең адамның тез өсуімен, жеткіншектің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады. Сонымен қатар, жеткіншектік кезең мінез-құлық ауытқуларының пайда болып, қиын балалар қатарына қосылуға өте қолайлы кезең.
Қазіргі уақытта біздің ең негізгі абыржуымыз - ол жеткіншек тағдырының қиындығы, яғни қиын балалардың тәрбиесі, олардың проблемалары қарастырылып отырған өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Жеткіншек арасындағы тәртіп бұзушылық көп белең алып келеді.
Адам жаны, соның ішінде жаңа қалыптасып келе жатқан бозбала мен бойжеткеннің ішкі жан-дүниелері өте күрделі. Жазатайым қателескен, байқаусыз теріс жолға түскен жеткіншек пессимистік ойларға беріліп, өзі жайлы жаман қорытынды жасап, жас өміріне балта шауып жататын жайлар өмірімізде аз кездеспейді. Міне, осындай жеткіншектердің психологиясын жетік білетін психолог мамандардың көмегі ауадай қажет. Егер жақсы психолог маман болса, ол қандай қиын бала болмасын, жүрегіне жол таба біледі. Жүрекке жол табылса, үлкен жеңіс осы. Бала сенің айтқан кеңесіңді қабылдайды, айтқан ақылыңа тоқтайды, ең бастысы өзіне деген сенімі оянады, өзгелердей бақытты болуға өзінің де толық құқы бар екенін түсінеді. Жеткіншек көңілінде осындай сенім, осындай түсінік қалыптасқаннан кейін қандай қиын жағдайдан да жол тауып шығады.
Станислав Ежи Лец демекші, «Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны бесіктің қалай тербелетіне байланысты», «қиын» деген оқушы бұзылған бала қатарына қосылмас үшін «қиын бала» тәрбиесінде ата-аналарға менің ұсынысым:
Бұл ережелердің еліміздің көк байрағын биікке көтеретін жеткіншектеріміздің тәрбиесіне көмегі тиетіне күмәнім жоқ!
Қолданылған әдебиеттер