Атырау қаласының тұрақты даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Мемлекеттің не болмаса жеке бір қаланың тез ауқымды дамуы оның халқына, экономикасына жақсы жақтарын тигізетін болса, ал экологиялық тұрғысынан максимум кері әсерін тигізеді ,тигізіп қана қоймай келешек ұрпаққа зардап әкеледі. Қарқынды дамуға экономикалық, экологиялық, социологиялық негізгі аспектілері болады. Ал қарқынды дамудың индикаторы жұмыссыздықтың деңгейі, халықтың миграциясы, демографиясы, ауыл шаруашылығының дамуы, халқының денсаулығы, экологиясы.

Файлы: 1 файл

Тұрақты даму.docx

— 76.64 Кб (Скачать файл)

Тұрақты даму

1.1. Тұрақты даму тұжырымдамасы

Адамзат дамуының болашағы мәселесі, ғылыми-техникалық революцияның кері салдарын болдырмау, эколгиялық проблемалар  алғаш рет Рим клубының баяндамасында  талданды.

 Рим клубы – дүние  жүзінің 30 елінен адамзат дамуының  болашағы туралы ойланатын ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін және іскер  адамдарды өзінің қатарына біріктіретін  халықаралық үкіметтік емес ұйым. Рим клубын 1968 ж. Италия іскері  Аурелио Печчеи құрған. Клуб мүшелерінің  күш-жігерлері, ақыл-ойлары заманауи  өзекті мәселелерді шешуді ғалами  үлгілеу деп аталатын жаңа  бағыт құру арқылы мақсат еткен.  Осылай бар адамзат мәселелерін  Батыс және Шығыс, Солтүстік  және Оңтүстік деп бөлмей зерттейтін  ЭЕМ көмегімен үлгіленетін ғаламдану  немесе жаһандану деген жаңа  ғылым пайда болды. 

 Рим клубының мақсаттары  мынандай болып құрастырылған:

1. Әлемнің нақты мәселелеріне  тереңінен үңілу 

2. Адамдардың адамзаттық  қиыншылығын терең түсінуге, ұлттық  шектеулермен ғана 

 емес, ғалами сананың  қалыптасуына ықпал ету.

2. Қазіргі жағдайды түзетуге  ықпал етуші жаңа қарым-қатынастар, саяси бағыттар 

және институттар құрастырылуға  түрткі болу. Ғалами мәселелерді күш-жігерді  біріктіргенде ғана шешу мүмкіндігі туады.

1970 ж. Клубтың жұмысына  АҚШ профессоры Джей Форрестер  кірісе бастады. Жүйелік динамика  деген әдісін пайдалана отырып, ол күрделі болмағанмен ауқымды  математикалық үлгі құрды. Әлемдік  жағдайдың дамуын негізгі өзара  қарым-қатынаста болатын бес айнымалы  арқылы болады:

- тұрғындардың саны

- капитал орналастыру  көлемі

- қалпына келмейтін қорларды  пайдалану

- азық- түлік өндіру

- ортаның ластануы

Алғашындағы үлгісі «Мир - 1»  деп аталып, 42 сызықты емес теңдеуден  құралған. Онан кейінгі «Мир-2» үлгісі бойынша бес көрсеткіш және олардың  жоғарырақ деңгейде олардың әрекеттесуі  жазмыш апатқа әкеліп соғып, тез арада  адам жүйесінің өсуін тоқтататын шара қолдануын талап етеді.

 Онан соң Форрестердің  көмекшісі жас профессор Деннис  Л. Медоуз «Мир-2» үлгісін «Мир-3»  үлгісіне ауыстыратын топты басқарды.

1972 ж. Вашингтонда бірінші  рет «Ұлғаю шегі. Рим клубына  баяндама» деген кітапты Медуз  Д. Және т.б. ұсынды. Бұл авторлардың  айтуынша адам санының артуы  табиғи қордың таусылуына әкеліп  соғып, 2030 ж. Қарай өндірістің  артуын және ауыл шаруашылығының  дамуын баяулатып, нәтижесінде  адам саны күрт төмендеп, демографиялық  апат орын алады. Егер ғылым  мен техниканың жетістіктерінің  арқасында қордың шексіз мөлшерін  өндіруге болса, апатты қоршаған  ортаның ластануы мәжбүр етеді.  Егер қоғам табиғатты қорғау  мәселесін шеше алса, адам санының  және өнім өндірудің артуы  жердің мүмкіндігі таусылғанша  ғана байқалады, онан соң бәрібір  колланске ұшырайды. Апаттан құтылу  жол жоқ, өйткені бес айнымалы  экспонента бойынша өседі, сонда  байқатпай келеді де, шара қолдануға  кеш болады. Кітабының соңғы тарауында  төніп тұрған қауіптен құтылу  жандарын келтіреді. Олар аз  ғана уақытта ғаламшар тұрғындарының  санын және бір мезгілде өндіруді  тұрақтандыруды ұсынады.

 

 

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік

 

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат  қорғау шаралары да кешенділікті талап  етеді.

 Кешенді пайдалану  деп – табиғат байлығының барлық  тиімді қасиеттерін табиғи ортаға  зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

 Кешенді пайдалану  ұғымына өндіріс және тұтыным  қалдықтарын пайдалану да кіреді.

 Белгілі бір жағдайда  минералдық шикізат қорын кешенді  пайдалану деп аймақтағы барлық  ресурстарды пайдалануды айтады. Бүл ұғымға минералдық шикізат  кешенді барлау, мейілінше толық  өндіру, өндірілген қорды кешенді  пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін  кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.

 Минералдық шикізатты  кешенді пайдалану - өндірілген  кешендегі пайдалы негізгі және  қосымша элементтерді және өндіріс  қалдықтарын пайдалану. Минералдық  шикізат қорын кешенді пайдалану  – кен қорын және өндіргенде  қосымша өнім болып табылатын  тау жыныстарын, жер асты суларын,  газдарды толық ұқсату.

 Аймақтағы кен көздерін  кешенді пайдалану деп жақын  орналасқан кендерді бір-бірімен  байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ  кеніштерді бірге пайдаланғанда  тиімді болуы мүмкін. Өйткені  ортақ байыту фабрикалары, ортақ  өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар  салынады. Соның нәтижесінде шығындарды  үнемдеуге мүмкіндік туады.

 Минералдық шикізатты  кешенді пайдалануды бірнеше  натуралдық және құндық көрсеткіштермен  сипаттауға болады. Кешенді пайдалану  дәрежесі: тауарға алынған элементтер  саны, шамасы; кеннің құрамындағы  пайдалы элементтерді айырып  алу дәрежесі; тауарға алынған  элементтер мен компоненттер  құны; экономикалық тиім және  тиімділік т.б. 

 Минералдық шикізатты  кешенді пайдалану көрсеткіштері:  кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға  алынған элементтер саны; минералдық  шикізат қорын пайдалану- кеннің  құрамындағы элементтерді айырып  алу: жалпы көрсеткіш – тауарға  алынған элементтер құнының кеннің  құрамындағы элементтер құнына  қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының  шығынға қатынасы.

 Шикізат қорын толық  пайдалану дәрежесі жіберілген  қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы  анықталуы мүмкін немесе алынған  өнім мен есептелген өнім шамасын  салыстырады.

 Қазіргі ғылыми техникалық  жетістіктер кендегі барлық элементтерді  алуға мүмкінік береді, бірақ  соның ішінде тиімдісі алынады.Осы  тиімді кешенділікті анықтау  ерекше экономикалық мәселе болып  табылады.

 Кешенді пайдалану  варианттарын экономикалық тиімділігін  анықтаудың түпкі мақсаты- халық  шаруашылық қажетін шикізаттан  алынатын өнімдермен неғұрлым  аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді  пайдалану вариантын анықтау  өндірістің, қолданылатын технологияның  тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді  пайдаланудың тиімді вариантын  таңдау әдісі өндірістің халық  шаруашылық тиімділігін анықтау  әдістерінен туындайды.

 Тиімді өндірістің  ең басты белгісі-нақты және  өткен еңбектің, табиғат ресурстарының  үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан  келтірмеу. Осы белгіні табиғат  ресурстарын кешенді пайдалануды  бағалауға қолдануға болады. Варианттарды  салыстыру үшін баланстық есептеулер  жүргізу қажет болады бірақ  бұлай істеу қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың  тиімді вариантын таңдау үшін  әр кезде кәсіпорындарда, аймақ  бойынша немесе республика көлемінде  шикізаттан алынатын барлық өнімдердің  баланстық есептеулерін жүргізіп  жағдайларды басқа варианттармен  салыстыру қажет.

 Қазіргі кезде тиімді вариантты таңдауда көп қолджанвлатын әдіс- келтірілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді вариантты таңдау белгісі шығынының ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты варианттар бір-бірімен салыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек. Варианттарды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін “компенсация” (орынын толтыру) әдісі қолданылады.

 Мұны мынандай мысалмен  түсіндіреміз: минералдық шикізатты  кешенді пайдалану варианттарының  біреуінде, 3 элемент, 5 элемент алынады.

 19-кесте

 

 

 Көрсеткіштер

 І вариант ІІ вариант 

 Pb

 Қорғасын Zn

 Мырыш Cu

 Мыс Pb

 Қорғасын Zn

 Мыс Cu

 Күміс Ag

 Күміс Au

 Алтын 

 Алтын өнім, т, кг

 Келтірілген шығын,  тг/т, мың тг/кг

 Шекті шығын, тг/т,  мың т/кг 

10

 

500

 

 

800

20

 

300

 

 

500

2

 

600

 

 

1000

8

 

600

 

 

800

15

 

400

 

 

500

1,5

 

650

 

 

1000

0,2

 

180,0

 

 

200,0

 

0,5

 

18,0

 

 

20,0

 

 Екі варианттағы өнімдер  саны және түрі бойынша бір-бірімен  салыстыруға келмейді. І вариантта  қорғасын, мырыш және мыс көбірек  және аздау шығын мен аламыз. ІІ вариантта қосымша алтын  және күміс аламыз, бірақ алғашқы  элеиенттерді алу шығыны артады. Тиімді вариантты бірден таңдай  қою қиын.

 Варианттарды салыстыру  үшін өнімдерін теңестіреміз. Әр  вариантқа жетіспеген өнімдері  шеткі шығынмен қосамыз. Ол  өнімдерді шеткі шығын жұмсап  басқа жақтан әкелдік деуімізге  болады.

 “Компенсация” әдісінің  мағынасы да осы. Жетіспеген  өнім “компенсациялық” яғни  шеткі шығынмен алынады деп  есептеледі.

 Сонда бірінші вариантқа  0,2кг алтын және 0,5кг қосамыз,  ал екінші вариантқа 2т қорғасын, 5т мырыш, 0,2т мыс қосамыз. Вариант  бойынша алынатын өнімге шығынды  келтірілген шығынмен,қосымша өнімді  “компенсациялық” шығын мен  есептейміз. Сонда әр вариантқа  бірдей 10т қорғасын, 20т мырыш, 2т  мыс, 0,2кг алтын, 0,5кг күміс алу  үшін жұмсалатын шығын:

 І в.: (10*500+20*300+2*6000+0,2*200000+0,5*20000)=62200 тенге;

 ІІв.: (8*600+15*400+1,8*600+0,2*18000+0,5*18000+2*800+5*500+0,2*1000)= 61270 тенге.

 Сонымен бірдей өнімдерге  жұмсалатын жалпы шығындар бойынша  екіші вариант тиімді.

 Осындай қорытынды  диференциалдық рента көрсеткішін  қолданып та шығаруға болады. Әр бір өнімге шекті шығын  мен келтірілген шығын шамасын  салыстырып жалпы рентаны есептейміз.

 Ів.: [(800-500)*10 + (500-300)*20+ (1000-600)*2]= 7800тг.

 ІІв.:[(800-600)*8+ (500-400)*15+ (1000-650)*1,8 -(200000-180000)*0,2+(20000-18000)*0,5]= 8730тг.

 Екінші вариантта ренталдық  табыс көп, сондықтан ол тиімдірек  .

 Тиімді вариантты таңдау  үшін табыс немесе пайда көрсеткіштерін  де қолдануға болады. Варианттарды  салыстыру үшін онда “компенсациялық  табыс” немесе “компенсациялық  пайда” ұғымын қолданамыз.

 Минералдық шикізатты  кешенді пайдалану экономикалық  тиіммен қатар экологиялық және  әлеуметтік тиімдер беред Оның  бәрін нақты есептеу мүмкн  емес, бірақ шамалауға болады. Ең  дүрысы әлеуметтік – экономикалық  нәтижелерді барынша толық есептеу.

 Минералды шикізатты  кешенді пайдаланудың нәтижесінде:  одан алынатын өнімнің түрлері  және мөлшері көбейеді; қалпына  келмейтін шикізат үнемделеді; табиғи  ортаға зиянды әсерлер азаяды; табиғат қорғау шығындары үнемделеді.

 Өнімнің түрінің мөлшерінің  көбеюі, шығындардың үнемделуі шикізаттың  әр бір өлшемінен алынатын  өнімнің құны арқылы ренталдық  табысқа кіреді. Сонымен қатар,  қалпына келмейтін(сарқылатын) табиғат  баилығының үнемделуі ерекше  есептелуі қажет. Мысалы, шикізаттың  тапшылығына байланысты арнаулы  коэффиценттер қолдану, кенді  барлауға жұмсалған шығындардың  үнемделуін қоса есептеу және  т.б.

 Минералдық шикізат  қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын  болса табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның  салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың  өсіміне, адамдардың денсаулығына  зиян келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т.б.

 Кешенді пайдаланудың  мұндай нәтижелерінің біршамасын  экономикалық көрсеткіштермен айқындауға  болады: нақты шығындар, болдырмаған  шығындар немесе орын толтыру  шығындары бойынша. Әйткенмен  табиғат ресурстарын кешенді  пайдаланудың толық нәтижелері  нақты көрсеткіштермен есептеуге  келмеиді. Сондықтан кейбір нәтижелерді  арнаулы әдістер қолданып есептеуге  тура келеді.

 Табиғат ресурстарының  аймақтық үйлесімдігі оларды  кешенді пайдалану мүмкіндігін  арттырады. Мысалы, отын энергия,  минералдық шикізат, су қорының  бір аймақта орналасуы металлургия  кенішін дамытудың негізі болады. Минералды шикізат көздерінің  бір аймақта топтасып орналасуы  ортақ байытуфабрикасын, ортақ инфрақұрылымдар  пайдалану арқылы оларды кешенді  игеру тиімділігін арттырады,  өндірісті орналастырудың тиімді  түрі территориялық өндірістік  кешендер (ТӨК) қалыптастыру мүмкіндігін  туғызады. Қазақстанда осындай бірнеше  ТӨК-ті атауға болады. Қарағанды-  Теміртау көмір мен темір кендерінің  аймақтық үйлесімділігін пайдалану  негізінде құрылған. Жамбыл- Қаратау  фосфорит кенін кешенді пайдалануға  негізделген. Маңғыстау мұнай  мен газды, Кенді Алтай түсті  металлдарды, Екібастұз- Павлодар  көмір мен энергия көздері  кешкенді пайдалану мақсатында  құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орнықты даму принциптері 

 

XXI ғасыр күн тәртібі — әрекеттер жоспары

 

1992 жылы БҰҰ Қоршаған  орта және даму комиссия эгидасымен  өткен Әлемдік жер Саммитінде  Планетаның орнықты даму проблемалары  талқыланды. Әлемнің  179 елдерінің  басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ орнықты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті   қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау.

 

XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда  2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.

 

Орнықты  даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын  арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану  көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты  даму өмір салтын қалыптастыру бойынша  күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды:

Информация о работе Атырау қаласының тұрақты даму стратегиясы