Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:54, дипломная работа

Описание работы

Мақсаты: Ванадий иондары әсер еткенде лимфа жүйесінің функционалдық ауытқуларын зерттеу.
1. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
2. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
3. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
4. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...........................................................................................5
1.1 Ауыр металдарға жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Жекелеген ауыр металдар.................................................................................6
1.3 Ауыр металдардың таралуы...........................................................................12
1.4 Ауыр металдардың қолданылу аймағы.........................................................15
1.5 Металдардың организмге түсуі......................................................................17
1.6 Ауыр металлдардың ағзадағы айналымы мен жиналуы және бөлінуі.......21
1.7 Ауыр металдардың экологиялық сипаттамасы............................................22
1.8 Лимфа жүйесі...................................................................................................30
1.8.1 Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы..................................................30
1.8.2 Лимфаның физиологиясы............................................................................36
2 МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ…………………………....43
2.1 Тамырлардың жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу тәсілдері……...43
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ………………………………………..45
3.1 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруін бақылау нәтижелерін талдау………………………..45
3.2 Адреналиннің әсер етуіне байланысты жануарлардың кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулар……………………..…….…47
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….......55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Сагиева Назерке. Эг41.doc

— 557.00 Кб (Скачать файл)

Құрамында ванадий көп мөлшерде кездесетін жыныстар бөлшектерге бөлініп, шаңға айналады. Ол өз кезегінде жел мен судың әрекеті нәтижесінде жылдам таралады. Сол себептен ванадий құдықтағы суда да, өнімді топырақта да кездесуі мүмкін. Сонымен қатар ванадий өте аз мөлшерде біз қолданатын тағамдарда да кездеседі.

Медициналық деректер бойынша ванадийдің тәуліктік мөлшері бірнеше жүздеген миллиграмм. Қазіргі таңда ғалымдар металдың адам ағзасына әсерін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізуде. Мамандардың айтуы бойынша, бұл элементтің адам ағзасында болуы мүмкін мөлшері адам сүйегінің дүрыс дамуына және ағзанынң өсуіне қажет [28].

 Ванадий адам ағзасында өте ауыр токсикалық уланулар тудыруы мүмкін. Кей кезде ванадийдің ағзада жетіспеушілігі кездеседі.

Адам ағзасында ванадийдің жетіспеушілігінің белгілері:

    1. Ұрықтылықтың бұзылуы немесе дамуының тежелуі.
    2. «Нашар холестериннің» көп мөлшерде болуы.
    3. Адам қанында магний, кальций және молибденнің шамадан көп кездесуі.

Көптеген бодибилдер спортшылар ванадийді бұлшықеттерінің жұмысын жақсарту және сүйек салмағын арттыру үшін тағамға қосымша ретінде пайдаланады.

Ванадий медицина қызметкерлеріне адам ағзасындағы қатерлі ісікті анықтауға «көмектеседі».  
                  Металдың жоғары концентрациясы асфальт, жанармай және шыны өндірісінде жұмыс жасайтын жұмыскерлерде кездеседі. Кәсіби аурулар ретінде адамдар жиі астма, экзема, көру мүшелерінің, терінің және тыныс алу мүшелерінің ісіну аураларымен ауырады.

Внадийдің көп мөлшері ағзаға түссе, оның нейтротоксикалық және гепатотоксикалық әсерлері және бүйрекке зиянды әсері байқалады. Сол себептен ванадийді улы заттектерге жатқызады (шекті мөлшерден асып кетсе).

Улы зат ретінде ванадийдің 0,25 мг мөлшері ағзаға түскенде зиянды әсерін көрсетеді, 2-4 мг мөлшерде өліммен аяқталуы мүмкін.

Ванадий элементінің артық мөлшері жедел және созыдмалы интоксикация түрінде байқалады. Жедел интоксикация кезінде жұтқыншақтың, көздің және тыныс алу мүшелерінің шырын қабаттарының ісінулері және теріде өзгерістер пайда болады. Аллергия белгілері байқалып, қан талдауында лейкоциттердің азаюы (лейкопения), гемоглабин мөлшерінің төмендеуі (анемия) байқалады. Созылмалы интоксикация кезінде аскорбин қышқылы концентрациясының төмендеуі, шаштарда цистеин мөлшерінің төмендеуі, онкопатология қаупінің артуы, сонымен қатар тыныс алу мүшелерінің ауруға шалдығу қаупінің артуы байқалады. Егер де ағзада ванадийдің жетіспеушілігі табылса, тамақтану режимін дұрыстап, биологиялық белсенді қосылыстарды қолдану қажет. 

Адам ағзасына қажетті ванадий мөлшері тағаммен жеткілікті болғандықтан, медикаментті заттармен қосымша енгізудің қажеттігі жоқ.

Ванадий элементінің негізгі көзі – тағам өнімдері. Аз мөлшерде ауыз суда бар. Ең көп мөлшерде металл теңіз тағамдарында, саңырауқұлақтарда, саумалдық пен ақжелкенде, қара бұрышта, өсімдік майында, бауыр мен етте және дақылдарда кездеседі. Сарымайда, майда, сусындарда, көкөністер мен жемістерде көп кездеспейді.

С витамині, алюминий тұздары, нәруыз, хром және темір ванадийдің сіңірілуін арттырып, оның токсикалығын арттырады [29].

    1. Лимфа жүйесі

 

      1. Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы

 

Лимфа — организмде қан плазмасының ұлпа аралық кеңістікке сүзіліп, одан өрі лимфа жүйесіне жиналуы нәтижесінде пайда болатын түссіз, сілтілі реакциялы (рН 7,4-9,0) сүйық. Ол ұлпа сүйығының лимфа капиллярына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің шын мәніндегі ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Лимфаньщ негізгі қызметі — белоктарды ұлпа аралық қуыстан қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.

Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер кездеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белоктарына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз (1-2 пайыз). Белоктар мөлшершің аз болуымен байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар мөлшері көбірек. Оның әрекетшіл ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасы көрсеткішінен жоғары. Лимфада эритроциттер мен тромбоциттер болмайды, лимфоциттер кездеседі. Фибриногеннің болуымен байланысты лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан лимфа құрамы олардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады.

Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге тармақталады да, ұлпалардан қанға судың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітіңділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан, ағзалық майда тамырлар шумағынан, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, жеке мүшелерден лимфаны негізгі лимфа бағандарына құятын ірі лимфа тамырларынан, лимфа түйіңдерінен жөне дененің басты лимфа өзектерінен құрылған.

Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпа аралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа каипллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арасында веналардагы тәрізді қақпақшалар орналасады. Лимфа тамырларының өте жұқа қабырғасы дәнекер ұлпалар мен бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат эндотелий жасушаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш нерв талшықтарымен жүйкеленеді.

Лимфа оны капиллярлардан ұлпа аралық кеңістікке қуған қысым мен етгердің жиырылуының әсерінен ағады. Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, демек ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тынынттық кезінде лимфа ақпай-ды. Лимфа ағысын бұлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс алу қимылдары да лимфаның көкірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді.

Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойныңдағы лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларында бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.

Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады.

Лимфа тамырлары денеде дренаждык, жүйе құрып, мүшелерден жасуша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтіл отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эңдотелий жасушаларының қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттер де түзіледі.

Лимфа капиллярлары — тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярларының арнасы (5 мкм - 100 мкм) мүшелердегі атқаратын қызметтеріне байланысты өзгеріп отырады. Олардың қабырғалары да жалаң қабат жалпақ келген эндотелиоциттерден тұрады. Бірақ, эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа қьштамырларының арнасы қан капиллярларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді және оларды қоршаған ұлпа сүйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларының қуысына ірі молекулалы заттар, клеткалар мен олардың ірі бөліктері өтетін саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплазмасында, лимфа капиллярлары қабырғаларының жиырьшу арқьшы, олардың откізгіштігін реттеп отыратын актинді микрофиламенттер болады. Жануарлар ұлпалары мен мүшелерінің құрьшысы және олардағы зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты, лимфа капиллярлары — тарілмекті және кеңілмекті торлар түзеді.

  Лимфа жүйесінің анатомиясы, сонымен қатар оның жастық морфологиясы, даму мәселесі адам анатомиясының өте маңызды, қызықты әрі күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады. Лимфа жүйесі адамдар мен жануарлар организміндегі барлық тіршілік процестері үшін өте маңызды рөл атқарады. Бұл жайында отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері дәлел. Лимфа жүйесін интенсивті әрі жан-жақты зерттеулер ХХ ғасырдың ортасынан бастап дами бастады [30].

 Адамның лимфа жүйесінің қалыпты құрылымын анықтау үшін лимфа жүйесінің жеке дамуының негізгі этаптары мен шекті периодтарын, олардың қалыптасу уақыттарын, күрделі морфогенездің негізі процестері мен механизмдерін білу өте қажет. Адам организміндегі инфекциялардың дамуы мен генерализациясы, иммунитеттің тұрақтылығы және қауіпті ісіктерді ерте диагностика мен емдеу, даму заңдылықтарын түсіну үшін лимфа жүйесінің рөлі дәлелденген. Мүшелердің құрылымы мен функциялары макро- және микроархитектониканы білген жағдайда ғана белгілі бола алады. Өйткені олар құраушы бөлігі лимфа жүйесі болып табылатын тамырлар ағынымен байланысты [31].

 Лимфа жүйесі қалыптасу сәтінен бастап жүрек-қантамыр жүйесінің бөлігі болып табылады, және тамырларға коллотеральді мүшелерді қосымша дренаждау қызметін атқарады. Адамның лимфа жүйесі жүрек-қантамыр жүйесінің эмбриондық дамуы кезінде жүрек-қантамыр жүйесінің құрамында дамиды. Ол алғашқы күре тамырлы жүйенің екінші реттік күре тамырлы жүйе мен қан айналымынан бөліктеп немесе түгел қалташалар түрінде бөлінетін алғашқы реттік лимфа тамырларына - алғашқы күре тамырларға бөліну процесі арқылы түзіледі. Кеңею кезінде күретамыр қалталары эндотелиалды төсеніші бар лимфа саңылаулары түрінде бөліктенеді ( жіңішкерген ақпараттардың орталық каналмен обструкциясы ). Саңылаулар лимфа қапшықтары мен шажырқай коллекторларға қосылады. Жүректің қалыптасуы гаструляцияның аяқталуы мен нотогенездің басталу кезеңінде жүзеге асады. Алғашқы реттің жүрек – қантамыр жүйесінің түзілуі эмбрион денесінің автономды, арнайы бөліктер ( мүшелер ), жүйке түтігін қоса алғанда, сомиттерге, алғашқы ішек және тағы да басқа уақытша мүшелерге бөлінуі арқылы жүреді. Олар жедел дамып, бір-бірінен бөлектенеді. Алғашқы реттік қантамырлары мен эндотелиалды қабырғалар оларды бірегей циркуляционды жүйеге біріктіреді. Біртіндеп аорта және оның бұтақтарының, қуыс және қақпалық веналардың әр түрлі қалыңдықтағы адвентициалды қабықтары пайда болады (аорта және күретамыр). Басты вена қан тамырлары, әсіресе артқы кардиналды тамырлар алғашқы бүйрек заттегімен тығыз байланысты (эмриондық органогенез кезеңі). Олардың дегенерациясы алғашқы реттік веноздық жүйенің түбегейлі қайта құрылуымен қатар жүреді, оның билатеральды симметриясы әр түрлі дәрежеде жойылады, тіпті құрсақ бөліктегі артқы кардиналды вена тамырларын дефинитті типті жаңадан түзілген вена тамырлары (төменгі қуыс және қақпалық) толығымен алмастырады (элиминация немесе алмасу). Олар бауыр, бүйрек және бүйрекүсті мүшелері сияқты дефинитивті мүшелермен тығыз байланысты. Алғашқы реттік лимфа жүйесінің қалыптасуы ішкі мүшелер бөліктерінің дефинитивті қабат, сыртқы қабат және бөлікшелерге (эмбриондық гистогенез) бөлінумен жүреді. Оған автономды жүйкелердің мүшенің қабырғасына енуі әсер етеді. Дефинитивті мүшелердің жедел өсуі мен гистогенезі ұлпалық сұйықтықтың бөлінуінің күрт артуына, алғашқы вена тамырларының кеңеюіне және олардың коллатеральдарының түзілуіне әкеледі. Олар арқылы одан да қалың әрі тығыз қабырғалы артериялар өтеді. Бұдан вена тамырларының бір бөлігі қан айналымынан деформацияланады [32].

Лимфа жүйесі – тамырлар, ұлпалар және мүшелер жүйесі. Ол иммунитетпен қамтамасыз етуші жасушалар көзі, фильтрлеші кешен, майларды және тағы басқа заттектерді тасымалдаушы, ұлпалық сұйықтықтың артық мөлшерін қанға қайта жеткізуші дренажды жүйе болып табылады. Жасушааралық кеңістік пен қан тамырлар жүйесін ішкі ортаның бірегей циркуляциондық жүйесі етіп біріктіре отырып, лимфа жүйесі оның омыртқалы жануарлар мен адамдардағы вена тамырлы жүйесіне тасымалдануын реттейді. Басқаша айтқанда, лимфа жүйесіне лимфа түйіндері, фолликулалар, миндалиналар, көкбауыр, тимус кіреді. Тимусты рөлін ерекше атап өткен жөн. Тимус екі жүйенің де жасушалық деңгейден мүшелік деңгейге дейін реттеушісі болып табылады. Тимуста өтетін процестер генетикалық тұрғыда детерминделген, метаболизммен, рецепторлардың экспрессиясымен және цитокиндер түзілуімен шартталған, фазалығымен және динамикалылығымен ерекшеленеді, лимфоциттер популяциясына оптималды балансты қалыптастырушы, ішкі иммундық факторлармен реттеледі, жүйке және эндокринді жүйелермен әрекеттеседі, микроайналыммен байланысты, шынайы уақыт режимінде жүзеге асады және сыртқы орта факторларымен синхронизацияланған [33].

Егер де жаңа туған жануардың тимусын алып тастайтын болса, лимфа жүйесінің дамымайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мұндай жануарлар үнемі ішек ауруларымен ауырған, әр түрлі инфекцияларға байланысты ісінулер болған және соңында өлімге әкелетін болған. Тимусты алып тастау нәтижесінде қандағы ағзаның қорғаныш реакциялары үшін маңызды рөл атқаратын жасушалар – лимфоциттердің толық жойылуына әкелетіні анықталған.  

Иммунитетке деген жоғары қызығушылықтан Халықаралық анатомиялық терминологияда (Нью-Йорк, 1998) жаңа жүйе – лимфоидты жүйе ерекшеленеді, ал «лимфа жүйесі» термині алынып тасталып, және қан тамыр жүйесі бөліміне лимфа түйіндері көрсетілетін «Лимфа тармақтары және өзектері» бөлімшесі енгізілген. Әдебиеттерде лимфоидты жүйеге қатысты дәл келерлік анықтама жоқ, ал лимфа тамырларының рөлі тазалануға перифириялық лимфалардың жеткізушісі лимфа түйіндері деңгейіне дейін төмендетілген [34, 35]. XVII ғасырда O. Рудбег және T. Бартолин лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерін лимфа жүйесі ретінде қарастыруды ұсынған болатын. Соңғы кездері лимфа жүйесін реанимациялау тәсілдері жүзеге асырылуда. Оның құрамына тимусты, көкбауырды, бадамша безін, лимфоидтік түйіндіктерді және түйіндерді олардың өзара морфологиялық, онтогенетикалық, функционалды байланыстарын негізге ала отырып құрамына енгізуде [36].

Лимфа жүйесі ұлпалық (интерстициалды) сұйықтық пен лимфаның афферентті жылжуына, лимфотокқа қосылған лимфоидты мүшелерге,  құрылымдық байланыстырылған және жартылай функционалды болып табылады. Қан айналым жүйесімен қатар лимфа жүйесі де бар. Ол ұлпалардың дренаждауын және детоксикациясын жүзеге асырушы жолдар және мүшелер жүйесі ретінде қарастырылады. Ұлпаның дренаж бен детоксикациясының құрылымдық- функционалды бірлігі болып белгілі біл мүшені қамтамасыз етуші лимфа аймағы (аймақтық лимфа аппараты) табылады. Лимфа аймағына өздерінің морфо-функционалды характеристикасы бар үш буынды жатқызады. Бірінші буын ұлпалардың алмасу қорлары бар ұлпалық сұйықтықтың перицеллюлярлық кеңістіктен лимфа ағындарының тамыры – лимфа капиллярларына  жинақталуы мен шығарылуына жауап береді. Лимфа капиллярлары мен интерстициалды тамырлы емес жолдар ашық эндотелиаларалық қатынастар, капиллярдың эндотелиалды төсенішіндегі фенестрлер және пиноцитоз арқылы байланысады. Лимфа аймағының екінші буыны жаңа түзілген лимфаның лимфа капиллярларында, посткапиллярларда, ір түрлі өлшемді тамырларда (мүшелік және мүшелік емес) тасымалын, қайта үлестіруін және сақталуын   қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда лимфологияда лимфаның белсенді тасымалы теориясы басты орынға шығуда. Отандық және шетелдік зерттеулердің басым көпшілігінде лимфангионның лимфа жылжуының негізі болып табылатын лимфа тамырларының морфо-функционалды бірлігі ретінде шешуші рөлі көрсетілген.  Лимфа аймағының үшінші әрі орталық буыны – лимфодетоксикациондық буын. Аймақтық лимфа түйіндері лимфа жолдары мен қан айналымының микротамырлары арасында сұйық фаза мен ұлпа сұйықтығының тасымалын, сақталуын, алмасуын жүзеге асырады [37]. Аймақтық гемо- және лимфоциркуляцияның аймақтық лимфа түйіндерін интактты қалдыратындай бұзылулары практика жүзінде жоқ. Лимфа түйіндерінің бар болуы лимфа жүйесін венозды жүйеден ажыратады. Келесі бір айырмашылығы болып венозды тамырлардың артериалды тамырлармен байланысуы табылады. Ал лимфа жүйесі болса, бір бұрышта тұйықталған (перифериялық) және басқа ұшымен венозды ағынға ашылатын (орталық) түтіктер жүйесі болып табылады. Лимфаны дененің немесе мүшенің белгілі бір бөліктерінен жинақтау қасиетіне ие лимфа түйіндері патологиялық процеске бірінші болып қосылады, аурудың бар-жоғын анықтау мен локализациялау мүмкіндіктерін береді.

Информация о работе Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі