Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:54, дипломная работа
Мақсаты: Ванадий иондары әсер еткенде лимфа жүйесінің функционалдық ауытқуларын зерттеу.
1. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
2. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
3. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
4. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...........................................................................................5
1.1 Ауыр металдарға жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Жекелеген ауыр металдар.................................................................................6
1.3 Ауыр металдардың таралуы...........................................................................12
1.4 Ауыр металдардың қолданылу аймағы.........................................................15
1.5 Металдардың организмге түсуі......................................................................17
1.6 Ауыр металлдардың ағзадағы айналымы мен жиналуы және бөлінуі.......21
1.7 Ауыр металдардың экологиялық сипаттамасы............................................22
1.8 Лимфа жүйесі...................................................................................................30
1.8.1 Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы..................................................30
1.8.2 Лимфаның физиологиясы............................................................................36
2 МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ…………………………....43
2.1 Тамырлардың жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу тәсілдері……...43
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ………………………………………..45
3.1 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруін бақылау нәтижелерін талдау………………………..45
3.2 Адреналиннің әсер етуіне байланысты жануарлардың кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулар……………………..…….…47
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….......55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ордината осі бойынша ырғақты жиырылулардың (%) жиіліктері, абцисса осі бойынша адреналин концентрациясы (М/л).
А
Б
5 сурет. Пирроксан (А) және обзиданның (Б) әсер ету фонында адреналинге кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруі.
Ордината осі бойынша ырғақты жиырылулардың жиілігі мен амплитудасы (%), абцисса осі бойынша жануарлар топтары.
Ванадий (V) оксидімен жедел интоксикация кезінде пирроксан фонындағы адреналинге жауап ретінде кеуде жолының ырғақты жиырылуларының амплитудасының (20,99%) және жиілігінің кемуі байқалды. Ванадий (V) оксидімен созылмалы интоксикациялау кезінде пирроксан фонындағы адреналин жануарлардың лимфа жолдарының ырғақты жиырылуларының амплитудасын 58,14% (p<0,01) –ға , жиілігін 66,7% (p<0,001)-ға кемітті.
β-адреноблокатор обзидан (1х10-5М/л) фонында 1х10-6 М/л адреналинның әсері кезінде сергіткіш жиырылу байқалды. Бір уақытта бақылау тобындағы жануарлардың кеуде жолдарының фазалық кездейсоқ жиырылулары 27,5% (p<0,05)-ға кеміп отырды, ванадий оксидімен жедел әсерге шалдыққан жануарларда 79,4% (p<0,01)-ға жиілеп отырды, ал ванадий оксидімен созылмалы әсерге шалдыққан жануарларда 70,5%-ға жиілеген. Амплитуда интактты егеуқұйрықтарың кеуде жолдарында 56,89% (p<0,01)-ға, 2-ші топтағы жануарларда 40,48% (p<0,001)-ға төмендеп, 3-ші топ жануарларында 21,67% (p<0,05)-ға төмендеген.
Адренорецепторлардың антагонисттарымен жүргізілген зерттеулер бойынша ванадий (V) оксидімен жедел интоксикациялау кезінде α- және β-адренорецепторларының төмендеуі, созылмалы интоксикация кезінде α-адренорецепторлардың тозуы басым болған.
Ацетилхолин (лат. Acetylcholin
Химиялық формуласы: СH3CO2CH2CH2N(СH3)3
Эмперикалық формуласы: C7H16NO2 [56].
Тегіс бұлшықеттерді иннервтейтін вегетативті жүйкемен секреттелетін ең маңызды медиаторлар – ацетилхоин мен норадреналин болып табылады. Бір мүшелердің тегіс бұлшықеттерінің ацетилхолині қоздырушы медиатор болса, басқа мүшелердің тегіс бұлшықеттеріне тоқтатушы агент болуы мүмкін. Егер ацетилхолин бұлшықет талшығын қоздырса, норадреналин әдетте оны тоқтатады. Мұның себебі, ацетилхолин мен норадреналин тегіс бұлшықетті бірінші бұлшықет жасушасының мембранасының бетінде рецепторлы нәруызбен байланысып, қоздырады немесе керісінше тоқтатады. Бұл рецепторлы нәруыздардың кейбіреуі қоздырушы рецеопторлар болса, енді біреулері тоқтатушы болып табылады. Соған сәйкес, рецептор типі тегіс бұлшықеттің қалай жауап қайтаратынын және қай медиатордың қандай әрекет жасайтынын анықтайды [57].
Ацетилхолин жүйке жүйесінде маңызды рөл атқарады. Негізгі қызметі қанқа-бұлшықетті жүйенің стимуляциясы болып табылады. Осы нейротрансмиттер бұлшықеттердің саналы жиырылуына немесе босаңсуына жауап береді.
Мида ацетилхолин есте сақтау қабілеті мен оқуға қабілетті қамтамасыз етеді. Ацетилхолиннің молекулярлы салмағы жоғары емес. Ол сонымен қатар гиппокампта және мидың префронтальды қабығында кездеседі. Гиппокамп есте сақтау мен есте сақталған ақпаратты табуға жауап береді. Альцгеймер ауруы мидың белгілі бір бөліктерінде ацетилхолиннің болмауымен байланысты болып табылады [58].
Аз концетрациядағы ацетилхолинге (5х10-9-1х10-7) бақылау тобындағы жануарларда 85%-да амплитуданың 9,14%±0,23 - 33,11%±2,8 жоғарылауы байқалған, жоғары концентрациясына (5х10-7 - 1х10-5) 80% жануарларда амплитуданың 11,12%±0,56-31,22%±1,7 төмендеуі және ырғақты жиырылулардың жиілігінің 28,32%±1,2 - 37,25%±2,5 жиілеуі байқалды.
Ванадий (V) оксидімен жедел интоксикация кезінде 80%-да ацетилхолиннің аз концентрациясына жиырылулар амплитудасы 4,26%±0,12-26,23%±0,63 (p<0,01) жоғарылап отырған, жоғарғы концентрациясына 11,52%±0,91-22,03%±1,48 (p<0,05) азайып отырған, ацетилхолинге ырғақты жиырылулардың жиілігі 72% -да 14,25%±0,25 - 28,12%±2,75 қысқарып отырған.
Ванадий (V) оксидімен созылмалы интоксикация кезінде кеуде лимфа жолдарының ырғақты жиырылулары ацетилхолиннің барлық концетрацияларына 70% жағдайда 6,23%±0,23-22,15%±1,48 (p<0,001)-ға артқан, 75% жағдайда 17,66%±1,4-54,32%±3,47-ға төмендеген.
А
Б
6 сурет. Ацетилхолинге жауап ретінде 1-3 топ жануарларының кеуде жолдарының ырғақты жиырылуларының амплитудасының (А) және жиілігіің (Б) өзгерулері.
Ордината осі бойынша ырғақты жиырылулар жиілігі (%), абцисса осі бойынша ацетилхолин концетрациясын (М/л).
Холинорецепторлар антагонисті атропинмен жүргізілген зерттеулер бойынша интактты жануарларда атропин фонындағы ацетилхолинды қосқан соң ырғақты жиырылулардың жиілік-амплитудалы көрсеткіші төмендеген. Атропин фонында (1х10-5 М/л) ацетилхолин бақылау тобындағы жануарларда ырғақты жиырылулар жиілігін 45,19% -ға қысқартты, амплитуданы 30,63%-ға төмендетті. Екінші топ жануарларында жиілік 22,3% жоғарылап, амплитуда 24,2%-ға төмендеген. Үшінші топ жануарларында жиілік 54,4%-ға жиілеп, амплитуда 31,6%-ға төмендеген.
7 сурет. Атропин фонында ацетилхолинге кеуде лимфа жолдарының кездейсоқ жиырылуларының амплитудасы мен жиіліктерінің өзгеруі. Ордината осі бойынша ырғақты жиырылулар жиілігі, абцисса осі бойынша жануарлар тобы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келсек, зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, ванадий (V) оксидін жедел де созылмалы да алған жануарлардың кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділіктері төмендейді. Мәліметтерге сүйенсек, бұндай өзгерулер бұл тамырдың нейрогуморальды регуляциясының рецепторлы буынындағы болатын бұзылуларға байланысты. Бұған дәлел, вазоактивті заттектермен (адреналин, ацетилхолин) және олардың антагонитерімен (пирроксан, обзидан, атропин) әсер кезінде уланған жануарлардың кеуде лимфа жолдарының функционалды белсенділігіндегі өзгерістер.
Біздің зерттеулер нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі