Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:54, дипломная работа
Мақсаты: Ванадий иондары әсер еткенде лимфа жүйесінің функционалдық ауытқуларын зерттеу.
1. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
2. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
3. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
4. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...........................................................................................5
1.1 Ауыр металдарға жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Жекелеген ауыр металдар.................................................................................6
1.3 Ауыр металдардың таралуы...........................................................................12
1.4 Ауыр металдардың қолданылу аймағы.........................................................15
1.5 Металдардың организмге түсуі......................................................................17
1.6 Ауыр металлдардың ағзадағы айналымы мен жиналуы және бөлінуі.......21
1.7 Ауыр металдардың экологиялық сипаттамасы............................................22
1.8 Лимфа жүйесі...................................................................................................30
1.8.1 Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы..................................................30
1.8.2 Лимфаның физиологиясы............................................................................36
2 МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ…………………………....43
2.1 Тамырлардың жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу тәсілдері……...43
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ………………………………………..45
3.1 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруін бақылау нәтижелерін талдау………………………..45
3.2 Адреналиннің әсер етуіне байланысты жануарлардың кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулар……………………..…….…47
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….......55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Осылайша, гуморальді транспорт жүйесінің функционалдық бірлігі қан-ұлпа-лимфа-қан тізбегіндегі қозғалыс арқылы қамтамасыз етіледі. Интерстициалды кеңістік зат алмасу кеңістігі ретінде болады: су мен заттектердің ұлпа деңгейіндегі қандай да болмасын ауысулары олардың қан тамырлары мен лимфа тамырларының қабырғалары арқылы қозғалысы процесстерінің туындылары болып табылады. Уытты өнімдердің бастапқы шоғырлануы интерстицияда жүреді. Интерстициядан транспорттың бірнеше жолдары болған кезде лимфа жүйесі жоғары молекулалы заттектерді, молекула үстіндегі бөлшектерді, бұзылған метаболизм өнімдерін, токсиндер жасушаларының катаболизмінің өнімдерін жоятын маңызды коллектор болып табылады.
Тәжірибелер 3 топқа бөлінген, салмақтары 250-300 гр. 120 ақ тұқымсыз егеуқұйрықтарға жүргізілді. Бірінші топта (n=50) бақылау егеуқұйрықтары, екінші топта (n=40) асқазандарына бір реттік 12,5 мг/кг ванадий (V) оксиді енгізілген егеуқұйрықтар, үшінші топта (n=30) 3 ай бойы 1,25 мг/кг ванадий (V) оксиді енгізілген егеуқұйрықтар құрады.
Жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу үшін егеуқұйрықтардың оқшауланған кеуде лимфа жолдарының қиындылары қолданылды. Қанның цитологиялық, биохимиялық және цитогенетикалық зерттеулерін жүргізу үшін қан ұйқы артериясынан алынды.
Егеуқұйрықтардың кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігі көпшілікке таныс тәсілмен зерттелді.
Кеуде лимфа жолынан ұзына бойы ұзындықтары 10-15мм кесінділер алынды. Лимфа тамырларының кесінділерінің бір бұрышын тігінен типті термостатты камераның түбіне немесе көлденең типті камераның шеткі қабырғасына бекітті, ал екінші бұрышын күш датчигына (механотрон 6Мх1Б, 6Мх2Б) бекітті.
Механотрон - электрондық түрлендіргіш. Механикалық өлшемдерді электр өлшемдеріне түрлендіретін датчик ретінде, сонымен қатар түйістірусіз түрде механикалық реттелетін резистор ретінде қолданылады. Қосарланған диоды бар механикалық басқару маеханотрондар кеңінен таралған. 6 MX механотронның өлшеу диапозоны 0,1-1 мм, сезгіштігі 3-100 мкА/мкм; өлшеу күші 0,015-0,4 Н; анодтық кернеуі 5-15 В. Механотронның кемшілігі: төзімділігі төмен; 1000-4000 сағат.
Механотрондар вакуумды диодтар немесе триодтар түрінде шығарылады: 1) 6МХ1С, 6МХЗС, 6МХ4С, 6МХ5С октальды цоколымен аз габаритті түрде; 2) 6МХ1Б, 6МХ2Б электрлі шығарындыларымен өте миниатюрлі түрде. Бірінші типті механотронда екі жылжымалы аноды бар, екіншісінде – біреуден.
Аз мөлшердегі сызықты орын ауыстыруларды өлшеген кезде механотронды қолдану өте ыңғайлы. Механотрон электродтардың өзара орналасуларын және араларындағы ара қашықтықты өзгертуге арналған құрылғымен жабдықталған электронды шамдар. Электродтардың орын ауыстыруы шамның қабырғаларына бекітілген мембран, сильфон немесе түтіктердің бүгілуі есебінен жүргізіледі. Механотрондардың негізгі ерекшелігі шам электродтарының аз мөлшердегі жылжуларын сезгіштігінің жоғары болуы.
Механотрон схемаларының бірнеше түрлері бар. Ең көп таралған катод пен анод арасында ауырстырмалы ара қашықтықтағы диод түріндегі механотрон. Теориялық жағынан Ia механотронның анодты тоғы мен шамның конструктивті параметрлері арасында келесі математикалық байланыс бар:
Мұндағы, K=2.3410-6, QK - катода ауданы см2 , Ua – анодты қысым, вольт, - катод пен анод ара қашықтығы см.
1 сурет. Механотронды датчиктің жұмысы
1- катод, 2 - анод, 3 – электрлі көпірлі сызбанұсқаның иіні
Механотрон 6МХ2Б: қызу қысымы 6 - 6,6 В, анол қысымы 20 В, анод тогы 12 мА, өлшенетін орын ауыстырулар диапазоны 100 мкм [52].
Сызықты орын ауыстырулардың механотронды датчиктерінің артықшылығы жоғары сезімталдығында, қолдану қарапайымдылығында және жоғары кепілдігінде [53].
Егеуқұйрықтардың оқшауланған тегіс бұлшықетті препараттары үшін Кребс ерітіндісі қолданылды: NaCl -133,0; NaHCO3 - 16,3; NaH2PO4 - 1,38; KCl-5; CaCl2 -2,5; MgCl2 -0,1; глюкоза - 7,8 мМ/литр, рН - 7,4 температура +37° С.
Қоректік ерітінділер газдық қоспамен оксигенделді: 95 % О2және 5 % СО2.
Келесі фармакологиялық агенттер қолданылды: адреналин – гидрохлорид (5х10-9-1х10-5М).
Тамырлы рецепторлардың табиғатын зерттеу үшін келесі фармакологиялық блокаторлар қолданылды: пирроксан (1х10-5М) –α-адренорецепторлардың антагонисты ; обзидан (1х10-5М) - антагонист β-адренорецепторлар антагонисты.
Оқщауланған тамырлы препараттардың кездейсоқ немесе арнайы пайда болған жиырылғыштық белсенділіктері персоналды компьютерде СИ++ бағдарламасында тіркеліп отырды. Әрбір тәжірибеде оқшауланған препараттардың тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ету режимі, агенттерді енгізу интервалдары және заттектерді шайып отыру реті сақталып отырды.
Бүкіл тәжірибе нәтижелері Стьюдент критериін қолдану арқылы өңделді.
2.2 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруі
Дренаждық функцияны атқара отырып лимфа жүйесі инверстициалды кеңістікті гистогематикалық барьер арқылы өтетін массалық ауысу нәтижесінде түсетін экотоксиканттардан тазалайды. Нәтижесінде ұлпалық сұйықтық ағыны жасуша маңында жинақталған метаболизм өнімдерін және лима капиллярларына , тамырларға және одан ары лимфодетотсикация функциясын атқарушы лимфа түйіндеріне өткен бөгде заттектерді алып өтеді.
Ванадий (V) оксидінің лимфа жүйесінің дренаждық функциясына әсерін зерттеу мақсатында ванадий (V) оксидімен жедел және созылмалы интоксикацияға ұшыраған егеуқұйрықтардың оқшауланған кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділіктерін тіркеу тәжірибелері жүргізілді.
Бақылау тобындағы егеуқұйрықтардың кеуде лимфа жолдарының оқшауланған препараттарын зерттеуде жиырылу жиіліктері минутына 6,5±0,02 және амплитудасы 6,2±0,6 мг фазалық ырғақты жиырылулар тіркелді.
Екінші топ жануарларын ванадий (V) оксидімен жедел интоксикациялау кезінде кездейсоқ ырғақты жиырылулар жиіліктері 18,5 %-ға (р<0,001) күшейіп отырды, ал амплитуда 44,3% (p<0,001) азайып отырды, созылмалы интоксикация кезінде үшінші топтағы жануарларда кездейсоқ жиырылулардың жиілігі 16,5% (p<0,001) қысқарды, ал амплитуда 47,3% (p<0,001) азайды.
2 сурет. Ванадий (V) оксидінің егеуқұйрықтардың кеуде лимфа жолдарының кездейсоқ ырғақты жиырылуларына әсері
3 сурет. Ванадий (V) оксидімен интоксикация кезінде егеуқұйрықтардың кеуде лимфа жолдарының кездейсоқ ырғақты белсенділігінде болатын өзгерістер.
Сандармен жануарлардың топтары белгіленген.
Келесі тәжірибелерде ванадий (V) оксидінің егеуқұйрықтарда адреналин әсерінен болған кеуде лимфа жолдарының жиырылу белсенділігіне әсері зерттелді.
Адреналин - (лат. adrenalinum; лат. ad – маңында, қасында; лат. ren — бүйрек) — бүйрекүсті безінің бозғылт бөлігін құрайтын хромаффинді клеткалар тобының адреноциттері (адренонефроциттер) бөлетін гормон; бүйрек үсті бездерінің қaбатында болaтын ми сияқты заттан түзілетін гормон.
Адреналин басты зат алмасу процесін күшейтеді: көмірсулар–майлар алмасуын, жүрек қан тамырлары мен бұлшықеттер жұмысын реттейді. Оқыс түскен үлкен физикалық немесе психологиялық ауыртпалықтар кезінде ағзаның оларды тез жеңуіне көмектеседі. Адреналиннің өте аз мөлшерінің өзі жүрек жұмысын күшейтеді, сүтқоректілердің бас миының кейбір нейрондары синтездейтін катехаломин тобына кіретін медиатор. Адреналиннің секрециясы ағзаның жаңа жағдайларға бейімделуге байланысты өзгерістерге ұшырауы кезінде күшейіп, тыныс алуды шапшаңдатады, қандағы глюкоза мен бұлшықеттердегі сүт қышқылының мөлшерін арттырады.
Адам денсаулығы үшін адреналиннің маңызы зор. Өйткені ол – адам ағзасындағы ең белсенді биологиялық реттегіштердің бірі. Ол денеде түрлі стрестік жағдайларда пайда болады, оны ағзаның өзі түзеді.
Ал стресс дегеніміз не? Ол – ағзаның кез келген қалыпсыз сыртқы әсерге, физикалық немесе психикалық ахуалға реакциясы: ыстыққа, суыққа, жарақатқа, күйікке, қатерге, қуанышқа, ұрыс-керіске, күйзеліске, тағы да басқа жайларға жауабы. Яғни осындай күйлердің қай-қайсысы болса да орын алған кезде ағза адреналин түзіп, өзін осы күйге бейімдейді. Адреналин рецепторлары ағзаның әр мүшесінде, әрбір тінінде дерлік бар. Ол ағзаға әрі кеткенде бес минутқа дейін ғана әсер етеді. Өйткені түзіле бастасымен-ақ оны жоюға тиісті жүйе жұмысының да белсенділігі арта түседі.
Ағзада адреналин түзілуіне дене жаттығулары, спорт, белсенді демалыс, түрлі ойындар да әсер етеді, көңіл-күйді көтереді. Біреулер тіпті осы адреналинді көбірек, тереңірек сезіну үшін қауіпті спорт түрлерімен де айналысады.
Әрбір адамның өзіне ғана тән эмоциялық деңгейі болады, мұны оның өзі ғана біледі. Ағзада адреналинді көбейтудің тәсілін де адам өзі таңдай алады. Қай кезде, қандай мөлшерде адреналин керегін білетін адамға оны туындату аса қиын шаруа емес. Ал ағзада адреналин түзілуі ұзақ уақытқа тежелсе, онда адам депрессияға оңай шалдығуы мүмкін.
Мамандардың пайымдауынша, әлемдегі әр төрт адамның біреуі адреналин қажеттілігін үнемі сезінеді. Ол біліп те, білмей де өз ағзасында адреналин түзілуіне өзі әсер етеді. Олар стресс дегеннің не екенін білмейді, шаршауды, күйзелісті сезінбейді, өзіне көңілі толмау деген олар үшін мүлде жат құбылыс. Ондай жандар тынымсыз болып келеді.
Ал аз ғана уақытта мол табысқа кенелген кәсіпкердің ағзасында түзілген адреналин биік шыңға шыққан альпинистің немесе биіктен секірген парашютистің бойында пайда болған адреналин мөлшерімен пара-пар болады екен. Мұндай күйді журналистер мен дәрігерлер, «ыстық нүктеде» жүрген әскери қызметкерлер, тағы да басқа кәсібі қауіп-қатерге жақын адамдар да бастан кешеді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, мұндай кәсіптерді адам тектен-тек таңдамайтын көрінеді. Яғни ондай жандар үнемі болып тұратын эмоциялық жаңаруларға құштар. Бірақ мұны саналы түрде аңғарып, түйсінбеуі мүмкін.
Медицинада адреналин сандыраққа (шок) қарсы терапияда қолданылады. Ол өмірге аса қажетті жүйелер жұмысын қайта жандандыру үшін керек. Бүгіндері қай сауда нүктесінен де кезіктіруге болатын биологиялық белсенді қоспалардың да негізгі бағытталған мақсаты осы – ағзаның өмірлік маңызды жүйелерінің жұмысын жандандыру.
Адреноциттер түрі өзгерген симпатикалық жүйке жүйесінің нейроциттері болғандықтан, адреналинді қозу кезіндегі постганглионды симпатикалык жүйке талшықтарының үштары да бөледі. Адреналин катехоламиндерге жатады. Адреналиннің әсерінен құрсақ қуысындағы қан тамырларының арнасы тарылып, көкбауыр және бауыр қан тамырларындағы қанның қоры қан тамырларына шығарылады да, қан айналымындағы қанның мөлшері артады, жүрек пен ми қан тамырларының арналары кеңейеді, жүректің жұмысын күшейтеді, көмірсудың организмдегі алмасуын реттеуге қатысады (бауыр жасушалары мен бұлшықеттер талшықтарында қорланған гликогеннің глюкозаға айналуын қамтамасыз етеді) [54].
Адреналин жүрек жиырылуларын жиілетіп, күшейте алады, жүректегі қозуды арттырады. Адреналиннің жүрекке күшті әсері жүрек бұлшықеті әлсізденген кезде байқалады. Адреналин терінің, құрсақ мүшелерінің, тыныштықтағы қаңқа бұлшықеттерінің артериолдарын тарылтады. Адреналин жұмыс істеп тұрған бұлшықеттердің тамырларына әсер етпейді. Себебі оларда тамырларды кеңейтетін зат алмасу өнімдері түзіледі. Жүрек жиырылуларының артуы мен артериолдардың тарылуы нәтижесінде артериалды қысым артады.
Адреналин асқазан мен аш ішектің жиырылуларын төмендетеді. Перисталды және маятник тәрізді жиырылулар төмендеп немесе тіпті тоқтайды. Асқазан мен ішектердің тегіс бұлшықеттерінің тонусы төмендейді. Бронха бұлшықеттері адреналин әсерінен босаңсиды, соның нәтижесінде бронхалар мен бронхиолалар саңылаулары кеңейеді. Кейбір басқа мүшелерде адреналин әсерінен тегіс бұлшықеттер жиырылады. Мысалы, адреналин көздің сыртқы мөлдір қабығының радиалды бұлшықетінің жиырылуына әкеледі де , нәтижесінде көздің қарашығы үлкейеді. Түктерді көтертетін (пиломотор) терінің тегіс бұлшықеттерінің жиырылуы әсерінен түктер көтеріліп, «құс терісі» пайда болады [55].
1х10-9 – 1х10-5 М/л концентрацияда адреналин бақылау жануарларының кеуде жолдарының оқшауланған препараттарында ырғақты жиырылулардың дозаға бағынышты жиіліктерінің артуын тудырды, амплитуда адреналиннің аз мөлшеріне (1х10-9 – 1х10-7 М/л) артты және көп мөлшеріне (1х10-6 – 1х10-5 М/л) азайғаны байқалды.
Жануарлардың екінші тобында ванадий (V) оксидімен созылмалы интоксикация кезінде лимфа жолдарының ырғақты жиырылуларының жиілігі адреналиннің концентрациясының артуына байланысты бақылау жануарларымен салыстырғанда одан ары артты. Тәжірибелік жануарлардың бұл тобында ырғақты жиырылулар амплитудасы адреналинге байланысты басылып отырды.
Ванадий (V) оксидімен жедел интоксикация кезінде жануарлардың үшінші тобында ырғақты жиырылулар жиілігі адреналин концентрациясының артып отыруына байланысты аз мөлшерде артты, ал амплитуда бақылау препараттарының жауаптарының деңгейлерінен төмен болды.
α-Адренорецептор пирроксанмен (1х10-5М/л) блокада фонында 1х10-6 М/л адреналиннің әсері интактты жануарларда да, ванадий (V) оксидінің әсеріне ұшыраған жануарларда да тегіс бұлшықетті препараттардың тонусының төмендеуіне әкелді. Пирроксан (1х10-5М/л) фонында адреналин бақылау жануарларында лимфа жолдарының ырғақты жиырылуларын 87,27%-ға (p<0,01) және жиырылу амплитудасын 22,41%-ға (p<0,05) жиілеткен.
А
Б
4 сурет. Адреналиннің әсер етуіне байланысты 1-3 топ жануарларының кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулардың (А) жиіліктерінің және (Б) амплитудасының өзгеруі.
Информация о работе Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі