Қоршаған ортаны ластаушы заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 12:01, реферат

Описание работы

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарлар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұның жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп жыл бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау
1.1 Қоршаған ортаны ластаушы заттар
1.2 Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар
2 Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау
түрлері мен тәсілдерін анықтау
2.1. Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің тигізерқауіпін
бақылау
2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі
параметрлері
2.3. Қоршаған ортадағы негізгі проблемаларды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

коршаган ластаушы заттар.docx

— 69.06 Кб (Скачать файл)

Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды:  
 -        43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;   
-         79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

Топырақ жай-күйінің мониторингі  
Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда жүргізіледі. 
Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады. 
Аялық мониторинг

   Қазақстанда биосфера ластануының аялық жай-күйі және оның өзгеру үрдістері жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісінің бір стансасы (КАМС) ұйымдастырылды.

 

Фондық мониторин

 

Қоршаған ортаның атмосфералық күйін байқау мақсаттарында және қоршаған ортаның басқа да компонентерін анықтауда Бұрынғы Кеңестер Одағы аумағына қоршаған ортаның кешенді фондық мониторинг станциялар желісі құрылды, ол бақылаулар ортақ бағдарламалар бойынша жүргізілді.Қазақстанда табиғи ортаның жалғыз комплексты фондық мониторинг станциясы (СКФМ) Ақмола облысында «Бурабай» құрылды, оның мақсаты биосфералық ластану күйі мен тенденциясын анықтау үшін ақпарат алу болып табылады. Бурабай көліндегі гидрологиялық бақылау.

 

   Су беті күйінің мониторингі

 

   Бақылау пунктері республикамызда маңызды экономикалық мәнге ие болатын, су қоймаларын немесе су токтарын қолдануын ескере отырып орналастырылады, сонымен қатар, республика шекарасындағы өзендердің байланысуы мен үлкен өзендер аумағында, және де ағынды сулардың ластану күйіне шалынатын жерлерге де қойылады.Құрлықтағы судың ластануын бақылайтын көптеген пунктер, гидрологиялық станциялар және постармен қойылған. Сонымен қатар, міндетті түрде (су деңгейі мен шығыны, ағынның орташа жылдамдығы және тағы да басқа) анықтаған жөн.Су бетінен байқау алу он күндікке, ай сайын, және көбіне гидрологиялық фаза кезінде жүргізіледі.Бақылау желісі 53 өзенге, 8 көлге, 12 су қоймасына, 3 канал мен 1 теңізге бөлінген 183 гидропосты қосады.Құрлық суымен теңіздерден су бетінің күйінен байқамасын алғанда, анықтайды: температураны, өлшенген нәрселерді, айқын рН, ерігіш оттек, БПК-5, минералдану, ХПК, тұз құрамының басты күйін, биогенді элементтермен және негізгі ластаушы заттар: мұнай өнімі, фенолдар, ауыл металлдар.

   Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 53 өзенді, 8 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

   Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.  Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.

   Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.  

 

 

    2 Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін   анықтау

 

 

    2.1. Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің қауіпін бақылау

 

   Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.Ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.  
    Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.  
   Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекет аралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шекалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.  
   Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.

1.Радиaция  
  Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.  
   Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың

ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін. 70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз.

2.Радиациялық ластану  
  Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.  
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:  
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);  
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).  
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда:оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.  
  Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.  
  Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік                                                          

зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің

(кобальт-60, цезий-137) қуатты  көздерінің қасында жоғарғы топтағы  бірде-

 бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі

радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.  
3.Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және тағы басқа жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:  
• Атом өнеткәсібі;  
• Ядролық жарылыстар;  
• Ядролық энергетика;  
• Медицина мен ғылым.  
  Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.  
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.  
  Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет.  
4.радиоактивті заттардан қорғану.  
   Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.  
   Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.  
  Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар

радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.  
   Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.  
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.  
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.  
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.  
   Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбейтін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліметтердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.                                                  

 Кейінгі кезде биологиялық  ғылымдар орасан зор ілгерілеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің

Информация о работе Қоршаған ортаны ластаушы заттар