құпия сырлары әлі күнге дейін
өз шешімін тапқан жоқ.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі
болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына,
шоғырлануына және адам организміне әсер
ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз
нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын
заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар
ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен
реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска
ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа
толқынды электрмагниттік сәуле шығару
мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын
тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы
- радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер
мен шығарылған сәулелер адамның организміне
түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады,
соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда
болады. Радиациялық ластанудың негізгі көздері
- альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті
сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар
организмдерінде ақуыз, фермеш және басқа
да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының
дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің
мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып
бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда
ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде
адам ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле
ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі
жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші
дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі
ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі
өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде
сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді:
бірінші кезең- сәуленің организмге әсері
оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы
белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру,
жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы,
қан қысымының секірмелі болуы, естен
тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен
кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады.
Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын
жақсы болып көріну кезеңі деп атайды.
Алған радиация мөлшері көп болса, бұл
кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге
дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік,
тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы
байкалады жәнс қанда өзгеріс болады.
Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле
алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі
басталады. Аурудың температурасы көтеріліп,
ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады,
бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда
болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары
түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар
дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия,
іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші
кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл
осы
кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі
болса, онда адам бірінші кезеңде өліп
кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның
жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды,
қан кысымы көтеріледі және организмнің
әлсіздігі байкалады.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың
40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы
ашылғаннан бастап пайда болған. Атом
энергиясын американдықтар соғыс максатында,
ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны
бейбіт мақсатта пайдалана бастады. Атом
энергиясын пайдалану кезінде сактандыру
шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом
қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам
өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі.
Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес.
Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа,
өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине,
бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде
сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы
қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл
сайын мұхит түбіне радиактивтік қалдықтар
тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде
атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген
санитарлық нормаға дейін радиактивті
заттардьң концентрациясын азайтатын
тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар
баллондарға салынып цементтеледі де,
арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль
апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына
қатты әсер еткен, атом энергиясындағы
ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты
кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті
заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын
жерге таралған.
2.2.Қоршаған ортаны қорғау
саласын дамытудың және табиғи өзгерістерді
болжауға қатысты негізгі параметрлер
Табиғи
ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған
табиғи ортаның ластануы және орта сапасы
мен адам денсаулығының нашарлауы еліміздің
жеделдетілген индустриялық-инновацялық
дамуымен тығыз байланысты, қазіргі кезеңде
олар қоршаған ортаға түсетін антропогендік
салмақты төмендету бойынша тиімді тұтқыштарын
қолдануды талап етеді.
Атмосфералық ауаның ластануы
халық денсаулығына кері әсер ететін қоршаған
ортаға әсер етудің негізгі факторларының
бірі болып қала береді. Атмосфералық
ауаға ең көп кері әсерді жылу-энергетика
және мұнай-газ секторының, кен өндіру
және кенді қайта өңдеу саласының, қара
және түсті металлургия кәсіпорындары
тигізеді.
Қазақстанның
өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға
шығарындылары жылына шамамен 3 миллион
(бұдан әрі - млн) тоннаны құрайды, оның
85 % І санатты объектілері және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органдардан алатын қоршаған орта эмиссияларына
арналған рұқсаты бар ірі табиғат пайдаланушылардан
келіп түседі. Елімізде атмосфераға стационарлық
көздерден түсетін шығарындылардың 10
% және улы қалдықтардың айтарлықтай үлесінің
түзілуі шикі мұнай және ілеспе газды
өндіру саласындағы кәсіпорындардан келіп
түседі. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының
көлемі 2009 жылы 3,4 млн.тоннаны құрады. Алдыңғы
жылмен салыстырғанда шығарындылардың
төмендеуі 6,1 % құрады.
Ауаның автомобиль көлігімен
ластану көлемдері арта түсуде, ол республика
аумағында автокөлік құралдары санының
өсуімен байланысты. Аталған мәселе республиканың
ірі қалалары үшін өте өзекті, мұнда автокөліктің
ауа бассейнінің ластануына қосатын үлесі
60 % құрайды және жалпы қалалық барлық
шығарындылардан көбірек.
Су
беттерінің ластану, лас болу және жұтаңдау
үдерісі жалғасуда, оның негізгі себебі
су айдындарына тазартылмаған немесе
жеткілікті тазартылмаған сарқынды суларының
төгінділері болып табылады. Су объектілеріне
жыл сайынғы төгінділер шамамен 2,5 млн.тоннаны
құрайды. 2009 жылы осы көлем 2,85 млн. тоннаны
құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 % төмен көрсеткіш. Қазіргі
уақытта халықтың сапалы ауыз суға қол
жеткізу мәселесі әлі де шешілмеген.
Басым экологиялық бағыттардың
бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын
қайта өңдеу болып қала береді. Елімізде
100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты
қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ), 22,3 млрд. тоннадан
астам өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған,
оның ішінде 12 млрд. тоннадан астамы техногендік
минералдық түзілімдер.
2009 жылы елімізде 669,3 млн.
тонна қалдықтар түзілген, оның ішінде,
665,6 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар,
3,7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Еліміздің
бір тұрғынының үлесіне орта есеппен алғанда
жинақталған өнеркәсіптік және тұрмыстық
қалдықтардың 1,4 мың тоннасы келеді.
Қалдықтарды басқару
саласында «тарихи ластанулар» аса маңызды
проблема болып табылады. Қазір олар тек
қана адам денсаулығына, қоршаған ортаға
емес, сондай-ақ жалпы еліміздің тұрақты
дамуына кері әсер етеді. Тұрақты органикалық
ластағыштар (бұдан әрі – ТОЛ) «тарихи ластанулардың»
бір түрі болып табылады.
ТОЛ қоры бойынша
Қазақстан Республикасы Батыс және Орталық
Еуропа елдері ішінде Ресей Федерациясынан
кейін екінші орынды алады. Қалдықтардың
жалпы көлемі қазірге құрамында ТОЛ бар
шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Олар 1500
тоннадан астам ескірген пестицидтер,
құрамында полихлордифенилдер (бұдан
әрі – ПХД) бар 50 мың данадан астам
жабдықтар және 8 ластанған аумақтар. Қазіргі
уақытта республика аумағында құрамында
ПХД бар 116 трансформатор және 50 мыңнан
астам конденсатор көлемінде құралдар
анықталған, олардың жартысынан азы қолданыста.
Экологиялық тепе-теңдікті
тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған
ортаны қорғау қызметінің негізгі құралы
мемлекеттік экологиялық сараптама, бақылау
және лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға
рұқсаттар беру рәсімдерін орындау арқылы
экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық
тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат
қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын
қатаң сақтау қамтылған түпкілікті нәтижелілікке, оны
бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың
жауапкершілігін күшейту, қоршаған ортаға кері әсерді
төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға,
қолданылатын санкцияларды орындауға
бағытталатын болады.
Қоршаған ортаға эмиссияларды
азайту индустриалдық объектілерді технологиялық
жарақтандыруды әртараптандыру, ең озық
қолжетімді технологияларды ендіру жолымен
қамтамасыз етілетін болады.
Қоршаған ортаға эмиссиялар
параметрлерін ғана емес, энергия, су және
ресурстарды сақтауға, ең озық қолжетімді
технологияларды және олардың негізінде
нормалау жүйесін ендіруге міндетті талаптарды
да қамтитын кешенді экологиялық рұқсат
алуға, барлық ірі табиғат пайдаланушылардың
кезең-кезеңімен көшу арқылы рұқсат жүйесінің
тиімді жұмыс жасауы қамтамасыз етілетін
болады.
Ғылыми зерттеулер
негізгі экологиялық проблемалар
бойынша жүргізіліп жатыр, оның
ішінде: судың ластануы, ірі қалалардағы
атмосфералық ауаның ластануының
жоғары деңгейі, өнеркәсіптік және
тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы,
радиациялық және химиялық ластану,
жерлердің тозуы, экологиялық апат
аудандарының, Каспий маңы және
Балқаш аймақтарының проблемалары,
әскери-ғарыш полигондары аумақтарын
оңалту, климаттың өзгеруі, озон
қабатының жұтаңдауы, биоәртүрліліктің
қысқаруы, ғылыми-негізделген қоршаған
орта сапасын тұрақтандыру және
орнықты даму бойынша салалық
нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.
Ақпаратқа кіру,
шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың
қатысуы және қоршаған ортаға қатысты
мәселелер бойынша сот әділдігіне қол
жеткізу туралы конвенциясын (бұдан әрі – Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның
міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық
құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның
негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау
саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын
қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды
тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық
ақпаратты ұсыну болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңнаманы жетілдіру мақсатында 2007 жылы
Қазақстан Республикасының Экологиялық
кодексі қабылданды.
Кодекс заңнамалық
деңгейде қоршаған ортаны қорғау
мәселелерін жалпылап жүйелендірді,
экологиялық талаптар мен нормативтердің
мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық
актісінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған
ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық
стандарттарды ендірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық
Экономикалық комиссиясының
(бұдан әрі –БҰҰ ЕЭК) Экологиялық саясат
жөніндегі комитетінің сарапшылары ауыспалы
экономикасы бар елдер үшін экологиялық
саясаттың нәтижелігі бойынша шолу жасады.
Шолу шеңберінде Қазақстанға экологиялық
заңнаманы жетілдіру ұсынылып, Еуропа
Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесімділігін
жалғастыру ұсынылды.
«Тарихи»
ластануларды жою бөлігінде ел Президентінің
Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алты
валентті хроммен тарихи ластануларды
жою жөніндегі тапсырмаларын орындау
бойынша жұмыстар жалғастырылады. Алаңы
0,8 км2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.
Қазақстан
Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық танылған
экологиялық бастамалардың арқасында
кеңінен танымал және халықаралық қауымдастықтың
қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық
үшін, сондай-ақ Қазақстанның геосаяси
орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық
және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа
және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын
үйлестіруге, сондай-ақ халықаралық сауда,
энергетика, көлік, туризм және тағы басқа
мәселелерде барлық артушы рөлді ойнайтын
экологиялық және өзге де стандарттарды
үйлестіруге мүмкіндік ашады.Жоғарыда
көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру
үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халықаралық
қауымдастықтар тарапының қолдауымен
аяқталған бірқатар халықаралық бастамалар
ұсынды. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық
мұхиты өңірінің 62 елінің Қоршаған ортаны
қорғау және орнықты даму жөніндегі алтыншы
конференциясы өткізілді. Аталған конференцияда «Жасыл
көпір» Астана бастамашылығын іске асыру
жөніндегі серіктестік бағдарламасы арқылы
қағидаттарын ендіру көзделген «Жасыл
өсуді» іске асыру жөніндегі Еуропа, Азия
және Тынық мұхиты елдерінің серіктестігі»
атты Астана бастамашылығы қолдау тапты. 2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда Еуропа аймағының
56 елінің «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші конференциясын өткізу туралы бастамасы халықаралық қолдау тапты.
Қоршаған ортаны қорғау саласында
Қазақстан Республикасының оң сипатты
имиджін қалыптастыру және ілгерілету
мақсатында Қазақстан Республикасының
халықаралық экологиялық конвенциялар
бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде
халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты
нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар
Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан
әрі – БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және
жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін
жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде
БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым
бағыттар мыналар: энергия тиімді инфрақұрылым
құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық
жоспарлауына «Жасыл өсу» тетіктерін
ендіру және Қазақстандағы ТОЛ жою.
Қазіргі уақытта
Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау
шығарындылары тізілімінің хаттамасына
(бұдан әрі – ЛТШТ) қосылу мүмкіндігін
қарау үстінде. Хаттама қоршаған
ортаның шаруашылық жүргізуші
объектілерімен ластануы туралы
ақпаратты реттейді және осы
салада қоғамдастық тарапынан
бақылауды күшейтуге бағытталған.
Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ
құру экологиялық есептің барлық
нысандарын дайындау үшін қажет
мәліметтерді жинауды айтарлықтай
жеңілдетеді.
Ұлттық гидрометеорологиялық
қызметтің бақылау желісін дамыту
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
және кеңістіктік даму сценарийлерімен,
стратегиялық басымдылықпен үйлестіре
жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді
жоспар негізінде жүзеге асырылуы
тиіс.
Ең алдымен
бұл - суперкомпьютерлік технологияларды
белсенді қолдану арқылы болжамдау
және мәліметтерді өңдеу жүйесін
қамтамасыз ететін есептеу және
телекоммуникациялық құралдарды
дамытуға қатысты. Тек осы негізде
ғана ауа райын болжаудың, сонымен
қатар алдын ала әртүрлі қоршаған
ортаны ластаушы заттардың таралуын
болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық
мәліметтердің жасалу және таралу
жүйесінің заманауи үлгілері
мен технологияларын енгізу мүмкіндігі
бар. Бұл үшін өзара үйлескен
жүйенің барлық элементтерін қазіргі
заманғы әлемдік деңгейге шығару және
қайтадан техникалық жарақтандыру, жаңарту
қажет: қоршаған ортаның жай-күйі туралы
ақпараттарды алу, жинау, беру, талдау
және мәліметтерді өңдеу, оларды жинақтау
және мұрағаттау, ақпараттық өнімдерді
құрастырып, тұтынушыларға ақпараттарды
жеткізу. Осыған орай,
Министрлік өз алдында «Гидрометеорологиялық
және экологиялық мониторингті жетілдіру»
мақсатын қояды, оның шеңберінде мемлекет
пен тұрғындарды гидрометеорологиялық
және экологиялық ақпараттармен қамтамасыз
етудің сапасын жақсарту бойынша міндеттер
орындалуы қарастырылады.