Гидрометеорологиялық
мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның,
төсеніштік және топырақтық жамылғының
жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау
жүргізу, объективті талдау мен бақылау
деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының
есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.
Қазіргі уақытта
болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық,
метеорологиялық, агрометеорологиялық,
аэрологиялық ақпараттарды дайындау
үшін гидрометеорологиялық мониторинг
260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде,
291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық
бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық
станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында
және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.
Агрометеорологиялық
мониторинг – бұл топырақтың
ылғалдылығы мен температуралық
режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының
фенологиялық жай-күйі туралы, олардың
қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан:
үсік, қатты суық, аз қарлы қыс,
құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер
мен ауа-райы жағдайына байланысты
таралатын аурулардан зақымдану
мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.
1992 жылғы 18 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік
метеорологиялық ұйымының (бұдан
әрі – БМҰ) конвенциясына қосылды
және бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының
құрамына кірді, аталған ұйымдар шеңберінде
даму стратегиясы, болжам әдістері және
кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары
жасалуда.
БМҰ-ның стандарттарына
сәйкес жергілікті жердің нақты
тығыздығы мен жер бедерін, сонымен
бірге аумақтын экономикалық
игерілуін және елді мекендердің
санын есепке алғанда, бақылау
жүйесі мынадай ең төмен санда:
421 метеорологиялық станциялар, 507 гидрологиялық
бекеттер,280 агрометеорологиялық бақылау
жүргізетін пункттер, 15 аэрологиялық станциялар
болуы қажет.
Метеорологиялық желіні ұтымды
орналастыру негізіне станциялар мен
бекеттер республика аумағына біркелкі
таралуы, кез келген нүктеде интерполяция
жолымен көрші станцияның ақпараттары
бойынша әрбір метеорологиялық элементтердің
көрсеткіштерін белгілі бір дәлдікпен
алу мүмкіндігі сияқты талаптар енгізілген.
Стационарлық
желілерде жүзеге асырылатын
атмосфералық ауаның сапасын
бақылау, аймақтық (экспедициялық) зерттеулермен,
бағыттық және жылжымалы бекеттердегі
қарқынды бақылаулармен толықтырылады.
Топырақ және
атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне
мониторинг барлық елді мекендерде
жүргізілуі тиіс. Атмосфералық ауаның
ластануына бақылау жүргізуші
стационарлық бекеттердің саны
«Атмосфераның ластануын бақылау
жөніндегі нұсқаулық» нұсқаулық
құжатына (бұдан әрі – НҚ) сәйкес тұрғындардың санына
байланысты саналуы қажет және аз санды
тұрғындары бар аудандарда қосымша экспедициялық
зерттеулер жүргізуді қоса алғанда 50 мың
тұрғынға - 1 бекет; 50-100 мың тұрғынға - 2
бекет; 100-200 мың тұрғынға - 2-3 бекет; 200-500
мың тұрғынға -3-5 бекет; 500 мыңнан аса тұрғынға
5-10 бекет; 1 миллионнан аса тұрғынға - 10-20
бекетті (стационарлық және бағыттық)
құрайды. Бекеттердің саны жергілікті
жердің күрделі жер бедеріне, ластаушы
көздерінің көп болуы, берілген аумақтағы
ауаның тазалығы ерекше маңызды болып
табылатын объектілер (ұлттық саябақтар,
тарихи ғимараттар т.б.) жағдайында көбейтілуі
мүмкін.
Республика аумағы
бойынша НҚ сәйкес атмосфералық
ауаның жай-күйіне бақылау жасау
жөніндегі бекеттердің ең аз
саны 250 болуы қажет.
Даму үрдістері
мен перспективалары. Қазақстанның
гидрометеорологиялық қызметінің даму
барысы өткен ғасырдың
80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне
жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді.
1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық
станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің
65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің
55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға
мәжбүр болды.
2000 жылдан бастап
бұрынғы жабылған бақылау бекеттері
қалпына келтіріліп, жаңа бақылау
желілері мен талдау зертханалары
ашылды. Болашақта жаңа бақылау
пункттерін ашу, бар пункттерді
жаңғырту, автоматты метеорологиялық
станцияларды орнату, ақпараттарды
жинақтау,
өндеу және таратудың базалық
технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін
болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар
ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін
жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық
өзендердің мониторингіне ерекше назар
аударылатын болады.
Гидрометеорологиялық
және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін
дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты
гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын
ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық
болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған
ортаның жай-күйі жөнінде ақпараттардың
дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.Ескі
болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын
енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық
болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік
береді. Қазақстанның таулы өзендерінде
айлық гидрологиялық болжамдар жылдың
жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар
өсімдік және мал шаруашылығына қатысты
агрометеорологиялық жаңа болжамдардың
түрлері енгізілетін болады.2008-2009 жылдарда
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы,
Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды
облыстарының 572 ауылдарында радиациялық
мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық
жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда
да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің
шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын
және қызметтік үй-жайлардың ауасында
радонның шоғырлануы шектен асады және
24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен
асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг
жүргізілді.
Қазақстан тұрғындарының
табиғи радиоактивті көздерден сәулелену
тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы
зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның
мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және
Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында
(жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау
болып табылады. Ауа райының қауіпті құбылыстарының
туындауын ертерек ескерту және болжамдардың
ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың
қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің
барлық аумағы бойынша қос поляризациялы
доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.Халықаралық
авиацияны метеорологиялық қамтамасыз
етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру
аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер
банкін құру және Қазақстан Республикасының
әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын
әзірлеу қажет.
2.3. Қоршаған ортадағы
негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан
экологиясы саласындағы негізгі проблемалық
мәселелерге мыналар жатады:
1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірі;
2) жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;
3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;
4) суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;
5) жердің шөлейттену және тозу үдерістері;
6) экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;
7) «тарихи» ластанулар.
Түзілетін қалдықтар
көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан,
оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда:
түзілген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге
жаратылады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш
30 % асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде
улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу
Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар
техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды
құра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда
және үйінді сақтағыштарда қоймаланады.
Сонымен, мысалы, республикадағы электростанциялардың
күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және
қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш
орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.
Республика үшін ТОЛ, ескірген
пестицидтер және онымен ластанған аумақтар
мәселесін шешу өзекті проблема болып
табылады. Бұл мақсаттар үшін ТОЛ-ды және
басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық
қауіпсіз жою жөніндегі зауыт салу, сондай-ақ
ластанған жерлерді қалпына келтіру қажет.
2010 жылы БҰҰДБ/
ЖЭҚ «Қазақстанда ескірген пестицидтер
және полихлордифенилдер қорларын және
қалдықтарын жинау және жою бойынша зерттеу
және ұсыныстар» жобасы аяқталды.
Жобаны іске асыру
барысында 14 ластанған аумақтар (10
ПХД бойынша, 4 пестицидтер бойынша) анықталды.
Табиғи ресурстар және
қоршаған орта мониторингінің бірыңғай
мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі және басқа мүдделі
мемлекеттік ұйымдар арасындағы экологиялық
ақпараттың жүйелі алмасуына мүмкіндік
бермейді. Көп пайдаланушылар жүйесін
көбейту, қоршаған ортаны қорғау және
табиғи ресурстарды пайдалану саласында,
оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері
бойынша тиімді басқарушылық шешімдер
қабылдауға жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта
Қазақстан гидрометеорологиялық қызметін
дамыту өзекті мәселе болып табылады.
Республика аумағының мониторингпен қамтамасыз
етілуі, метеорологиялық мониториг - 61%,
агрометеорологиялық мониторинг - 66%, гидрологиялық
мониторинг- 57%, атмосфералық ауаның жай-күйіне
мониториг – 31% құрайды.
Еліміздің барлық
аумағындағы инфрақұрылым объектілері
(қызметтік ғимараттар) мүшкіл жағдайда,
қызметкерлердің жұмыс орындары қанағаттанарлықсыз,
еңбекақыларының төмен болуы, кадрлармен
қамтамасыз ету қиындығын туғызады. Бақылау
пункттерінің көпшілігінде бақылаулар
қолмен жүргізіледі.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы
жаңа ғасыр табалдырығын аттай
отырып, басқа мемлекеттер сияқты
қоршаған орта туралы күрделі
проблемаларға тап болды. Қазақстанда
ондаған жылдар бойы қоршаған
ортаға экстремалды жоғары техногенді
жүктемелерге байланысты табиғатты
пайдаланудың шикізатты басым
жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың
ғана себепшісі емес, сонымен
қатар біздің республикамызда
ауыр зардаптар түрінде қалған
экологиялық проблемалардың тұрақты
өсуіне де байланысты.Ұлттық гидрометеорологиялық
қызметтің бақылау желісін дамыту
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
және кеңістіктік даму сценарийлерімен,
стратегиялық басымдылықпен үйлестіре
жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді
жоспар негізінде жүзеге асырылуы
тиіс. Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік
технологияларды белсенді қолдану
арқылы болжамдау және мәліметтерді
өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін
есептеу және телекоммуникациялық
құралдарды дамытуға қатысты. Тек
осы негізде ғана ауа райын
болжаудың, сонымен қатар алдын
ала әртүрлі қоршаған ортаны
ластаушы заттардың таралуын
болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық
мәліметтердің жасалу және таралу
жүйесінің заманауи үлгілері
мен технологияларын енгізу мүмкіндігі
бар. Сондықтанда еліміздің әр
азаматының парызы еліміздің
табиғатын аялай білу!
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.
Экология «Алматы» 2009
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология
жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері
«Алматы» 2003
4. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов
С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002
6.Р.С. Оразбаева «Экология
негіздері», Астана-2003
7.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
8.Бейсенова Ә.Б. Экология және
табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы.
Алматы, 2004.
9.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология
негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
10.Оспанова Г., Бозшатаева.
Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева
Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы,
«қазақ университеті», 2000.
2.Фурсов В.И. Экологические
проблемы окружающей среды. Алма-Ата,
«Ана тілі», 1991.
3.Байтулин И.О. Экология
Казахстана. Алматы, 2003.
4.Николайкин Н.И. и др. Экология
М.: Дрофа, 2003.
5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая
школа, 1997.
6.Христофорова Н.К. Основы экологии.
Владивосток: Дальнаука, 1999.
7.Бродский А.К. Краткий курс
экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского
университета, 2000.