Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат
ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.
Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................
Адамзат баласы ауасыз өмір сүре алмайды. Таза ауа адамның денсаулығын, іске қабілеттілігін нығайта отырып, оның ұзақ өмір сүруіне көмектеседі. Бұдан 40 жылдай бұрын Сырдария өзені қысы-жазы толқынданып, кемерінен асып, көлдердің суы тасып, қаз-үйрек қонып, балықтары тулап, өзен жағасы сыңсыған тоғай, қырғауыл құстың әсем дауысы, жиденің мұрын жаратын иісі көңіліңді көтеріп, көкірегің ашылып, беймарал күйге түсіретін. Ал, қазіргі уақытта сол Сырдария өзенінен жаз айларында әрлі-бері жаяу өтетін жағдайға жеттік.
Бірнеше ондаған көлдер жойылып кетті. Арал теңізінің табанынан күн сайын көтерілетін тұздар, облысымыздағы мұнай, газ, уран өндірісі орындарынан ұшып жатқан газдар, күкіртті қосындылар, Байқоңыр айлағынан зымырандардың ұшуы, ядролық сынақтардың болуы, жан-жаққа таралып жатқан радиация сәулелері, мыңдаған үйлер ауласындағы бықсып жанған күл-қоқыстардың, жанған резина шиналардың түтіні, шаң-тозаң ауа райының күрт өзгеруіне, жаздың күні ыстықтың 45-50 градусқа көтерілуіне әкеп соқтырды. Бұл көрсеткіш Орта Азия, Ресейде жоқ, Қазақстанда тек Қызылорда облысына тән. Күнде таңертең, кешкілік көшені жаяу аралап шығамын, сонда бір көшенің қоңсы көршілердің екеуара әңгімесін естігенім бар. «Қорадағы шөбіңді, жәшіктегі күл-қоқысты жағасың, есік-терезеңді жабасың, көршілеріңді түтінге тұншықтырып, өзің үйіңнен қашасың, күл-қоқыстың түтіні қолқаны қабып, өкпеге сіңіп, ауру болдық. Үйімізді тастап, біз де қашатын болдық. Қураған шөп, күл-қоқысты жақпауға сенің санаң жетпейді, күн қапырық, бізге ауа жетпейді, үйіңде екі көлігің бар, қоқысты қапқа салып, қаладан тыс жерге апарып төксейші», - деп бір-біріне жалынған көршіні көрдім. Қала көшелерінде әр жерде қоқыс салынған қап, пакет, қораптардың үйіліп жатқанын күнде көз көреді, иттер ашып-шашып кеткен, иістеніп, шыбын-шіркей үймелеген қоқыстардан көз аша алмайсың, дер кезінде тасылмайды, тиісті мекеме басшыларының бейқамдығына қарның ашады. Қайсыбір күні жергілікті «Қайсар» мен «Жетісу» командаларының футбол ойынын тамашалауға орталық стадионға барып көргенімді айтайын. Жастар, арагідік үлкендер бар, шемішке шағып, темекі шегіп, сағыз шайнап, қақырынып, түкірініп, қоғамдық орынды ластап отырғанын көріп, ішкі істер қызметкерінің біріне айтып едім, « менің оларда жұмысым жоқ» деді. Сонда отырған орындарын ластап, тәртіпсіздік жасағандарға жаза болмағаны ма? Көшеде келе жатқан жүргіншілер де осындай әдепсіздікке жиі бой алдырады. Осыларды тәртіпке шақырмасақ, қаламызда тазалық бола ма? Астанада өткен алқалы жиында Елбасы қала, аудан елді мекендерінің тазалығына кең көлемде назар аударып, «тазалық қоқыстан арылған жерде, қоқыс тасталмаған жерде болады, бұл барлық қазақстандықтардың күнделікті тіршілік қағидасына айналуы керек» деп қатаң ескертті емес пе? Облыс көлемінде экологиялық ахуалдың тым нашарлап кетуінен түрлі аурулардың көбейіп бара жатқанына алаңдайтын ешкім жоқ. Әрбір адам басты құндылық - өзінің денсаулығы екенін түсіне алмай жүрген сияқты. Адам баласы жарық дүниеге келген күннен бастап табиғаттың саналуан байлықтарын пайдаланудың арқасында өмір сүріп келеді. «Табиғат – біздің анамыз» деп дәріптейік, аялы алақанмен көздің қарашығындай сақтап, қамқорлыққа алу керектігіне түсіністікпен қарайық. Енді ауаның ластануынан адам ағзасына тигізетін кері әсеріне тоқталайын. Адам ағзасына түскен көмір сутегі тотығы, күкіртті газ, күкірт сутегі, газ тәрізді қосындылардың бәрі дем алуды қиындатып, оны қолайсыз иістермен былғайды, сөйтіп нерв жүйесіне, адам ағзасына кері әсер етіп, адамның дене еңбегі мен ақыл-ой қабілетін кемітеді. Ауаны ластайтын қосындының неғұрлым көбірек бөлігі – ауа тозаңы, бұл көбіне тұрғындар жаққан отын заттарынан, күлден, түтіннен, күйеден, қарамайлы заттардан пайда болады. Шаң-тозаң – адамның жауы, тозаң құрамында кремнийдың ұшып жүрген тотығы бар, адам мұндай тозаңмен ұзақ уақыт дем алатын болса, силикоз ауруына шалдығады. Ауаның шаң-тозаңмен, түтінмен, уран радиация сәулелерімен ластануы салдарынан облысымызда туабітті жамбас сүйегінің шығуы, қисық мойын, маймақ аяқ, шұңқыр кеуде, құс кеуде, қабырғасы төс сүйегіне жетпей, екі бұғана сүйегінің жоқ болып туылуы, мылқау, соқыр, аяқ-қолдары жоқ, омыртқа бағанасы қисайған сәбилер өмір бойы мүгедек болып отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында «Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық денсаулығына ерекше көңіл бөліп келемін» дей келіп, «Қазақстандағы орташа өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай болуын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойланайық» деп қадап айтты. Сондықтан біздер кейінгі ұрпағымыздың болашағына немқұрайлы қарамай, ауру-сырқау етпей, дені сау азамат етіп өсіру үшін табиғатты аялап, ауаны ластамай, таза қалпында ұстап отырайық, сонда ғана біздер ұрпағымызбен мың жасаймыз. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дегендей, қаламыздың таза болуы, ең алдымен, тұрғындардың өзіне байланысты. Тазалық – имандылықтың жартысы, қаламызды, ортақ үйімізді түрлі өсімдіктермен, хош иісті гүлдермен көмкеріп, ағаш отырғызып, бау-бақша өсіріп, жасыл желекке айналдырайық. Халық қастерлеген табиғат байлығының бірі – су, су бар жерде өмір бар, бірақ қала көшелерінде аяқсу баратын арық жоқ, ағаш егіп көгерте алмаймыз, жаяу жүргіншілердің жолы (тротуар) да жоқ, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз, себебі қала көшелерінің архитектуралық құрылысы көпшіліктің көңілінен шықпайды. Көше аралап жүріп кейбір тұрғындармен өртенген шөптің, күл-қоқыстың зияндылығы туралы айтылды. Енді өзіміз қолдан жасап жатқан жағымсыз істерді ертеңге ысыра салмай, адам денсаулығы үшін, арымыз таза болсын десек, жедел түрде тоқтатуымыз керек. Тағы бір айта кететін жайт, сенбілікке шыққан әрбір ұжым мүшелері, көше тұрғындары күл-қоқысты жинап, оны өртемей, көлікке тиеп, арнайы полигонға апаруы керек.
Елорда тұрғындары көшесі тазаның көңілі таза болатынын санасына сіңіргелі қашан. Соның бір көрінісі жылына екі мезгіл өткізілетін тазалық айлығынан да айқын аңғарылады. Астанаға деген жылы сезімін білдіргісі келетін әр тұрғын жыл сайын күрек-кетпендерін қолдарына ұстап, тазалық айлығына шығады. Бүгінде сенбілікке қатысушылардың қатары да арта түскен. Қала әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, осы жолғы экологиялық айлыққа елорда бойынша 134 675 адам қатысқан. Соның ішінде Алматы ауданы бойынша – 69 902, Сарыарқа ауданы бойынша – 41 115 және Есіл ауданынан – 23 658 адам. Оларға көмекке келген техниканың күші де аз емес. Барлығы 519 жүк тиегіш көлік пен 1223 жүк техникасы жұмылдырылған. Сенбілік кезінде елорданың санитарлық жағдайына ғана емес, көгалдандыру ісіне де айрықша көңіл бөлінді. Қаланың көрікті болуына жайқалған жасыл тал-теректің де үлесі бар. Сондықтан келешекте елорданы жасыл желегі жайқалған әсем шаһарға айналдыру міндеті тұр. Осы жолғы көктемгі тазалық айлығында бас ордада Арқаның ауа райына төзімді 5 073 ағаш, 1202 көшет отырғызылды. Бұлар әлі-ақ жайқалып, айналамыздың ажарын айшықтай түсері анық. Көптің ісінде береке бар. Кәрі-жас демей, еңбек майданына біркісідей жұмылған көпшіліктің арқасында Астана айнадай жарқырады. Көшелер мен тұрғын үйлердің айналасы күл-қоқыстан тазаланып, ғимараттардың іші-сырты, терезе есіктерінен тартып, мұнтаздай жуылды. 22 мыңнан астам шарбақ қайтадан қалпына келтіріліп, 2300-ден астам көше шамдары шаң-тозаңнан арылды, 5 мыңнан астам ағаштың түбі әктелді. Сенбілікке белсене атсалысқан тұрғындардың күшімен қаладан 7 571 тонна қоқыс шығарылды.
|
Жыл сайын
Қазақстанның ірі қаласында 700 мыңға
жуық әр түрлі тұрмыстық