Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Қорыта айтсақ, медициналық қалдықтарды сақтау және оны жою мәселелері өңірдің барлық аудандарында өз дәрежесінде емес. Бұл мәселеде де шекесі шылқып тұрған ешкімді көрмедік. Экологиялық кеңесте санитарлық және экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, медициналық қалдықтарды жойылуына (инсенератор) бақылауды күшейту және Маңғыстау ауданында медициналық қалдықтарды жою үшін инсенератор алып, орнатуды шешу туралы бірауыздан шешім қабылданды. Бұл істе облыс әкімі кәсіпкерлерді тарту қажеттігін ескертті. Ал Қарақия ауданы бойынша медициналық қалдықтарды жою үшін инсенератор іске қосылатын болды.  
 

 
Сағындық РЗАХМЕТОВ,

 

 

 

 

2.3 Қала экологиясы . Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланған тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.

Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап, 50 000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек.

Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.

2.4 Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы.

Қазақстан ғалымдарының есептеуі бойынша Қазақстанның әрбір тұрғынына 1000 тоннадан өндіріс және шаруашылық қалдықтары жинақталған. Бұған Каспий аймағы да кіреді. Бұл аймақта мұнай мен газ өңдеу зауыттары, өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, энергетикалық, транспорттық, коммунальдық-шаруашылық мекемелері мен ұйымдары орналасқан. Қаладағы қалдықтармен жұмыс реттелмеген.

Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп, үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқсықтар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1,2 - 1,4 кг қоқыс шығарады.

Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары, т.б жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.

Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т.б кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.

Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т.б) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға бола ма? Өркениетті дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс стейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс ісейді. Өңдеудің соңғы өнімі – құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде.

III тарау. Табиғатты тиімді  пайдалану, оны сақтау жолдары.

Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді.Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөліп отыр. 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтың салтанатты өмірі үшін сақтау.

Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдары мен ережелеріне негізделген.

Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы ғана емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру керек.

Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет.

Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы. Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи - табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.

Қорытынды

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті.

Қазақстанның жері қаншалықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады. Республика аумағын төрт аумаққа – орманды дала, дала, шөлейт және шөл – бөлуге болады.

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің табысты аяқталуы да, ел алдымен, ұстанған экологиялық саясатқа байланысты. Ол үшін жердің құнарсыздануы мен жер бедерінің жүдеушілігі, су ресурстарының тапшылығы, Арал, Балқаш көлдері суалуы, Семей ядролық полигоны мен басқа да әскери полигондардың, Каспий жағалауының проблемалары, елді мекендерде ауаның, топырақ пен судың ластануы жағдайлары сияқты маңызды мәселелерді шешу мемлекеттік деңгейде қаралуы керек. Қазақстан жерінің табиғат байлықтарының азаюы экономикаға қатты әсер ететін әлеуметтік шараларды іске асыруға қол байлау болатыны өзінен өзі түсінікті.

Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғары оқу орындарында, ірі өндіріс орындарында, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірде ормандарды отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады. Адамдар «табиғат - өз үйің» дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай бүгін сену қиын. Құстардың өз ұяларын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағына деген қамқорлық танытуы керек шығар деп есептеймін.

Біржолғы ыдыс: пайдасы мен зияны

26 Желтоқсан 2011, 09:25

Жыл сайын көлемі мен тереңдігі әр түрлі, қызылды-жасылды пластик стақандар, тәрелкелер, қасықтар мен шанышқылар тонналап өндіріледі. Қазір басқосу кештері, жұмыс кеңсесіндегі атаулы күндерді тойлау, қызмет бабындағы кофе-брейктер, сонымен қатар табиғат аясына серуендеуге шыққан адам міндетті түрде біржолғы ыдыстарды пайдаланады. Бұл ыдыстардың басты артықшылығы: уақыт пен қалтаны үнемдейді, пайдалануға жеңіл. Ал зиянды тұстары екі есе көп. 

Бір рет пайдаланғаннан кейін, пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды, сондықтан қоқысқа тастауға тура келеді. Ал өте көп мөлшерде тасталған ыдыстар қаланы түгел қоқыс аумағына айналдырып жіберуі мүмкін. Адамның денсаулығына әкелетін зияны ұшан-теңіз. Бірақ, өндірушілер оны жоққа шығарады.

 

Пластмасса ыдыстар неден жасалады?

Бір рет қолдануға жарамды ыдыстардың құрамында полистирол, полипропилен, поливинилхлорид сияқты улы химиялық қышқылдар бар.

Полистирол

Бұл химиялық элементтен жасалған ыдыстар көбінесе ақ түсті болады. Ыдыста оның PS деген мөрі де көрсетіледі. Мұндай ыдыстар тек суық азық-түлікке арналған. Егер оған ыстық шәй құйылса, ыдыстан стирол сұйықтығы бөлініп шығады. Сондай-ақ, микротолқынды пешке салынған полистирол ыдысы да көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады. Бұл химиялық қоспалардан тұратын ыдысты жиі пайдаланған адам бауыр мен бүйрек ауруларына шалдығады.

Полипропилен 

Мұндай ыдыстардың табанында РР деген мөртаңбасы болады. Көлемі кішкентай болғанымен, ыстық тағамдарға арналған. Автоматты түрде кофе әзірлейтін автоматтар кофе мен шәйді осы ыдысқа құяды. Сондықтан, +150С температурада ол өз қалпын сақтап тұрады. Дегенмен, полипропилен ыдысына спирт ішімдіктерін құю өте қауіпті. Бұл кезде формольдегид пен фенол көп мөлшерде бөлініп шығып, адам ағзасын улайды. Сондай-ақ, біржолғы  ыдыстың бұл түрінде майлы тағамдарды сақтауға да болмайды.

Поливинилхлорид 

Сарапшылар мұны пластмасса ыдыстардың ішіндегі ең қауіпті екенін дәлелдеді. Мөрбелгісі — PVC (ПВХ). Әдемі безендірілген, поливинилхлоридтен жасалған контейнер ыдыстар тағамды өзіңмен бірге алып жүруге өте қолайлы. Бірақ, ыдыс құрамындағы винилхлорид  деп аталатын канцерогенді химиялық зат асқа түсіп, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеп соқтырады. Мейлінше бұл ыдыстан бас тартып, PS немесе PP деген таңбалар басылған ыдыстарды пайдаланған жөн.

Химия өнеркәсібінде формальдегид қарамайының алуан түрлі элементтерін алу үшін меламинді пайдаланады. Меламин қышқылы улылығы бойынша химиялық элементтер арасында ең қауіптісі. Оның құрамында өте көп мөлшерде формальдегид пен улы заттар бар. Меламиннен жасалған ыдыстар қыш ыдысқа ұқсас келеді. Бірақ, қыш ыдысқа қарағанда әлдеқайда жеңіл, әрі бекем. Меламин ыдысқа ыстық тағам салынса, ол бірден улы формальдегид қышқылын бөліп шығарады. Ал ыдыс әр түрлі бояулармен боялған болса, қорғасын мөлшері де арта түседі. Нәтижесінде бір ыдыстың құрамындағы бірнеше улы заттар адам ағзасына түседі. Нәтижесінде, соңы өлімге әкеп соқтыратын қатерлі ісік ауруларының көбеюі ықтимал.

 

 

Полипропилен, поливинхлорид, полистирол ыдыстарын айыру белгілері

Поливинхлорид ыдысына салмағы ауыр қатты затты қойғанда, ыдыс үстінде бірден іздер пайда болады. Ал басқа ыдыстарда із қалмайды. Полистирол ыдысы деформация кезінде қатты дыбыс шығарып, сынып кетеді. Полипропилен ыдыс деформацияланғанда майысып, қайта орнына келеді.

 

 

Дұрыс таңдау — қағаз ыдыс

Қағаз ыдыстар табиғи заттардан жасалады. Пайдаланып болғаннан кейін, оңай көзін жоюға болады. Қағаз ыдыс, сондай-ақ ас температурасын ұзақ уақыт сақтап тұрады, қызу өткізгіштік қабілеті де баяу жүреді, сондықтан, ыдысты ұстаған қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырылғанда да, улы заттарды шығармайды.

Қағаз стақандар өте жұқа қатырма қағаздан жасалады. Ал қағаздың ағаштан жасалатыны белгілі. Стақанның бір жағы ламинатталады. Технология жетістіктері арқасында стақандарға желім қолданылмайды. Пластмасса ыдыстармен салыстырғанда, қағаз ыдыстары сапалы, зиянсыз, әрі ыңғайлы.

 

 

Біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері

Аты айтып тұрғандай, бұл ыдыстарды тек бір рет пайдалану керек. Бірнеше қайтара жуғанмен де, ол түбегейлі тазармайды. Есесіне, құрамынан улы заттарды бөліп шығарады. Пластикалық ыдыстарды нақты белгілеріне сүйеніп пайдаланса, зияны азая түспек. Дүкендердегі йогурт ыдыстары сүт қышқылымен реакцияға түспейді. Сондықтан, олар зиянсыз болып саналады. Бірақ, бұл ыдыстарға басқа сұйықтықтарды құю қауіпті. Біржолғы стақандарға газды су, қышқыл шырын, ыстық шәй құйылса, ол қауіпті ыдысқа айналады. Ыдыстың зияны адамның сезу мүшелеріне білінбегенімен, ішкі мүшелерінің қызметін бірте-бірте әлсіретеді.

Пластикалық ыдыстарда тағамды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Микротолқынды пеште қыздыру тіпті қауіпті. Пластикалық ыдыстар мұздатқышқа төзімді, ол тағамның құндылығын сақтай алады.

Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті