Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған біржолғы ыдыстарды ұқыпты қолданыңыз.

Суреттер analogm.ru, odnorazovaya-posuda.ru, dionis.ck.ua, aif.ru сайттарынан 

 

Бай қалада қоқыс көп

17 қазан 2012 21:41

Қалалық әкімдікте өткен жұртшылық тыңдауында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа нормалары талқыланды. Жобалаушы компания оларды халық үшін жылына 3 текше метрге дейін көбейтуді ұсынып отыр. Мұндай мәлімдемеден кейін, әдетте, қызмет тарифтері көтерілетін еді.

ІЗ-ТҮЗІН БІЛДІРМЕУ

Алайда тыңдауды ұйымдастырушы қалалық әкімдік атынан қатысушылар қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВ тыңдармандардың бірі сөз алған кезде айтылған бұл болжамға комментарий бермеді. Айтуларынша, бұл олардың тапсырысы бойынша орындалған зерттеу ғана екен.

Жобаны жасақтаушы «Эко-Алан» ЖШС директоры Нұрпейіс ӨТЕҒҰЛОВ растап отырғандай, бұл нормалар «нақты ахуалды бұрмаламау үшін» әр бес жыл сайын қайта қаралып, нақтылануы тиіс.

Айтпақшы, алдыңғы зерттеулерді де жүргізген осылар. Солардың арқасында қазіргі нормалар: абаттандырылған баспана тұрғындары үшін жылына 2,6 текшеден бастап, «жеке сектор» үшін 2,9 текшеге дейін қолданыста. Енді Өтеғұлов бәрін теңестіруді ұсынып отыр. Өйткені Атыраудағы жеке сектор тұрғындарын коммуналдық жайлылықтан мақұрым емес деп есептейді.

- Литосфераның  қатты қалдықтармен ластануы  жерасты суларының ластануына  әкеліп соғуы мүмкін. Осыған қарамастан қалдықтарды көму біздің елімізде ең кең таралған әдіс боп қалып отыр, - дейді Өтеғұлов. – Қазақстан аумағындағы қатты қалдықтарды көмуге арналған полигондар табиғат қорғау талаптарына сай келмейді және қоқыс тастайтын орын секілді сипатталуы мүмкін. Мұндай орындар алдын-ала гидрогеологиялық зерттеулер жасалмастан ұйымдастырылады. Бұл жерасты және жерүсті суларын қорғау бойынша дұрыс жобалау шешімдерін қамтамасыз етпейді.

Ал дамыған елдердің қалдықтарға қатысты саясаты рециклинг (қайталама қолдану) пайызын көбейтуге, көмуге жіберілетін қалдықтар санын азайтуға және залалсыздандырудың анағұрлым экологиялық қауіпсіз әдістерін қолдануға бағытталған.

Химия ғылымдарының кандидаты Өтеғұловтың айтуынша, қатты қалдықтарды тұтыну нормасы атыраулықтар үшін жыл сайын көбейетін болады. Ол табыс деңгейімен тікелей байланысты екен.

- Бұл зерттеу  қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарына  ма әлде қолданыстағы тарифтердің  өзгеруіне байланысты жасалып  отыр ма, билік комментарий бермеді...

- Осы зерттеудің нәтижесінде  тарифті қайта қарау ұсынысы  жасалады деп ойлаймын. Қалай  дегенмен де, қазіргі сіздегі  тариф қаржылық шығындарға сай келмейді. Атырауда әзірге қоқысты жинау тарифі бар да, өңдеу тарифі жоқ. Дәлірек айтқанда, ол енгізілетін болады. Әйтпесе кәсіпорын шығынға ұшырайды. Алматыда, мәселен, тариф 436 теңге құрайды (Атырауда 120 – З. Б.). Алдағы уақытта салынатын қоқыс өңдейтін кешен полигонға түсетін қалдықтар мөлшерін 25-30%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Бірақ бұл Атыраудың шағын қала екенін ескерсек, шығыны көп жоба. Ультразаманауи зауыт салуға қаланың күші жетпейді. Қазір сіздегі қоқыс орнына жылына 500 мыңдай текше метр, яғни 90 мың тоннадай қоқыс төгіледі. Қуаттылығы жылына 100 мың тоннадай болатын, металлдарды автоматты сұрыптайтын қоқыс сұрыптау стансасы қолайлы шешім болмақ. Бірақ қалған жағдайда бұл конвейерде қолдан сұрыпталатын болады.

- Бұл заманауи технология ма?

- Иә. Алматы мен Астанада  да осындай, итальяндық және неміс жабдықтарымен жұмыс жасайды, ал желінің өзі Испаниядан.

Қалдықтарды ауладағы жинағыштарда уақытша сақтау кезінде 3-күн өткенде атмосфералық ауаға қалдықтардың аэробты ыдырау өнімдері – толуол, этилбензол, ксилол бөлінеді. Қалдықтарды контейнерлерде өртеген кезде атмосфералық ауаға шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) жүздеген есе асып кететін уытты қосылыстар - 550 мг/м3 СО (ШРК 3 мг/м3); 150 мг/м3 S02 (ШРК 0,05мг/м3); 14 нг/м3 диоксиндер (ШРК 0,1 нг/м3) тарайды.

- Мұндай зауыт  бізге қаншаға....

- Егер ТЭН бойынша жұмыстарға  тапсырыс берсе, біз есептеп, цифрларды айтамыз, ал былайша қиын. Бірақ бұл бар болғаны желі ғой, биліктің басты міндеті – өңдеушілерді табу. Алматы зауытының құны жылына 450 мың тонна көлеммен 30 млн доллар тұрған еді. Алайда жеке тұлға салған зауыт өз өндірісіне тұтқын болды: желі пластик өңдейтін цехқа жалғанған болатын.

- Ал сіз неліктен зауыт туралы өткен шақпен әңгімелеп отырсыз?

- Қазір зауыт тоқтап тұр. Ол 2009 жылдың аяғында іске қосылғанда сол кездегі Алматы әкімі тарифтер көтеріледі деп уәде берген еді. Бірақ ол кейін Астанаға кетіп қалды, ал жаңа әкім тәуекел ете алмай, айырмашылық үшін қалалық бюджет арқылы демеуқаржы бөлуге депутаттарды көндірді. Құрылыс бойынша қарыздарды қайтаруға бірінші жылы қала 1 млрд теңгедей бөлді. Екінші жылы депутаттар бас тартты: сомаға қаланың дәрмені жетпейтін боп шықты. Бірақ тарифтерді де көтермеді. Нәтижесінде зауыт тоқтап қалды. Қазір бұрынғы директор мен әкімдік арасында дау-шар жүріп жатыр. Ал қоқыс Атыраудағы секілді қоқыс орнына шығарылуда.

 

 

ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫ - БИОКОМПОСТҚА

- Негізінде қоқысты  «терең өңдеу» пайызы қандай?

- Жалпы 60 пайыздайын қайталап пайдалануға болды. Сауда кәсіпорындарынан (базарлардан, дүңгіршіктерден, дүкендерден), мейрамхана-кафелерден, қонақ үйлерден, мекемелерден қатты қалдықтар көлемінің 75 пайызы жеткілікті түрде жақсы сұрыпталып, қайталама өңдеуге жіберілуі мүмкін. Бұл жерде макулатура, шынылар, пластик, полиэтилен, түсті металдар негізгі құрамдастар боп табылады. Бастысы – өңдеушілерді табу.

- Ал тез бұзылатын ылғалды ауыр компоненттері бар тамақ қалдықтарына қатысты қалай болмақ? 

- Біз қалдықтардың органикалық  бөлігін биокомпостқа өңдеуді ұсынамыз. Мұндай тәжірибе Алматыда да бар. Бастысы – халықты қоқысты бөлу мәдениетіне дағдыландыру керек.

- Бірақ 100 емес, 60 пайызын.

- «Қалғаны» деп аталатын  қоқыстар сол алматылық зауытта  бүкіл сұйықтықты сығып шығаратын қуатты қысыммен текшеленіп, полигонға шығарылатын. Үлдірге оралған олар мәңгі сақталу үшін қатталатын еді. Осындай күйде олар жүздеген жылдар бойына бұзылмайды. Адамзат бұдан басқа әзірге ештеңе ойлап тапқан жоқ. Дегенмен бұл қазір Атыраудағы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты жағдайға қарағанда қоршаған орта мен біздің денсаулығымыз үшін анағұрлым жақсы әдіс.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

Қоқысты қайта өңдеу арқылы, мемлекет шығындарын азайту

 

 

Рахимова Г.А., э.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті

Базылжанова А.С., э.м., Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті

 

 

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды.                          Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.                                                        Иә, бүкіл өркениетті әлем  қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында жанталаса қарекет жасап жатыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәселесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұландығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып, «екі жеп, биге шығып» жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты инновациялық тәсілдермен керекке жаратса, қазба байлығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі кезеңде экономикамыздың даму  болашағы тек инновациямен байланысты болатындығын барынша айтып келеді.                                                                        

Әлемдік тәжірибеге, еліміздегі қоқыстанудың жағдайына байланысты авторлық көзқарастар ұсынылды. Оның ішінде:

- Тазалық мекемелеріне жеңілдіктер жасау

- Арнайы бағдарлама енгізу.

- Темір жол арқылы металлдарды арнайы зауыттарға тасымалдау

- Семинарлар өткізу

- Жаңадан зауыттар ашып  әр зауыт өзіне керек қоқысты өзі тасымалддауы

«Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі жеткеші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келіп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында есептеледі. Ал, бізде Алматыдағы қоқыс өңдейтін жалғыз кешен бір жылдан бері жұмыс істемей тұр…». 
Міне, ҚР Президенті тура осылай деді.

Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» (мусорная королева) атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан –  
еңбекқорлығы, табандылығы. Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ, мұнай сатып, жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз. Ал, қоқысты өңдеу... Намыс секілді.

Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық. Айталық, қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін пластик бөтелкелер, құтылар құрайды. Бұдан табыс табудың алғышарттары қандай? Қазақстанда қоқыс өңдеуде бәсекелес орта болмағандықтан еңбектенген жанның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ. Соған қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де жоқ. 

Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны – ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып, Америкаға саудалап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген осы. 

Ресейдегі ең мусоры көп қала Нижегородь облысындағы Дзержинск қаласы екен. Ол тіпті ең лас кішкентай қала ретінде Гиннестер кітабына еніпті. Жергілікті тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны Европадағы ең үлкені. Бұндағы қоқыстар төмен температурада өртеледі, ауаны бүлдіріп. Ал, өртенбейтіні жәймендеп жерге сіңеді, топырақ пен суды бүлдіріп. Осы маңайда 30000 халық тұратын болса, Гиннес рекордтар кітабының дерегі бойынша Дзержинскіде ер адамдардың өмір жасы 42, ал әйелдердікі 47.               Populare Scіence журналы ғылымдағы онша мықты емес мамандықтардың рейтингісін жариялапты. Қоқыс қалдықтары мен оларды өңдеу әдісін зерттейтін гарбология төртінші орынға шығыпты. Әрине, кім қоқыс жинаушы, көше сыпырушы болғысы келеді дейсіз. Алайда, күрек пен сыпырғыш ұстағандардың еңбегінен ақша аямау керектігі кім-кімге де белгілі. Олар бізді қоқыстан, кірден, тіпті ауру мен ажалдан құтқарады. Бірақ, сонда да көше сыпырып жүргендер өздерін ешкімге танытқысы келмейді, басқалар да оларды танып-білуге құштар емес. Ал, Қытай сияқты алпауыт елдердің өзінде қоқыс ханшайымы аталып, ақшалы болып қана емес, атақты болып жатқандарды оқып, біліп те жатырмыз.                                                                  Европа елдерінде біздегідей далиып жатқан дала жоқ, қала аумақтары шағын, содан да қоқысқа орын да болмай жатады. Нәтижесінде: ұрандары қоқысты азайту керек, азайту керек және азайту керек. Барлық деңгейде бірдей, алпауыт өндіріс орындары да бір кастрюлкесі бар отбасы да. Қоқыс аз болумен қатар, тез, жеңіл өңделуі қажет. Мусорды өртеу мен оны көмудің рейтингісі төмен. Басқа шара болмаса, амал жоқ, әйтпесе…                                 Евроодақ елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды.                                                                            Қалдықтарды бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі. Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен, бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін секундомермен қадағалайтын да көрінеді.                                                                                             Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.

- табиғат пайдаланушылардың  қалдықтарды есепке алу, өңдеу  және залалсыздандыру жұмысындағы  жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді талап ету; 
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті