Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

- қалдықтарды залалсыздандыру  мақсатындағы инфражүйелер мен  өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.

Осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар еді.

 

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.      www.google.kz

2.     Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері.

3.     Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. Табиғатты пайдалану экономикасы.

 

 

 

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ


 

 

01.11.2012 10:33

Адамзат баласы ауасыз өмір сүре алмайды. Таза ауа адамның денсаулығын, іске қабілеттілігін нығайта отырып, оның ұзақ өмір сүруіне көмектеседі. Бұдан 40 жылдай бұрын Сырдария өзені қысы-жазы толқынданып, кемерінен асып, көлдердің суы тасып, қаз-үйрек қонып, балықтары тулап, өзен жағасы сыңсыған тоғай, қырғауыл құстың әсем дауысы, жиденің мұрын жаратын иісі көңіліңді көтеріп, көкірегің ашылып, беймарал күйге түсіретін. Ал, қазіргі уақытта сол Сырдария өзенінен жаз айларында әрлі-бері жаяу өтетін жағдайға жеттік.

Бірнеше ондаған көлдер жойылып кетті. Арал теңізінің табанынан күн сайын көтерілетін тұздар, облысымыздағы мұнай, газ, уран өндірісі орындарынан ұшып жатқан газдар, күкіртті қосындылар, Байқоңыр айлағынан зымырандардың ұшуы, ядролық сынақтардың болуы, жан-жаққа таралып жатқан радиация сәулелері, мыңдаған үйлер ауласындағы бықсып жанған күл-қоқыстардың, жанған резина шиналардың түтіні, шаң-тозаң ауа райының күрт өзгеруіне, жаздың күні ыстықтың 45-50 градусқа көтерілуіне әкеп соқтырды. Бұл көрсеткіш Орта Азия, Ресейде жоқ, Қазақстанда тек Қызылорда облысына тән.

Шіліңгір шілденің ми қайнатар ыстығында, тамыздың теріңді тамшылатып, таңдайынды кептіретін аптабында әр үйдің ауласындағы өртенген шөптердің, балонның, бықсыған қоқыс жәшіктерінен шыққан көк түтіннің иісіне жас-кәрі, бала-шаға, екіқабат келіншектер де тұншығып, көкірегі қыжылдап, өкпесі сырылдап, жүрегі соғып, дем алысы нашарлап, үйде немесе көшеде құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінуде. Жедел жәрдем келгенше о дүниелік болған қарияларымыз, ұйқысынан тұрмай қалған жастарымыз қаншама? Жедел жәрдем стансасы мамандарының мәліметінше, осы жылдың 8 айында 436 адам бақилық болған, 420 адам жедел жәрдем келгенше үйінде, 16 адам жедел жәрдем келгенде қайтыс болыпты. Оның 164-ін әйелдер, 272-сін ерлер құрайды.

Күнде таңертең, кешкілік көшені жаяу аралап шығамын, сонда бір көшенің қоңсы көршілердің екеуара әңгімесін естігенім бар. «Қорадағы шөбіңді, жәшіктегі күл-қоқысты жағасың, есік-терезеңді жабасың, көршілеріңді түтінге тұншықтырып, өзің үйіңнен қашасың, күл-қоқыстың түтіні қолқаны қабып, өкпеге сіңіп, ауру болдық. Үйімізді тастап, біз де қашатын болдық. Қураған шөп, күл-қоқысты жақпауға сенің санаң жетпейді, күн қапырық, бізге ауа жетпейді, үйіңде екі көлігің бар, қоқысты қапқа  салып,  қаладан тыс жерге  апарып  төксейші», - деп бір-біріне жалынған көршіні көрдім. Қала көшелерінде әр жерде қоқыс салынған қап, пакет, қораптардың үйіліп жатқанын күнде көз көреді, иттер ашып-шашып кеткен, иістеніп, шыбын-шіркей үймелеген қоқыстардан көз аша алмайсың, дер кезінде тасылмайды, тиісті мекеме басшыларының бейқамдығына қарның ашады.

Қайсыбір күні жергілікті «Қайсар» мен «Жетісу» командаларының футбол ойынын тамашалауға орталық стадионға барып көргенімді айтайын. Жастар, арагідік үлкендер бар, шемішке шағып, темекі шегіп, сағыз шайнап, қақырынып, түкірініп, қоғамдық орынды ластап отырғанын көріп, ішкі істер қызметкерінің біріне айтып едім, «көке, менің оларда жұмысым жоқ» деді. Сонда отырған орындарын ластап, тәртіпсіздік жасағандарға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмағаны ма? Көшеде келе жатқан жүргіншілер де осындай әдепсіздікке жиі бой алдырады. Осыларды тәртіпке шақырмасақ, қаламызда тазалық бола ма? Астанада өткен алқалы жиында Елбасы қала, аудан елді мекендерінің тазалығына кең көлемде назар аударып, «тазалық қоқыстан арылған жерде, қоқыс тасталмаған жерде болады, бұл барлық қазақстандықтардың күнделікті тіршілік қағидасына айналуы керек» деп қатаң ескертті емес пе?

Облыс көлемінде экологиялық ахуалдың тым нашарлап кетуінен түрлі аурулардың көбейіп бара жатқанына алаңдайтын ешкім жоқ. Әрбір адам басты құндылық - өзінің денсаулығы екенін түсіне алмай жүрген сияқты. Адам баласы жарық дүниеге келген күннен бастап табиғаттың саналуан байлықтарын пайдаланудың арқасында өмір сүріп келеді. «Табиғат – біздің анамыз» деп дәріптейік, аялы алақанмен көздің қарашығындай сақтап, қамқорлыққа алу керектігіне түсіністікпен қарайық. Енді ауаның ластануынан адам ағзасына тигізетін кері әсеріне тоқталайын. Адам ағзасына түскен көмір сутегі тотығы, күкіртті газ, күкірт сутегі, газ тәрізді қосындылардың бәрі дем алуды қиындатып, оны қолайсыз иістермен былғайды, сөйтіп нерв жүйесіне, адам ағзасына кері әсер етіп, адамның дене еңбегі мен ақыл-ой қабілетін кемітеді. Ауаны ластайтын қосындының неғұрлым көбірек бөлігі – ауа тозаңы, бұл көбіне тұрғындар жаққан отын заттарынан, күлден, түтіннен, күйеден, қарамайлы заттардан пайда болады. Шаң-тозаң – адамның жауы, тозаң құрамында кремнийдың ұшып жүрген тотығы бар, адам мұндай тозаңмен ұзақ уақыт дем алатын болса, силикоз ауруына шалдығады.

Дүние жүзінде ғылыми-техникалық прогрестің дамып, адамзат кемелденген кезінде жыл өткен сайын қоршаған ортаның өте қатты ластануы белең алып, тыныстап отырған ауамыз бен ішіп отырған суымыз, жеп отырған тамағымыз әртүрлі химикаттармен ластанған, оған қоса халқымызды қор, жерімізді сор етіп жатқан уран кенінен тараған радиация сәулелердің зардаптарынан екіқабат аналар уақытысына жетпей түсік тастап, шала туып, немесе өлі баланы дүниеге әкеліп жатыр. Айтпақшы, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген кір жуатын синетикалық әртүрлі ұнтақтар іш киім арқылы денеге сіңіп, аллергия ауруына шалдыққандар да анықталды. Жас қыздарымыз, мектеп оқушыларынан бастап шаш бояйтын болған, бірақ ол бояудың миға кері әсері бары дәлелденгенін (Ұлыбританияда) бойжеткендер біле бермейді.

Сондай-ақ, егіс алқаптарында, бақшаларда қолданылып жатқан пептицид, нитраттармен өсіріліп жатқан қияр, қызанақ, қауын, қарбыздардың мезгілінен бұрын оңтүстік облыс пен көрші елден әкелініп, одан талай адамның уланып жатқаны рас. Жедел жәрдем стансасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 2012 жылдың 8 айында тамақтан, жеміс-жидектен,  бақша дақылдарынан (қауын, қарбыз) уланғандардың саны 112 (ересектер – 36, балалар – 76) адамды құраса, оның 66-сы ауруханада жатып ем алған.

Ауаның шаң-тозаңмен, түтінмен, уран радиация сәулелерімен ластануы салдарынан облысымызда  туабітті  жамбас сүйегінің шығуы, қисық мойын, маймақ аяқ, шұңқыр кеуде, құс кеуде, қабырғасы төс сүйегіне жетпей, екі бұғана сүйегінің жоқ болып туылуы, мылқау, соқыр, аяқ-қолдары жоқ, омыртқа бағанасы қисайған сәбилер өмір бойы мүгедек болып отыр. Осы мүгедек балаларды, үлкен-кішісі бар, диагностикалық орталықтан тексеруден өткізіп, емдеу орындарына, ота жасайтын орталықтарға жіберіп отырамыз.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында «Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық денсаулығына ерекше көңіл бөліп келемін» дей келіп, «Қазақстандағы орташа өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай болуын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойланайық» деп қадап айтты. Сондықтан біздер кейінгі ұрпағымыздың болашағына немқұрайлы қарамай, ауру-сырқау етпей, дені сау азамат етіп өсіру үшін табиғатты аялап, ауаны ластамай, таза қалпында ұстап отырайық, сонда ғана  біздер  ұрпағымызбен  мың  жасаймыз.

«Жібекті түте алмаған жүн етеді» дегендей, қаламыздың таза болуы, ең алдымен, тұрғындардың өзіне байланысты. Тазалық – имандылықтың жартысы, қаламызды, ортақ үйімізді түрлі өсімдіктермен, хош иісті гүлдермен көмкеріп, ағаш отырғызып, бау-бақша өсіріп, жасыл желекке айналдырайық. Халық қастерлеген табиғат байлығының бірі – су, су бар жерде өмір бар, бірақ қала көшелерінде аяқсу баратын арық жоқ, ағаш егіп көгерте алмаймыз, жаяу жүргіншілердің жолы (тротуар) да жоқ, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз, себебі қала көшелерінің архитектуралық құрылысы көпшіліктің көңілінен шықпайды. Қоғамдық әжетхана да жоқ. Келешекте арық қазылып, тротуар, әжетхана салынуы керек. Қала көшелерінің тазалығы үшін облыстық бюджеттен 493,2 млн. теңге қаралған. Бұл қаржының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесі» үшін, қаланың қаржы, прокуратура, экология өкілдері ұдайы тексеріп, қадағалап отырса, құба-құп болар еді.

Көше аралап жүріп кейбір тұрғындармен өртенген шөптің, күл-қоқыстың зияндылығы туралы сөйлескенімде, түсіністікпен қарайтындар болды. Ал кейбір байлықтың буына мастанып, жан-жағына елере қарап, «не деп тұрсың?» дегендей менсінбейтіндер мен ессіздерді мақаланы оқығаннан кейін ойланар деген сенімдемін. Адам өміріне қауіп төндіретін түтінмен тұншықтырған тұрғындардың жағымсыз әрекеттерін, сырттан әсер ететін жайттарды жайып салдым, бұл – шындық, ақиқат. Енді өзіміз қолдан жасап жатқан жағымсыз істерді ертеңге ысыра салмай, адам денсаулығы үшін, арымыз таза болсын десек, жедел түрде тоқтатуымыз  керек. Тағы бір айта кететін жайт, сенбілікке шыққан әрбір ұжым мүшелері, көше тұрғындары күл-қоқысты жинап, оны өртемей, көлікке тиеп, арнайы полигонға апаруы керек. Болашақ ұрпақ қамына жаны ашитын, ниеті, ойы түзу ардагерлер, қала әкімшілігінің кеңесші тобы, санитарлық дәрігерлер, қалалық ішкі істер, прокуратура, экология қызметкерлері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары осы мақаланы сарапқа салып, қала тұрғындарының жағымсыз іс-әрекеттерін заңдастырып, 50-150 мың теңге көлемінде айыппұл салып тоқтатуға болады. Осы орайда Елбасы өз мақаласында тәртіп пен жауапкершілікке ерекше назар аударып, денсаулық сақтау саласында  көптеген заңдарды жетілдіруді тапсырған  болатын.

Мақаланы шығыс ойшылы Конфуцийдің «Адамзатқа шапағат жасау – мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген сөзімен аяқтаймын. Бұл философиялық тұжырым, әрине, өз ісіне адал, ержүрек, қажырлы жандарға айтылса керек.


 

 

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды.                          Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.                                                        Иә, бүкіл өркениетті әлем  қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында жанталаса қарекет жасап жатыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәселесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұландығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып, «екі жеп, биге шығып» жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты инновациялық тәсілдермен керекке жаратса, қазба байлығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі кезеңде экономикамыздың даму  болашағы тек инновациямен байланысты болатындығын барынша айтып келеді.                                                                        

Әлемдік тәжірибеге, еліміздегі қоқыстанудың жағдайына байланысты авторлық көзқарастар ұсынылды. Оның ішінде:

- Тазалық мекемелеріне жеңілдіктер жасау

- Арнайы бағдарлама енгізу.

- Темір жол арқылы металлдарды арнайы зауыттарға тасымалдау

- Семинарлар өткізу

- Жаңадан зауыттар ашып  әр зауыт өзіне керек қоқысты өзі тасымалддауы

«Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі жеткеші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келіп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында есептеледі. Ал, бізде Алматыдағы қоқыс өңдейтін жалғыз кешен бір жылдан бері жұмыс істемей тұр…». 
Міне, ҚР Президенті тура осылай деді.

Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» (мусорная королева) атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан –  
еңбекқорлығы, табандылығы. Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ, мұнай сатып, жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз. Ал, қоқысты өңдеу... Намыс секілді.

Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық. Айталық, қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін пластик бөтелкелер, құтылар құрайды. Бұдан табыс табудың алғышарттары қандай? Қазақстанда қоқыс өңдеуде бәсекелес орта болмағандықтан еңбектенген жанның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ. Соған қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де жоқ. 

Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны – ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып, Америкаға саудалап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген осы. 

Ресейдегі ең мусоры көп қала Нижегородь облысындағы Дзержинск қаласы екен. Ол тіпті ең лас кішкентай қала ретінде Гиннестер кітабына еніпті. Жергілікті тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны Европадағы ең үлкені. Бұндағы қоқыстар төмен температурада өртеледі, ауаны бүлдіріп. Ал, өртенбейтіні жәймендеп жерге сіңеді, топырақ пен суды бүлдіріп. Осы маңайда 30000 халық тұратын болса, Гиннес рекордтар кітабының дерегі бойынша Дзержинскіде ер адамдардың өмір жасы 42, ал әйелдердікі 47.               Populare Scіence журналы ғылымдағы онша мықты емес мамандықтардың рейтингісін жариялапты. Қоқыс қалдықтары мен оларды өңдеу әдісін зерттейтін гарбология төртінші орынға шығыпты. Әрине, кім қоқыс жинаушы, көше сыпырушы болғысы келеді дейсіз. Алайда, күрек пен сыпырғыш ұстағандардың еңбегінен ақша аямау керектігі кім-кімге де белгілі. Олар бізді қоқыстан, кірден, тіпті ауру мен ажалдан құтқарады. Бірақ, сонда да көше сыпырып жүргендер өздерін ешкімге танытқысы келмейді, басқалар да оларды танып-білуге құштар емес. Ал, Қытай сияқты алпауыт елдердің өзінде қоқыс ханшайымы аталып, ақшалы болып қана емес, атақты болып жатқандарды оқып, біліп те жатырмыз.                                                                  Европа елдерінде біздегідей далиып жатқан дала жоқ, қала аумақтары шағын, содан да қоқысқа орын да болмай жатады. Нәтижесінде: ұрандары қоқысты азайту керек, азайту керек және азайту керек. Барлық деңгейде бірдей, алпауыт өндіріс орындары да бір кастрюлкесі бар отбасы да. Қоқыс аз болумен қатар, тез, жеңіл өңделуі қажет. Мусорды өртеу мен оны көмудің рейтингісі төмен. Басқа шара болмаса, амал жоқ, әйтпесе…                                 Евроодақ елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды.                                                                            Қалдықтарды бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі. Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен, бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін секундомермен қадағалайтын да көрінеді.                                                                                             Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.

- табиғат пайдаланушылардың  қалдықтарды есепке алу, өңдеу  және залалсыздандыру жұмысындағы  жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді талап ету; 
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

- қалдықтарды залалсыздандыру  мақсатындағы инфражүйелер мен  өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.

Осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар

 

 


Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті