ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:37, реферат

Описание работы

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйi
мен проблемалары

Негізгі бөлім
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары

Қорытынды бөлім
Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 61.52 Кб (Скачать файл)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Құрманғазиева  Ф.

                                 Тексерген: Уәлиханқызы Ж.

 

                             

Жоспары:

 

  1. Кіріспе бөлім

              Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйi                   

               мен проблемалары

 

  1. Негізгі бөлім 

Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары 

 

  1. Қорытынды бөлім

 Экологиялық  қауiпсiздiк проблемалары және  оларды шешу жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кіріспе бөлім

1.1. Қазақстан  Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң  жай-күйi мен проблемалары 

 Қазақстандағы тәуелсiздiк  жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа  мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының  және қалыптасуының, Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы атқарушы  органдардың жақсы ұйымдастырылған  және аумақтық таралған жүйесiн  - қоршаған ортаны қорғау мен  табиғат пайдалануды басқарудың  жылдары болды. Бұл қоршаған  ортаны қорғау және табиғи  ресурстарды ұтымды пайдалану  саласындағы мемлекеттiк саясатты  қалыптастыруды және дәйектi iске  асыруды қамтамасыз еттi.

 Алайда, Қазақстанда көптеген  онжылдықтар бойы қоршаған ортаға  төтенше жоғары техногендiк салмақ  түсiретiн, табиғат пайдаланудың  көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық  жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр  бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша  биосфераның тұрақсыздануына, оның  қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн  қажеттi қоршаған ортаның сапасын  оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына  апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен  сипатталады. 

 Қоршаған ортаны қорғау  саласындағы мемлекеттiк саясаттың  негiздерi Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық  қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп,  онда өтпелi кезеңнiң экологиялық  басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң  экологиялық проблемалары, табиғат  қорғау заңнамасының, мемлекеттiк  бақылау және сараптаманың, табиғат  пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң,  қоршаған орта мониторингiнiң  жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi  қарастырылған болатын. 

 Ұлттық экономиканың  барлық салаларын реформалау  табиғи ресурстарды пайдалануға  көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған  ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды  жүзеге асыруға негiз болды. 

 Аталған Тұжырымдаманы  қабылдаған сәттен бастап Қазақстан  Республикасында қоғамдық дамуда  елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет  дамуының стратегиялық құжаттары  әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының  негiзi құрылды, қоршаған ортаны  қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар  халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.

 Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған  ортаны қорғау туралы", "Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк  туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық  ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында  Президенттiң "Жер қойнауы және  жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер  кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң  көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.

 Заңнаманы жетiлдiру  мақсатында республикада оны  дамыған елдердiң заңнамасына  жақындатуға және халықаралық  стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық  конвенцияға қол қойды және  оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды  ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық  сараптау жүйесi, рұқсат ету және  бақылау-инспекциялық жұмыс жолға  қойылды. 

 Тұжырымдаманың мiндеттерiн  орындау нәтижесiнде қоршаған  ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк  бақылауды күшейту және мiндеттi  экологиялық сараптаманы енгiзу  есебiнен 90 жылдардың басымен  салыстырғанда қоршаған ортаны  ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық  осал аумақ және шешiлмеген  экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.

 Жоғарыда аталғандармен  байланысты елдiң стратегиялық  басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы  экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз  етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта  қарау, нақтылау және кеңейту  көзделуде. 

 Жаңа Тұжырымдамада  iске асырылмаған мiндеттердi шешу  ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық  қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың  аса маңызды проблемалары бойынша  зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi  дамуын қамтамасыз ету; қоршаған  ортаның жай-күйiне мониторингтiң  бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан  Республикасының аумағын экологиялық  аудандарға бөлу және арнаулы  картографиялау ұсынылады. 

 

 

    1. Негізгі бөлім 

2. Экологиялық  қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты,  негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары 

 2.1. Экологиялық қауiпсiздiктiң мақсаты

 Экологиялық қауiпсiздiк  саласындағы мемлекеттiк саясаттың  мақсаты табиғи жүйелердiң, қоғамның  өмiрлiк маңызды мүдделерi мен  жеке тұлға құқығының қоршаған  ортаға антропогендiк және табиғи  әсерлердiң нәтижесiнде туындайтын  қатерлерден қорғалуын қамтамасыз  ету болып табылады.

2.2. Экологиялық  қауiпсiздiктiң негiзгi мiндеттерi 

Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: климаттың өзгеруi мен Жердiң озон қабатының бұзылуына душар ететiн антропогендiк әсердi азайту;

биоәртүрлiлiктi сақтау және жердiң шөлейттенуi мен тозуының алдын алу; экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерiн оңалту;

Каспий теңiзi қайраңының ластануының алдын алу;

су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;

табиғи ластануларды, әуе  бассейнiнiң ластануын, радиоактивтi,

бактериологиялық және химиялық, оның iшiнде трансшекаралық

ластануларды жою және олардың алдын алу; өнеркәсiптiк және тұрмыстық

қалдықтардың жинақталу  көлемдерiн қысқарту;

табиғи және техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Қойылған мiндеттердi шешуге:

Қазақстан Республикасының  заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк  экологиялық бақылаудың және экологиялық  мониторингтiң экономикалық тетiктерiн  жетiлдiру және жүйеге келтiру;

табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету  жүйесiн оңтайландыру;

қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық бiлiм беру,

экологиялық үгiт-насихат  және жұртшылықтың қатысуы саласындағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

халықаралық ынтымақтастықты  кеңейту жолымен қол жеткiзiледi.

2.3. Экологиялық  қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаттары

Мемлекеттiң экологиялық  қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға негiзделедi:

табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн айқындайтын  және қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз ететiн шектеулердiң, нормативтердiң және шаруашылық әрi өзге де қызмет жүргiзу ережелерiнiң  ғылыми-негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң тұрақты дамуы  үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тәсiл;

экологиялық қауiпсiздiктiң  өңiрлiк және жергiлiктi мiндеттерiнiң  экологиялық қатерлердiң алдын  алудың жаhандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;

қоршаған орта мен адамның  денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң  мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi);

өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);

шаруашылық және өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға әсерiн  одан кейiнгi экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың мiндеттiлiгi;

халықтың экологиялық  ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды  шешуге қатысуы;

халықаралық ынтымақтастықтағы  әрiптестiк және халықаралық құқық  нормаларын сақтау.

3. Экологиялық  қауiпсiздiк проблемалары және  оларды шешу жолдары

Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының  қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң маңыздылығы мен  деңгейiне байланысты қаралады.

3.1. Жаhандық экологиялық  проблемалар 

3.1.1. Климаттың  өзгеруi

"Қызу әсерiнiң" салдарынан  болатын климаттың өзгеруi жалпы  әлемдiк көлемдегi проблема болып  табылады және қоршаған ортаның  жай-күйiне барынша ықтимал қатер  төндiредi.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға  Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан  қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың  шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына  әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.

Талассыз экологиялық  тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық  инвестицияларды тарту, басқа елдердiң  экономикасына активтердi орналастыру  мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен  жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң  энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн  жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың  шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.

Киото хаттамасын бекiткеннен  кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан  Республикасында қызған газдардың  шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға  дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.

3.1.2. Озон қабатының  бұзылуы 

Жердiң озон қабатының  бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн  ықтимал қатер болып табылады.

1973 жылдан бергi байқаулар  Қазақстанның үстiндегi озон қабатының  қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.

Монреаль хаттамасына  сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын  заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен  салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына  ықпал еттi.

Бiздiң ел озон қабатын  сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда  озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды  қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде.

Озон қабатын бұзу қатерiн  жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып  табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел  бас тартуды және оларды қауiпсiз  жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингiн жүргiзу.

Сондай-ақ 2004 жылдың барысында  ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың  қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын  мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн  зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды  енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды  қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.

      1. Биоәртүрлiлiктi сақтау

Қазақстанның экожүйесi Орталық  Азияда және тұтастай алғанда континентте  биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.

Өсiмдiктер мен жануарлар  түрлерiнiң жоғалуы генетикалық  деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының  жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз  су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен  жануарлар түрлерiн тым көп  тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде  түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.

Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн  Қазақстан Республикасы 1994 жылы

Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны  бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.

Биоәртүрлiлiктi сақтаудың  неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын

табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық  әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн  сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.

Информация о работе ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы