ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:37, реферат

Описание работы

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйi
мен проблемалары

Негізгі бөлім
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары

Қорытынды бөлім
Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 61.52 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына  сәйкес 2030 жылға дейiн олардың  алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.

Қазақстанда биологиялық  әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк  объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау  және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру  және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың  сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске  асыру қажет.

Республика аумағының  небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң  табиғи резерваттары ретiндегi олардың  орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн  мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын  әзiрлеу қажет.

Соңғы уақытта, әлемде кең  таралған генетикалық өзгерген организмдер  мен өнiмдердi әкелу Қазақстан  үшiн елеулi сыртқы қатер болып  отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық  өзгерген организмдер мен өнiмдердiң  кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена  хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында  генетикалық өзгерген организмдер  мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен  байланысты қызметтi жүзеге асырудағы  жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде  шаралар қабылдауға, зерттеулер мен  ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде  өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты  қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

 Осы Тұжырымдаманың  айтылған ережелерiн iске асыру  қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде  ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi  мен жанды және жансыз табиғат  түрлерiнiң, оның iшiнде жойылу қаупi төнген тipi организмдер геноқорының көптүрлiлiгiн сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

 

3.1.4. Жердiң шөлейттенуi және тозуы 

 Қазақстанның көп бөлiгi  қуаң аймақта орналасқан және  оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне  бейiм. Алдын ала есептер бойынша  жайылымның тозуынан залал, егiстiк  эрозиясынан, қайталама тұзданудан  және басқа да себептен алынбаған  кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды. 

Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының  пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.

2004 жылдың барысында шөлейттенудiң  көлемi мен құрғақшылықтың терiс  әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың  құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе  қалпына келтiрудi қамтамасыз  ететiн, халықтың экологиялық  қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты  жер пайдаланудың экономикалық  тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес  процесiнде халықтың кең қауымының  хабардар болуы мен қатысуын  қамтамасыз етуге бағытталған  шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама  әзiрлеу және бекiту қажет. 

 Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн  болдырмау және жердiң тозу  ауқымын қысқарту, шөлейттенумен  күрестiң экономикалық тетiктерiн  енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң  өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.

 

3.2. Ұлттық экологиялық  проблемалар 

 3.2.1. Экологиялық апат аймақтары

 Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.

 Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.

Арал өңiрi экологиялық  апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар  арасында асқазан-iшек аурулары мен  қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен  туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда.

 Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне  қатердi жою мақсатында экологиялық  апат аймақтарында халықтың тұруының  әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық  жағдайын кешендi талдау жөнiнде  iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы  ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне  баға беру, экологиялық талаптарды  әзiрлеу және аумақтарды экологиялық  бағалау мен ядролық сынақтар  және өзге де факторлардың  халықтың денсаулығы мен қоршаған  ортаға әсерiнiң салдарларын ескере  отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын  жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн  Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық  апат аймақтарының аумақтарын  шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы  әзiрленуi қажет. 

 Бұрынғы Семей ядролық  сынақ полигонын және Арал  өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу  жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрiнiң  2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкiмiмен  құрылған ведомствоаралық жұмыс  тобы жүзеге асырады. 

3.2.2. Каспий теңiзi  қайраңының ресурстарын қарқынды  игерумен байланысты проблемалар 

 Каспий теңiзi бассейнi  мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын  кеңiнен игеруi теңiз және жағалау  маңы экожүйелерiне терiс әсер  ауқымын ұлғайтады. Теңiз мәртебесiнiң  айқындалмаған жағдайында трансшекаралық  сипаттағы сыртқы экологиялық  қатерлер елеулi мәнге ие болады.

 Теңiздiң қазақстандық  секторында көмiрсутегi шикiзатын  алдағы кезде баса игеру елдiң  экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал  қатер төндiредi.

 Каспий теңiзiнiң қоршаған  теңiз ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы  Каспий теңiзiнiң коммерциялық  ресурстарын пайдалану және Каспий  маңы елдерiнiң Каспийдiң экожүйесiн  қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға  қатысты өзара ортақ iс-қимылы  бойынша негiзгi бағыттарын айқындайды.

 Каспий теңiзiнiң қазақстандық  секторын игерудiң мемлекеттiк  бағдарламасында 2005 жылдың аяғына  дейiн теңiз және жағалау маңы  экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шектi деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.

 Зерттеулер нәтижесi  Каспий қорық аймағын аймақтарға  бөлудi қоса алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық  қызметiн қамтамасыз ететiн нақты  нормативтiк экологиялық талаптар  әзiрлеу болуы тиiс. 

 3.2.3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы

 Қазақстан су ресурстарының  үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң  санатына жатады. Қазiргi уақытта  су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi  кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық  қызметтерi қарқынды ластауда  және ол нақты экологиялық  қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым  ластанған. Халықты ауыз сумен  қамтамасыз етудiң негiзгi көзi  болып табылатын жер асты сулары  да ластануға ұшыраған.

 Су объектiлерiне антропогендiк  салмақ пен олардың қалпына  келу қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк  экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде  барлық iрi өзен бассейндерiне  тән еттi, ал су шаруашылығының  мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау  су шаруашылық объектiлерiнiң барынша  қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық)  техникалық жай-күйiне және халықты  ауыз сумен қамтамасыз ету  проблемаларының тым шиеленiсуiне  себеп болды. 

 Бұл проблемаларды  шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау  және ұтымды пайдалану проблемаларын  шешудiң негiзгi жолдары айқындалған  Экономиканың су секторын дамытудың  және Қазақстан Республикасы  су шаруашылығы саясатының 2010 жылға  дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ  халықты жеткiлiктi көлемде және  кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты  қамтамасыз ету үшiн Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы  23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз  су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су  кодексi және "Cу пайдаланушылардың  ауылдық тұтыну кооперативтерi  туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары  негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

 Қабылданған бағдарламалық  құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске  асырылуы суды қажет ететiн  өндiрiстер дамуының қарқыны мен  көлемiн шектeугe, су үнемдейтiн  технологияларды, су пайдаланудың  айналымды және тұйық жүйелерiн  жаппай енгiзуге, өнiм бiрлiгiне  және пайдалану шығындарына жекелей  су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық  жүйелерiн есепке алу мен реттеудiң  қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға  мүмкiндiк беретiн сумен қамтамасыз  ету жөнiндегi республикалық мақсатты  бағдарлама әзiрлеу қажет. Бағдарлама  су ресурстарын пайдаланғаны  үшiн төлемнiң қолданыстағы ставкаларын  саралау, су шаруашылық объектiлерiн  ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстарды  өзiн-өзi ақтауға кезең-кезеңмен көшiре  отырып, су пайдаланушыларға су  жеткiзу жөнiндегi қызмет үшiн баға  белгiлеудi оңтайландыру жөнiндегi iс-шараларды  да қамтуы тиiс. 

 Өзен экожүйелерiне  ауыртпалықты азайту мақсатында  және олардың ластануы мен  қоқыстануының алдын алу үшiн  2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланылатын  барлық су объектiлерi үшiн су  қорғау аймақтары мен жолақтарының  жобалары әзiрленетiн болады, 2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн болатын  шектi нормативтерiн және судың  жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн  әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-қолданбалы  зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су объектiлерiне ластаушы  заттар төгiндiлерiн таңбалыдан  жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен  көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк  бередi. Осының бәрi ағынды суларды  тазартатын құрылыстарды салу  мен қайта жаңғырту кезiнде  жаңа технологияларды енгiзудi  жеделдетедi.

 Қолда бар су ресурстарының  санын ұлғайту мен сапасын  жақсарту үшiн су жетiспеушiлiгiн  тартып отырған өңiрлерде өзен  ағынын реттеу жөнiндегi, оның iшiнде  бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ  жер асты ауыз суларын пайдалануды  жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру  қажет. 

3.2.4. Байырғы ластанулар 

 Ластанудың "байырғы"  көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған  объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық  ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң  экологиялық қауiпсiздiгiне нақты  қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар  мен ағынды сулар жинақтауыштар  жатады.

 Қазiргi кезде Уран  өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк  үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама  мен Иесiз мұнай ұңғымалары  мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық  ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар  байырғы ластанулардың барлық  түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан,  байырғы ластануларды жою жөнiнде  бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi  тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға  дейiн қоршаған ортаға олардың  әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен  байырғы ластанулардың барлық  объектiлерiне толық түгендеу  жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай  объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты  бастау көзделуде. 

 Жаңа ластанулардың  туындауына жол бермеу мақсатында  олардың пайда болуын болдырмайтын  құқықтық, экономикалық және өзге  де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу  қажет. 

3.2.5. Трансшекаралық  сипаттағы мәселелер 

 Трансшекаралық экологиялық  проблемаларға су бөлу, трансшекаралық  су объектiлерiн, атмосфералық  ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды  өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес  жатқан кен орындарын игеру,  бiрегей табиғи кешендердi сақтау  мәселелерi жатады.

 Трансшекаралық экологиялық  проблемалар елдiң экологиялық  қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы  қатер болып табылады, оларды  шешу халықаралық шарттар шеңберiнде  көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен  iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.

2003 жылдың басында Қазақстан  Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық  тасымалдау мен оларды аулаққа  шығаруды бақылау туралы Базель  конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге  және кейiннен олардың қайталама  шикiзат пен өнiм түрiнде республика  аумағына олардың қайтадан түсуiн  болдырмауға мүмкiндiк бередi.

 Қазақстан трансшекаралық  өзендердi ұтымды пайдалану және  қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай  құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға  мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық  ағын сулар мен халықаралық  өзендердi қорғау мен пайдалану  жөнiндегi Хельсинки конвенциясына  қосылды. Алайда, Орталық Азия  өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға  қосылмағандықтан, трансшекаралық  ағын сулар ағыны дұрыс та  әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.

Информация о работе ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы