Трансшекаралық сипаттағы
экологиялық қатерлердiң алдын
алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан
мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас
аудандарын экологиялық бағалау
жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң
Хельсинки конвенциясына қосылуы
жөнiндегi Қазақстанның бастамасын
өткiзу арқылы трансшекаралық
су проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi
сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар
барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань
мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық
биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың
нәтижелерi ықтимал трансшекаралық
экологиялық қатерлердi анықтауға,
азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн
болады.
3.2.6. Әскери-ғарыш және
сынақ кешендерi полигондарының
әсерi
Қазiргi уақытта Қазақстан
Республикасының аумағында төрт
әскери сынақ полигоны және "Байқоңыр"
кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың
жерге түскен және құлайтын
бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi
және қоршаған орта мен тiкелей
жақын жерде тұратын халыққа
қолайсыз әсер ететiн басқа
да факторлар нақты экологиялық
қауiп төндiредi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан
зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн
бөлшектер құлайтын жалпы ауданы
12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз
етiлген. Осы жағдайларда қоршаған
ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш
құралдарын, әскери техниканы және
әскери объектiлердi шығару, сынау,
сақтау және пайдалану орындарында,
сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары
орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн
жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер
мен құрылымдар тұрған орындарда
техногендiк ықпалдың алдын алу
мен оны жою проблемасын шешуде
маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта "Қазақстан
Республикасы аумағының зымыран-ғарыш
қызметiмен байланысты учаскелерiнiң
экологиялық жай-күйiнiң мониторингi"
бюджеттiк бағдарламасы бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы
29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен
бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық
кешенi ресурстық базасын дамытудың
2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының
аумақтарын кешендi гидрогеологиялық
және геоэкологиялық зерттеулер
басталды.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде
ғарыш құралдарына балама жоқ
болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң
қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш
кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету барған сайын
өзектi болуда.
Осыған байланысты 2005
жылы полигон аумақтарының экологиялық
жай-күйiнiң мониторингi жөнiнде бағдарлама
әзiрлеу қажет.
3.3. Жергiлiктi экологиялық
проблемалар
3.3.1. Әуе бассейнiнiң
ластануы
Атмосфераның негiзгi
ластануы түстi металлургия, жылу
энергетикасы, қара металлургия,
мұнай-газ кешенi кәсiпорындары
мен көлiк шығарындыларымен байланысты.
Атмосфералық ауаның ластануынан
қатердiң нақтылығы халық денсаулығының
нашарлауына да және қоршаған
ортаның тозуына әсер етедi.
Атмосфералық ауаның
ластану проблемасы негiзiнен
республика халқының жартысына
жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар
мен өнеркәсiптiк агломераттарға
тән.
Барынша ластанғандар
қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала -
ауасы жоғары деңгейде ластанған
қалаға жатқызылады. Қалаларда
ауа ластануының жоғары деңгейiнiң
себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары,
тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын
отынның төмен сапасы, қуаттың
жаңғыртылатын және дәстүрлi емес
көздерiнiң аз пайдаланылуы болып
табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен
астамының нормативтiк санитарлық-қорғау
аймағының болмауы себептi өндiрiс
орталықтары халқының басым бөлiгi
зиянды шығарындылардың әсерi жоғары
аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының
күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы,
Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi
мен азот диоксидi жиналуын
ұлғайтады, мұндай заттардың орташа
жылдық шоғырлануы бұл қалаларда
шектi мөлшерден асып түседi.
Ауа бассейнiнiң ластануы,
сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының
бұрынғы кен орындарын дамытумен
және жаңа кен орындарын игерумен
де байланысты, бұл атмосфераның
күкiртсутегiмен, меркаптандармен
ластануын ұлғайта түседi. Алауларда
iлеспе газдың жағылуы қызған
газдардың, күкiрт пен азот
оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға
шығарумен қатар жүредi, кен орындарының
төңiрегiнде жоғары жылу аясы
қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн
зиянды заттардың атмосфераға
шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының
есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн.
тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары
экономиканың өрлеу жағдайларының
өзiнде атмосфераға зиянды заттардың
шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде
тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың жаппай
енгiзудiң және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде
қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi
одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн
қоршаған ортаны мөлшерден тыс
ластайтын кәсiпорындарға қойылатын
экологиялық талаптарды күшейту
арқылы шығарындыларды жоспарлы
түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк
бередi.
Aуa бассейнi ластануының
жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi
қажеттi шаралар қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда
көзделетiн болады.
3.3.2. Радиоактивтi
ластану
Радиоактивтi ластану
Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне
елеулi нақтылы қатер төндiредi,
олардың көздерi мынадай негiзгi төрт
топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған
уран өндiрушi және уран өңдеушi
кәсiпорындардың қалдықтары (уран
кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен
төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары,
технологиялық желiлердiң бөлшектелген
жабдығы);
ядролық қаруды сынау
нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi
мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың
жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда
болған қалдықтар мен радиоизотоптық
өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан
шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи
радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн
беретiн уран берушi алты iрi
геологиялық өңiр, көптеген шағын
кен орындары мен уран байқалатын
кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар
мен ядролық жарылыстар жасалған
жерлерде шоғырланған қалдықтар
бар.
Қазақстан аумағының
30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай
қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi
газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң
ықтимал мүмкiндiгi орын алған.
Радионуклидтермен ластанған суды
ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар
үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында
иондаушы сәулелердiң пайдаланудан
қалған 50 мыңнан астам көздерi бар
және радиациялық зерттеу барысында
16-сы адам үшiн аса қауiптi болған
700-ден астам бақылаусыз көздер
анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi
улануын және қоршаған ортаның
ластану қаупiнiң алдын алу
үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн
түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау
және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң
халықтың денсаулығына терiс әсерiн
зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу,
сондай-ақ құрылысқа арналған
алаңдарды таңдау мен табиғи
құрылыс материалдарын пайдалану
кезiнде шектеу шараларын қабылдау;
ауыз судың табиғи көздерiнiң
радиоактивтi ластануына бақылау
жүргiзу және Мұнай ұңғымалары
мен өздiгiнен төгiлетiн және
өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық
ұңғымаларды жою және консервациялау
бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң
жоғары құрамы бар гидрогеологиялық
ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық
сәуле алу қаупi туралы халықты
уақытылы хабардар ету жөнiнде
шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай
Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi
үйiндiлерiн түгендеу және олардың
қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерiн айқындау
жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi
радиоактивтi қалдықтарды ұқсату
мен көму жөнiнде мамандандырылған
ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды
жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле
алуы мен қоршаған ортаның
радиоактивтiк ластануын төмендету
болмақ.
3.3.3. Бактериологиялық
және химиялық ластану
Бактериологиялық ластану.
Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал
қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение
аралындағы биологиялық полигонның
қызметi төндiредi.
Кейбiр биологиялық
агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде
және жануарлардың организмiнде
ұзақ уақыт сақталатынын ескере
отырып, олардың республика мен
басқа да шектес мемлекеттер
аумағына таралуының нақты қатерi
бар. Возрождение аралында оба, күйiк және
туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың
табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.
Бактериологиялық ластанудың
алдын алу үшiн Возрождение
аралының аумағындағы қоршаған
орта объектiлерi мен фаунаның
тұрақты эпидемиологиялық және
эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу
қажет.
Осы мақсатта 2004 жылы
жұқпалы ауруларды қозғыштардың
ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан
Возрождение аралының әртүрлi белiгiне
бағалау жүргiзудi, арал аумағының
қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң
нәтижелер табылған жағдайда
Возрождение аралындағы биологиялық
полигон қызметiнiң зардаптарын
жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк
ұйымдар республика аумағындағы
аса қауiптi жұқпалы аурулардың
қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына
тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi.
Барлық облыстардан бөлiнген барлық
штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар
қозғыштарының депозитарийi болып
табылатын Қазақ карантиндiк және
зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми
орталығына ғана келiп түседi,
онда қатаң есепке алу қамтамасыз
етiлген және режим бойынша
барлық талаптар сақталған.
Қазiргi уақытта АҚШ-пен
бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы
аурулардың қоздырғыштарынан халықты
қорғау және елдiң биологиялық
қауiпсiздiгiн құру болып табылатын
"Қазақстан Республикасындағы
белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң
ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы
бойынша жұмыстар басталды.
Химиялық ластану.
Химиялық заттардың арасында
Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты
органикалық ластағыштар (бұдан
әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында
Қазақстан Республикасының Yкiметi
Тұрақты органикалық ластағыштар
туралы Стокгольм конвенциясына
қол қойды.
Тұрақты органикалық
ластағыштар - уытты қасиеттерге
ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын,
биожинақтағыштығымен сипатталатын
химиялық заттардың әртүрлi тобы.
Бұл топтың химиялық құрамалары
мен қоспасы ауамен, сумен және
көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық
таралу объектiсi болып табылады,
сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен
су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң
шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта
шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды
зақымдайтын уларға қарағанда,
бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн
бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ
қалыпты биологиялық функцияларды
бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және
адамның денсаулығы мен қоршаған
ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.
Қазақстандағы ТОЛ-дың
едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды.
Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының
сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге
талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960
жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар
энергетика, мұнай өңдеу және
химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында
құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны
ластауының объективтi бағалауы
жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi
жүйесi топырақтағы және тамақ
өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық
санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi
әсерiн және генетикалық деңгейде
қайтымсыз процестерге әкелiп
соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып,
2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды
бақылаудың, мониторингiнiң және
басқарудың бағдарламасын әзiрлеу
қажет.
3.3.4. Өнеркәсiптiк және
тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк
және тұрмыстық қалдықтардың
мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды
және кәдеге жаратуды қамтитын
қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк
жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының
20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде
6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған,
әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды
қолданумен, сапасыз шикiзатпен және
отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс
қалдықтарын кәдеге жарату мен
қайта құнарландыруға қаражат
салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды
қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары
әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық
нормалар мен талаптарды сақтамастан,
түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады.
Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң
топырағы, жер асты және жер
үстi сулары қарқынды ластануға
ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың
үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа
техногендiк ландшафтар қалыптастырады.
Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi
өскен сайын олар шаң құраудың
неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.