Су қоймаларның биоиндикациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 00:50, дипломная работа

Описание работы

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Биоиндикация-қоршаған ортаның жағдайына баға беретін әдіс екенін сипаттау;
- Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамы мен таралуына экологиялық мониторинг;
- биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына
экологиялық-систематикалық талдау;
-биоиндикациялық әдіс арқылы су қоймасының ластану деңгейін анықтау;
-суқоймасының жағдайын жақсартуға ұсыныстар беру.

Содержание работы

1. БИОИНДИКАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Биоиндикацияның экологиялық негіздері
1.2 Биоиндикацияны қолданудың негізгі принциптері
1.3 Суқоймалардың ластануын биологиялық индикациялау.
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары
2.2 Су қоймасының экологиялық жағдайын анықтаудың әдістері
3 АҚТӨБЕ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ГИДРОФАУНАСЫНА СИПАТТАМА
3.1 Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамына, таралуына экологиялық мониторинг
3.2 Биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына экологиялық-систематикалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Актобе су коймасының биоиндикациясы.doc

— 4.79 Мб (Скачать файл)

2. құйылатын судың құрамында фосфордың мөлшерін детергенттер әсерінен төмендету керек. 

       Су қоймаларының термофикациясы АЭС және ТЭС электростанцияларының пайдаланған суларының түсуінің нәтижесінде пайда болады. Су қоймаларының термофикациясы – температура режимінің өзгеруімен байланысты. Арнайы жылытылған су қоймаға түседі. Су температурасының жоғарлауы экожүйедегі заттар айналымын тездетеді. Су қоймаларының эвтрофикациясы мен термофикациясы – экожүйенің биосфералық жағдайы нашарлайды.  
       Су қоймаларын биоиндикаторлар арқылы бағалау: мысалы, олигохеттердің жаппай дамуы-тұрмыстық қалдық сулардың құйылғандығын көрсетеді.

        Омыртқасыздар пестициттерге сезімтал  келеді. Ауыр металдар ішінен  мыс: сынап, қалайы, хром, цинк, өте қауіпті. Суға өнеркәсіп қалдықтарымен түседі, боялуларымен түседі. Сынап гидробионттар тіршілігіне қатты әсер етеді. 1мкг /л. Гидробионттар организіміне тамақпен түседі. Металдың токсикологиялық жағдайы әсер судың О2 қанығуы, синергизм және антогонизм т.б. Ауыр металдар ферменттер жүйесіне әсер етеді. Мысалы: сынап, мыс және күміс. 
      Гидробионттар тіршілігіне су қоймаларының ластануына детергенттер әсер етеді. Детергенттерге – антисептиктер, фенолдар, тұздар және қышқылдар жатады. Балдырларда детергенттер жыныс клеткаларының қозғалысын төмендетеді. Улы заттар қатарына антисептиктер жатады. Мысалы: пантохлорфенолят және салицилонимед оларды целюлоза қағаз өнеркәсібінде пайдаланады. Өсімдіктердің фотосинтез процесстерін төмендетеді. Соңғы жылдары қышқылды жаңбырлар көп түсуде. Өнеркәсіп қалдықтары атмосфераға өтіп түрлі улы газдар ретінде жерге түсуде. SO2 және NO2 . 

     Қауіпті ластушы заттарға күшті индикатор-су жағалауында өсетін өсімдіктер. Таза су қоймаларының жағалауындағы өсімдіктер ашық-жасыл түсті, ал ластанған су қоймаларындағы өсімдіктерде ақ мақта тәрізді түзіліс болады. Су құрамында органикалық заттар жоғары мөлшерде болып, минерализация процесі қарқынды жүретін болса онда жағалаудағы өсімдіктердің түсі көк-жасыл, негізі көк-жасыл балдырлардан тұрады. Су қоймасына тұрмыстық қалдық сулар құйылатын болса, өсімдіктер күміс немесе ақшыл түске боялады, себебі су қоймаларында кірпікшелілер көбейіп (сувойка, кархезиум және т.б.) өсімдіктерге жабысып тұрады. Су қоймасы күкіртті қосылыстармен ластанса, ақ мақта тәрізді жіп тәрізді күкіртті-бактерия теотрикс пайда болады. Өсімдіктердің биіктігі бойынша су қоймаларындағы тұздылығында анықтауға болады. Мысалы, су жағалауындағы қамыстың биіктігі 4 метрге дейін жетуі мүмкін, егер 0,5 метрден аспаса бұл су қоймасының су құрамында тұздың жоғары екенін білдіреді. Тұздылық суда еріген минералды заттардың концентациясының мөлшері. Тұщы су деп тұздылығы 0,5 г/кг-нан төмен болса, мұхит суының тұздылығы 30-35 промилле. Тұщы, ащы сулар организмге әртүрлі әсер етеді. Соған байланысты өздеріне тән фаунасы бар, организмдер үшін ең қолайлысы бұл орташа деңгейдегі сулар. 

      Су қоймасының тазалығын онда тіршілік ететін түрлер бойынша да анализделеді. Таза су қоймасында моллюскалар, көктемдіктер дернәсілдері, біркүндіктер, айырқұйрықтылар және жылғалықтар кездеседі. Олар судың ластанғанына төзе алмайды, тез жойылып кетеді, ағынды сулардан ғана түсуі мүмкін. Орташа деңгейде ластанған су қоймаларында су есек құрты, бүйір жүзгіштер, личинки мошек (мокрецов), қосжақтаулы моллюскалар-шаровки, битинии, лужанки, сүліктер мен инеліктердің дернәсілдері (большая ложноконская, малая ложноконская, клепсина) кездеседі. Табиғи сулардың улылығын анықтауда биоиндикатор ретінде дафния қолднуға болады. Әртүрлі систематикалық топ түрлері  бірдей экологиялық қажеттілікті  керек етпейді. Осы топтардың құрамындағы түрлер әртүрлі: ластаушы заттарға төзімді, төзімсіз, әмбебап-түрлер, тіршілік етуге қабілетті. Мысалы көктемдіктер таза судың индикаторы. Көктемдіктердің кейбір түрлері

Nemoura cinerea мезотрофты, орташа ластанған су қоймаларда тіршілік ете береді. Ызылдауық - маса (тұқымдас Chironomidae) өте  қатты органикалық заттармен ластанған суларды көрсететін индикаторлар. Хирономидтердің кейбір түрлері оттегіне бай таза су қоймаларында тіршілік етеді. Су қоймаларының жағдайының биоиндикациялық нәтижесіне таңдалып алынған тірі организмдер маңызды роль атқарады. Су қоймаларындағы буынаяқтылар жоғарғы деңгейде өнімділігімен маңызды. Су қоймасының биологиялық өнімділігі су сапасын көрсететін көрсеткіш, су ортасының әртүрлі көрсеткіштерінің әртүрлі гидробионттарға сәйкестілік деңгейін анықтайды. Судың ластаушы заттардан тазалану биологиялық араласып, су түбіне шөгу арқылы жүреді. Ластаушы заттар су түбіне түсіп олардың зияндылығы азаяды және біртіндеп жойылады.

     Су қоймалары жануар және өсімдіктердің органикалық субстраттарынан және патогенді микроорганизмдерден өздігімен тазарта алады. Бұл процесті су қоймаларының өзін тазарту деп атайды. Су қоймаларының өзін-өзі тазалануы биотикалық зат айналымның және  органикалық заттардың түзілу, транформациясы және бұзылуы нәтижесінде жүреді. Зоопланктон су қоймаларындағы энергия және заттардың трансформациясындағы ең негізгі звеносының бірі. Су сапасын қалыптастырудағы негізгі фактордың бірі. Сондықтан ғалымдар зоопланктондарды санитарлық-биологиялық зерттеулерде зоопланктондарды индикатор есебінде қолданады. Фильтраторлар 56-80 пайыз оттегіні пайдалана отырып, суды тазалауға қатысады. Г.А.Галковскийдің мәліметтері бойынша коловраткалардың санының өсуінен ұсақ балдырлардың саны күрт төмендеген, ал ірі балдырлар саны артқан [19].  Н.М.Крючкова мәліметтеріне сүйенсек, Cladocera фитопланктондардың фотосинтетеикалық активтілігін арттыруға қабілетті [20]. Боттерфилда  және Порду мәлеметтері бойынша зоопланктондар бактерияларды жеп, оларды 99,5 пайыз төмендетеді, яғни су қоймасы биологиялық тазаланады. Ульман гипотезасы бойынша фильтраттармен бактерияның жеуі, бактериялардың дамуына қолайлы жағдай және судың өзін-өзі тазалану процесі. Зоопланктондар суды фильтрлеп, суды тазалап ғана қоймайды, судың түсін де ағартады. Дафния бір тәулікте тоғанды тазалауға мүмкіндігі бар [21]. Су қоймаларының өздігімен тазаруына қарапайымдылар да жағымды қасиет көрсетеді. Олар коллоидтарды, ұсақ қоспаларды жинайды, бактерияларды жояды, ең алдымен патогенді түрлерін де. Бір инфузория 1 сағатта 30 000 бактерияны жояды. Сонымен қатар, бактериялардың паразиттері - бделловибриондар бактериялық клетканың периплазмасына еніп, ішінде көбейеді де оларды жояды. Бделловибриондар энтеробактериялар, псевдомонада, вибриондар тұқымдастығына кіретін патогенді бактерия-ларды жояды. Бделловибриондар қалдық суда, илда, топырақта тіршілік етеді. өте ластанған ашық су қоймаларында, 1 мл суында 1000 бделловибриондар кездеседі. Микробтық ластану азайғанда бделловибриондарда жойылады. Сондықтан таза су қоймаларында олар кездеспейді.

 

 

 

 

 

 

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Зерттеу материалы

    

Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының экологиялық  жағдайына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу нысаны ретінде  Ақтөбе су қоймасы мен оның гидрофаунасы алынды.

    Ақтөбе облысының  территориясы 360,6 мың км2 және 12 әкімшілік аудандарға (128 ауылдық округ) бөлінген. Облыстың су-ресурстық потенциалы жер асты және жер үсті суларынан шығатын 2 млрд. 193 млн.м3 су (Сурет-3). 

     Жер үсті  су көздерінің еншісіне (өзендер, көлдер, су тоғандары мен қоймалары) 1 млрд. 540 млн м3 су тиеді. Жер асты сулары 653 млн м3. Ауыз суының негізгі көзі жер асты сулары. Ал жер үсті суы егіншілікке, техникалывқ жайттарға қолданылады. Жер үсті суы ресурстарына өзендер, уақытша су қоймаларыкөлдегі сулар, т.с.с. Көптеген өзендердің суының толығуы көктем маусымы кезінде болады.

    Ақтөбе облысы  екі ірі өзен бассейндерінің  аймағында орналасқан: Орал-Каспий  және Тобол-Торғай.

    Орал-Каспий бассейнінің су қоры 12076 млн м3 , соның ішінде өзендер -11200млн м3 , жер асты суы-876 млн м3, Тобол-Торғай бассейні-2960 млн м3, жер үсті ағын -2537 млн м3.

   Ақтөбе облысының  басты өзендері Сағыз (510 км), Қобда, Ембі (712 км), Ұлқаяқ (349 км), Елек (623 км) болып табылады.  Сондай-ақ, облысы аумағында ірі Торғай (825 км), Ойыл (800 км), Жем (712 км), Ырғыз (593 км), Ор (314 км) өзендері ағады. Торғайдан басқа, аймақтағы барлық үлкен өзендер бастауын Ақтөбе облысының орталығындағы Мұғалжар тауының қайнарынан алады. Негізінен өзендер жыл бойғы 75-95% жоғалтқан арнасын көктемгі қар суымен толықтырады [29].     

    Ақтөбе облысында  1700-ден аса көл бар. Олардың 227-сі 1 км2 астам аумаққа орналасқан. Ең  ірі көлдердің (Жаркөл, Байтақкөл, Құрдым, тағы басқалар.) 10-нан  45 км2  дейін айдыны бар.  Көлдердің көбінің сулары тұщшы немесе татымды минеральды болып келеді.  Шағын өзендердің орташа тереңдігі  0,7-1,2 м, үлкендері  - 4 м  дейін жетеді. Көл су айдынының аймағы 1300 км2.

    Аймақта тұщы  жер асты суы мен минеральды су қорларының мөлшері жеткілікті. Су қорларының жоғарғы бөлігі орташа көп жылдық су сақталуы бойынша 3 610 млн. м3 суды,  жерасты су қорлары  - 653 млн. м3 суды құрайды.

     Облгидромет  орталығының мәліметтері бойынша  Ақтөбе облысының орташа жылдық өзен ағындарының нормасы бассейн бойынша 3614 млн м3, олардың 75 пайызы 1540 млн м3 сумен қамтамасыз етіп отырады. Су жинау аймағы 300 мың км2.

     Облыстың батыс  бөлігінде 580 өзен саналады және  уақытша су қоймасы 10 км одан  да артық. Жалпы ұзындығы 15100 км. Бұл жерлерден Орал және Ембі өзендері ағып өтеді.

     Облыстың шығыс  бөлігінде 190 өзен бар, жалпы ұзындығы 6100 км. Оңтүстік бөлігінде 230 су тоғандары  бар, ұзындығы 10 км одан да артық, жалпы ұзындығы 5800 км.

     Ақтөбе облысының сумен қамтамасыз етілуі жоғары, тек «Аралмағы» аймағында орналасқан елді-мекен пунктерінде су тапшы.

     Қарғалы өзені  салалары Шанды, Қарабұтақ, Көксистек  Қарғалы су қоймасымен реттеледі, көлемі 280 млн м3, Ақтөбе қаласынан 62 км қашықтықтағы Қарғалы ауданында орналасқан. Ол Ақтөбе қаласының өндірістік шаруашылыққа және ауылшаруашылыққа қажетті сумен қамтамасыз етеді.

     Елек өзені, салалары: Жарық, Тамды, Есет, Табантал, Байбақты, Ақжар Ақтөбесу қоймасымен  реттеледі, көлемі 245 млн м3. Бұл су қоймасының суы өндірістік қажеттілікке, бау-бақшаға, т.б. шаруашылыққа пайдаланылады.

    Бұл су қоймаларын  қорғау, бақылау Орал-Каспий және  Тобол-Торғай Бассейн инспекциясымен  іске асырылады. 2012 жылы  су қоймаларының  жағдайы орташа деп есептеліп, су қоймаларын су қорымен толтырылған жоқ. Сол жылғы су қоймаларының су көлемі төмендегідей:

- Қарғалы -172,0 млн м3;

- Ақтөбе – 174,0 млн м3;

- Сазды – 60,0 млн м3, бұл сулар жыл бойына шаруашылыққа қолданылды. Бұл  су қоймаларының сулары Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қаз су шар» Ақтөбе филиалы арқылы реттеледі.

    Ақтөбе облысының  табиғатты пайдалану департаменті  мәліметтері бойынша 12 облыс аудандары  және Ақтөбе қаласы бойынша  елді-мекен пункттерінде 13 су қоймалары  және 71 су тоғаны бар. Соның ішінде негізгі 3 су қоймасы республикалық мәнге ие, ал қалғандары жеке иеде немесе коммунальдың меншігінде. Жайық өзенінің саласы – Ақтөбе облысындағы Елек өзенінде екі ірі су қоймасы бар: Қарғалы – 245 млн. текше метр және Ақтөбе – 280 млн. текше метр. Осы су резервуарларының барлығы бүгінде жартылай тартылып қалған. Таяу жылдары олар суға толатындай ешқандай мүмкіндік жоқ.

     Ақтөбе су  қоймасы Ақтөбе қаласынан 6 км  жоғары және Ақтөбе, Алға әкімшілік  ауданы теритриясынан өзегі 509 км  Елек өзенінде орналасқан.

    Ақтөбе су қоймасы 1988 жылы «Гидропоект» жоба  институтының  Қазақ филиалымен салынған. Негізгі  мақсаты-Ақтөбе қаласы маңындағы  малдарға жем-шөп, бақша дақылдарын  өсіруге қажетті сумен жабдықтау. Преспективті аймағы 75 пайыз, 7,9 мың  га, оның ішінде қамтамасыз ететіні жоғарғы бьефа-2,4 мың га, ал төменгі-5,5 мың га.

     Ақтөбе қаласы  суды тек көшелерге шашуға  және жасыл көшеттерді суаруға  жылына 4,92 млн м3 текше суды пайдаланады, яғни 95 пайыз.

     Ақтөбе су  қоймасы гидро түйінінің құрамында: жер платинасының ұзындығы-1085 м, максимальды биіктігі-23м.

     Су қойманың  проектілі көлемі-245 млн м3.

     Су қойманың  өлі көлемі-25 млн м3.

     Максимальды тереңдігі-18,5 м.

     2012 жылы жалпы  кірген су көлемі-135 млн м3

     Жалпы шығыс-33 млн. м3

     Қазіргі кезде  су қоймасының су көлемі-154,0 млн  м3-тең, бос қор көлемі 2013 жылға 91,0 млн. м3. Су қоймасының ұзындығы-35,0 км, ені 1,0 км. Жер платинасының ұзындығы 1085 м, ал платинаның ені-10,0 м. Жағалық линиясының  ұзындығы-30 км. Су өткізу қабілеттілігі 2950 м3/с.

    2012 жылы Ақтөбе  су қоймасы маңында жасалған  су шаруашылық обьектілерді сақтау  және қорғау шаралары:

1. Қылқан жапырақты тұқымдастар  түрлерін отырғызу-30 түйір;

2. Көпжылдық шөптесін  өсімдіктерді отырғызу-30 м2;

3. Гүл және мәдени түрлерді отырғызу-100 м2;

4. Көшеттерді суару және  шөптерді ор;

5. Территорияларды қалыпқа  келтіру;

6. Ағаштарды отырғызу-30 түйір;

7.  Жасыл газон-20 м2;

8. Қоқыс контейнерлерін  орналастыру-1 түйір. Бұл сақтау және  қорғау шараларын  РМК «Казсушар»  Ақтөбе филиалы  қызметкерлері жыл сайын жасап отырады.

    Ақтөбе су қоймасының  жұмысының режимі:

- Төменгі бьефтегі елді-мекендердің  және шаруашылықтарды қорғау, қауіпсіз  жағдай жасау;

- Суды қажет ететін  шаруашылықтарды су қоймасының  балансын есепке ала отырып, сумен қамтамасыз ету.

    Гидро түйіннің  төменгі бьефінде санитарлық  пропуск 0,25 м3/с өлшемде (жылына 5,91 млн м3), фильтрациялық шығын орташа есеппен көп жылда 10,33 млн м3 . Ақтөбе суқоймасының 2007-2011 жылдары аралығындағы су көлемінің жоспары және оны фактілі қолданған мөлшерін төмендегі 5-суреттегі графикте анық көруге болады. 

      Жалпы, Ақтөбе  су қоймасы бөгетінің ұзындығы  – 1085 метр құрайды. Оның 245 млн. текше  метр су жинауға мүмкіндігі  бар. Мамандар пікіріне жүгінсек, таяу арада 2013 жылы осы маңға 150 млн. текше метр су жинақталды екен. Егер, болжам іс жүзінде ақиқатқа айналса, онда су былтырғы деңгейден жоғары болады. Су қоймаларының суының сапасын анықтауға үлкен септігін тигізетін индикатор зоопланктондық жануарлар. Су қоймаларының суының сапалық бағасын физико-химиялық және биологиялық әдістерді пайдалана отырып, анықтауға болады. Биологиялық әдіс-судағы өсімдіктер мен жануарлары бойынша су экожүйесінің жағдайына сипаттама береді.  Биологиялық әдіс судың жағдайын бағалауда гидрофизикалық және гидрохимиялық әдістің нәтижесінде анықтай алмайтын жағдайларды зерттеуге көмектеседі  [30-35].   

Информация о работе Су қоймаларның биоиндикациясы