Су қоймаларның биоиндикациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 00:50, дипломная работа

Описание работы

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Биоиндикация-қоршаған ортаның жағдайына баға беретін әдіс екенін сипаттау;
- Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамы мен таралуына экологиялық мониторинг;
- биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына
экологиялық-систематикалық талдау;
-биоиндикациялық әдіс арқылы су қоймасының ластану деңгейін анықтау;
-суқоймасының жағдайын жақсартуға ұсыныстар беру.

Содержание работы

1. БИОИНДИКАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Биоиндикацияның экологиялық негіздері
1.2 Биоиндикацияны қолданудың негізгі принциптері
1.3 Суқоймалардың ластануын биологиялық индикациялау.
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары
2.2 Су қоймасының экологиялық жағдайын анықтаудың әдістері
3 АҚТӨБЕ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ГИДРОФАУНАСЫНА СИПАТТАМА
3.1 Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамына, таралуына экологиялық мониторинг
3.2 Биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына экологиялық-систематикалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Актобе су коймасының биоиндикациясы.doc

— 4.79 Мб (Скачать файл)

      Су омыртқасыздарының  маңызы зор. Су экожүйелерінде  бір клеткалы жәндіктер амеба  бактериялармен балдырлармен қоректеніп, суды тазалайды. Әсіресе пайалы  кірпікшелі инфузориялар. Олар өздерінің  кірпікшелерімен суды өздеріне  айдап, бактерия, балдырларды аузына бағыттап, қорытып, ал артық сулар 20 секундтан кейін жырғыш вакуольдері арқылы сыртқы шығарылады. Көптеген бір клеткалы жәндіктер су температурасына байланысты көбейіп, сандық құрамы өсіп, суды тазалайды. Жұмыр құрттар типіне жататын коловраткалардың маңызы бар. Олардың денесінің алдыңғы жағында зырылдауық аппараты орналасқан, бұл аппарат үнемі қозғалып, ішке су айдап тұрады, сол сумен бактериялар мен балдырлар т.б. мироорганизмдер түседі де, қорытылады, яғни коловраткаларда суды филтрлеуші гидробионт, олар арқылы судың тазаруын анықтауға болады. Тұщы су гидрасы да қармалауыштарымен бөгде заттардың барлығын ішкі қуысына түсіріп, қорытып, суды тазалауға өз үлесін тигізеді. Сонымен қатар омыртқасыздар суды тазалаумен қатар қоректік тізбектің бір деңгейі.

      Ағыссыз  суқоймаларда субстраттар бірнеше  күннің өзінде су түбі организмдерінің  тіршілік мекеніне айналады. Популяцияның  тығыздығының жоғарылауымен су  түбі организмдерінің жүзіп орын  алмастырулары, қалқулары қарқынды  жүреді. Мысалы, Н.libbolalis гидралары популяцияларының тығыздығы артуымен және қоректенудің нашарлауымен педальды дискісінің астында ауа көпіршігін құрайды және де жүзіп отырып бәсекелестері аз жаққа барып тұнып, субстратқа бекінеді. Популяцияның тығыздығының жоғарылап кетуін көптеген су түбі жануарлары, әсіресе теңіздік, пелагикалық дернәсілдердің пайда болуы арқылы алдын алады, дернәсілдер ұзақ уақыт су қабатында болып, ағыстармен кейде жүздеген және мыңдаған шақырымға ағызылып жетіледі, бұл әсіресе аз қозғалатын моллюскаларға, тікентерілілерге жиі бекініп тіршілік ететін түрлерге (кораллдар, теңіз лилиялары, мұртаяқты шаяндар және т.б.) тән. Популяцияның тығыздығын реттейтін механизмдердің бірі – метоболиттердің бөлінуі даралардың өсуі мен дамуына әсер ететін. Мысалы Limnaea stagnalis моллюскалар көлемі 100 мл ыдыста өсірілген кезде 65 күнде биіктігі 6мм жетті, ол аквариумның көлемі үлкеюмен 250, 1000 және 2000мл жануарлардың биіктігі сәйкесінше 9, 15 және 18мм жеткен. Үлкен емес ыдыстарда өсірген кездегі өсу темпінің төмендеуі төмендеуі планрияда және басқа да гидробионттарда байқалған. 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3     АҚТӨБЕ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ГИДРОФАУНАСЫНА СИПАТТАМА

3.1  Ақтөбе су  қоймасы гидрофаунасының түрлік  құрамына, таралуына  экологиялық  мониторинг

 

Жалпы Ақтөбе су қоймасының зоопланктондар негізінен қарапайымдылардан (Protozoa), коловраткалар (Rotatoria) және шаянтәрізділерден (Crustacea): ескекаяқтылар (Copepoda) мен бұтақмұрттылардан (Cladocera) құралған.

Зерттеу жұмыстары барысында Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасы 3 типтен, 12 кластан,  13 отряд, 19 тұқымдас, 22 туыс,  26 түрден  тұратыны анықталды (3-кесте).

      Анықталған түрлерді отрядтарына қарай бөлетін болсақ, Коловраткалар -Rotatorida отрядының 1 тұқымдасының 2 туысы, 4 түрі кездесті, ол су қоймасының гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (15,4 %) құрайды. Келесі жиі кездесетін отрядтардың қатарына Қоңыздар – Coleoptera, Ескекаяқтылар-Copepoda, Бұтақмұрттылар-Daphniiformes, Қандалалар-(Клопы)- Heteroptera отрядынарың 2 тұқымдасының, 3 туысы, 3 түрлері кездесті, ол су қоймасының гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде 11,5%. (4-кесте).

 

4-кесте. Ақтөбе суқоймасында кездесетін  жануарлар отрядтары

 

      

 

Отряд

 

Тұқымдас

 

Туыс

 

Түр

Жалпы  түрлердің алатын үлесі, %

1

Коловраткалар-Rotatorida

1

2

4

15,4

3

Тақтажелбезектілер-Eulamellibranchia

1

1

1

3,8

3

Өкпелілер-Pulmonata

1

1

1

3,8

4

Ескекаяқтылар-(Веслоногие)-

Copepoda

2

2

3

11,5

5

Бұтақмұрттылар- (Ветвистоусые)-

Daphniiformes

2

2

3

11,5

6

Су кенесі-Acariformec

1

2

2

7,6

7

Біркүндіктер-(Поденки)-Ephemeroptera

1

1

1

3,8

8

Инеліктер-Odonata

Теңқанатты инеліктер- Zygoptera

1

1

1

3,8

9

Көктемдіктер-(Веснянки)- Plecoptera

1

1

1

3,8

10

Қандалалар-(Клопы)- Heteroptera

2

3

3

11,5

11

Қоңыздар-Coleoptera

2

2

2

7,6

12

Жылғалықтар-(Ручейники)-

Trichoptera)

2

2

2

7,6

13

Қосқанаттылар-Diptera

2

2

2

7,6

Барлығы

19

22

26

100


 

       Қоңыздар-Coleoptera, Жылғалықтар-Trichoptera, Қосқанаттылар-Diptera отрядтары 2 тұқымдасынан 2 туысы, 2 түрлері кездесті, яғни 7,6%.  Тақтажелбезектілер-Eulamellibranchia, Өкпелілер-Pulmonata, Біркүндіктер-(Поденки)-Ephemeroptera, Көктемдіктер-(Веснянки)-Plecoptera отрядтарының 1 тұқымдасының 1 туысы, 1 түрі кездесті ол су қоймасының гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (3,8 %) құрайды.

Ақтөбе су қоймасы гидробионттарының экологиялық жіктелуі

Планктонда коловраткалар (Rotatoria), шаянтәрізділер (Crustacea), ескекаяқтылар (Copepoda), бұтақмұрттылардың (Cladocera);  нейстоннан  бактериялар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар), Notonecta glauca, Plea minutissima, Gerris  sp. Sigara laterali; бентостардан  (фитобентос, зообентос, бактериобентос) кездеседі. Олардың экологиялық жіктелуі 5 көрсетілген.

 

5- кесте.  Ақтөбе су қоймасының гидробионттарының экологиялық жіктелуі

 

Тіршілік форма

Түр саны

Жалпы фаунадағы алатын % үлесі

Планктон

7

35

Нейстон

10

50

Бентос

3

15

Барлығы:

20

100


 

        Ақтөбе  су қоймасындағы жануарларды су ортасында өмір сүру дәрежесіне қарай үш экологиялық топқа бөлуге болады (5- кесте).

Тұщы су гидрофаунасы өзінің түрлік құрамы бойынша мұхит пен теңіз гидрофаунасынан көп айырмашылықта болады. Мысалы, теңіз суында қосмекенділер мен насекомдар кездеспейді. Ал тұщы суларда тікентерілер типі мен басаяқты моллюскалар классының өкілдері кездеспейді.

 

 

6-кесте.   Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының су ортасында өмір сүру              дәрежесіне қарай экологиялық топтарға жіктелуі

 

Экологиялық топтар

Түр саны

Жалпы фаунадағы алатын % үлесі

Сулы ортада тіршілік ететіндер

(көбеюі және дамуы)

11

57,9

Сулы ортада тіршілік ететіндер

(басқа орталарды да белсенді)

3

15,8

Дамуы суда болатындар

(тіршілігі судан тыс жерлерде)

5

26,3

Барлығы

19

100


 

Ақтөбе су қоймасының омыртқасыздары екі үлкен топқа бөлінеді:     

Зымырықтар (коловраткалар) (Rotifera) және Буынаяқтылар (Arthropoda). зерттеу кезеңінде Ақтөбе су қоймасын зерттеу жүргізілген телімдеріндегі зоопланктонның құрамында 3 отряд, 4 тұқымдас пен 5 туыстан тарайтын 7 таксон анықталды. Мейлінше түр алуандылығымен көзге түскені зымырықтар (4 түр) болды.

Бұтақмұртты шаянтәрізділерден (Cladocera) небәрі 1 түр көрініс берді. Ал ескекаяқтылардың әр алуандылығы 2 түрге жетті, оның біреуі тоғышар түрге жатады [62-70, 105].

Тұщы су қоймаларында саркодаларда тіршілікі етеді. Саркодалардың 10 000-нан аса түрлерi белгiлi, теңiздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиi кездеседi.Адамның және жануарлардың денесiнде паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де бар. Барлық өкiлдерi жалған аяқтары яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады.Саркодиналар үш класс тармағына бөлiнедi: тамыраяқтылар -Rhizopoda, сәулетәрiздiлер - Radiolaria, күнтәрiздiлер - Heliozoa. Amoeba proteus, жебе тәрiздi - A.cristalica және басқалары.Amoeba proteus .Амебалардың мөлшерi әртүрлi - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейiн. Ядролары бiреу немесе көп болуы мүмкiн. Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенедi. Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялар арқылы қозғалады. Бұлар денесiнiң сыртында өсiндiлер ретiнде пайда болып, сол өсiндiлердiң бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жiңiшке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пiшiнi деболмайды. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып денесiнiң iшiне тартады, содан кейiн ас қорыту вакуолi түзiледi. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез-келген жерінен сыртқа шығарып отырады.

     Губкалар (Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі де тұщы су қоймасында тіршілік ететіндердің бірі. Олардың теңіз түбіне немесе су түбіндегі заттарға бекініп қозғалмай тіршілік ететін 5000-нан астам түрі белгілі (1 түрі – Каспий т-нде кездеседі). Губкалар 3 класқа бөлінеді: ізбесті Губкалар (Calcarea), шынылы Губкалар (Hyalospongіa) және кәдімгі Губкалар (Demospongіa). Губкалардың дене пішіні шар, бокал, цилиндр тәрізді, 5 – 10 мм-ден 2 м-ге дейін, кейде дене одан да биік шоғырлар (колониялар) түзеді. Ақ, сары, қоңыр, жасыл түсті болады. Оның су түбіндегі заттарға бекитін табаны, бүйір қабырғалары және жоғ. жағында тесігі болады. Губкалардың денесі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты (эктодермалық қабат) – эпителий клеткаларынан, ішкі қабаты (энтодермалық қабат) – талшықты-жағалық немесе хоаноцит клеткаларынан тұрады, аралық қабат – кілегей тәрізді мезоглеялық (құрылымсыз, қоймалжың) қабатта әр түрлі клеткалар (колленцит, склеробласт, спонгиобласт, амебоцит, археоцит, т.б.) болады. Хоаноцит клеткаларының орналасуына байланысты Губкаларды: аскон, сикон және лейкон деп үш типке бөледі. Ішкі қабатының клеткалары талшықтармен қапталған. Талшықты клеткалар қоректік заттарды қармап, қорытып отырады. Губкалар бактериялармен, қарапайымдылармен, балдырлармен қоректенеді. Қорытылмаған сұйық заттар ас қорыту вакуольдері – хоаноциттер мен амебоциттерден каналдар арқылы атриалды қуысқа түседі де, оскулум тесігі арқылы шығарылады. Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ішкі және сыртқы бүршіктену арқылы жүреді. Ішкі бүршіктену – бадягада (тұщы су губкасы) кездеседі. Ішкі бүршіктер (геммулалар) Губкалар өлгеннен кейін түсіп қалады да, жаңа шоғырлардың бастамасын салады. Көпшілік түрі – гермафродитті. Гаметалар мезоглея қабатында дамиды. Губкалардың қаңқасынан дене жуатын ысқылауыш дайындайды. Тұщы су Губкалары (мыс., бадяга) кептіріліп, ұнтақталған күйде медицинада ревматизмді емдеуге пайдаланылады. Шынылы Губкалардан сәндік бұйымдар жасалынады. Губкалардың қазба қалдықтары протерозой шөгінді жыныстарынан табылған.

     Сонымен қатар біркүндіктер (Ephemeroptera)– жәндіктер класының бір отрядынің өкілдері де кездеседі. Жер шарында кең тараған 2000-нан аса түрі белгілі. Біркүндіктер тас көмір кезеңінен белгілі. Денесінің ұзындығы 2 – 40 мм, қанатының жайма өрісі 25 – 35 мм. Артқы қанаты алдыңғысынан қысқа, құрсағының ұшында 2 – 3 тал ұзын құйрық жіпшесі бар. Ересек Біркүндіктер қоректенбейді (ауыз қуысы редукцияға ұшыраған). Көпшілігі 1 тәулікке дейін ғана тіршілік етеді, аты осыған байланысты қойылған. Ұрықтанғаннан кейін суға мыңдаған жұмыртқа салады да, ұрғашылары өледі. Біркүндіктер дернәсілдері ұзындығы 20 мм-ге жеткенге дейін суда өсіп-өнеді. Балдырлармен, ұсақ омыртқасыздармен, шіріген органикалық зат қалдықтарымен қоректенеді. Даму мерзімі 2 – 3 жыл, осы кезде 25 рет түлейді. Біркүндіктер көбіне су жағасында топталып ұшады. Олардың дернәсілдерімен балықтарқоректенеді, ересектері әр түрлі құстарға жем болады. Біркүндіктер дернәсілі. Дернәсілінің құрсағында трахейлі желбезек орналасқан. Ауыз аппараты кеміргіш, қоректенуі әртүрлі, жыртқыштар, фильтратор түрлері де бар, детрит, илмен қоректенеді. Дамуы бірнеше айдан 2-3 жылға дейін  созылады. Нимфадан соңғы стадия жыныс жағынан жетілген, қанатты особъ-субимаго пайда болып, қайта түлеп-имаго дамып шығады. Субимаго және имаго қоректенбейді. Ұрықтану және жұмыртқа салуы көптеген түрлерде имаго пайда болғаннан бірнеше сағаттан кейін жүреді. Осыдан кейін ересек формалар өледі, сондықтан поденки деп аталады. Имаго денесі созылыңқы, ауыз аппараты редукцияға ұшыраған. Антеннасы қысқа қылтанақты, екі жұп үлкен күрделі және үш жай көздері бар, қанаттары тор тәрізді, артқы қанаттары алдыңғы қанатқа қарағанда қысқа, кейде редукцияға ұшыраған. Құрсағы созылыңқы, соңында жұп ұзын қылтан тәрізді церк және жие жұп емес парацеркпен аяқталады. Біркүндіктер қатары – Ephemeroptera құрсағының ұшында әрбіреуі көп бунақтан құралған 2-3 ұзын жіпшесі бар. Бұл жіпшелердің ұзындығы денесінің ұзындығынан да ұзын болып келеді. Мұртшасы әдетте бас қаңқасынан қысқа. Артқы қанаты алдыңғы қанаттарынан қысқа немесе артқы қанаты мүлдем жоқ. Ауыз аппараты жойылған, ол жеу, шайнау қызметтерін атқармайды.

Көктемшілер қатары – Plecoptera

     Артқы аяқтары  әдеттегідей, барлық аяқтарының саны жуандалмаған. Денесі біраз жалпақтау келген. Тыныш отырған кезінде (ұшпаған кезінде) қанаты денесінің арқа жағын жауып тұрады.

      Зоопланктон алуан түрлілігінің негізі: шянтәрізділер, алғашқы ескекаяқтылар, эвфаузидалар, мизидиялар, бүйірменжүзушілер, бұтақмұрттылар, остракодалар және мұртаяқтылардың дернәсілдері. Шаянтәрізділердің 1200 түрінен ескекаяқтылар 750, бүйірменжүзушілер 300, эуфаузидиялардың 80-н артық түрі кездеседі. Теңіз планктонында қарапайымдылар өте көп таралған, олардың арасында басым болатын талшықтылар (Phaeocystis және Noctiluca), көп радиолиялар және біршама кірпікшелілер (Tintinnoedea тұқымдасы) кездеседі. Ішекқуыстылардың 4000 түрі белгілі, олардың арасында басым формаларға медузалар, сифонофоралар, ескектілер жатады. Планктонды моллюскалардың 180 түрлері белгілі, басымдық қанатаяқтылар (Pteropoda) жиі кездеседі. Планктонда су түбі жануарларының дернәсілдерінің алуан түрлілігі басым және саны өте көп. Зоопланктонның биомассасының 70-90%-н құрайтын ескекаяқтылар Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразиттік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см-ге дейін. Антенналары қысқа.6000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: Cyclops, Diaptomus,Calanus - тұщы суларда, теңіздерде планктонның тұрақты құрамы; Canthocamptus туысының өкілдері су түбіңде, балшық арасында кездеседі. Тұщы суларда ең кең тарағаны - Cyclops туысының өкілдері, олар көптеген су жануарларына, балық шабақтарына қорек бола тұрып, сондай - ақ жалпақ таспа құрттардың, риштаның аралық иесі болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың Lamproglena, Lemacocera, Achteres, Tracheliaster туыстарының өкілдері балықтардың аса көп тараған паразиттері. Олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған - не қапшық тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан, тек екі жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі екендігін дәлелдейді.Ескекаяқты шаяндардың басқа су жануарлары үшін азық қоры есебінде аса үлкен маңызы бар және кәсіптік мәні бар бірқатар балықтардың, ал Calanus finmarchicus балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі. Сонымен қатар, балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік етіп, балық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Информация о работе Су қоймаларның биоиндикациясы