Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 00:50, дипломная работа
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Биоиндикация-қоршаған ортаның жағдайына баға беретін әдіс екенін сипаттау;
- Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамы мен таралуына экологиялық мониторинг;
- биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына
экологиялық-систематикалық талдау;
-биоиндикациялық әдіс арқылы су қоймасының ластану деңгейін анықтау;
-суқоймасының жағдайын жақсартуға ұсыныстар беру.
1. БИОИНДИКАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Биоиндикацияның экологиялық негіздері
1.2 Биоиндикацияны қолданудың негізгі принциптері
1.3 Суқоймалардың ластануын биологиялық индикациялау.
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары
2.2 Су қоймасының экологиялық жағдайын анықтаудың әдістері
3 АҚТӨБЕ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ГИДРОФАУНАСЫНА СИПАТТАМА
3.1 Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасының түрлік құрамына, таралуына экологиялық мониторинг
3.2 Биоиндикациялық әдіс бойынша Ақтөбе су қоймасының гидрофаунасына экологиялық-систематикалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ақтөбе су қоймасы жаздай гүлдеп, ластанып, микроорганизмдері, балықтары қырылып, содан кейін су қоймасының суы Елек өзеніне ағызылып жіберіледі, бұл әрине Елек өзенін ластайды [60-67].
Елек-Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Елек өзені – Ақтөбе облысының ең ірі ағын суы. Ақтөбе облысының шегіндегі өзен ұзындығы – 257 км, су жинау алабы – 29 500 км2. Ақтөбе облысындағы су айдындарының да экологиялық жәйі нашар. Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Ластанған заттар индексі — 15,39; сапасы жағынан — 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор — 103,5 ШЖК; фенол — 1 ШЖК; алты валентті хром — 22,17 ШЖК.
Елек суындағы бор
концентрациясы орнынан
Су қоймасының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайда табиғи су обьектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді. Су қоймасының ластану және эфтрофирленуі кезінде зоопланктонның индикаторлық ролі өте үлкен.
Жергілікті жерлердің
өзен, көл, су тоғандарының жануарларының
түрлік құрамы көп жағдайда
коловраткалардың дамуымен
Тұщы су қоймаларында зоопланктоннық құрылымының қалыптасуы сыртқы әсерді, температуралық режимді анықтайды, зоопланктонға негізгі әсер ететін су ағысының жылдамдығы, қауымдастықтың даму деңгейі, ластану.
Жалпы Қазақстандағы тұщы су қоймаларда 455 планктондық омыртқасыздар кездеседі, оның ішінде Rotifera–244, Cladocera–136, Cyclopoida–46, Calanoida–29.
Тұщы су қоймаларында зоопланктонның динамикасы жаз маусымының басынан аяғына дейін су деңгейінің төмендеуі, биомасса көлемінің өзгеруі кезінде санының жоғарылығымен ерекшеленеді. Себебі бұл маусымда су түбіне дейін қызып, температурасы жоғарылап, фитопланктон биомассасы артады. Зоопланктон қауымдасының түрлік құрамын қарамастан, тұщы су қоймасы үшін доминантты және басым кездесетін таксономикалық топ-Cladocera, Copepoda, сыртқы орта ластанған кезінде ескекаяқтылардың доминанты болуы жоғарылап, әсіресе бірінші кезекте циклоп басым болады.
Күшті ластанған жағдайда жазғы зоопланктон компоненті Cyclops sp, Daphnia pulex
Су қоймаларын ластануының алдын – алу: Шаруашылық және ауыз су ретіндн пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.
Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар және өнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.
Су қоймаларының ластануын алдын — алу өндiрiстерде тазартушы құралдарды салуды қажет етедi. Сөйтiп, өндiрiс шығаратын зиянды заттар мөлшерi азаяды, ағын сулар тазарады, өндiрiстiң зиянды қалдықтары өңделедi. Өндiрiсте қолданатын суды ерiген заттардан тазартады, суытып, өндiрiс қажетiне жiбередi.
Ағын суларды қоспалардан тазарту үшiн құрылыстар, фильтрлер пайдаланылады. Зиянды заттарды тұнбаға түсiретiн, ауру қоздырғышын өлтiретiн химиялық реактивтер қолданылады. Биологиялық тазартушы қондырғыларда бактериялар органикалық қалдықтарды, зиянды заттарды ыдыратып, сiңiредi.
Суды тазартуда кейбiр
өсiмдiктер мен жануарлар маңыз
Биофильтрация– активті және пассивті болады. Пассивті фильтрация деген – жануарлар суың ағысымен келген қорегін сүзіп алады. Ручейниктің личинкасының үйшігі жібек жіптерден жасалған дорба тәрізді – сетка сияқты ашық жағы судың ағысына қарсы орналасады.Судың ағысымен дорбаға қорек түйіршіктері түседі (балдырлар), жиналғаннан кейін дернәсіл жеп қояды.Теңіздердің жағаларында пассивті фильтрация бентостағы жануарларда жиі кездеседі.Теңіз лалагүлдері қолдарын жайып планктонды сүзіп отырады. Активті фильтраторларға жататын жануарлар өздері суды сүзгіш аппаратынан айдап отырады. Активті фильтраторлар көп шаянтәрізділердің арасында кездеседі.көкрек аяқтары жылжу арқылы алдынан артқа қарай су ағып тұрады. Бақалшақтың ішінде қоректік бөлшектері аяқтардағы қылтандармен сүзіліп отырады. Көп жапырақаяқтылар мизидтер оқтын-оқтын батпақты лайлатады, сонан кейін сүзіп алады. Тақта желбезектілердің фильтрациясы жоғары кемеліне жетеді. Су мантиі қуысынан өткенде түгелдей қалқып тұрған бөлшектерден тазаланады, теріден шығып тұрған шырыш арқылы. Қоректенетін түйіршіктер кірпікшелері арқылы ауыз тесігіне қарай жылжытып отырылады, ал қоректенбейтін түйіршектер қосылып - кірпікшелер арқылы сыртқы шығарылады.
Ал мынадай жануар — фильтраттар, айқұлақ ұлу өзi арқылы күнiне 30 л суды өткiзедi. Кiшкентай шаяндар да суды фильтрлейдi. Бiр шаян күнiне 1,5л суды фильтрлейдi. Кез келген табиғи су қоймасы өзiнiң өсiмдiктерi, саңырауқұлақтары, бактериялары, моллюскiлерi көмегiмен өзiн-өзi тазартады. Бұл организмдердiң барлығы — санитарлар, олар өздерiнiң суларын тазартады. Су қоймасына улы қалдықтар түссе, оның құрамындағы тыныс алуға қажеттi оттегi мөлшерi және қоректенуге қажеттi қорек мөлшерi азаяды, санитарлар өлiп, судың дәмi мен иiсi өзгередi.
Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк мұхитты ластанудан қорғау мақсатымен теңiз ортасын қорғау бойынша мұхиттарды мұнаймен және тасымалданатын зиянды заттармен, қалдықтармен ластануды болдырмау, сиреп бара жатқан өсiмдiктер мен жануар түрлерiн сақтау, олардың санын арттыру бойынша халықаралық келiсiмдер жасалады. Суқоймаларының күйiн басқару мен бақылау жаңа құралдар арқылы жүргiзедi.
Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтау ережелері» бойынша судың былғану белгісіне оның дәм арқылы білінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.
Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған.
Су сапасына қатысты
жасалған «Тазалық ережесі
1) Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған су айналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.
Бұрынғы кеңес одағындағы барлық өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету үшін табиғи су көздерінен жылына 100 млд. текше метрге жуық су алынатын және оның әртүрлі дәрежеде былғанған 90 %-ы айналып келіп су қоймаларына қайтарылатын.
2) қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру.
3) Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған суларды тазалау әдістерін жетілдіру.
4) Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.
Ақтөбе су қоймасының жағдайы қазіргі кезде жергілікті жердің әкімшілігін де алаңдатып отыр Сондықтан әкімшілік тарапынан да қорғау шаралары іске асырылуда:
1. Қарғалы өзенін және Ақтөбе
облысы Жайық-Каспий
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарының және Ақтөбе қаласы әкімдеріне тапсырсын.
3. Ақтөбе қаласының, Хромтау, Қарғалы,
және Мәртөк аудандарының
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары
және белдеулерінің шегінде орналасқан
және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін
нысандарды шығару немесе жою жөнінде
жұмыстар жүргізсін; олардың тиісті санитарлық
күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану
режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау
белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.
Қарғалы өзенін және
Ақтөбе облысы Жайық-Каспий
1. Су қорғау аймақтарының
авиациалық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;
өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына
және арамшөптерге қарсы химиялық құралдар
қолдануға;
топырақтарды тыңайту үшін көң ағындары
пайдалануға;
улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар
және жанар-жағар май материалдары қоймалары,
аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдары,
мал шаруашылығы кешендері мен фермалары,
өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы
қалдықтарын үю және көму орындары, молалар
мен малкөмінділері, сарқынды сулар жинағыштар
орналастыруға;
көң және қоқыс жинақтауға;
техникалық қызмет көрсету пунктерінде,
автомобильдерге, тракторларға және басқа
да машиналар мен механизмдерге отын құйылмайды,
оларды жуу және жөндеу жүргізуге;
су қорғау аймақтары 100 метрден кем болған
және іргелес жатқан аумақ баурайының
тіктігі 3 градустан асқан кезде саяжайлық
және бау-бақшалық учаскелер орналастыруға;
көлік құралдарының тұрақтары, соның
ішінде олар саяжайлық және бау-бақшалық
учаскелердің аумақтарында да орналастыруға;
басты мақсатта ағаш кесуге;
жергілікті атқарушы органдардың және
су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған
ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару,
энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласында уәкілетті органдардың
келісімінсіз ғимараттарды, құрылыстарды,
коммуникациялар мен басқа нысандарды
реконструкциялау, сонымен бірге пайдалы
қазбалар өндіру, жер қазу жұмыстарды
және басқа жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
2. Су қорғау белдеулері шегінде:
жүйелі түрде жер жыртуға, тыңайтқыштар
пайдалануға;
шайылған топырақ үйінділері жинауға;
мал жайюға және олардың жазғы лагерлерін
(дәстүрлі суат орындарын пайдаланбағанда)
ұйымдастыруға;
саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер
жайғастыруға;
жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және
басқа құрылыстарға учаскелер бөлуге;
арнайы мақсаттағы техниканы қоспағанда,
автомобильдердің, тракторлардың және
механизмдердің қозғалысына жол берілмейді
ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5 млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы салдарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның жалпы мөлшері 1,6*10,9 текше шақырым болып саналады.