Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:15, курсовая работа
Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.
кіріспе
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................
1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................
1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................
1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................
1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................
1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................
2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері
2.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................
2.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау
2.3. Су ресурстарын қорғау
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары
3 трлн. Текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).( 13 сурет
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.
Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын, геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.
Жер қойнауын пайдалану
мен қорғау тәртібі мен
мән жайларын реттейтін
және олардың рациональды
, кешенді пайдаланылуына және
экологиялық зардаптың алдын
3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау
Жердегі атмосфералық ауаның қорлары тұрақты және таусылмайды.Атмосфералық ауаның ластануы деп ауа құрамының қалыпты жағдайын ауытқуын айтады.Қалыпты жағдайда ауа құрамында азоттың 78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының 0,04 пайызы және сутегі мен инертті газдардың 1,0 пайызы болады
Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне ,атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті және жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді.Әсіресе атмосфералық ауаның ластануы адамдардың денсаулық жағдайына аса күшті әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне , атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті мен жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді . Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады:
1 гигиеналық– адамдардың денсаулығы үшін ауаның қалыпты құрамын сақтау
2 экономикалық – өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу.
Атмосфераны ластаушы көздер:
Жердегі атмосфераның негізгі ластаушы көзі өнеркәсіптің , әсіресе энергетикалық құрылғылар мен көлік құралдарының қызметі болып табылады.Атмосфераға келіп түсетін барлық қалдықтардың жартысынан астамы соңғы аталғандардың үлесіне тиеді.Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік қалалар ауасының құрамында әрқашан CO, SO, HS, CI сияқты зиянды және улы газдар және т.б. бар.Олар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етеді, соның өсуіне кедергі келтіреді, өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үйлердің,олардың құрылыстарының ерте бұзылуына әкеп соғады.
Қалалар,ірі тұрғылықты бөлімдер орналасқан ландшафттарды атмосфералық ауаның ластануына байланысты тікелей күн радиациясының интенсивтілігі азаяды, ол өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік және жылдық температурасын төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін еді , алайда ол отынның әртүрлі түрлерін жағу және басқа да факторлар арқылы ауаны жылыту нәтижесінде қалпына келтіріледі.Қалалық және индустриялдық ландшафттарда көптеген жерлері асфальтпен жабылған топырақ қабатының табиғи сулы режимінің бұзылуы нәтижесінде ауаның абсолютті және қатысты ылғалдылығы төмендегені байқалады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қала кварталдары дұрыс орналавстырмау нәтижесінде ауаның табиғи церкуляйиясы жиі байқалады,соның кесіріәнен атмосфера одан әрі ластанады.Басқа да литеорологиялық элементтерге , атап айтсақ , бұлттылық атмосфералық жауын–шашын ,тұманға да антропогендік факторлар әсер тигізеді.
Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы
атмосфералық ауаның ластану
жағдайы «Казгидролит» РГП –
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң .Бұл заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден 15 есе артық болып отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Азот диоксиді (NO2) –азто қышқылының жарықта ыдырау процесінде пайда болады, түсі–қызыл–қоңыр , тыныс алу жолдары мен көру органдарын тітіркендіреді.
Көміртегі оксиді,ыс газы (СО)
–өнеркәсіптік
Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір иісті , жанғыш түссіз газ, смола және пластиктер , дәрілік заттар мен бояқтар өндіру кезінде қолданылады.Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді.
Фенол,карбол қышқылы (С6Н5ОН) –хош иісті спирт формальдегидтік смолаларды , әртүрлі бояғыштар мен пестициттерді өндіру кезінде қолданылады.Теріні күйдіреді,ішкі органдарды зақымдандырады.
Хлорлы сутек(НСI) –өткір иісті түссіз газ , тұз қышқылы деген атпен мәлім. Атмосфераға хлорлы металдар , органикалық бояғыштар өндіру , терілерді қаптау мен бояу кезінде келіп түседі.
Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді және теріні күйдіреді.
Күкіртті сутек (Н2S) –жүйкеге өте күшті әсер ететін газ.Күкірт қышқылын , ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы химикаттарды өндіру кезінде пайда болады.
Шаң–тозаң –дисперстік фазаның қатты бөлшекті аэрозольдары. Шаң–тозаң әртүрлі жағдайларда пайда болады, кәсіптік ауруларда туындайды.
Аталған заттар Қазақстан қалалары мен өндірістік орталықтарының атмосферасының неғұрлым зиянды ластаушылары болып табылады, олардың Қазақстанның бірқатар қалаларындағы атмосфералық ауасындағы концентрациясы ПДК жиілігін 1─5 есе арттырады. Түсті металлургия , көмір өндіру өнеркәсібі , құрылыс материалдары мен автокөлік құралдарын өндіру өнеркәсібі атмосфералық ауаны ластауда басты роль атқарады.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнінің ластауы әртүрлілікпен сипатталады,ол қала көлемдерімен , оның табиғи климаттық жағдайларымен өнеркәсіп концентрациясының дәрежесімен , өнеркәсіптік өндірісі көлемімен анықталады. Бұл белгілер қалалар мен ірі елді мекендердегі ауа бассейндеріндегі қосылыстардың сипаты мен көлемін сипаттайды.
Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері