Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.

Содержание работы

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................


2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

2.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

2.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

2.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курс.docx

— 81.74 Кб (Скачать файл)

         Қалалар   мен  елді  мекендердің  ауа   бассейнінің  ластану  дәрежесін   атмосфераның  ластану  индексі   бойынша  есептеу  қабылданған.  Атмосфераның  экологиялық  бұзылу  дәрежесін  сипаттайтын  атмосфераның  ластану  индексі  заттардың   қауіптілік  класын , атмосфераны  ластаушылардың  биологиялық  әрекеті  мен  ПДК  – дан  асып  кету  жиілігін  қосу  арқылы  ПДН –нен   асып  асып  кету  жиілігі  бойынша  анықталады.Әдетте  ол  бақылау  орындарында  жиі  кездесетін  5 түрлі  ластаушыларға  арналған(АЛИ5)

         Қазақстан   территориялары  бойынша  Өскемен   қаласында  ауа  бассейндерінің   ластану  дәрежесі  жоғары  болып  табылады.Бұдан  басқа  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарының  нәтижесінде  Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе  қалаларында  және  автокөліктердің  атмосфераны  ластау  нәтижесінде  Алматы  қаласында  ауа  бассеині  ластанған.ауаның  неғұрлым  тозаңдануы  Жезқазған  қаласында , Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.Қазақстанның  көптеген   қалаларында формальдегидридтің , азот диоксидінің фенолдың ПДК–дан орташа  асқаны  байқалады.

         Тұтасымен   алғанда ,  берілген  мәліметтер  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп   орталықтары  бойынша  АЛИ   көрсеткішінің  өсіп  келе  жатқандығын  сипаттайды.Көптеген  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  ауа  бассейнінің  ластануының  басты  себебі  автокөлік  құралдарының  қызметімен  байланысты.

            Атмосфера  ластануының  алдын   алу  көптеген  шаралардың  өткізілуімен  байланысты. Олардың   ішінде  барлық  өндірістік  кәсіпорындарын  тазалау  құрылғыларымен  жабдықтауды, атмосфераға  зиянды  заттардың  қалдықтарын  тастауды  жоятын  немесе  төмендететін  жаңа  экологиялық  құрылғыларды  жетілдіру  және  оларды  өндірістік  кәсіпорындарға  енгізуді  атап  өтсе  болады.

Қалалар  мен  өндірістік  орталықтардағы  атмосфераны  таза  ұстауда  жасыл  өсімдіктер  маңызды  роль  атқарады.Атмосфераның  ластауына  қарсы  тұратын  өсімдіктерге  ақ  акация , тал , американдық  клею  және  т. б. Жатады. Бұл  ағаштарды жасыл қорғаныш  зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.

Атмосфералық  ауаны  қорғаудың  міндеті  Қазақстандағы  климат  глобальды  өзгеру  процестерімен  тығыз  байланысты  үлкен  мәселелерді  шешу  болып  табылады.Оларға  мыналар  жатады:

–парник эффектісі  мәселесі

–қышқылдық  жауын–шашын  мәселесі 

–озоносфераның  бұзылу  мәселесі

–космостық  апаттарды  ұшырумен  байланысты  атмосфераның  бұзылу  мәселесі  және т.б.

Парник эффектісі.Атмосфераның  күн  радиациясын  жіберу және  оның  кері  сәулеленуін  космос  кеңістігінде  ұстап  тұру  құрылымымен  сипатталады , соның  нәтижесінде  жер  беті  жылынып,климаттың  өзгеруіне  әкеп  соғады.Атмосфераның  жерге  жақын  қабатының шектен  тыс  қызып  кетуіне  өнеркәсіптік  кәсіпорындарының  өндірістік  қызметімен және  көлік  құралдарының  жұмысымен  байланысты  көміртегі  қышқылы , метан және  парниктік газдардың концентрациясы ықпал етеді.

Жер  атмосферасының  техногенді  ластануы  жоғарылауына  байланысты  климат  өзгеруініңтенденциялары  бекітілді.Ғылыми  тұрғыдан  техногенезбен  байланысты  жердегі  климаттың  жылып  кету  мәселесі  шешілген  жоқ.

Қышқылдық  жауын – шашын  – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен  сипатталатын  атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі  түрлерінің  жану  нәтижесінде  пайда  болатын  күкірт  және  азот  оксидтері (SO2NO) конденсацияларының  атмосфераға келіп түсу  нәтижесінде пайда болады.Химиялық  реакциялардың  нәтижесінде  атмосферада  күкірт  және  азот  қышқылдары  пайда  болады,олар  адамдардың  денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте  күшті зиянды  әсер  етеді.

Ауаның  ластануына  аймақтық  мониторинг  жүргізу , өндірістік  кәсіпорындардың  жұмысын  бақылау табиғатты  қорғау  шараларына  жатады.

    Атмосферадағы  азон  қабатының  азаюы.Жердегі адамдардың  өмірін  сақтауда  азондық  экран  өте  маңызды  роль  атқарады.Ол  жер  бетіне   ультракүлгін  сәулелерінің  өтуінің  алдын  алады. Озонның(О2)жоғарғы концентрациясы  20–25 шақырым биіктікте   болады.Мұнда  азот  қышқылы(NO4)  мен фреондардың әсерінен  озонның экранының бұзылуы байқалады.Қазақстан территориясында озон  қабатының техногенез  бұзылуы байқалмайды.

Ғарыштық  аппараттарды  нәтижесінде  атмосфераның  ластануы.Ракета  двигателдерін  сынақтан  өткізу  және  «Протон» сияқты  ғарыштық  аппараттарды  ұшыру  жер  атмосферасының  жоғарғы  қабатының  бұзылуына  әкеп  соғады.Ол  жер  режимінің  ,ауа  ылғалдылығының  өзгеруі  сияқты  ауа –райы  режимінің  жекелеген  параметрлерінің  ракетаның  ұшу  траекториясына  жақын  жерде  уақытша  (2-3күн) бұзылуынан  көрінеді.Алайда ,Қазақстан  территориясындағы  «Байқоңыр» космодромынан  ластануында  қандай  да  болмасын  мәнді  бұзылулар  байқалмайды.

         Қазақстанда   жергілікті  деңгейдегі  климат  өзгеруінің  жағымсыз  экологиялық   салдарлары  өндірістік  технологияны  жетілдіру  және  өндіріс  пен  көлік  құралдары  қалдықтарының  көлемін  қысқарту  негізінде  шешілуі  тиіс.

 

 

                              3.3.  Су  ресурстарын қорғау

 

      Су  ресурстарын   қорғау және  рационалды  пайдалану   мәселесі  адамзат  үшін  өмірлік   маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы   су  айналымының  арқасында   жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

      Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД   елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің  қатарына  жатады.

Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы  жазыктары тұщы сумен көбірек  қамсыздандырылған.

      Республиканың басым  бөлігінде адамдардың өндірістік  әрекетінің, су көздерінің  және  коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен  ластануының және басқа да  себептердің нәтижесінде таза  түщы суға деген тапшылық байқалады.

     Қазқстанда 85 мыңнан  астам өзендер мен уақытша  су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан  асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл,  Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз   мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып   табылады. Және Қазақстанға шекаралас  мемлекеттерден ластанған ағын  әкеледі. Оңтүстік-шығыс Қазқстан  тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда  мүздық бар.

    Республика территориясында  47 мыңнан астам көл бар, олардың  көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі  қар суымен толады, ал жазда  құрғап кетеді.

  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды   құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің  шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен  байланысты біршама азайды. Нәтижесінде  Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің  суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше  шақырымға дейін азайды. Осының  бәрі Арал теңізі мен Балқаш  көлінің  экологиялық жағдайына  күшті әсерін тигізді.1

   Республикамыздың жерасты  су ресурстарының мол екендішгін  айта кеткеніміз жөн. Жер асты  суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.

  Жерасты сулары  Қазақстанда  пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта  олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.4   

     Жерасты суларын пайдалану  үлесі республикамызда анықталған  қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы  табиғи суларды пайдаланудың 

7, 5пайызын құрайды.5

Адамдардың шаруашылық қызметі  Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты  әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың  өнірістік, ағын сулары, қара және түсті  металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы  оттегі төмендеп кетеді. Суды ластайтын  химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай  өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі  қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі  тазалау процесі ақыырын жүреді.

   Тазаланбаған ағын суларды  тастау олардың құрамында өндірістік  құндылықтар болуы себепті үлкен  эеономикалық залал әкеледі. осыған  байланысты су ресурстарының  тазалығын қамтамасыз ету кешенді  түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс»  Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш  көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік  беретін  арнайы қондырғылар  жасалған. Жезқазған қаласында   «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен  қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік  ағын суларды ңжіберілуін жоятын  жабық өндірістік циклдер   енгізілген. Осы сияқты мысалдарды  айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады.

   Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты  критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі.

    Өзендердің, көлдердің   және  су  қоймаларының  ластану   дәрежесі  көбінесе судың  ластану   индексінің (СЛИ) көрсеткіші  бойынша  бағаланады. Ол   судың  құрамында   мынадай  зататрдың  болуын  сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде  оттегіні  биохимиялық  пайдалану   бойынша анықталған  органикалық   заттар  және  ПДК  дәрежесінен   біршама артып кеткен  заттар. 

Ластану  индексі    осылайша әртүрлі  су  бөгендерінің  су  сапасының  жағдайын  сипаттайды..Ол  су  бөгендерінің  ластану  динамикасын   анықтауға , біріңғай  көрсеткіштер  бойынша  әртүрлі  су  обьектілерінің  ластану  дәрежесін  анықтауға  мүмкіндік  береді. СЛИ  көлемі  бойынша  жер  беті  сулары  сапасының  критерийлері   су  сапасының  класын  сипаттайды: өте  тазадан  бастап  өте  ластанғанға  дейін . Жер  беті  суларының  сапа  класын  анықтау  үшін  СЛИ  көлемі  көрсеткіші  басты  белгі   болып  табылады, ол  су  бөгендерін  ластайтын  заттардың  ПДК  дәрежесі  бойынша  есептеледі.

Қазақстан  өзендерінің , көлдері  мен  су  қоймаларының  жер  беті  суларының  құрамында  біршама  мөлшерде  токсиканттар  ,яғни  улы  заттар  бар. Олардың  ішінен  адамдардың  денсаулығына  неғұрлым  қауіптілігін  сипаттайық.

     Хром(CR)   және  оның  қосылыстары.Бұл металдың  үш  алты  валентті  қосылыстары неғұрлым  улы ,  олар   адамдардың  тыныс алу органдарын  зақымдандырады.Концентрогендік және  мутогендік  ықпал ететін  алты  валентті  хром  қауіптірек . Тау –кен  игеру , химия өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қызметі процесінде  қоршаған  ортаға  құрамында хромы бар ағын  сулар және  хромдық қосылыстардың газ қалдықтары  келіп түседі.

    Темір(FE) .Темірдің  хлорлы  және  сульфатты қосылыстарды  асқорыту  органдарын  жалпы уландырады.Қоршаған  ортаға  қауіп төндіру дәрежесі  бойынша   үшінші  орында  тұр.

    Мырыш(ZN ) .Мырыш   қосылыстары улы емес, алайда  мырыш хроматы концероген  болып табылады.Элемент адамдардың  жануарлар мен өсімдіктердің денсаулықтары үшін  маңызды. Сулы  ортаға  тау –кен  игеру өнеркәсібі  және  түсті металлургия өнеркәсібі   кәсіпорындары қызметі процесінде  тап болады.

   Сынап (Hg) Сынап қосылыстары қауіптіліктің бір класына жатады , аурулардың  өте күшті түрлерін  туғызады.

Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері