Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.

Содержание работы

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................


2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

2.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

2.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

2.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курс.docx

— 81.74 Кб (Скачать файл)

Фунгициттерді  өндіру, теріні  өңдеу  және  жасау  кезінде  пайдаланатын  органикалық  сынап  қосылыстары    неғұрлым  зиянды  болып  табылады.

   Кадмий(Cd)- 2-класты  қауіпті   металл.Сулы  ортада  мырышпен  бірге  тау  кен  игеру   және  түсті  металлургия   өнеркәсібі  кәсіпорындардың   жұмысы  кезінде  келіп  түседі . Сумен  қосып  пайдаланған  кезде , ас  қорыту  органдарында  улану процесі жүреді.

  Мышяк(As). Бұл  элементтің  суда  еріген  барлық  қосылыстары   өте  улы.Олар  тератогендік  өзгерістер  және  басқа  да  аурулар  тудыруы  мүмкін.Қауіптіліктің  екі  класына  жатады.

Бор(3+).Бұл  элементтің  көптеген  қосылыстары  (бор  оксиді , бор қышқылы , және т.б.) улы .Сулы  ортада  борлы тыңайтқыштар  арқылы  түзеді.Қауіптіліктің екі класына жатады.

 Мыс(2+)  Қауіптіліктің  3  класына   жатады .Мыстың  барлық  қосылыстары   ул, ас  қорыту  органдарын  уландырады.Сулы  ортада  түсті  металлургия  ,тау- кен  игеру  ,химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қалдықтарымен  бірге  келіп  түседі.

БПК (оттегінің  биохимиялық  пайдаланылуы) оттегі  мөлшерімен  сипатталатын  ластану  көрсеткіші  әдетте  ол  5  тәулік  ішінде  анықталады.Оның  жоғарғы  көрсеткіштері  табиғи  сулардың  ластанғандығын  білдіреді(ағын  судағы  БПК5-тің қалыпты көрсеткіші  0,5 -2 мг /л-ге  тең )

Фенол (карбон  қышқылы) –хош  иісті спирт,әртүрлі  бояғыштарды, пестициттерді  өндіру  кезінде  қолданылады.Ішкі  органдарпды  ауруға  ұшыратады..Қауіптік  класы-4.

Мұнай  өнімдері.Сулы  ортаға  мұнай  өнімдерін   өндіру тасымалдау  және  қайта  өңдеу  кезінде  келіп  түседі.Өсімдіктер  мен жануарлар әлеміне ихтифаунаға,грунттарға  зиян  келтіреді.Ауыз  су  сапасын нашарлатады. Қауіптік  класы-4.

Фториттер(F) .Ауылшаруашылығы  зиянкестерімен  күресте  ,бояғыштарды  дайындау  кезінде , ауызх  суды  фторлау (байыту) үшін  қолданылады.Фторлы  натрий()  шамадан  тыс  артып  кеткен  жағдайда  орталық  жүйке  жүйесіне  залал  келтіреді.

 Нитриттер(NO2) .Азот  қышқылының  улы тұздары (HNO2) .Натрий  нитраты (NaNO2)    және  калий нитраты (KNO2) қантамыр  қызметін  бұзады.

Нитрат  (NO3) .Азот  қышқылының  тұздары өндірісте кеңінен қолданылады , ауылшаруашылығы тыңайтқыштары өндірісінің өнімі болып табылады.Суда , топырақта , азық түлікте  жиналады, Улануға  ұшыратады. Қауіптіліктің  3  класына  жатады .

Тұзды  аммоний(NH 4).азот  қышқылы аммоний кристалдары ауылшаруашылығында  тыңайтқыштар  ретінде қолданылады.Улануға  ұшыратады.

Гексахлоран ( C6H6Cl6)  -омыртқасыздар үшін  күшті  органикалық  ерітінділерде  жәндіктермен  күресу  үшін  инцекцитер   ретінде  қолданылады.     Қауіптіліктің  4  класына  жатады .

Линдон(гексахлорциклогексан)  ( C6H6Cl6) .Пестицид,жәндіктер мен сүтқөоректілерге  арналған  күшті .Сулы  ортада  инсекцидтерді қолдану кезінде келіп түседі, Қауіптіліктің 1  класына жатады

Қазақстан  өзендерінің  жер  беті  суларының  гидрохимиялық  жағдайы  әралукандылықпен  сипатталады. Қазақстан  өзен  бассейндерінің  шекарасынан  келесідей  маңызды  геоэкологиялық  айырмашылықтарды  бөліп  көрсетуге болады. Ертіс өзенінің  бассейні  неғұрлым  ластанған су  обьектісі болып табылады. Ертіс өзенінің   өзі және  оның  салалары  Бұқтырма  мен Оба суының  сапасы  бойынша 3 класқа  жатады.Кенді Алтайдың  тау –кен  игеретін  аудандары  арқылы  ағатын  оң  жақтағы   салалары  (Үлбі , Глубочанка , Красноярка ) «лас»судың  5 –класына  жатады және  СЛИ  дәрежесі  мен  ПДК  көрсеткіштерімен  бірнеше  есе  асып  түсетіндіктерімен сипатталады.Ертіс  өзені  бассейнінің  өзендері  су  ластану  дәрежесінің  жоғарылылығымен , су  құрамында  ауыр  металдар  тұздарының  болуымен  сипатталады.

Орал  өзенінің  бассейнінде  су  таза  ,бұған  суы  хроммен , бормен , фенолмен , өте ластанған  Елек  өзені  қосылмайды(5 –класты  су «лас»)

Сырдария  өзенінің бассейнінде  су   сапасының  3 –класы  басым.Іле  өзенінің  бассейніндегі  су  да  3 –класқа  жатады.

     Қазақстандағы  ірі  өзендер ,ішінен  салыстырмалы  түрде  ластанған  өзендерге –Ертіс,Нұра, Іле, Кіші Алматы,Сырдария өзендері, таза  өзендерге  (2 -класс) –Орал,Тобыл,Есіл,Үлкен алматы,Талас,Шу өзендері, лас өзендерге (5 -класс) –елек өзені ластанған  өзендерге (4 -класс) –Үлбі,лас және тым  лас өзендерге (5 - 6 -класс) –Кенді Алтайдағы  Глубочанка, Красноярка , Тынық және  Брекса  өзендері  жатады.  

Ірі  көлдердің   және  су  қоймаларындағы  су  сапасының  анализі  белгілі бір  қызығушылық  туғызады.Казгидрометрдің  2000 ж мәліметтері  бойыншы  Балхаш  көліндегі  су  ластанған (4 -класс),Вечеслав  су  қоймасындағы  (Есіл  өзеніндегі)су  таза  (2 -класс),Самарқанд су  қоймасындағы (Теміртау  қаласындағы) су  ластанған  (4 -класс) деп  сипатталады.

Су  ресурстарын   региональды  пайдалану  мәселесі  санитарлық –гигиеналық  және  экономикалық  маңызды  болып  табылады.Ол  өзара  тығыз  байланысты  мынадай  шаралар  қатарын  өткізу  арқылы  шешілуі  тиіс:суды  тұқрмыстық  және  өндірістік  мақсаттыр  үшін  үнемді  пайдалану , оны  өнеркәсіпте  бірнеше  бет  (жабық  және  айналымдық  )пайдалану.Су  үнемдеудің  үлкен  резерктері  өндірістік  және  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  шығару  кезінде  су  пайдалануды  қысқарту  мақсатында  әртүрлі  өндірістердің  технологияларын  жетілдірумен  байланысты. Ауыз  судың  санитарлық  -гигиеналық  сапасына  үлкен  мән  берілуі  тиіс.

     2000 жреспублика  бойынша   микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге   сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы 

4

-10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың сапасы  бұдан да  төмен болады.

    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі.

     Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

  • өзендер  мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер  беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық  су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған  өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында  суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты  суларын  үнемді  пайдалану
  • термалды,минералды сулар  мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.

                           

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ о р ы т ы н д ы

        Адамзат қоғам дамуы жолындағы үлкен қиындықтарды еңсере отырып, өркениеттілікке  қарай табандылықпен қадам басып келеді. Ал, өркениеттіліктің басты өлшемдерінің  қатарына табиғатпен келісімде өмір сүру, оны қорғай білу жатуы тегіннен тегін емес. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік — қазіргі заманғы адамның дүниетанымында басымдықты  сипат алып  отыр. Қоршаған ортаның ластануы мен осыған орай  азып, тозуының алдын алу — материалдық жағынан алып қарағанда, оның    салдарларымен күресуден гөрі  әлдеқайда тиімді. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді. Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінің белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің тұқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ байлығын», «Сабан той» өткізу мектеп, студенттер өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сақшыларының» штабтары құрылды, республикада «Мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын қорғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық және эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар  мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен  торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

   Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты  мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.Еліміздің табиғат байлықтарын  дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарай білу қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор.Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен  қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі:

 

  1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экоология негіздері.Алматы.2003
  2. Қазақстан республикасының Орман Кодексі;
  3. Қазақстан республикасының Су Кодексі, Алматы жеті жарғы 1995.
  4. Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы, 1996.
  5. Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы кодексі. Алматы, 1992.
  6. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995.
  7. Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1992.
  8. Экология және табиғат қорғау.А.Қ.Құсайынов.Алматы.2002.
  9. Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық  қатынастар. Алматы. 1996.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері