. Мәліметтер қоры және және жинағы, мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы түсінік. МҚБЖ даму тарихына қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 15:51, лекция

Описание работы

1. Экономикалық ақпараттық жүйенің негізгі түсініктері
2. Ақпарат түсінігі
3. Жүйе түсінігі

Файлы: 1 файл

21.01.2013 Деректер базасы және эксперттік жүйелер ТИГУ.doc

— 197.50 Кб (Скачать файл)

3. Терезеден кестелерді жөне  олардан қажетті өрістерді таңдап, "Таңдалған өрістер" бөліміне  көшіру.

4 .Екінші қадам терезесінде "Толық  (Әр жазу үшін өрістерді толық  шығару)" ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып, келесі  терезеге өту.

5. Соңғы терезеде сұранысқа атау  енгізіп, "Сұраныстың орындалу  нәтижелерін ашу" ауыстырып  қосқышын орнату. Экранда бірінші  қадам терезесінде таңдалған  жазу өрістерінен тұратын сұраныс  терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.

Конструктор - күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс кұруға арналған негізгі кұрал.

 

4. Сұранысты кестелерден тек қажетті берілгендерді таңдау арқылы емес, өрістерін өңдеу нәтижелерінен құруға да болады. Мысалы:

-  топтық операция жүргізу:  кестенің қайталанатын өрістік  элементтерін біріктіру (нәтижелік, айқыш сұраныстар құру);

-  сандық өріс мәндерінің  қосындыларынан тұратын жаңа  өріс қосу (сұраныста есептеулер  жүргізу), т.б.

Мұндай сұраныс бір өрісінің көптеп қайталанатын мәндері бар  кестеден мәліметтік кесте құру үшін ыңғайлы. Бірақ оның кемшілігі де бар: сұранысқа өрістік мәні қайталанбайтын жазбалар енгізілмейді.

Сұранысты құру тәсілдері практикалық  бөлімде көрсетілген.

Лекция-8.         Формалар

 

1. Форма туралы жалпы  түсінік

2. Автоформа

3. Формалар шебері

 

1. Кесте үлкен болса, оны құру кезінде түрлі қателер жіберілуі мүмкін. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл-Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі.

Форма - берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:

* Автоформа (форманы автоматты  түрде құру);

* Формалар шебері (форманы жартылай  автоматты түрде құру);

* Қолдан құру (конструктор режимі арқылы).

 

2. Автоформа - кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қа-рапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:

1)  әр жазбаны бөлек-бөлек  бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);

2) әр жазуды қалпын сақтап  көрсету (таспалық, автоформа);

3)   әдеттегідей кесте түрінде  көрсету (кестелік автоформа).

Олар Жаңа форма терезесі арқылы таңдалады. Терезені ашу үшін МҚ терезесінен Формалар – Құру командасының берілуі тиіс. Оның "Автоформа" қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек.Келесі жазбаларын экранға шығару үшін терезенің Жазбаға өту түймелерін пайдалану жеткілікті. Формаға жаңа жазба қосу үшін соңғы "Жазбаға өту" түймесін шерту керек. Бос жазу бланкісі көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей. Курсорды өріс ішіне орналастырып, берілгендерді редакциялап шығу да мүмкін.

Кестені таспалық және кестелік режимдерде көру, форма құру, оны өңдеу тәсілдері  де бағандық формамен жұмыс істеу тәсілі сияқты. Таспалық және кестелік формалар өдеттегі кесте сияқты көрінеді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тіктөртбұрыш ішіне алынып  және оларға форма режимі орнатылып қойылады.

Автоформалардың кестеден тағы бір  ерекшелігі-оларға программаның автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қоюы.

 

3. Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі: Формалар шебері программасын пайдалану. Онымен жүмыс істеу тәсілі:

1. "Жаңа форма" терезесін  экранға шығару.

2. Терезенің "Форма шебері" катарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, Ok түймесін шерту. Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.

3.  Бірінші қадам терезесінде  өрістерді "Таңдалған өрістер"  бөліміне көшіру.

4. Екінші қадам    терезесінде    Бір бағанға, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді.

5.  Үшінші қадам терезесінде  форманың сырт көрінісін безендіруге  арналған фондық сурет атауларының  бірін таңдау.

6. Соңғы терезеде жаңа формаға  ат беріп, "Көріп шығу не  берілгендерді енгізу үшін форманы ашу" ауыстырып қосқышын орнату және Дайын түймесін шерту.

 

 

9.   Есептер

 

1. Есеп құру тәсілдері

2. Автоесеп және есептер  шебері

 

1. Есеп (есеп беру, отчет) - кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есепті құру тәсілі форма құру тәсіліне ұқсас. Есептің формадан айырмашылығы - ол берілгендерді енгізу үшін емес, тек шығару үшін және экрандық емес, басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады.

Access дайындалған есепті мәліметтер қорының "Есептер" бөлімінде сақтайды. Есеппен тақырып енгізу, экранда көріп шығу, оны қағаз форматына сәйкестендіру сияқты әрекеттерді ғана орындау мүмкін.

Есеп кұрудың үш тәсілі бар:

*  автоматты түрде (автоесептер);

*  Есептер    шебері    арқылы    (жартылай    автоматты түрде);

*  қолдан кұру (Конструктор режимінде).

2. Автоесеп - есепті автоматты түрде кұрудың қарапайым тәсілі. Оны екі типте кұру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас. Автоесеп кұру үшін МҚ терезесін ашып, Есеп-Құру командасын беру керек. Жаңа форма терезесіне ұқсас "Жаңа есеп" сұхбаттық терезесі көрінеді. Одан әрі, автоесепті іске қосу тәсілі форманы кұру тәсілі сияқты. Мұндағы ерекшелік - құрылған есептің жоғарғы жолына тақырып ретінде кесте атауы енгізіліп қойылады және жазу элементтері тіктөртбұрыштар ішіне алынбайды. Таспалық есепті талапқа сай құру үшін оның өрістері көп болмауы тиіс. Бұл жағдайда есепті бағандық тәсіл бойынша құрған жөн.

Есептер шебері формулалар шебері сияқты программа, оның алты қадамдық сұхбаттық  терезесі бар.

Шебермен жұмыс технологиясы:

1. Жаңа есеп терезесін экранға шығару.

2.  Терезеден Есептер шебері қатарын және кесте не сұраныс атауын таңдап, Ok түймесін шерту. Форма құру терезесіне ұқсас бірінші қадам терезесі көрінеді.

3.  Терезеден қажетті өрістерді Таңдалған өрістер блогына көшіру.

4.  Екінші қадам терезесінде өріс бойынша топтық операция жүргізу қажет болса, атауын сол жақ панельден терезенің оң бөлігіне көшіру.

5.  Үшінші қадам терезесінде,  қажет болса, берілгендерді өрістері  бойынша сорттау командасын беру.

6. Төртінші қадам терезесінде есептің жалпы түрін жоспарлау. Ол үшін Макет және Бағдарлау блоктарынан қажетті ауыстырылып қосқыштарды орнату, мысалы, "Кестелік" және "Кітаптық".

7.  Бесінші қадам терезесінде  енгізілген стиль тізімінен есептің  жазылу түрін (стилін) таңдау, мысалы, "Қатаң (Строгий)". Таңдалған стиль бойынша есептің басылып шығатын түр-тұлғасы терезенің сол жағына орнатылған қосымша панельде көрсетіліп қойылады.

8.  Соңғы сұхбаттық терезеде  таңдалған кесте не сұраныс  атауымен бірдей есеп тақырыбы  көрінеді. Қажет болса, есепке жаңа атау енгізіп,  "Есепті қарап шығу" ауыстырып қосқышын   орнату  және  Дайын  түймесін  шерту.   Экранда Шебер арқылы дайындаған есептің үзіндісі көрінеді.

Ескерту. Таспалық форматта құрылған есептің әр қатары экран жолына сыймауы мүмкін. Кейде бағандық есептің экрандағы көрінісі де (өрістерінің орналасуы) қанағаттанарлықсыз болып келеді. Бұл кезде оларды Конструктор режимі терезесі арқылы қолдан редакциялап шығу керек. Конструкторды іске қосу үшін алтыншы қадам терезесінде "Есеп құрылымын өзгерту" ауыстырып қосқышын орнатуға болады.

 

ОҚУЛЫҚТАР

 

Негізгі : 

  1. Четвериков В.Н., Ревунков И., Самохвалов Э.Н. Базы и банки данных. М.Высшая школа., 1987
  2. Куправа Т.А. Создание и программирование баз данных средствами СУБД dBase, FoxBase Plus, Clipper.М. Мир., 1991
  3. Озкарахан Э. Машины баз данных и управление базами данных М.Мир. 1989
  4. Атре Ш. Структурный подход к организации баз данных.  М. Финансы и статистика., 1983
  5. Инмон У., Фридмон Л. .  М. Финансы и статистика., 1983
  6. Под редакуией Назарова С.В. Компьютерные технологии обработки информации. .  М. Финансы и статистика., 1983
  7. Каратыгин С.А.. Тихонов А.Д., Тихонов Л.Н., Работа в Visual FoxFro на примерах., М. БИНОМ
  8. Каратыгин С.А.. Тихонов А.Д., Тихонов Л.Н., Базы данных В2 томах М., Мир. 1995

 

Қосымша:

 

    1. Глушаков С.В., Базы данных. Учебный курс. М., «АСТ», 2000
    2. Додонкин Ю.В., Кирюхин С.М. Ассортимент, свойства и оценки качества тканей. М. «Легкая индустрия», 1979
    3. Нейлор К. Как поострить свою экспертную систему. М., М., Энергоатомоиздат. 1979

 

«Деректер базасы және эксперттік жүйелер» пәні бойынша

Емтихан сұрақтары

 

  1. Мәліметтер қоры, міндеттері және құрамы.
  2. Курс құрылымы және оқытылуын ұйымдастыру
  3. Пәнаралық байланыстар
  4. Өнімдер сапасы туралы ақпараттарды бір жүйеге келтіру және автоматтандыру мәселелерінің кешенді сипаты
  5. Мәліметтер қоры  туралы МҚЖБ (Мәліметтер қорын басқару жүйелері) туралы түсініктері
  6. МҚБЖ құрамы және структурасы
  7. Мәліметтер жинағының қасиеті: артықшылығы, жинақылығы және деректер тәелсіздігі
  8. Мәліметтер түсінігінің логикалық және физикалық деңгейлері
  9. Мәліметтер  қоры түрлерінің жіктелуі
  10. Ақпараттар көлемі және байланыстарды қайтару тәсілі бойынша  жіктелуі
  11. Мәліметтер қорының реляционды моделі
  12. Реляционды мәліметтер қорының құрамы және құрылымы
  13. Мәліметтер қорының тармақты моделі
  14. Мәліметтер қорын басқару
  15. Мәліметтер қорының иерархиялық моделі
  16. МҚБЖ құрамы және құрылымы
  17. Мәліметтер жинағының қасиеті
  18. Мәліметтер түрлерінің логикалық және физикалық деңгейлері
  19. Мәліметтер қорын жобалау этаптары
  20. Мәліметтер қорының концептуалды моделі: мәліметтерді жинау, талдау және редациялау, физикалық және логикалық
  21. Мәліметтер қорының логикалық моделі: физикалық және логикалық байланыстарды бір структураға келтіру
  22. Мәліметтер қорының физикалық моделі: физикалық параметрлерді анықтау, мәліметтер қорын модельдеу
  23. Мәліметтер қорын реляционды жолмен тұрғызу
  24. Кортеж атрибут қатынастар дәрежесі
  25. Қатынастарды  бір қалыпқа келтіру
  26. Реляционды жолмен мәліметтер қорын жобалаудың артықшылығы
  27. Fox Pro көмегімен мәліметтер қорын басқару жүйесі
  28. Меню компоненттері, жүйесі және оны қосу
  29. Жұмыс істеу үшін ДББЖ дұрыстау
  30. Fox Pro ДББЖ: мәліметтер қорын жобалау, құру және модификациялау
  31. Объектілі-бағытталған бағдарламаның элементтері: константалар, функциялар, командалар, коментарии процедуралары
  32. Объектілі-бағытталған бағдарламаның сипаттамалары: инкапсуляция, полиморфизм.
  33. Эксперттік бағалар
  34. Эксперттік бағалар туралы түсінік
  35. Эксперттік бағаларды қолдану облысы
  36. Өнімдер сапаларының эксперттік бағалары
  37. Эксперттік бағаларды қолдану қажеттілігі
  38. Өнімдерді аттестациялау кезінде эксперттік бағаларды қолдану
  39. Бағаланатын өнімдердің жіктелуі
  40. Сапа көрсеткіштерінің базалық үлгілерін таңдау
  41. Бағаланатын өнімдердің сапалық көрсеткіштерінің номенклатураларын анықтау
  42. Эксперттік бағалар критерилері
  43. Өнімдер сапаларын бағалау кезінде критерилер таңдау
  44. Эксперттік тәсілдерді қолдану тәсілдері
  45. Эксперттік бағаларды қолдану әдістері
  46. Априорлы ықтималдықтар
  47. Пікірді қорытындылау ережесін тұрғызу
  48. Тақ бағалау әдісі
  49. Параллельді және тізбекті шешімдер
  50. Эксперттік әдістерді қолдану тізбегі
  51. Эксперттіе топтарды құрастыру
  52. Жұмысшы топтарын құрастыру
  53. Өнімдер классификациясы
  54. Өнімдердің сапалық көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау
  55. Эксперттік дайындау және сұрау
  56. Эксперттік бағаларды өңдеу және талдау
  57. Эксперттік жүйелер
  58. Негізгі баптар
  59. Негізгі түсініктер
  60. Эксперттік жүйеге қойылатын талаптар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе . Мәліметтер қоры және және жинағы, мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы түсінік. МҚБЖ даму тарихына қысқаша шолу