Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері
1.1.2 Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар
1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі
ерекшеліктері
1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері
1.2.Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері
1.2.2 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық
мәселелер
1.2.3 Электронды оқулық және оның тиімділігі
1.2.4 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін шарттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Ақпараттық (информациялық) қызмет .DOC

— 127.50 Кб (Скачать файл)


ЖОсПАРы

 

Кіріспе

1 Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі

1.1 Ақпараттық    қызмет көрсету жүйелері

1.1.2  Информациялық  қызмет көрсету жүйелеріне  қойылатын  талаптар

1.1.3  Информациялық  қызмет көрсету жүйесінің негізгі 

ерекшеліктері

1.1.4  Информациялық  жүйелер түрлері

1.2.Оқытуда компьютерлік  технологияны пайдалану

1.2.1 Компьютерлік оқыту  мәселелері

1.2.2 Оқытуда компьютерді  қолданудағы педагогикалық 

 мәселелер

1.2.3 Электронды оқулық  және оның тиімділігі

1.2.4 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және   ескерілетін шарттар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 


 

Кіріспе

      Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

     Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізі мектепте қаланады.

     Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын табуда.

 Ғылыми - техникалық  прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.

      Олай болса, оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын iздестiруде тек қана жаңа бiлiмдер беру әдiстерiн жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар оқушыларда iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру әдiсiн жетiлдiру iсiн де ескеру қажет.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі

1.1 Ақпараттық    қызмет көрсету жүйелері

 

       Адамзат баласы барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары   секілді қарапайым  құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар -  есепшот, арифмометр, арнаулы  математикалық   кестелер шығарыла бастады.  Бірақ үстіміздегі ғасырдың  40- жылдарында, ядролық  физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей  араласуын талап   ете бастады.                                                                                                                               

      ХХ ғасырдың ортасында информацияны  өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі   (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық  техника мен технологияның қарқынды дамуына  себепші болды.

      Ақпарат (Информация) -   дәл анықтамасы  жоқ кең ұғым.  Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер тағы басқалар жөніндегі мағлұматтар.

      Мысалы, айналадағы кеңістіктер жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы, күннің бұлтты екені және жауын жауу мүмкіндігін тағы басқаларды білдіретін информация . Көшеге ілінген бағдаршамның көк не қызыл түсте жануы – жолды кесіп өтуге болатын не болмайтынын білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен    ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.

     Информацияны сандық, кесте, сурет,  құжат (мәтін) сияқты түрлі түрде көрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелер арқылы   адам организмі кескінін суретке   түсіру;  мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару тағы басқалар.

     Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. ”Информациялық экономика теория ғана емес, өндірістер немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ ,“ – дейді  американдық  экономист  П.Хауке. 70-ші  жылдар шамасында  Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық  прогрестің көш басшылары (М.Порет, Е.Масуда, А.Тоффлер т.б) шын мәнінде “информациялық қоғам” туралы бірауыздан айтқан еді.  Бүгінгі пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны : ”Неғұрлым  көбірек және тезірек информация алу!” болып отыр .

      Өмір ағымының  жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін идентификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А.Тоффлердің  айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог “Келешекпен бетпе-бет келу ” атты кітабында: “Информация  пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ   соғуы керек ” дейді.

    “Информациялық жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын  болмаған дәрежеде   информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық  азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.                                                                                                

     Әлем қазір информацилық қоғам табалдырығында тұр. Осындай қоғамда информацияны тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса                                                                                                 маңызды роль атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ  информациялық орта пайда болып, олар азамат баласы жинаған информациядан кез келген адамның өзіне қажетті информацияны алуын қамтамасыз етеді. Компьютердің интелектуалдық  роботтармен қатар адам іс-әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Информацияларды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам  саны өсуде. Информация аса бағалы тауар болып, информация индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.

      Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

            Дүниежүзілік тарихтың мойнағына  үш ірі ағым тоғысатындай:

  • Технология ағыны;
  • Информация ағыны:
  • Осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны.

     Белгілі  мөлшерде информациялық тұрғыда бұрынғы жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениеті мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамзаттың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару  мен   ұйымдастыру түрлерінде де үлкен  өзгерістер болып жатыр.

     50 жылдың бас кездерінен бастап көптеген жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану оларды өңдеудің шапшаңдылығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.

      ЭЕМ- ді компьютер деп, автоматты  құрылғының не    адамның                                                                                        өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік тағы басқа информация  берілгендер деп аталады.

      Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берілгендерді өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі (программа )  арқылы жүргізіледі.

      Түрлі салаларда жиі пайдаланатын берілгендер мен программалар көп болғандықтан, әр түрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға,   дискілерге (тасымаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болады.

      Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру  информациялық қызмет көрсету (ИҚК) делінеді. Қазақстан республикасы мен ТМД  елдерінде тек ғылыми-техникалық  ИҚК-мен айналысатын кітапханалар ғана бар. Олардың анықтамалық-информациялық қорында екі миллиярдтан аса информациялық мәліметер жинақтап, көп мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған.  Осылардың  арасында қажеттісін іздеп, тауып беру көп еңбекті талап  етеді. Бірақ бұл жұмысты орындап шығудың  маңыздылығы сөзсіз. ИҚК-ның маңыздылығына бір ғана мысал: егер өндіріс басқармасын  қажетті информациямен, түрлі ғылыми-  техникалық    жаңалықтармен   дер   кезінде қамтамасыз етіп  отырмаса, ол жаңа техниканы пайдалануға  жоспарлауға, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруға үлкен кедергі келтірер еді.

      Қазіргі кезде информацияны тиімді пайдалану дүние жүзінде негізгі орынға шығып келеді. Қазір біз информациялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

     Жүйе – деп элементтері бір-бірімен қандай да бір заңдылықпен байланысқан жиында түсінеміз. Мұндай жиынның элементі ретінде құбылыстарды, әдістерді, білімдерді т.с.с. алуға болады. Мысалы, санау жүйесі, транспорт жүйесі, экономикалық, химиялық элементтер жүйесі, нерв жүйесі т.с.с.

Информациялық қызмет көрсету  жүйесі түсінігі кең таралған және түрлі мағыналық мәнге ие. Компьютердің ақпараттық бөлігі де жүйе деп аталады. Жүйе деп сондай-ақ нақты қолданбалы мәселелерді шешу процесіне қажетті құжатты жүргізу процедурасымен толықтырылған көптеген программаларды да атауға болады.

Жүйе түсінігіне информациялық қызмет көрсету сөзін қосу оның құрылуы мен қызмет етуінің мақсатын бейнелейді. Информациялық қызмет көрсету жүйелері кез-келген облыста шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және ақпаратты берумен қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдап, жаңа өнім жасауға көмектеседі.

 

     Информациялық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.

Алғашқы информациялық  қызмет көрсету жүйелері  50-жылдары  пайда болды. Бұл жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді  өңдеу үшін бағытталып, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында  орындалды. Бұл кейбір шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.

     60-жылдары информациялық қызмет көрсету жүйесіне деген қатынас өзгерді. Олар информацияны көптеген параметрлер бойынша есептеп,   айлықты ғана есептейтін ғана емес, сонымен бірге көптеген қосымша қызметтерді орындайтын компьютерлік жабдықтар ретінде ұйымдастырыла бастады.

70-80 жылдардың бас кезінде  шешім қабылдау процесін тездететін  информациялық қызмет көрсету  жүйелері басқаруды бақылау құралы  ретінде кеңінен қолданыла бастады.

90 жылдың соңғы кезінде информациялық қызмет көрсету жүйелерін қолдану концепциясы қайтадан өзгеріске түседі. Олар информациялық стратегияның бастауына айналып, кез-келген профильді ұйымдастырудың барлық деңгейінде қолданылады. Бұл кезеңнің информациялық қызмет көрсету жүйелері пайдаланушыға қажетті информацияны дер кезінде, ыңғайлы түрде ұсынып, ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруда жетістіктерге жетуіне, жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін құруға, тауарлар өткізудің жаңа рыноктарын табуға, өзіне лайықты серіктер табуға, өнімді төмен бағада шығаруға және т.б. көмектесе алады.

Қазіргі информациялық  қызмет көрсету жүйесінің негізгі  техникалық құралы ретінде дербес компьютерді  қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық  қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.

 Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары көп. Мысалы,

    • электронды оқулықтар жасап шығару;
    • кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу, олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);
    • абоненттік  телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
    • қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;

Информация о работе Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі