Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері
1.1.2 Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар
1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі
ерекшеліктері
1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері
1.2.Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері
1.2.2 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық
мәселелер
1.2.3 Электронды оқулық және оның тиімділігі
1.2.4 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін шарттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Ақпараттық (информациялық) қызмет .DOC

— 127.50 Кб (Скачать файл)

Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру  үшін орындалатын әрекеттер мынадай:

-информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

    • информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) жинақты түрде құру;
    • мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің программасын жазып шығу;
    • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;
    • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
    • дұрысталған программаны сақтау;
    • пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.

 

 

    1.1.2  Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын    

    талаптар

 

     Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. ИҚК үшін ЭЕМ-ді тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және ИҚК дамуының алғышарттары болып табылады.

Компьютерлер мен информациялық  қызмет көрсету жүйесі арасындағы айырмашылықты  дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Информациялық қызмет көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.

  Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар құрылып  жатқан салаға байланысты түрліше болуы мүмкін. Бірақ информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар да бар:

    • кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесі талданып, жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде құрылып, басқарылуы тиіс;
    • информациялық жүйе динамикалық әрі жан-жақты дамып отыруы керек;
    • информациялық жүйені құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану керек.;
    • информациялық қызмет көрсету жүйесін информация өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қарастыру керек.

Қазіргі кезде информациялық  қызмет көрсету жүйелерін компьютерлік техниканың көмегімен іске асқан  жүйе ретінде қарастыру көзқарасы  қалыптасқан. Алайда информациялық қызмет көрсету жүйесін компьютерлік емес вариантта түсінуге де болады.

 

 

1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері

    

     Кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Олар:

    • қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;
    • информацияның нақтылығын,  дәлдігін қамтамасыз етеді;
    • үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;
    • қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;
    • информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
    • пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;
    • қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т.б.

 

 

     1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері

 

Информациялық жүйесі пайдаланушы  қолданатын бағдарламамен қамтамасыз етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады. Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген қашықтықта болуы мүмкін.

Үлкен немесе орташа информациялық  қызмет көрсету жүйесінің негізгі  қызметі тұтынушы белгілі бір  информациялық сервиспен қамтамасыз етіп, басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Қазіргі кезеңдегі информациялық  қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен екі режимде жұмыс істей алады:

Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.

Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.

Осы заманғы информациялық  жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.

 Осының арқасында информациялық жүйе:

  • әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;
  • жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;
  • тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды әрдайым жаңарту;
  • тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т.б. жұмыстарды істей алады.

 

 

                    1.2 Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану

 

     1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері

 

     Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

     ХХІ ғасыр ақпараттық қоғамда және  өндірістің дамуының негізгі құрылымы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.  Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуды жаңа бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуды жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдар білім беру жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.

      Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.

Компьютерде оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық  бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда  болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс  болады. Оқушы компьютермен жұмыс  барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.

      Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.

     Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.

       Компьютерде оқу процесінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін атауға болады:

    • Оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әр бір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға болады;
    • Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар естетін, көретін, сөйлейтін) оқудың тиімділігін арттыруға болады;
    • Оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы жасқаншақтық әдеті ескеріледі;
    • Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді;
    • Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.

 

      Бала бастауыш мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпараттық технологияны меңгеруіне болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде, конструктірлеу және т.б. өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз кезінде ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол баланың іс-әрекетінің интелектеулды құрылысымен сәйкес келуі керек.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі  дидактика мен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.

Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі  күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс  жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не үрдісін дұрыс құра білу керек.

       Оқыту технологиясын оқу үрдісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал таппаса болмайды. Сондай-ақ  мектептің материалдық-техникалық базасын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.

      Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды. Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс – толқын мен кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті (бұл жүйе оқушы мен техника құралдары арасындағы екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

     Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер болып саналады.

      Мектептегі не сыныптағы есептегіш техникалардың көптігіне қарамастан сабақтағы орталық тұлға “оқушы - ЭЕМ” жүйесіндегі өзара қарама-қатынасты реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол – жалпы компьютерлік сауаттылық жағдайындағы оқу үрдісінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.

     Компьютерлік оқытудың әдіснамасын, ұстанымдарын, әдістемесін игеру мұғалімнің мамандығына қарамастан профиссиограмма мен инвариантты біліктілігі талаптарына сай болуы тиіс.

      Сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда есептегіш техникаларды пайдалану оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сай, сондай-ақ, сабақтың мақсаты мен мазмұны және оның кезеңдеріне сәйкес әр түрлі есептегіш машиналары құралдарының дифференциясы біркелкі жағдайда кешенді болмағы ләзім.

 

 

     1.2.2 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық мәселелер

 

      Есептеуіш техникаларды пайдалану оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудыратыны сөзсіз. Ал біртепті, яғни, бірінші тоқсанның соңына қарай олардың бастапқы талпынысы төмендейді, ЭЕМ құралынсыз сабақ қызықсық көрінетін болады. Сабақта ЭЕМ техникасын пайдалану оқушылардың күшті не әлсіз даму деңгейін талғамайды, өйткені, ол бәрін бірдей дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең.

      Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісіне енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Өйткені, ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

       Есептегіш машинаны оқып үйренуші қандай режимде жұмыс істесін оның іс-әрекеті мұғалімнің бақылауында болуы тиіс. Олай деуіміз негіз, бүкіл сыныптың қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс көрсеткіштеріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т.б. ауыстырып отыруы тиіс. Сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушының назарын экран мен клавиатурадан басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие.

 

 

      1.2.3 Электронды оқулық және оның тиімділігі

 

      Білім берудің саласында "Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Информация о работе Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі