Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері
1.1.2 Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар
1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі
ерекшеліктері
1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері
1.2.Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері
1.2.2 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық
мәселелер
1.2.3 Электронды оқулық және оның тиімділігі
1.2.4 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін шарттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Ақпараттық (информациялық) қызмет .DOC

— 127.50 Кб (Скачать файл)

      Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

      Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

      Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материаддарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақьпта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

      Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық окулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электроңдық практикум" берілген оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып — үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.

      Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды окулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды окулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

      Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

 

 

    1.2.4  Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және  

    ескерілетін шарттар

 

     Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабактарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

Компьютермен оқыту  әдісін жүзеге асыру жалпы білім  беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге  сонымен тығыз байланысты белгілі  бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше  мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

- оқу процесін компьютерлендірудің  қажетті деңгейін анықтау;

- компьютерге жүктелетін  функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін  анықтау;

- әр пән мұғалімдері  мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.

      Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.

      Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

- таратылып берілетін  оқу материалдары;

- бақылау және тестен өткізу материалдары;

- жаттығулар;

- сыныппен (топпен) немесе  жекелеп оқытуға және өздігінен  оқып-үйренуге арналған әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

     Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның акпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

      Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу кажет.

      Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек сияқты.

- белгілі бір пәнге  байланысты дайындалған электрондық  оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;

- электрондық оқулықтар  курста оқытылатын тараулар мен  тақырыптарға қатысты лекция  конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;

- электрондық оқулықтың  кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын  яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

- белгілі бір тақырыпқа  қатысты материал 2-3 экрандық беттен  артық болмауы тиіс. Егер мәтін  көлемі бірнеше экрандық бетті  қамтитын болса онда экранда  пайда болатын оң жақ тік  төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға —солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.

- бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.

- оқулықты шектен тыс  иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан  көркемдеу пайдаланушыға кері  әсерін тигізуі мүмкін, бірақ  кейбір пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтіңді формат арқылы электрондық оқулықа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.

     Оқыту программасы қаншалықты тиімді екендігін оны  тек сабақта қолданып болған соң, талай отырып айтуға болады .

    Электрондық оқыту программасын жасайтын программалаушылардың қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет.  

       Компьютер арқылы  оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге , оқуға   жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы    есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс .

      Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың  программасын жасау – берілген алгоритмді  компьютер программасына аударуға барып тіреледі . Мұндай жоғары деңгейдегі  программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың  жүйелік құралдары қолданылады.

    Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары  әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға  қажетті ұсыныстармен   толықтырылды .

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап  етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.

Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап  ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.

Сонымен компьютерді оқу процесінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін  атауға болады:

- оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әр бір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға болады;

- денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар естетін, көретін, сөйлейтін) оқудың тиімділігін арттыруға болады;

- оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы жасқаншақтық әдеті ескеріледі;

- оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді;

- оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Х.Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана-2003.
  2. Оспанов Т.Қ. Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. І-бөлім. Алматы-1995. Республикалық баспа кабинеті.
  3. Т.Қ.Оспанов, Қ.Ә.Өтеева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева   Математиканы оқыту әдістемесі. /1-сынып/. Алматы “Атамұра” 1997.
  4. О.Камардинов. Visual Basic 5.0   Шымкент 2001.
  5. О.Сейітқұлов. Visual Basic 6.0 (1-бөлім),  Шымкент 2005.
  6. О.Сейітқұлов. Visual Basic 6.0  (2-бөлім), Шымкент 2006.
  7. О.Сейітқұлов. Visual Basic 6.0  (3бөлім), Шымкент 2006.
  8. Атли К. Visual Basic. NET.   Самоучитель   Москва 2005.
  9. В.Г.Кузьменко.  VBA-2003,  Москва. Издательство – Бином 2004.
  10. А.Арлов VBA: для тех, кто любит думать. Москва. СОЛОН-Р 2002.
  11. Х.М.Дейтел, П.Дж.Дейтел, Т.Р.Насто Как программировать на Visual Basic.  Москва. Издательство – Бином 2003.
  12. М.Хановерсон. “Шаг за шагом”. Visual Basic 5.0. “Эком”, М.,1998
  13. Д.Соха и др. Visual Basic 5.0, Минск, 1997

Информация о работе Ақпарат (информация) автоматтандырылған өндеудің объектісі