Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 21:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінің оқу- әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және 7-9 сынып аралығында оқулықтарға талдау жасау. Frontpage бағдарламасын қолдана отырып, “Paint графикалық редакторы” тақырыбына электрондық курс әзірлеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама беру;
- Мектептегі информатика оқулықтарына талдау жасау;
- «Paint графикалық редакторына» арналған электрондық курс әзірлеу;
Кіріспе....................................................................................................................3
1 Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................4
1.1 Информатика оқулығына қойылатын талаптар............................................5
1.2 Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар...............................6
1.3 Информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар.......6
1.4 Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар................................7
1.5 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар ........................................7
2 Мектеп информатика курсы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды зерттеу..8
2.1 Информатиканы оқытуға араналған оқу бағдарламалары................................8
2.2 7 сынып оқулықтарына талдау...........................................................................11
2.3 8 сынып оқулықтарына талдау...........................................................................13
2.4 9 сынып оқулықтарына талдау.....................................................................16
2.5 Sin Kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау..........................................................................................................................19
3 «Paint графикалық редакторына» электрондық курс құру...............................22
Қорытынды ...............................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................30
Соңғы 4-бөлім Компьютер және қоғам. Бұл 2005 жылғы кітапта қарастырылмаған, яғни бөл бөлім жаңадан қосылған. Ол екі тақырыты қамтиды. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің жаңа рөлдері, Әлемдік ақпараттық қоғам. Бұл бөлімде интернеттің мүмкіндіктері, яғни интернет қай салада қолданылып келетіні жазылған. Әлемдік ақпараттық қоғам тақырыбында информатикалау деп аталатын жаңа енгізу процесі қарастырылған. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы тек өндіріс саласының ғана емес, адам өмірінің барлық құрылысының, оның құндылықтар жүйесінің өзгеруіне әкеледі.
2005 жылғы кітаптың
бір ерекшелігі кітаптың
Қорыта келгенде, 2005 жылғы оқулықта 9 бөлім қарастырылған, 2009 жылғыда ол 4 бөлімге қысқартылған, яғни көптеген ұқсас тақырыптар біріктіріліп жазылған. Мысалы, алгоритм мен Паскаль тақырыптары 2003 жылғыда 7 бөлімде қамтылса, 2009 жылғыда ол бір бөлімде ғана қарастырған. 2009 жылы шыққан оқулық жақсы безендірілген, сызбалар, кестелер, суреттер көркемделіп салынған. Және бұл оқулыққа жаңадан бір бөлім қосылып жазылған. Ол Компьютер және қоғам, яғни мұнда қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-ң жаңа рөлдері жайлы қарастырған.
2.5 SIN kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау
«Sin kaz» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы «04» тамыздағы № 427 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317 және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы «09» тамыздағы № 02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы» болып саналады. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулықта кездесетін жаңа термин сөздердің қазақша-орысша сөздігі (оқу-әдістемелік құралдың терминологиялық негізі ретінде Microsoft корпорациясы ұсынуымен Windows амалдық жүйесінің және Microsoft Office бағдарламалар дестесінің қазақ тіліндегі тілдесуінде қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминологиялық сөздік алынды)
Бұл курстың өзінің мақсаты, сипаттамасы, мазмұны болады. Курстың мақсаты - Курс қажетті «Компьютерлік сауаттылықтан» басқа, пайдаланушыны компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тартады. Тыңдаушыны Интернеттің әлемдік желісіндегі тиімді және қауіпсіздік жұмысын үйретеді. Алынған білімдер ғылымдық жұмыстарды (баяндамалар, рефераттар) құруға, сондай-ақ басқа қалалар мен елдердегі әріптестермен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Курс қызметкерлерге түгелдей пайдалы ақпарат береді.
Бұл курс 12 модульден тұрады. Барлық модульдерге бөлінген сағат саны -40.
Модуль аты |
Мазмұны |
1 модуль |
Кіріспе және дербес компьютермен алғашқы танысу |
1 |
Компьютер деген не? |
2 |
Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда пайдаланылады |
3 |
Күтім ережесі және техникалық қауіпсіздік |
4 |
Ақпараттың өлшем бірлігі |
5 |
Клавиатура мен тышқанмен танысу |
6 |
Қандай компьютер сатып алу керек? |
7 |
Компьютерді өзің құрастыру үшін нені үйрену керек? |
8 |
Компьютерді қалай дұрыс қосу және сөндіру керек? |
Кесте 1. Курста қарастырылған тақырыптар
Кесте 1. Жалғасы
2 модуль |
Windows-ты меңгеру |
1 |
Операциондық жүйе деген не және ол ДК қалай басқарады? |
2 |
Операциондық жүйелерге қысқаша шолу |
3 |
Жұмыс столы және оның құрылымы |
4 |
Windows терезесінің құрылымы |
5 |
Терезелерді қалай басқару керек |
6 |
Стандарттық бағдарламаларды іске қосу |
7 |
Windows жүйесінің анықтамалығы |
3 модуль |
Папкалармен және файлдармен тиімді жұмыстар. Объектілерді орналастыру және көшіру |
1 |
Файлдар мен папкалар деген не? |
2 |
Файлдардың атауы |
3 |
Каталогтардың бұтағы |
4 |
"Жетектегіш" бағдарламасы |
5 |
Папкалар мен файлдарды құру |
6 |
Папкалар мен файлдардың атын өзгерту |
7 |
Папкалар мен файлдарды жою |
8 |
Қалтадағы жойылған папкалар мен файлдарды орнына келтіру |
9 |
Алмастыру буфері мен тышқанның көмегімен папкалар мен файлдарды көшіру және орналастыру |
10 |
Дискетаға тез көшіру |
11 |
Өз компьютеріңдегі немесе жергілікті желідегі папкалар мен файлдарды іздеу |
4 модуль |
Деректерді мұрағаттау |
1 |
Мұрағаттау деген не және олар не үшін керек? |
2 |
WinZIP, WinRAR мұрағаттарымен практикалық жұмыс |
3 |
Мұрағатты құру |
4 |
Мұрағаттан шығару |
5 модуль |
Жергілікті желі. Жергілікті желідегі электрондық поштамен тиімді жұмыс |
1 |
Негізгі ұғымдар |
2 |
Жергілікті желінің ресурстарын қарау |
3 |
Жергілікті желідегі өз компьютеріңнің ресурстарға қол жеткізуді қалай ұйымдастыру керек? |
4 |
Жергілікті желідегі электрондық пошта |
Кесте 1. жалғасы
6 модуль |
Word-тағы жұмыс. Құжаттарды жасау және әдемілеп рәсімдеу |
1 |
Word терезесін шолу |
2 |
Құжаттарды құру тәсілдері |
3 |
Мәтіндік фрагменттерді бөлу ережесі |
4 |
Жазу ережесін тексеру |
5 |
Құжаттарды форматтау (шрифт, колонтитулы, бөлімдер, стилдер, абзац, тізбелер, колонкалар) |
6 |
Шетін және құюды рәсімдеу |
7 модуль |
Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді тез құру және рәсімдеу. Құжаттарды қағазға басып шығару |
1 |
Суреттерді қою |
2 |
«Суреттемені реттеу» құралдарының панелі |
3 |
Автобейнелерді және WordArt объектілерін қою |
4 |
«Суреттерді салу» құралдарының панелі |
5 |
Кестелерді жасау және рәсімдеу |
6 |
«Кестелер және оның шегі» құралдарының панелі |
7 |
Құжаттарды қағазға шығаруға дайындау |
8 модуль |
Excel-дегі жұмыс. Электрондық кестелерді жасау |
1 |
Excel терезесін шолу |
2 |
Кестелердің құрылымы (бағандары, жолдары, ұяшықтар) |
3 |
Деректерді енгізу |
4 |
Бірыңғай деректермен кестені қалай автоматтауға болады? Автотолықтыру |
5 |
Ұяшықтарды форматтау |
9 модуль |
Диаграммаларды есептеу және құру |
1 |
Формулалар мен жәй есептеулерді пайдалану |
2 |
Автоқосынды |
3 |
Деректерді іріктеу |
4 |
Диаграммаларды құру |
5 |
Диаграммаларды әдемі рәсімдеу |
10 модуль |
PowerPointтегі жұмыс. Әдемі презентацияны құру. |
1 |
Презентацияны құрудың тиімді тәсілдері |
2 |
Конструктор мен шаблондарды пайдалану |
3 |
Слайдтарды рәсімдеу |
4 |
Анимацияны реттеу |
5 |
Презентацияның демонстрациясы |
6 |
Қорытынды жұмыс |
Кесте 1. жалғасы
11 модуль |
Интернет бойынша кіріспе және алғашқы саяхат. Интернетке қалай қосылуға болады? Интернет мүмкіндігі. |
1 |
Интернет деген не және ол не үшін керек? |
2 |
Үйде Интернет желісіне қалай қосылуға болады? |
3 |
E-mail, ftp, www, ip-телефониясының мүмкіндігіне қысқаша шолу |
4 |
Internet Explorer браузерімен жұмфыс сітеу негіздері |
5 |
Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталы |
6 |
Е-үкімет (қажетті ақпаратты іздеу, формулярды қағазға басып шығару) |
7 |
Интернет-қызмет (қонақ үйлерінде брондау, туристік сапарға тапсырыс, мәтіндерді аудару және т.с.с.) |
8 |
Интернет-банкингі |
9 |
Интернет-дүкендер |
10 |
Чаттар, форумдар |
11 |
Интернет арқылы шығу, Итнтернет арқылы ұялы телефондарға хабарлама жіберу |
12 |
Ip-телефониясы (skipe бағдарламасы) |
13 |
Қашықтықтан оқыту |
12 модуль |
Электрондық поштамен жұмыс. Outlook Express бағдарламасымен тиімді жұмыс. Web-почта |
1 |
Электрондық пошта қалай жұмыс істейді? |
2 |
Үйде поштаның жүйесін реттеу |
3 |
Хаттарды құру, жіберу және қабылдау |
4 |
Хаттарды жазу кезіндегі тонының жақсы ережесі |
5 |
Хабарламаға жауап және оны жіберу |
6 |
Әдемі хаттарды құру |
7 |
Хаттарға файлдарды бекіту |
8 |
Жеке ақысыз пошталық адресті алу |
9 |
Web-поштамен жұмыс |
Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады. Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады.
3 «Paint графикалық редакторына» арналған электрондық курс құру
Электрондық курс студенттер үшін мектепте, жоғарғы оқу орындарында оқыған жылдарының барлығында да, өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін, мәліметтер базасы болып табылады. Электрондық курстармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Электрондық курсқа мынандай анықтама беруге болады: электрондық курс – бұл компьютер арқылы оқу курсының немесе оның кез келген бөлімін өз бетінше меңгеруге көмектесетін бағдарламалық - әдістемелік комплекс. Ал мұғалім үшін электрондық курс - күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Курстың модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, оқулықтың тиімділігін айқындай түседі.
Электрондық курс - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де, әрбір адамның бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Бұл электронды курста орта мектептің негізгі курсындағы «Paint графикалық редакторы» бөлімі қарастырылған. Осы электронды курс 7-сынып оқушыларына қосымша құрал, ал информатика пән мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде қолданылады.
Электрондық курс Front page бағдарламасын қолдана отырып жасалынды. Электрондық курсқа қысқаша сипаттама жасап өтейік.
Электрондық курстың құрылымдық элементтерiне:
Электрондық курстың сыртқы бетінде – электрондық курс тақырыбы туралы мәлімет сипатталады. Бас меню бөлімінде әр бөлімге баратын, тақырыптары көрсетілген батырмалар жасалынған. Тақырыптары көрсетілген батырмаларға шерту арқылы әрбір бөлімді қарауға болады.