Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 21:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінің оқу- әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және 7-9 сынып аралығында оқулықтарға талдау жасау. Frontpage бағдарламасын қолдана отырып, “Paint графикалық редакторы” тақырыбына электрондық курс әзірлеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама беру;
- Мектептегі информатика оқулықтарына талдау жасау;
- «Paint графикалық редакторына» арналған электрондық курс әзірлеу;
Кіріспе....................................................................................................................3
1 Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................4
1.1 Информатика оқулығына қойылатын талаптар............................................5
1.2 Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар...............................6
1.3 Информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар.......6
1.4 Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар................................7
1.5 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар ........................................7
2 Мектеп информатика курсы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды зерттеу..8
2.1 Информатиканы оқытуға араналған оқу бағдарламалары................................8
2.2 7 сынып оқулықтарына талдау...........................................................................11
2.3 8 сынып оқулықтарына талдау...........................................................................13
2.4 9 сынып оқулықтарына талдау.....................................................................16
2.5 Sin Kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау..........................................................................................................................19
3 «Paint графикалық редакторына» электрондық курс құру...............................22
Қорытынды ...............................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................30
Сурет 1. Электронды курстың бастапқы беті
Сурет 2. Электрондық курстың бас мәзірі
Теориялық бөлімде Paint графикалық редакторының жұмыс істеу мүмкіндіктері, Paint графикалық редакторында сурет салу кезеңдері, құралдары, командалар тақырыптар қарастырылған. Және де теориялық бөлімнің бір тақырыбына бейнедыбыстық сүйемелдеулер кірістірілді. Ол кірістірулер оқушыларға бұл тақырыпты оңай қабылдап алуға септігін тигізеді. Ал практикалық бөлімінде зертханалық жұмыстар, тест сұрақтары кірістірілген. 10 зертханалық жұмыс қарастырылды, яғни бұл зертханалық жұмыс арқылы әр оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде компьютерде қолдана білуді үйренеді.
Сурет 3.Электронды курстың теориялық бөлімі
Сурет 4. Электронды курстың практикалық бөлімі: Зертханалық жұмыстар
Сурет 5. Электронды курстың практикалық бөлімі
Сурет 6. Электронды курстың практикалық бөлімі: Тапсырма
Зертханалық жұмыстарды орындағаннан кейін, оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін тексеру үшін тест тапсырмасын орындайды және нәтижесін, яғни сұраққа қаншалықты дұрыс жауап бергенін тест соңында автоматты түрде сұрақ сандарымен көруіне болады. Бұл құрылған электронды курста сілтемелер арқылы келесі беттерге өтуге және келесі тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін алады.
Сурет 7. Тест
Сурет 8. Тестілеу нәтижесі
Бұл электрондық курс оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Мазмұны қиындау үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ электронды курстың негізінен кез келген мәліметті тауып алып, оқып үйренуге болады. Зертханалық, практикалық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тапсырмалар мен тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген. Электрондық курсты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Сондай – ақ, мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, яғни, заман талабына сай жас ұрпаққа саналы білім беруде электрондық курстарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек.
Қазіргі XXI ғасыр кезеңінде
қоғамның қалыптасуында мектептің
алатын орнын бағалай отырып, біз
мектеп оқушыларына қандай еркіндік
пен жауапкершілік артып
Білім берудің кез-келген саласында Paint графикалық редакторын пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, сурет салу шеберлеріне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.
Электронды курстың оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына және өз бетімен жұмыс істеуіне көп септігін тигізетіні сөзсіз.
Қорытынды
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Мысалы, “Электрондық курстарды” пайдалану студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Сондықтан жаңадан жарық көріп жатқан оқулықтар мен ескі басылымдағы оқулықтардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу болашақ мұғалімдер мен мектеп мұғалімдеріне өте қажет болып келеді. Және де барлық талаптарға сәйкес келген оқулықтардың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Информатика пәнін оқытуда оқулықты талдау мәселесі – аса маңызды болып есептеледі.
Курстың нәтижесі:
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
С. Пилипенко, Ермеков Н. - Алматы: Атамұра, 2003
С. Пилипенко, Ермеков Н. - Алматы: Атамұра, 2007