WEB-қосымшаларын өңдеудің технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 07:11, реферат

Описание работы

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек.

Файлы: 1 файл

2_blok_informatika.docx

— 105.21 Кб (Скачать файл)

2.Тұрақты  қосылып тұрмайтын байланыстар. 

3.Пошталық  байланыстар.

Тұрақты қосылып  тұратын байланыс-мұнда жеке компьютер  тікелей TCP/IP желісіне қосылған түрінде  болады.бұл Internet-тің бір шеткі  бөлігі,яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі  компьютермен жалғасып тұр.Тұрақты  қосылып тұрмайтын байланыс-мұнда  керісінше жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылмаған түрінде болады.Пошталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық  байланыс түріндегі тағы бір түрі бар,бірақ ол тек почта жүйесімен  ғана қоса алады.UUCP деген почталық байланыс түрі бар,онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнықтылады.Internet Expoler-бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,браузер  деп аталатын арнайы программа.

Браузер-қарап  шығушы (brouser).1.Гипермәтіндік байланысу  мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс  істеуге арналған программа.Ол әркімнің таңдауы б/ша кәдімгі мәтіннің бейненің немесе графиктердің экранда бейнелеуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді.2.Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша программалар жасақтама.3.Web беттерін қарапшығуға,құжат сақталған web-серверімен байланыс орнатуға web беттерді пішімдеуге,бейнелеуге,web- беттердің іздестіруін жеделдету т.б. арналған программа. 
4.2 Жергілікті желідегі құжаттарды құру жəне олармен жұмыс.

Жергілікті  желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады. 

Жергілікті  желі – дербес компьютерді бір-бірімен  немесе оларды желі сервері рөлін  атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып  тұратын желінің ең қарапайым  түрі.

Жергілікті  желі әрбір тұтынушыға  бір-бірімен  өте жылдам қатынасуға мүмкіндік  жасайды. Оның мынадай  ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

­ Құжаттарды бірге пайдалану;

­ Құжат айналымын  жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан  тұрмай ақ,жиналыс жасамай ақ әртүрлі  құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме  беруге мүмкіндік алады.

­ Компьютер  дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу.

­  Сервердегі қолданбалы программамен оңай байланысу.

Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптер  арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек  сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көптеген түрлері бар.

Соңғы кезде  бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап  келеді. Мұның артықшылығы,біріншіден,жалпы  көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат емес,екіншіден,жұмыс  істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

 

4.3 Internet Explorer браузерін баптау жəне онымен танысу.

Windows амалдық  жүйесінің құрамына Internet Expoler браузері  кіреді .Internet Expoler бұл интернетке  саяхат жасау үшін қолданылатын,браузер  (қарап шығушы)деп аталатын арнайы  программа.Браузерді іске қосу  үшін жұмыс столынан немесе  есептер тақтасынан Internet Expoler пиктаграммасын  табу қажет,соған крусорды алып  барып,тышқанның негізгі батырмасын  екі рет шерту керек.Internet Expoler жұмысын Windows 98 ортасында көрсетіледі,сондықтан  оның іс әрекеттерді осы операциялық  жүйеге сәйкес баяндалады.Internet Expoler-ді  іске қосар алдында желімен  алыстан қатынас құру программасы  іске кіріседі,ал провайдер серверімен  компьютерді байланыстырады.Мұндайда 3 терезе мәліметтер енгізілуі  тиіс желідегі аты-жөніңізге және  пороль,оған қоса провайдер серверімен  байланыстыратын олардың телефон  нөмірі сеанс кезінде кез келген  сәтте “болдырмау” батырмасын  басу арқылы байланысты үзуге  болады.

Internet Expoler терезесінің  жұмыс аймағындағы 1 цифры орында  ҒТР серверге кіріп отырған  адамға арналған мәтін көрсетіледі.Экранда  көрінбей одан тысқары тұрған  мәтін бөліктерін көру үшін  көлденең немесе тік  жылжыту  сызықтарын пайдалану керек,олар Internet  Expoler терезесінің оң жақ  және төменгі шеттерінде орналасады.Браузер арқылы біз кез келген уақытта басқа ҒТР-серверге ауыса аламыз.

 

4. 4 Электрондық поштамен жұмыс істеу реті.  

Компьютерлік  желі көмегімен тек бір қала аумағында  ғана емес,дүние жүзі деңгейінде,ақпараттарды таратуға алады.Ақпараттардың хат,есеп,құжат,баяндама,электрондық  кесте және т.б.түрінде берілуі  мүмкін.Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық  почта д.а.Электрондық  почта бұл компьютер желісінде  электронды хаттар алмасу жүйесі.Электрондық  почта жағынан әдеттегі пошта  қызметіне ұқсас.Сіз абонеттерге  хатты олардың мекен-жайына жібересіз,ал олар кезегінде сіздің мекен-жайға  жазады.Электронды поштаны әдеттегі поштамен салыстырғанда бірқатар маңызды  артықшылығы бар

1.Хабарларды  жіберу жылдамдығы.Егер әдеттегі  поштамен жіберілген хат бірнеше  күнде,аптада жетсе,электронды пошта  арқылы жіберілген хат тарату  бірнеше секундта немесе бірнеше  сағатта жетеді.Электрондық хат  тек мәтіндік хабарлардан ғана  тұрмайды.Сонымен оған бірнеше  файлдар салыну мүмкіндігі бар,бірақ  хатты жылдам жеткізуге кедергі  келтірмес үшін өте үлкен файлдарды  жіберуге болмайды.Мұндай кедергілерден  алдын-ала сақтану үшін кейбір  пошталық Серверлерге жіберілетін  хабарламалардың өлшеміне шектеулер  енгізіледі.2.Электрондық хатты бірден  бірнеше абонентке жіберуге болады,Мысалы,кездесуге  шақыру.Пошталық қызметтің негізгі  объектісі хат.

 

 

4.5 Веб бетіндегі мəтінді безендіру жəне графиктерді қою.

HTML тiлiнiң  кодталған мəтiндiк құжаттары  (" html " немесе " htm " деп сақталатын) арнайы қосымшалармен , оның форматталған  түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер  немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу

мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome жəне Opera болып табылады.        HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер (блокнот)), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады. Сіздер қарапайым блокнотта құжатты  жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген  кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде  сақтасаңыз толық құнды web бетті  аласыз.  HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>, <head></head>,  <body></body>, <title></title>.<head></head>,  <body></body>, <title></title>.Тақырыптар. HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... , <h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады. Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз.

4.6 Гиперсілтемелер және фреймдерді  құру

Келесі дəрежелерін  де осылай қойып шығуға болады Гиперсілтемелер  HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі <a href="php.chm">PHP кітабын  түсіріп алу</a> Нəтижесі мынадай: PHP кітабын түсіріп алу href параметрі  сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде жазылады:

<a href="http://webdesign.net-soft.ru/php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a> Дəл  манадағы сілтемемен ұқсас, тек  нақты құжаттың орналасқан жерін  көрсетеді.Web бетке сурет қою. HTML құжатқа сурет келесі түрде  қойылады <img src="suret.jpg" width="100" height="140" alt="Менің сүйікті  қалам - Алматы">. <img> тегінің  параметрлерінің мəніне тоқталайық. Көріп тұрғандарыңыздай бұл дара  тег. src параметрі суреттің жолын,  яғни қай жерден алатынымызды  көрсетеді. width жəне height парметрлері  HTML құжатта суреттің ені мен  биіктігін пиксель бойынша береді. alt параметрі альтернативті мəтін,  яғни егер сурет браузерде  ашылмаған жағдайда көрінетін  мəтін. Нақтырақ айтсақ, HTML құжатқа  қойған суретіміздің атауы десек  болады.  HTML құжаттағы фреймдер. Фрейм  - бұл басқа HTML құжат орналасатын  рамка. Көптеген сайттар фреймдік  құрылыммен жасалады.name параметрі-  фреймнің аты, src - сол фреймде  ашылатын беттің жолы (орналасқан  жері), ал width, height сəйкесінше рамканың  ені мен биіктігі. scrolling параметрі  фреймнің айналасындағы сызықтар (белдік) бар жоқтығын анықтайды,  егер HTML кодта бұл параметр жоқ  болса, онда фреймнің айналасындағы  сызық қажет болғанда ғана  көрінеді, егер ол параметр "no" деген мəнге тең болса, онда  кез-келген жағдайда көрінеді.

 

 

 

 

 

5-сұрақ

5. Кестелер  құру. 

Кесте құру үшін тышқанның көмегімен Кесте  объектісін екпінді етіп алу керек.Сұхбат терезесінде кесте құрудың 5 түрі бар;

1.Кестелік  тәртіп-әр бағдарламадағы өріс  аттарын енгізу арқылы кесте  құрады.

2.Конструктор-өріс  тізімдерін жазу арқылы және  ол өрістің қасиетін беру арқылы  кесте ққрады.

3.Кесте шебері-кестені  автоматты түрде программа шебері  арқылы,ондағы тізімдерден дайын  өрістерді таңдап алу арқылы  құрады.

4.Кесте импорты-кесте  құрлымы мен мәліметтерді басқа  МҚ нан алу арқылы құрылады.

5.Кестелермен  байланыс-кесте базада МҚ да  бар кестемен байланыс жасау  арқылы құрылады.

Кесте жасау  үшін”Конструкторды” пайдаланады.Конструктор  екі бөліктен тұрады.Терезенің жоғарғы  бөлігінде өріс атаулары,мәлімет  типтері мен түсініктемелер,коментарийлер  жазылады,төменгі бөлігінде өріс қасиетін сипаттау параметрлері енгізіледі.

 

5.2 Пішін құру

Тінтуір түймешігін бір рет басып, пішін жасау  үшін пішін құралын пайдалануға  болады. Бұл құралды пайдаланған  кезде негізгі деректер көзіндегі  барлық өрістер пішінге орналастырылады. Жаңа пішінді бірден пайдалана беруге немесе қажеттіліктеріңізге дұрыстап сай келтіру үшін, оны орналасу көрінісінде немесе құрастырушы  көрінісінде өзгертуге болады.

Жаңа пішін  жасау үшін пішін құралын пайдалану  керек.

1  Шарлау  аумағында пішіннен көрінетін  деректері бар кестені немесе  сұрауды басыңыз.

2  Жасау қойындысындағы Пішіндер тобынан Пішін параметрін таңдаңыз.

Access бағдарламасы пішінді жасап,  оны орналасу көрінісінде көрсетеді.  Орналасу көрінісінде пішін деректерді  көрсеткенде, оған жоба өзгертулерін  енгізуге болады.

Егер Access бағдарламасы пішінді жасауға  пайдаланылған кестесімен немесе сұрауымен  бірге көпке-бір қатынасы бар  бір кестені тапса, Access бағдарламасы деректер кестесін қатысты кестеге  немесе сұрауға негізделген пішінге  қосады.

 

5.3 Броузер өрістерін баптау.

Internet желісінде  адасып қалмау үшін шолғыш  браузер деп аталатын арнайы  бағдарлама қажет.Браузер-бұл веб  бетінің мәліметтерін сіздің  компьютеріңіздің бейне бетіне  шығаруды қамтамасыз ететін,Internet қор көздерін қарауға арналған  бағдарлама.Windows амалдық жүйесінің  құрамына Interrnet Expoler браузері кірeді.Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше  тәсілі бар.Unix операциялық ортасында  сервисттік қызмет көрсететін,компания  жасап қойған,арнайы команда арқылы www браузерлерімен оңай байланысу  жолы бар.Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу. Internet Expoler немесе Navigator іске қосылса,браузер  автоматты түрде,сіз “өз”серверлерімен  байланыс орната береді.Ал,егер  де Internet Expoler жүйесімен жұмыс істейтін  болсаңыз,онда бірден Microsoft компаниясының  www сервері парағымен байласатыныңыз  есіңізде болсын,оған мынадай  мәлімет енгізілсе,http||www.home.microsoft.com|int| ru InternetExpoler.

 

5.4 Алгоритм ұғымы.

Алгоритм  атауы атақты араб математигі Әбу  Жафар Мұхамед ибн Мұса әл-Хорезми(763-850ж)есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритидіктер деп,ал «алгоритм»ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.Алгоритм ұғымы тек матиматикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді.Алгоритмді реттелген амалдар жиыны,кезекпен орындалатын операциялар тізімі.Алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.Алгоритмді орындаушының рөлін,негізінен,адам н/e автоматтандырылған құрылғы,яғни компьютер, робот т.б. атқарады.Алгоритмді енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазу қажет.

Алгоритм-есеп шығару тәсілі, яғни белгілі бір  нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың реттелген жиыны. Алгоритм атқарушы-көрсетілген тізбегін бұлжытпай орындай отырып,керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина,құрылғы немесе адам бола алады.

 

5.5 Алгоритм қасиеттері. 

1.Алгоритмнің айқын,дәл қасиеттері.Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттерді мағнасы айқын,нақты анықталған болуы керек.Онда қандай қадамдар көрсетілсе,тек солар орындалуы қажет.

2.Алгоритмнің үздіктілік қасиеті.Алгоритмнің үздік модульдерге бөлінуі,яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін.Бұл қасиет б/ша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге,ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді,яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.Алгоритмдік процестің құрлымы үзікті(дискреттік),яғни бір-бірінен бөлек командалар біріктіріліп командалар тобын құрайды. 3.Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.Алгоритмде құрастырылған нұсқаулардың шектеулі саны орындалғаннан кейін,егер есептің шешуі болса,оның шешуін,ал шешуі болмас<шешуі жоқ>деген нәтиже беруі қажет.Мысалы,сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады,ал нәтижесі қосынды болады. 

4.Алгоритмнің жалпылық немесе  ортақтық қасиеті.Алгоритмнің бұл қасиеті,бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады.Егер берілген мәліметтер өзгерсе,нәтижеде өзгереді.

5.Алгоритмнің формальді орындалуы.Алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.Орындаушының алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.

Информация о работе WEB-қосымшаларын өңдеудің технологиясы