Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:26, реферат
Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.....................................................................................................................4
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері........................................9
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары..................................................................................................................17
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.......................................................................................20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының
мақсаты, қойылатын талаптар, олардың
сипаты........................
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары,
жұмыс түрлері.................
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен
емле бойынша білімдерін
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген
қателерімен жүргізілетін
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.
Сауат ашу жұмыстары нәтижелі болу үшін тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескеру қажет.Тілдің орфографиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру- ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.
Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Осы курстық жұмыста орфографиялық оқыту әдістеріне терең талдаулар жасалды.
Курстық жұмысының мақсаты.
Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеті.
-қазақ тілінен орфографиялық жұмыстардың әдістемесін анықтау;
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
-жазба жұмыстарында жіберген
қателерімен жүргізілетін
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Орфография (грекше- orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады.Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып , сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре біледі, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне осыдан жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.
Орфография әдеби тілдің («жазбаша» түрінің) «киімі» ғана емес. Ол алдымен, сауатты жазудың, ана тілін мәдени меңгерудің маңызды құралы. Ондай құрал тілдің құрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғұрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Қандай да болсын тілдің коғамдық құбылыс ретінде өзгеріп, дамып отыратындығы белгілі. Тілдің құрылымдық жүйесінің де дамып, өзгеріп отыруына сәйкес оның «киімі» де «жаңаланады». Олай болмаса, орфография тілдің системасына лайық болмай, оның құрылымдық жүйесіндегі заңдылықтарды дұрыс бейнелей алмас еді. Ондай орфография пайдалануға ауыр тиіп, сауатты жазуға «тұсау» болар еді. Орфография сауаттылықты және зеректілікті талап ететін тіл білімінің саласы. Сауаттылық – мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн.
I. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1. Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруған.Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографикалық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл жазу кейінірек шыққан.
Жазудың құралына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі.
Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру- оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы,ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда,жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны ( жазу, сауатты жазуды) игеруді қажет етеді.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ, ол бүкіл оқушы қауымға арналады, онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы, реніші т.б. бәрі сол арқылы жеткізіледі. Жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.[1]
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда, мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет- сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.) оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі-орфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас – шы, башшы емес), сөз шекарасында (боз құнан, бозғұнан емес) біреккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап, ойын т.б. Кейде көнерген, біріккен
Сөздер дәстүрлі принциппен,естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас,бүгін т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
Бұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы;
2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы;
3. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисық түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы;
4. Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы;
5. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету, өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың көргішіне) тіреліп тұрсын, жазғанда көкіректі партаға тақап тіремей, партаның шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағынын көре алмайтын болады.
Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретеді.