Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:26, реферат
Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.....................................................................................................................4
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері........................................9
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары..................................................................................................................17
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.......................................................................................20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп жазуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады,
оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде «орфографиялық сезім» деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізу, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды танытады, сөздердің мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, т.б. сөздердің (карындаш, картоп, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.[2]
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің,
сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару, жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе сақта, жазып ал, тыңда, зейін аудар және т.б.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
3. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, "неге?" сұрағын көбірек қою.
4. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5.Грамматикалық -орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді.Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланға кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
1.2. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.[3]
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендірінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады, сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударуға дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т.б.[4]
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар III – IV сыныптарда да жүргізіліп отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ - ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғаулармен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма – бар ма т.б.).
Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.
Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.[5]
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).
2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
3. Үнемі талдау жасау, түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.
4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама,шығарма) кезек жүргізіледі.
5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейбір сөздерден, әріптен қате жіберу т.б.). Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.
6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы.
7. Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.[6]
Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі, өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысы) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады.
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына оларды шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс?) деген сияқты. Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.[7]
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:
Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу). Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады.
Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрі мынадай грамматикалық– орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз).Бұл– оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.). [8]
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көрсетеді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді. Көшіру. Алғашқы, I сыныпта, II сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру,