Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:26, реферат

Описание работы

Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.....................................................................................................................4
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері........................................9
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары..................................................................................................................17
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.......................................................................................20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................

Файлы: 1 файл

Абдуалиева Жібек 2 k.docx

— 235.38 Кб (Скачать файл)

 Оқушылардың  орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады:  бірінші кезеңде  материал мұғалімнің көмегімен  тақтада талданады, ереже бойынша  жазылған сөздер  табылады, бұл дағдыны бекітудің алғашқы сатысы.  Екінші кезеңде  дайын  мәтін  беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады.  Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен грамматика–орфографиялық тапсырмалар,түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар жүргізіледі.Келесі кезең– қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

Оқушылардың білімін  бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрынғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.[17]

 

                                 

 

                               

                            

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Орфография  жазудың  бүкіл жағдайларын  тәртіптейді. Оқушы  ереже   бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған  білімдерін   бірте-бірте    заңға   айналдырады.  Орфографияны игеру барысында оқушы сауатты жазу дағдысын, қатесіз көшіру үлгісін, сөзді дұрыс айту мен ұқыпты жазуға машықтанады. Орфографиялық жаттығуларды орындау кезінде балалар салыстыру, талдау жинақтау, ой қорыту,нақтылау сияқты ой операцияларын іске асырады.

       Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады. Осы арқылы оқушылар  жазуын ғана емес, сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре алады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

                ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

1. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. А., 1982

2. Т.Тәжібаев. Қазақ тілі. А., 1993

3. Б.Ысқақ. Сауаттылыққа үйрету әдістемесі. А., 1997

4. С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А.,1992

5. Ш. Әуелбаев, М. Молдатаева. Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар. А., 1990

6. С.Қазыбаев . Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. А., 1985

7. Б.Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988

8. Ә.Жүнісбек. Қазақ тілі және оқулыққа арналған әдістемелік нұсқаулар. А.,1999             

9. Қ.Молдабеков . Бастауыш класта тіл дамыту. А., 1993

10.Б.Ысқақ . Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар. Ш., 2003

11.Ш.Әуелбаев.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы.А.,1987 12.К.Аханов. Тіл білімі. А., 2000

13.С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991

14.Н.Көшекбаев. Қазақ тілін оқыту теориясы. А,. 1976

15.И.Ұйықбаев. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері. 1969

16.Х.Арғынов. Қазақ тілі әдістемесінің негіздері. А.,1965

17.М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.А,.1989

 

                                                                       

 

                                                                      

 


Информация о работе Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары