Байланыс желілерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.

Файлы: 1 файл

Жели технологиясы.docx

— 1.06 Мб (Скачать файл)




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.2 ATM over ADSL технологиясының  артықшылығы мен кемшіліктері

 

 

ATM over ADSL- дің тағы артықшылығы  ретінде оның модемдері арасындағы  қатынастың негізгі үш бөліктен  тұратыны болып табылады.

Сурет 1.6. ATM/SDH over ADSL технологиясындағы жиіліктік бөлінуі

 

    

1.6 - суретте көрсетілгендей  жиіліктік модуляция есебінен  телефон арнасына 0-4 КГц жиілік  қана бөлінеді, ал ақпарат тарату  үшін 25-160 КГц және қабылдау үшін 240-1,5 МГц жиілік бөлінеді. Бұл  дегеніміз тұтынушының ақпаратты  үлкен көлемді жылдам алуына  мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 160-240 КГц жиілік аралығы көп ауытқуларға бейім келетін болғандықтан қолданыста жоқ.    

Қазіргі уақытта келесідей құрылғылар қолданылады:

  • Ішкі PCI-модемдері

  • USB интерфейсті сыртқы модемдер

  • Ethernet интерфейсті сыртқы модемдер

  • Ethernet интерфейсті сыртқы маршрутизаторлар (роутерлер)

  • Іштей свитч орнатылған және WiFi қосылу нүктелеріне ие сыртқы маршрутизаторлар

  • Жұмыс үшін телефон жолдарын пайдаланатын, қорғаныс-өрт қауіпсіздік сигналдауын пайдаланатын Anrex ATM over ADSL маршрутизаторлары

ATM over ADSL модемдерін қосу  үшін компьютерде тек USB 2 порты  болса жеткілікті. Алайда кей  дербес компьютерлер бұл порттарға  ие емес, сондықтан арнайы карталарды  қолданады. Ол карта 1.7-суретте көрсетілген.

Сурет 1.7. Дербес компьютерге арналған ATM over ADSL карта

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.9. ATOMIC 25+ адаптері

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.10. AVIDIA концентраторы

 

 

 

 

Техникалық және эксплуатациалық қиындықтар

Қазіргі ATM over ADSL модемдер жоғары бағадан басқа, көп жерлерді талап етеді және айтарлықтай қуатты шығындайды. Осылай, ATM over ADSL модемдерінің көпшілігі активті күйде 5-тен 8 Вт-қа дейінгі қуат күшін пайдаланады. Стансаларда орнатылған модемдер, әрбір байланысқа бір платадан (карталар) талап етеді. ATM over ADSL технологиясы коммутациялық стансаларға қолданылатындай болуы үшін, қолданылатын қуат күшін төмендету және порттардың тығыздылығын арттыру аса қажет.

 

 

 

 

Сурет 1.8. Ethernet/ATM құрылымдық желінің ADSL линиясына қосылуы

 

 

1.8-суретте көрсетілгендей  әрбір абонент пен провайдер  арасында жеке-жеке модемдерді  талап етеді, олардың әрқайсысын  орнату және жұмыс қызметінде  ұстау қомақты қаражатты талап  етеді. Әрине, бұл шығындар уақыт  өте өзі ақталып шығады. Дегенмен  де, толық жүйені іске асыруға  алдын-ала қаражатты талап етеді.

ATM over ADSL-дің кемшілігі  ретінде тағы оның қима сымдардан (яғни, телефон жолында қаншалықты ATM over ADSL абоненті көп болса, соншалықты  жылдамдық төмен болып келеді) әлсіз қорғанысын айтуға болады  және абоненттен байланыс операторына  бағытталған ақпарат тарату жылдамдығының  төмен болуы. Барлық мүмкін жақтарын  қарастыра отырып ATM over ADSL технологиясын  пайдаланған уақытқа сай тиімді  және байланыс сапасының жоғарылығы, даму барысында басқа жүйелермен  үйлесімділігі қасиеттеріне ие  болғандығы үшін таңдалынып алынды.

 

 

 

 

 

 

2 Технологиялық  бөлім

 

 

 

 

2.1 Байланыс желілерінің  ақпараттық қамтамасыз етуі

 

 

Аналогты жүйеден цифрлық жүйеге өту процесіне көп уақыт кетті. Бірақ ғылым мен техниканың дамуы барысында аналогты жүйені көп қиыншылықсыз цифрлыққа өткізіп, оны дамытып келеміз. ХХІ ғасыр ақпарттық ғасыр болғандықтан бұл саланың дамуы өте қарқынды түрде жүріп отыр. Интернет желісін пайдаланушылар саны уақыт өте көбейіп, байланыстың сапалы түріне көшу қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі уақыттағы ATM/SDH технология over ADSL Интернетке қосылу жүйесінің тарифтік бағасын қарастырайық:

 

 

Кесте 2.1

ATM over ADSL технологиясы  бойынша Интернетке кіру бағасы

Қызмет түрі

Төлем көлемі, тенге

 
 

Интернет желісіне қосылу қызметін ұсынғандағы портқа қосылу

 

Бөлінген жол бойынша

52 976,0

 

ATM/SDH over ADSL бойынша

14 128,8

 

Қызмет түрі

Төлем көлемі, тенге

 

Кіретін/шығатын ақпарат көлемі

Айлық төлемақы

Келесі 10 Мбайт кіретін/шығатын ақпарат көлемі үшін төлем ақы

 

Айлық төлем бойынша қолданылатын трафик, Гбайт

 

Трафикті есептеу тариф жоспары

 

0.5

7 566,7

164,2

 

1

14 341,6

155,6

 

2

27 118,6

147,1

 

3

38 362,2

138,7

 

4

48 100,6

130,5

 

6

70 159,0

126,9

 

8

90 919,4

123,3

 

12

125 123,0

113,1

 

16

161 978,9

109,8

 
         

 

 

 

90 жылдары ғана шыққан DSL жүйесі қазіргі уақытта кең  қолданыс тауып, нарықты баршалықты  жаулап алып жатыр. ATM over ADSL технологиясы  да даму барысында өз ерекшеліктеріне  ие болды. Айтар болсақ, ақпарат  таратудың жылдамдығы өсті және  бұл үшін төленетін ақы көлемі  азайды. ATM over ADSL жүйесінің жаңа модемдерінің  пайда болуы мен басқа жүйелермен  интеграциялану процесі қарқынды  жүріп жатыр.

«Қазақтелеком» АҚ жалпы кеңжолақты Интернет қолданушыларының саны 2008 жылға 660 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бұл 124,5%-дық өсімді құрайды. Осы статистикалардың мағынасы кеңжолақты Интернет қолданушыларының күрт өсіп келе жатқанын көрсетеді және бұл тек «Қазақтелеком» АҚ ғана есептеуі бойынша. Тағы басқа фирмалардың ATM/SDH технология over ADSL технологиясы бойынша көрсететін қызметін пайдаланатын тұтынушылар саны бар.

«Қазақтелеком» АҚ 2009 жылғы DWDM  технологиясының ендіруіне қатысты және қолданыстағы ақпарат тарату жүйесінің өткізу қабілеттілігінің артуына қатысты компания этап бойынша өткізу жылдамдығы 2 Мбит/сек болатын цифрлық арналардың жалға беру құнын төмендетті. Осыған орай 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Интернет қолданушылардың айлық төлем ақысы көлеміндегі трафиктің өсуі іске асқан. Мұның бәрі Интернет қолданушыларының санын артырумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазіргі уақытта ATM over ADSL, ATM over ADSL2, ATM over ADSL2+, ATM over ADSL2++, UATM over ADSL жүйелері пайда болған. Олардың өткізу жылдамдықтары салыстырмалы түрде 1.3-кестеде келтірілген.

 

 

Кесте 2.2

 

         ATM over ADSL стандарттарының  ақпаратты қабылдау/тарату жылдамдықтары

ATM over ADSL стандарттарының  ақпаратты қабылдау/тарату жылдамдықтары

ATM over ADSL

ATM over ADSL2

ATM over ADSL2+

ATM over ADSL2++

Абонентке (downstream), Мбит/с

8

12

24

48

Абоненттен (upstream), Мбит/с

0.832

1

2

3


 

 

 

Осы өзгерістерге қатысты стандарттар қатары да қолданысқа түсті. ATM over ADSL технологиясының кемшіліктерін жою мақсатында оны бұрын қолданылып келген және жаңадан шыққан жүйелермен үйлестіру мүмкіндігі де қарастырылуда. Жаңа стандарттар мен ATM over ADSL технологиясының жаңа моделдері 2.3-кестеде көрсетілген.

Кесте 2.3

 

 ATM over ADSL технологиясының  даму барысындағы өзгерістері

Стандарт

Технологияның аталуы

Абонентке

жылдамдық

Абоненттен

жылдамдық

ANSI T1.413-1998 Issue 2

ATM over ADSL

8 Мбит/с

1.0 Мбит/с

ITU G.992.1

ATM over ADSL (G.DMT)

8 Мбит/с

1.0 Мбит/с

ITU G.992.2

ATM over ADSL Lite (G.Lite)

1.5 Мбит/с

0.5 Мбит/с

ITU G.992.3/4

ATM over ADSL2

12 Мбит/с

1.0 Мбит/с

ITU G.992.3/4 Annex J

ATM over ADSL2

12 Мбит/с

3.5 Мбит/с

ITU G.992.3/4 Annex L

RE-ATM over ADSL2

5 Мбит/с

0.8 Мбит/с

ITU G.992.5

ATM over ADSL2+

24 Мбит/с

1.0 Мбит/с

ITU G.992.5 Annex L

RE-ATM over ADSL2+

24 Мбит/с

1.0 Мбит/с

ITU G.992.5 Annex M

ATM over ADSL2+

24 Мбит/с

3.5 Мбит/с


 

 

 

Интернеттің дамуымен қатар оның көрсететін қызметтері де ұлғайып жатыр. Жаңадан шыққан қызмет түрі IPTV (Интернет телекөрсетілімі). Мұндай жүйе әлі қоғамға толыққанды енген жоқ, бірақ даму барысында нарықтағы өз орынын алады. Осыған орай Интернетке қосылу жүйелеріне жаңа талаптар қойылып отыр. Олардың жоғары жылдамдықты болуы телекөрсетілімнің сапасына толық әсерін тигізеді. Бұл мүмкіндік үшін DSL технологиясы арқылы Интернетке кіру мәселесі өз рөлін атқарады. Жоғары жылдамдық, жоғары деңгейдегі сапалы байланыс IPTV үшін бірден бір шешім болуы мүмкін.

Байланыс арнасының параметрлері.

Абоненттік телефондық жолдар ATM/SDH технология over ADSL технологиясы үшін қолдануға келесідей сипатамаларға ие болуы керек:

Біріншілік параметрлер:

  • Шлейф кедергісі – 1500 Ом артық емес

  • Оқшаулағыш кедергісі – 40 мОм кем емес

  • Шлейф сыйымдылығы – 300 нФ артық емес

  • Сыйымдылықтық асимметрия – 10 нФ артық емес, немес 5 % артық емес

Екіншілік параметрлер.

Сигнал өшуі (Line Attenuation):

  • 20 dB дейін – өте жақсы жол

  • 20 dB – 40 dB – жұмыс істеу жолы

  • 40 dB – 50 dB – бұзылулар болуы мүмкін

  • 50 dB – 60 dB – синхрондау периодты түрде жоғалады

  • 60 dB-дан жоғары – құрылғы жұмыс істемейді.

 

 

Шуыл деңгейі.

  • 65 dB – 50 dB – өте жақсы жол

  • 51 dB – 35 dB –жақсы жолы

  • 36 dB – 20 dB – периодты түрде бұзылулар болуы мүмкін

  • 19 dB және одан төмен – құрылғы жұмыс істемейді

 

 

SN Margin (AKA Signal или Noise Margin немесе Signal-to-Noise Ratio(SNR)):

  • 6 dB дейін – нашар жол, синхрондау қиыншылықтарының болуы

  • 7 dB – 10 dB – бұзылулар болуы мүмкін

  • 11 dB – 20 dB – жақсы жол, синхрондаумен еш қиыншылықсыз

  • 20 dB – 28 dB – өте жақсы жол

  • 29 dB және одан жоғары – тамаша жол

 

 

ATM/SDH технология over ADSL үшін  орама сымдар қолданған дұрыс («лапша» тәрізді емес), кері жағдайда  жылдамдықтың төмендеуі мүмкін.

АТМ және ATM/SDH технология over ADSL технологияларының дамуы барысын екі жүйенің үйлестірілуі болып жатыр. Яғни АТМ/ATM over ADSL модемдерінің, маршрутизаторларының шығуы. Олардың басты ерекшеліктері ретінде АТМ адаптері орнатылған дербес компьютерде трафикті қорыту мүмкіндігі болады. АТМ/ATM over ADSL модемі РРР over ATM және IP over ATM инкапсуляциясын орындауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз Ethernet жүйесімен үйлесімділікті береді.

DSL технологиясының басқа  да стандартары бар: HDSL (High Bit-Rate Digital Subscriber Line - жоғары жылдамдықты санды  абоненттік желі), IDSL (ISDN Digital Subscriber Line – ISDN нің санды абоненттік желісі), SDSL (Single Line Digital Subscriber Line – бірсызықты  сандық абоненттік желі), VDSL (Very High Bit-Rate Digital Subscriber Line - өте жоғары жылдамдықты  сандық абоненттік желі), R-ATM over ADSL (Rate-Adaptive Digital Subscriber Line – байланысу  жылдамдығына бейімделген санды  абоненттік желі).

Информация о работе Байланыс желілерін талдау