Байланыс желілерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.

Файлы: 1 файл

Жели технологиясы.docx

— 1.06 Мб (Скачать файл)

ATM over ADSL-жүйесінің санды  берілу қабілеті:

 

 - тура бағыттағы  жылдамдық 0,25-тен 8,0 Мбит/с-ке дейін  түрлендірілуі, сонымен қатар, сатылық  параметр 32 Кбит/с-ке тең;

- кері бағыттағы жылдамдық 35 Кбит/с-тан 1 Мбит/с-қа дейін түрлендірілуі, сонымен қатар, ол демелінетін  екі жақты қызмет пен шлейф  сипатынан тәуелді.

ANT-ты функционалды сипаттау

ANT-жабдығы абонент бөлмелеріне  орналастырылады және абоненттік TЕ-ні кіріс абоненттік желісімен  байланысқа түсуін (ATM over ADSL-сигнал  берілетін есулі қоссыммен) қамтамасыздандырады.

Тура бағытта ANT блогы есулі қоссымға кіретін CO-дан келіп түскен ATM over ADSL-арнасындағы сигналдың (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар) аяғы болып табылады. Ол сигналды демодулдейді және ондағы абоненттік TE –ға бағытталуы мүмкін ATM-ұяшықтар мен санды биттік ағындарды түрлендіреді.

Кері бағытта ANT блогы ATM-ұяшықтардағы абоненттік TE-ден алынғандарды олардың ағынына қояды және кіріс абоненттік есулі қоссым бойынша CO-ға бағыттандырылатын ATM over ADSL-арнасының сигналын қалыптандырады (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар).

Speed Touch отбасынан DSL модемдерінің 3 түрі бар:

  1. Speed Touch PC-NIC – тұрғызылған модем (плата), негізінде жеке пайдаланушыларға бағдарланған. Point to Point (PPP) типінде байланысу

  1. Speed Touch Home – сыртқы модем, жеке пайдаланушыларға бағдарланған сияқты, шағын сиымдылықтағы (small office, home office) LAN пайдаланушыларына да бағдарланған. оның тұрғызылған Ethernet порты бар, сондай-ақ “мөлдір көпір” (Bridge) функциясы орындалады.

  1. Speed Touch Pro – ішкі модем, үлкен LAN пайдаланушыларына бағдарланған. Функциялары ST Home-ға ұқсас, сондай-ақ ол бағдарғылауыш (router) функцияларын да орындайды.

 

 

2.3. Байланыс жүйелеріндегі  монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру

 

 

2.3.1 Желіге АТМ анализаторларын  қосу әдістері

 

 

2.10 суретте АТМ желісіне  анализаторларды әртүрлі қосудың  схемасы келтірілген. Бұл ИКМ, PDH және SDH мониторинг (схемы а, г и  е) режиміндегі қосылу әдістері  және құрал мен арна өшірілуінен (схемы б, в и д) тұратын имитация  режиміндегі  өлшеу технологиялары туралы біраздан бері белгілі бөлімшелерден тұрады. Мониторинг режиміндегі қосылу электрлік интерфейске арналған параллельді жоғары омдық қосылу режимінде де жүзеге аса алады.

Қарастырылған схемалардан басқасы UNI (2 Мбит/с) кіру арнасына анализатордың тарату порты қосылғанда, ал қабылдау порты NNI (155 Мбит/с) желілік интерфейсіне қосылғанда және керісінше комбинирлік шешімге кездесуі мүмкін. Ондай схемалар SDH системаларында мультиплексорлар анализі болып келеді.

 

 

 

 

Сурет 2.10. АТМ талдауларды желіге қосу

 

 

АТМ коммутаторларының жұмыс анализі

Коммутаторнлардың жұмыс анализі өзінің құрамына келесі тесттерді кіргізеді:

- коммутатормен қосылған  ұстау анализі;

- жүктеменің максималды  жіберу анализі;

- әртүрлі шарттарда коммутаторлардың  трафиктік өлшеуі.

 

 

АТМ желісіндегі өлшеу деңгейлері

Барлық өлшеулерді толық 4 деңгейге бөлуге болады. Бұл деңгейлер және сәйкес келетін өлшеулер келесі 2.11 суретте қарастырылған.

Суретте көрініп тұрғандай, АТМ желісіндегі барлық өлшеулер шартты түрде физикалық деңгейлердің өлшеулеріне, АТМ деңгейіне, AAL деңгейіне, деңгейге және қызметті жеткізу деңгейіне бөліне алады.

Физикалық деңгей өлшеуі өзінің құрамына АТМ трафигі таратылатын сандық арналардың параметр анализдерін қосады. Бұл топтың өлшеуіне қателікті өлшеу, түзетусіздер туралы сигнал анализі, жиіліктің тұрақсыздығының параметрлерін өлшеу ( джиттер, линиялық сигнал жиілігінің жылжуы) және т.б. жатады. Соңғы кездері АТМ желілері үшін физикалық деңгей ретінде SDH тарату системалары, SDH желісіндегі фактілік идентикалық өлшеумен физикалық деңгейді өлшеуі кең қолданыста.

АТМ деңгейін өлшеуге екі класстың өлшеуі кіреді: АТМ деңгейінің өнімділік анализі (желінің ұяшықпен жүктелген деңгейі, бос ұяшықтардың жалпы пайызы және т.б.) және АТМ желісіндегі трафик параметрлерінің анализі (CLR , CTD, CDV параметрлерін өлшеу және т.б.). Сипатталған класстағы өлшеу технологиясына байланысты әртүрлі топ трафигінің имитация технологиясын, ОАМ ұяшықтарын немесе тесттік ұяшықтарды қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

AAL деңгейін өлшеу блоктардағы  тұтынушылар мәліметін өзгерту  бойынша, сосын АТМ желісі арқылы  берілгендер бойынша SAR процедурасы  анализін өзіне жатқызады. Бұл  процедуралардың анализі орындалуы  мүмкін, ең бастысы, негізгі трафиктің  мониторинг режимінде болады. АТМ  транспорттық желісіне қатысты  бұл деңгейдің өлшеу тобы үлкен  эксплуатациялық мәнге ие емес. Әдетте AAL деңгейінде орындалатын  өлшеудің үлкен көлемі әртүрлі  протоколдардың мәліметін өзгертумен  тығыз байланыста болады.

Қызмет деңгейінің өлшеуіне АТМ желісі рамкасында құрылатын қосымшалар параметрінің анализі жатады.

 

 

2.3.2 Жұмыс шешімінің мақсатқа  лайықтылығы

 

 

ATM over ADSL технологиясын пайдаланып  аумақ ішіндегі байланыс орнатуды  қарастырамыз. Аумақ ішіндегі –  бұл ерекше комплекс. Ол қаладағы  ең ірі сауда комплекстерінің  бірі. Объекттің жалпы ауданы 20 000 квадрат метр (жалға берілетін аудан). Ғимарат негізгі үш қабаттан тұрады және көптеген бөлімшелер мен арнайы қызметтік бөлмелерді қамтиды. Ғимарат заманауи стильде тұрғызылған. Бұл ғимарат міндетті түрде Интернет желісіне қосылуы және сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

Аумақ ішіндегі жақын арада тұрғын үйлер орналасқандықтан оған барлық коммуналдық қызмет түрлері жүргізілген. Соның ішінде телефон байланыс жолдары да бар. Осы жолдар арқылы интернетті де ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

ATM over ADSL Интернетке жоғары  жылдамдықты қатынас құру құралы  ретінде өзіне ерекше көңіл  аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін  жақсы шешім болады.

Желінің сипаты

Жалпы мәлімет

Alcatel 1000 ATM over ADSL қатынас құру  жүйесінің алдында тұрған негізгі  тапсырма, Интернет желісіне және LAN корпоративті желілеріне шапшаң  қатынас құруды қамтамасыздандыру  болып табылады. Бұл тапсырма, аралас  инфрақұрылым көмегімен шешіледі. Оның құрамын келесілер құрайды:

- бөлмедегі ЖЕЖ (жергілікті  есептеу желісі);

- желі операторының байланыс  инфрақұрылымы;

- корпоративті желілерге  қатынас құру қамтамасыздандырылған  кездегі LAN бөлмесі.

 

 Желілік сәулет

 

 Ішкі желілік сәулетті қамтамасыздандыру үшін, әртүрлі технолгиялар қолданылады:

- LAN стандартты технологиясы;

- ATM технологиялары және ANT немесе PC-NIC (Network Interface Card – желілік  интерфейс платасы) арасындағы ATM over ADSL;

- жоғары өнімділік қасиеті  бар, стандартты LAN - жабдығы және  корпоративті LAN.

 

 

Сурет 2.12 Орталығының ЖЕЖ-нің сұлбасы

 

 

 

 

 

 

Берілген жұмыстың іске асырылуы аса қажет болып табылады. Себебі, аумақ ішіндегі заманауи байланыс ортасы ретінде де танылады. Ол жердегі адамдар қазіргі уақыттағы көрсетілетін қызмет түрінің бәріне дерлік мұқият көңіл бөледі.

 

 

Сурет 2.13 ATM over ADSL технологиясы арқылы Интернет желісіне шығудың корпоративті желісінің сұлбасы

 

 

Жоғарыда келтірілген мәселелерге байланысты, берілген жобаны іске асыру, ақпаратты тасымалдау және өңдеу жылдамдығының есебінен көрсетілетін қызметінің көлемін ұлғайту және қызмет көрсету сапасын жақсартуға, яғни мамандарға жұмыс орнында отырып-ақ, шалғай арақашықтықта жолдастарымен хабарласу (бейнеконференция байланысы арқылы), басқосуларға шақыруына, ақпарат алмасуына мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары ақпарат тарату жылдамдығының өсуі, қолданыстағы желіге қатынас құру арналарының өткізу қабілетіне жетіспеушілік байқалатындай жағдайға әкелді. Корпоративті деңгейде бұл мәселе біртіндеп шешілгенімен (деректер таратудың жоғары жылдамдықты арналарын жалға алу арқылы), шағын және орта объектілерде бұл мәселе бар.

Бүгінгі күнге соңғылық пайдаланушыларды, жекеменшік желілермен және ортақ қолданыстағы желілермен байланыстырудың негізгі әдісі, абоненттік аналогты телефон желілері бойынша санды ақпарат таратуды қамтамасыздандыратын телефон желілерін, модемдерді және құрылғыларды қолдану арқылы қатынас құру болып табылады. Мұндай байланыс жылдамдығы үлкен емес, максималды жылдамдық 56 Кбит/с-ты құрайды. Әзірше Интернетке қатынас құру үшін осы да жетеді, алайда, парақтардың графиктермен, бейнелермен, үлкен көлемдегі электрондық жәшіктермен және құжаттармен қанығуы жақын уақыттарда, тағы да, өткізу қабілетін болашақта арттыру жолдары жайында сұрақ туындатады.

Неғұрлым келешегі бар болып қазіргі уақытта ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) технологиясы саналады. Бұл, стандартты абоненттік телефон желілерін, жоғары жылдамдықты қатынас құру желілеріне айналдыратын жаңа модемді технология. ATM over ADSL технологиясы ақпаратты абонентке 8 Мбит/с жылдамдықта таратуға мүмкіндік береді. Кері бағытта 640 Кбит/с жылдамдық қолданылады. Бұл, барлық желі қызметтерінің жаңа спектрінің абоненттен деректер таратудың шамасы аз жылдамдығын ұсынуымен байланысты. Мысалы, MPEG-1 форматында бейне алу үшін, өткізу қабілетінің 1,5 Мбит/с болғаны аса қажет. Абоненттен таралатын қызметші ақпараттар үшін, 64 -128 Кбит/с толығымен жетеді.

Соңғы уақытта байқалған бүкіл дүние жүзіндегі Internet-ті қолданушылар санының қарқынмен өсуінің Қазақстанда да байқалынуы, ATM over ADSL нарығының болашағына оптимистік көзқараспен үңілуге алып келеді. Бұл оптимизм ATM over ADSL-қатынас құру желісін өрістетуді бастаған провайдерлерді бөледі. Бірақ, олардың потенциалды абоненттік негізге қатынасы жайында не айтуға болады?

Бүгінгі күні қазақстандық Internet қолданушылар саны 3,5 млн. адамға бағаланылады (Dataquest деректері бойынша).

Айына бір рет пайда деген нені білдіреді? Желінің жұмыс істеу ұзақтығы шамамен 4—5 сағатты құраса, онда коммутациялық қатынас құру құнында сағатына 1 долл., сонда, 50—60 долл. жылына кетеді. Сөз жоқ, провайдерді жоғар деңгейде кіріс кіргізетін қажеткерлер қызықтырады.

 

 «Тиімді» пайдаланушылардың саны Қазақстанда 2009 ж. (тиімді абонент желіде айына 20 сағаттан кем уақыт өткізбейді деп санасақ) 380—470 мың деңгейінде бағаланады. Мұндай консервативті бағалау, компьютерлендірудің төмен қарқынына және тұрғындардың төмен табысты екеніне қарамастан, абонент қорының тез өсу қарқыны жақын уақыттық болашағы бар деп бағалауға алып келеді. Шымкент нарығында коммутирлі қатынас құру 2009 жылы орташа айлық модемдік пуланы жүктеудің өсуі айына 7—7,5% деңгейінде бақыланды. Бұл тиімді Internet пайдаланушылардың, соның ішінде, кеңжолақты қатынас құру абоненттерінің санының өсуін күтуге мүмкіндік береді.

Осы әдіспен, Қазақстанда, дүние жүзіндегі сияқты, Internet-қызметі аймағында кеңжолақты жүйеге қарай бетбұрыс басталады. Асимметриялық санды абоненттік желі (ATM over ADSL) технологиясы негізінде Internet-ке жоғары жылдамдықты қатынас құрудағы күрделі мәселелердің бірі болып, әсіресе, бастапқы кезеңде, жабдық таңдаудағы сұрақ болып табылады.

Internet ауқымды желісіне ATM over ADSL желісімен қатынас құру  үшін жоба жасауда, Alcatel фирмасы  мен Cisco Systems компанияларының аппараттық  және бағдарламалық құралдары  мен жабдықтарының мүмкіндіктерін  талдау шешімі қабылданды. Талдау, иерархиялық талдау әдісі арқылы  жүргізіледі (ИТӘ).

Иерархиялық талдау әдісі (ИТӘ) – бұл көпкритерилі оптимизация есебін шешуге арналған математикалық аппарат.

ИТӘ элементтерді иерархиялық түрде ұсынатын жүйелік үрдіс, кез-келген мәселенің мәнісін анықтайды.

Нәтижесінде, иерархиядағы элементтердің әсерлесуінің салыстырмалы дәрежесі өрнектеледі. Бұл пікір артынан сандық өрнектеледі.

ИТӘ көптеген пікірлердің синтез үрдісін, критерилердің артықшылықтарын алуды және альтернативті шешімдерді табуды өзіне қосады. Осындай әдіспен алынған мән қатынастар шкаласында және қатал баға беру болып табылады.

 

     

Жалпы сипаттама

ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) өнімдері, ОO-тен (Орталық офис - (АТС) ғимарат) шектелген арақашықтықтағы  жеке меншік бөліктерді және  шағын бизнес бөліктерін пайдаланушыларға  жоғары жылдамдықта деректер  тасымалдау қызметін ұсынуға  арналған. Мұндай қызметті ұсыну  үшін, қолданыстағы мыс есулі  қоссымдар (әрбір қолданушыға біреуден) қолданылады, сонымен қатар, ешқандай  қосымша белсенді қайталауыштардың  қажеті болмайды. FDM технологиясын  қолдану, (Frequency Division Multiplexing – арналарды  жиіліктік нығыздау) сол есулі  қоссым арқылы бір мезетте POTS (Plain Old Telephone Service – қарапайым телефония  қызметі), қызметін ұсынады, сондықтан, келесі артықшылықтар жайында  айту керек:

- желі операторы қолданыстағы  кәбілдік инфрақұрылымды қолданады;

- абонентте қолданыстағы  аппаратымен бірге телефон қызметі  сақталады.

ATM over ADSL-жүйесінде биттерді  таратудың асимметриялық деректер  тасымалдау жылдамдығы: СО-дан абонент  бағытына қарай (тура арна жылдамдығы  деп аталатын) - жоғары (8 Мбит/с), және  қарама қарсы бағытта (кері арна  жылдамдығы деп аталынатын)–  төмен (1Мбит/с) қарастырылады. Бұл асимметрия  қызметтерін, кеңжолақты жиілік, соның  ішінде, мультимедиа (сандық бейне  және аудио-қызметтер), Ethernet хаттамасымен  байланысу қажет болатын абонентке  ұсынады. Келешекте, кері бағыттағы  арна жылдамдығының ұлғаюына  байланысты, екі сипатты мультимедия  қызметін төмен жылдамдықта ұсыну  мүмкін болады.

ATM over ADSL өнімі толығымен  АТМ (Asynchronous Transfer Mode - асинхронды тарату  режімі) технологиясына негізделген. Бұл, пайдаланушы деректері (мультимедиа, Ethernet хаттамасы бойынша байланысу  және басқарушы ақпарат) сияқты, OAM (Operation, Administration and Maintenance - эксплуатация, администрирование и техобслуживание) жүйесінің деректерін басқарушы  да, ATM-ұяшықтарды қолданумен көліктендіріледі. Мұндайға келудің негізгі себебі  болып, болашағы бар өнім ыңғайлылығын  қамтамасыздандыру болып табылады. ATM-ды көліктік режим ретінде  қолдану, көптеген жағдайларда, желі  операторлары мен қызмет провайдерлеріне  ұсынылатын қызметтерді желілік  жабдықтарды өзгертусіз іске  асыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Байланыс желілерін талдау