Call Agent SURPASS hiE9200 - желідегі барлық қосылыстарды басқару үшін жауап береді;
hiG1600 медиа-шлюзы - коммутацияланатын
ортақ пайдаланыстағы телефон желісімен
шлюздың функциясын (PSTN) қамтамасыз етеді;
HiR220 медиа ресурстар сервері - дыбыстық құлақтандыруларды қамтамасыз етуге арналған;
(SBC) HiG50 шекаралық дыбыстық
қосылыстар контроллері - оператордың желілік инфрақұрылымын қорғау үшін қолданылады және шекаралас VoIP желілермен желіаралық
алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ
желілік мекен-жайларды (NAT) қайта құруды
қолдайды;
Сурет 2.19 . Жаңа буының желісі
SURPASS hiQ4200 қосымшаларының SIP
сервері - бизнес абоненттерге SIP протоколын қолданып, қосымшалардың кеңейтілген санын ұсынуды қамтамасыз етеді.
SIP протоколы - қолданбалы деңгейдегі
мәтінге бағдарланған протокол, түрлі
байланыс сеанстарын, соның ішінде мультимедиялық
конференциялар, телефон қосылыстарын,
мультимедиялық ақпаратты кеңхабарлық
таратуды және пайдаланушыларды түрлі
қосымшалармен қосуды ұйымдастыруға, модификациялауға және аяқтауға
арналған.
NGN желісінің өте маңызды компоненттерінің бірі
мультисервистік қатынау тораптары (MSAN)
болып табылады. SURPASS hiX5630 мультисервистік
қатынау торабы - 10 слот бар жүйе, оған төмендегі
абоненттік желістік платаларға арналған 8 әмбебап
абоненттік слот кіреді: кез келген құрамдастықта 72xADSLII+,
48xSHDSL, 40xVDSL, 72xPOTS, 32xISDN, 16xFast Ethernet және 8xGigabit
Ethernet.
NGN желісінің тасымалдау
инфрақұрылымы ретінде Cisco Systems өндірген
Catalyst 7600 жабдығында құрылған IP/MPLS желісі
қолданылады. Аталған жобаны біздің компания
жүйелік интегратор - ABS компаниясының
мамандарымен бірлестікте әзірледі және орындады.
MPLS (Multi protocol Label Switching) - таңбалар
бойынша мульти протоколдық коммутация) -
деректер табыстау механизмі, арналар
коммутациясы бар желілердің әртүрлі
сипаттарын пакеттер коммутациясы бар
желілердің үстінен эмульдайды. MPLS арналар
коммутациясы бар желілердің де, сондай-ақ
пакеттер коммутациясы бар желілердің
де клиенттері үшін әмбебап деректер табыстау
қызметін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
MPLS көмегімен IP-пакеттер, ATM, SONET және Ethernet
кадрлары секілді алуан жаратылысты трафикті
табыстауға болады.
NGN желісі абоненттердің
алдынан кең мүмкіншіліктер ашады -
тек қосымша байланыс қызметтерінің көп санын
пайдалануға ғана емес, сонымен бірге меншікті
қызметтерді құруға (Интернет арқылы қызметтерге
және бизнес абоненттер деңгейіндегі әкімгерлік,
бизнес абоненттердің топтары үшін трафикті
өлшеу және тарифтендіру) да мүмкіндік
береді. Соңғы жағдайда абонент әкімгер
ретінде болады және қосымша қызметтерді
ұйымдастыру үшін бірыңғай ақпараттық
ортаны пайдаланады. NGN желісінің енді бір
мүмкіндігі - нақты абонентке арналған қызметтерді
дербестендіру және тұтынушының күтісіне
сәйкес қызметтер жиынын қалыптастыру
болып табылады.
Жаңа буынның NGN желісінің басқа маңызды
артықшылықтарының қатарында - деректер
табыстаудың жоғары жылдамдығы, жылжымалылық
(пайдаланушының деректерге қатынауы
оның тұрған жерінен тәуелсіз жүзеге асырыла
алады), даралық (қызметтерге кез келген
уақытта қажетті көлемде және контент
беру пішімінде қатынауға болады), ортанқолдылық
(жарамды баға, қолданылатын жабдықтың
типіне қатысты икемділік).
NGN желісін дамытуды сатылап
жүргізу жоспарланып отыр. 2006 жылы
қызметтердің төмендегідей түрлері ұсынылады:
ортақ пайдаланыстағы, қалааралық және халықаралық
байланыстың телефон желісіне қатынау,
қосымша қызметтердің негізгі пакеті
(Basic Centrex). 2007 жылдан бастап қосымша қызметтер
түрлерін сатылап енгізу жоспарланған.
Астана қаласында NGN желісін
іске пайдалануға қосу «KazTransCom» АҚ-на тарифтерді
төмендету және Интернет желісіне кеңжолақты қатынау
қызметтерін жаппай енгізу тұрғысынан
Қазақстан Премьер-министрінің бүгінгі
тапсырмасына және ҚР Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі жүргізетін іс-шараларға сай
міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.
3 Тіршілік қауіпсіздігі
Бұл дипломдық жобада
ATM over ADSL цифрлық байланысын құру жүйесін
жобалау қарастырылады. Дипломдық жоба
есептеу техникасының қазіргі таңдағы
құралдарын пайдалана отырып, белгілі
бір мәселені шешуге жасалған зерттеу
жұмысы. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 15 тамыздағы N 251 Еңбек Кодексі
заңына сәйкес болуы қажет. Осы Кодекс
азаматтардың Қазақстан Республикасындағы
еңбек бостандығына конституциялық құқығын
iске асыру процесiнде туындайтын еңбек
қатынастарын реттейдi. Еңбек қатынастарының
заңнамалық реттелуі Конституциядан бастау
алады. Еңбекті реттеуде қоғам мен мемлекет
үшін кодификацияланған бұл заңның маңызы
айрықша.
Еңбек қорғау заңы - Қазақстан
Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы
қоғамдық қатынастарды және қауіпсіздікті
реттейді, еңбек процесі кезіндегі жұмысшылардың
денсаулығын және өмірін сақтауға, сонымен
қатар еңбекті қорғау мен қауіпсіздік
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
принципін орындауды қамтамасыз етеді
[4].
Қазақстан Республикасының
еңбек қорғау заңы негізгі заңнан және
бірнеше нормативтік заңдық актілерден
тұрады. Егер басқа елдің талаптары біздің
заңдардан жоғары боса, онда Қазақстан
Республикасында қалықаралық келісім
жүреді.
Еңбек шарттарының нормативтері
– нормативтер, эргономикалық, санитарлық
– гигиеналық, психофизиологиялық және
басқа да қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз
ететін талаптардын тұрады.
3.1 Кәсіпорындағы еңбек
корғаудың күйін талдау
Аумақ ішіндегі ADSEL технологиясы
негізінде байланыс торабында жұмыс атқаратын
қызметкерлерін дайындау мен олардың
біліктілігін тексеру арнаулы қурстарда,
техникалық мектептерде белгіленген тәртіп
бойынша, арнаулы бағдарламалармен жүргізіледі.
Арнаулы инструкцияларда қондырғылармен
жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттері
мен құқықтары көрсетіледі.
Жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша
инструктаждардың мынадай түрлері болады:
- жұмысқа кіріп жатқан адамдар
үшін алғашқы таныстыру
интруктажы. Онда жүмысшылар өндіріс сипатымен,
қауіп пен зиян
келтіретін негізгі жағдайлармен, ішкі
тәртіп ережелерімен, жалпы
және жеке гигиена талаптарымен танысады;
- жүмыс орнындағы инструктаж;
бүл кезде жұмысшылар
жұмысшы бастамай түрып өздері жүмыс істейтін
қондырғылармен,
жабдықтармен тереңірек танысады, жүмыс
орнын дүрыс және
қауіпсіз үйымдастыруды үйренеді және
берілген жабдықтарда
жүмыс істеу кезінде ТҚ бойынша интрукция
мазмұнымен, жұмыс
істеу кезінде қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерімен
танысады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуі
және микропроцессорлық техника негізінде
мұнай өңдеу кәсіпорындарындағы су тазалау
қондырғыларының технологиялық үрдісінің
автоматты басқару жүйесін жобалау –
күрделі және шығармашылық процесс. Онда
технологтар, архитекторлар, механиктер,
энергетиктер, экономисттер және басқа
да мамандар қатысады, олардың мақсаты
– болашақ өндірістік процестің қалыпты
жағдайда өтуі ғана емес, сонымен қатар
жобада қолайлы санитарлық – гигиеналық
және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайы
қарастырылады.
3.2 Технологиялық үрдістін
қауіпсіздігі
Қауіпті аймақтарда жұмыс басталар
алдында техникалык қауіпсіздік ережелерімен
таныстырылады. Өндірісте көп кездесетін
зиянды факторлар катарына:
- денсаулыққа колайсыз
метеорологиялык жағдайлар;
- өндірістік шаңдар;
- жеткіліксіз жарықталыну;
- өндірістік шу мен
діріл.
Әдетте зиянды факторлардың
жұмыскерлерге тигізген әсерінің салдары
- оларды кәсіби сырқатқа әкеліп соғады.
Еңбектің қауіпсіздігі – жұмыс
істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың әсерлері тимейтін еңбек
жағдайының қалпы.
Қауіпті өндірісітік
фактор – кейбір белгілі жағдайларда
жұмыс істеушіге тигізген әсері
жарақатқа, болмаса лезде оның
денсаулығының басқа түрде төмендеуіне
әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Жазатайым жағдай – жұмыс істеушіге
өзінің еңбектік міндетін атқару,
немесе жетекшінің тапсырмасын
орындау кезінде қауіпті өндірістік
факторлардың әсерін тигізу оқиғасы.
Өндірістік жарақаттық
- өндірістік жарақаттардың жиынтықтарымен
сипатталатын құбылыс.
Жазатайым жағдайлар
және өндірістік жарақаттар қауіпсіздік
техникасының қамтамасыз етілмеуінің
салдарынан туатын құбылыстар.
Қауіпсіздік техникасы – қауіпті
өндірістік факторлардың әсерлерін жұмыс
істеушілерге тигізбеуге бағытталған
ұйымдастыру шаралардың және техникалық
құралдардың жүйесі.
Осыларға қатысты сауда және
ойын-сауық орталығында орын алуы мүмкін
қауіпті жағдайларды талдау:
Аумақ ішіндегі ғимараты үш
қабаттан тұрады және құрылыс сипаты бойынша
күрделі тұрғызылған. Үшінші және екінші
қабаттардың орталық бөлігінде төменгі
қабаттарға көрініс ашатын оймалар және
төменгі қабаттарға түсетін баспалдақтар
бар. Осыған орай, ол жердегі қызметкерлер
мен жай халықтың биіктен құлау қаупі
орын алады. Сондықтан тазалыққа және
жарықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Аумақ
ішіндегі демалу және сауда орны болғандықтан,
ауа ылғалдылығы және температураға көп
көңіл бөлінуі тиіс. Аумақ ішіндегі көптеген
адамдар болуы мүмкін, сондықтан олардың
психикалық және моральдық күйіне кері
әсер ететін артық шуыл болмауы тиіс немесе
бар болған жағдайда, ол изоляциялануы
тиіс. Аумақ ішіндегі адамдарды бағыттау
үшін арналған ғимарат жоспары және ол
жерден шығу жолдары көрсетілген кестелер
орналасқан. Бұл өрт қаупі төнген жағдайда
адамдарды эвакуациялау үшін қолданғанға
өте ыңғайлы.
3.3 Санитарлы нормалар
және ережелер
Санитарлы талаптар
ол зиянды факторлардың әсерлерін
жұмыс істеушілерге тигізбеуге,
болмаса оларды азайтуға бағытталған
ұйымдастыру шаралары мен техникалық
құралдар жүйесін айтады.
Әдетте зиянды
факторлардың жұмыскерлерге тигізген
әсерінің салдары олар кәсіби
сырқатқа әкеліп соғады.
Байланыс саласындағы
жұмыс орнында кездесетін зиянды
факторларға келесілерді жатқызамыз:
денсаулыққа қолайсыз метеорологиялық
жағдайлар, жеткіліксіз жарықталыну,
құрылғылардан шығатын шуылдар
мен дірілдер, электромагниттік
өріс әсерлері, т.б.
Еңбек гигиенасы
ол адам ағзасына еңбек процестері
мен жағдайларының тигізетін
әсерлерін зерттейтін ғылымның
саласы.
Бұл зерттеудің
мақсаты келесідей:
1 Гигиеналық нормаларды
негіздеу.
2 Еңбектің тиімді,
қолайлы жағдайларын жасау.
3 Өндірістік ортаны
сауықтандыру.
4 Адамның еңбек
қабілетін арттыру және еңбек
өнімділігін жоғарылату.
Жұмыс орындарындағы микроклимат
Микроклиматты сипаттайтын
көрсеткіштер:
- ауа температурасы;
- ауаның салыстырмалы
ылғалдығы;
- ауа қозғалысының жылдамдығы;
- жылулықтың интенсивтілігі;
Кабинеттерде, пульттер мен
технологиялық процестерді басқару посттарында,
есептеу техникасы залдарында міндетті
түрде ауа температурасы 22-24 0С, салыстырмалы ылғалдылық
60-40 % және ауа қозғалысының жылдамдығы
0,1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында
микроклиматтың оптимальді нормалары
белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға
сәйкес болуы керек.
Жұмыс зонасындағы температура
әртүрлі биіктікте және әртүрлі аймақта
шекті нормадан аспауы керек.
Микроклиматтың оптимальді
және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде
жыл периоды да ескерілуі керек, демек,
салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық
салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта
күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау
керек.
1а – категориялы жұмысқа:
отырған күйде орындалатын және
сағатына 120 ккал дейін энергия
жұмсалынатын жұмыстар.
1б – категориялы жұмысқа:
отырған күйде және жүріп-тұрып
орындалатын және сағатына 120-150 ккал
дейін энергия жұмсалатын жұмысты
айтамыз.
Сонымен, терморегуляция деп
адам ағзасы мен сыртқы ортаның жылу алмастыру
кездерінде дененің температурасын тұрақты
ұстап тұру процесін айтады.
Бұл жылу ауыстыру процесі жұмыстың
түріне байланысты болады. Осыған байланысты
өндірістерде жұмыс 3 түрге бөлінеді:
Кесте 3.1
Жұмыс орындарындағы микроклиматтың
оптимальді және шекті көрсеткіштері
Жыл периоды |
Жұмыс категориясы |
Температура, 0С |
Салыстырмалы ылғалдылық |
Ауа қозғалыс жылдамдығы |
Оптимальді |
Шекті |
Оптимальді |
Тұрақты және тұрасқсыз |
Оптимальді |
Тұрақты және тұрақсыз |
Жоғарғы шек |
Төменгі
шек |
Жұмыс орындарында |
Тұрақты |
Тұрақсыз |
Тұрақты |
Тұрақсыз |
Суық |
Жеңіл – 1а
Жеңіл – 1б |
22-24
21-23 |
25
24 |
26
25 |
21
20 |
18
17 |
40-60
40-60 |
75
75 |
0,1
0,1 |
< 0,1
< 0,2 |
Жылы |
Жеңіл – 1а
Жеңіл – 1б |
23-25
22-24 |
28
28 |
30
30 |
22
21 |
20
19 |
40-60
40-60 |
55
60 |
0,1
0,2 |
0,1-0,2
0,1-0,3 |
Оптимальді көрсеткіштер жұмыс
зонасының микроклиматына орындалады,
ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз
жұмыс орындарына дифференциалды түрде
таратылады. Микроклиматтың шекті көрсеткіштері,
жұмыс орнында технологиялық талаптар
оптимальді нормаға сәйкес келмеген жағдайда
ғана орнатылады.