Байланыс желілерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.

Файлы: 1 файл

Жели технологиясы.docx

— 1.06 Мб (Скачать файл)

ATM over ADSL жүйесі екі бөліктен  тұрады: біріншісі (ОO жағында) ASAM деп  аталынады, (ATM Subscriber Access Multiplexer – абоненттік  қатынас құрудың ATM-мультиплексоры), ал екіншісі (абонент жағында) – (CPE Customer Premises Equipment – қажеткер ғимаратындағы  жабдық). CPE, өз кезегінде, өзіне PS (POTS Splitter - разветвитель) және ANT (ATM over ADSL Network Termination (unit) - (блок) желілік ATM over ADSL-аяқталу) қосады. Көліктік ATM-желісімен мультиплексор ASAM, ATM-коммутатороммен жалғанған. Таңдалынған  көліктік механизм болып, не SDH (Synchronous Digital Hierarchy – синхронды санды иерархия) [STM1 немесе SONET (OC3c)] немесе PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy – плезиохронды санды иерархия) [Е1] болып табылады. ANT блогы TE-ға (Terminal Equipment - терминалды жабдық) (STB (Set Top Box – қосымша байланыс) немесе басқаша  мультимедиялық терминалға) және Ethernet хаттамасын қолданатын жергілікті  желіге (LAN) қосылуы мүмкін.

 

 ATM over ADSL жүйесінiң  ОО сияқты алыс жерлерде блоктармен  жұмыс істеуі мүмкін. Алыс жерлерде ASAM-жабдықтар ATM-желіге үздіксіз  қосылынып тұруы мүмкін немесе, Е1 интерфейсі арқылы ОO мультиплексорына  каскадирленедi.

 

   

2.3.2 Қатынас құру желісіне  сұлба жасау

 

 

ATM over ADSL жабдығының негізінде  Шымкент қаласындағы аумақ ішіндегі  Интернет желісіне жоғары жылдамдықты  қатынас құруды ұйымдастыру үшін, қатынас құру желісіне есеп  жүргізу кезінде, төмендегі мүмкіндіктер  пайдаланылады:

  1. Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қатынас құру 
    Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру, үлкен көлемді файлдарды (бейне, әуен, фотосуреттер) шапшаң көшіріп алуға және жіберуге мүмкіндік береді. Уақыт пен ақшаны үнемдеу.

  1. Әрқашанда еркін телефон байланысы 
    Интернетте жұмыс істей отырып, телефонмен сөйлесе беру.

  1. Интернетке тұрақты қатынас құру 
    Жұмыстың басында тек компьютерді қоса салу аса қажет. Интернеттің үйлік арнасы үнемі қосылып тұрады, байланысты үзудің және орнатудың қажеті жоқ.

  1. Шектеусіз трафик 
    Барлық үйлік Интернеттерге трафик тарифі шектелмеген: ақпаратты шексіз көлемде көшіріп алу және жіберу.

  1. Телефон және электронды пошта бойынша тәулік бойы техникалық демеу 
    Вэб Плас техникалық демеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Туындған сұрақтарға support@wplus.net e-mail-нан алуға болады.

  1. WiFi 
    Айына 135 теңгемен кез-келген Вэб Плас хотспотына қатынас құру мүмкіндігі бар. Бұл әдеттегі хотспотқа қатынас құрудың сағаттық картасының орташа құнынан төмен. Ыңғайлы WI-FI аймағын таңдау және Интернетке шығу мүмкіндігі. Хостпостқа қосылу және оның құрылымы жайлы www.wifi.webplus.ru. сайтынан білуге болады.

  1. Сервисті басқару 
    "Есептеулер бөлмесіне" кіру және аса қажет опцияны таңдау арқылы бөлмеден шықпай-ақ, қосымша қызметерге тапсырыс беру және Интернетке қатынас құру параметрлерін өзгерту.

Техникалық демеу

- Компанияның корпоративті  сайтының "Техникалық демеу /Поштамен  басқару" - "Пошталық құпиясөзді  алмастыру" бөлімінде электронды  поштаға қатынас құру құпиясөзді  ауыстыруға болады.

- "Техникалық демеу/Поштамен  басқару" бөлімінде:

  • келген пошта жайлы пейджерге мәлімдеме орнату;

  • келген поштаны қайта мекендеуді өз e-mail-ға орнату;

  • пошта жәшігіне түскен хаттарды компьютерге қабылдамай-ақ оқуға және алып тастауға;

  • хат алу қажетсіз болғанда, мекен-жайды көрсетуге;

  • жіберілуі мүмкін хаттың макималды өлшемін орнатуға, онда, егер, үлкен көлемдегі хат келсе, ол жіберушіге қайта қайтады.

 

 

 

 

2.4 Байланыс алгоритмдерін  есептеу

 

 

2.4.1 Қатынас құру  желісінің өткізу қабілетінің  есептелінуі

 

 

Қызмет көрсету класына тәуелді, қосылған абоненттерге не кепілді өткізу жолағы (CBR), не кепілсіз өткізу жолағы (UBR) ұсынылуы мүмкін.

Сервис кластары сервис сапасының кепілділігін анықтайтын параметрлер тізімін құрайды. Бірнеше сервис кластары қарастырылған - CBR, VBR, UBR және ABR (жақында ғана пайда болды). Сервистің сапа кепілін қатынас құрылатын өткізу қабілетінің минималды деңгейі және ұяшықтарды кідіртудің шектік мәні мен ұяшықтарды жоғалту ықтималдылығы анықтауы мүмкін (кесте 2.7).

 

 

Кесте 2.7

 

 Сервистің сапа кепілін қатынас анықтау

Сервис класы

Өткізу мүмкіндігінің кепілі

Кідірістің өзгеру кепілі

Қайта толу кезіндегі кері байланыс

CBR

+

+

-

UBR

-

-

-


 

 

 

CBR сервисі (constant bit rate, тұрақты  биттік жылдамдықтағы сервис) –  сервис класының неғұрлым қарапайым  түрін ұсынады. Желілік қосымша CBR байланысын орнатқан кезде, ол  ұяшықтарды тәуекелсіз жоғалту  байланысын демейтін максималды  жылдамдығы болып табылатын ұяшықтар  трафигінің пиктік жылдамдығына (peak cell rate, PCR) тапсырыс береді. Содан  соң, деректер сұралынған – артық  емес және көптеген жағдайларда  кем емес жылдамдықпен осы  байланыс бойынша таратылады.

Кез-келген жоғары жылдамдықпен стансадан барілетін трафик желімен лақтырылуы мүмкін, ал тапсырыс берілген жылдамдықтан төмен желі трафигі қосымшаны қанағаттандырмайды.

CBR-байланысуы минималды  ықтималдылықпен ұяшықтар жоғалтудың  өткізу қабілетін және ұяшықтар  берілу кідірісінің төмен өзгерісін  кепілдеуі тиіс. Қосымша CBR сервиске  тапсырыс берген кезде, ол ұяшықтардың  берілуінің кідіріс шегінің сақталуын  талап етеді. CBR сервисі шынайы  уақыт қызметінде арнайы дауыс  пен бейне таратуға арналған. CBR байланысы үшін деректер тасымалдау  жылдамдығына белгілі бір анықталған  шектеулер жоқ және әрбір виртуалды  байланысу деректер таратудың  әртүрлі тұрақты жылдамдығын  сұрауы мүмкін. Желіге нақтылы  байланыспен сұралынған толық  өткізу жолағын қорландыруы қажет.

UBR (unspecified bit rate, анықталмаған  биттік жылдамдық) сервисінің CBR сервисінен  айырмашылығы биттік жылдамдықты  да, трафик параметрлерін де, сервис  сапасын да анықтамайды. UBR сервисі "мүмкіндік бойынша" ұяшықтарды  жоғалтып алуға кепілсіз жеткізіп  беруді ғана ұсынады. Өткізу жолағын  арттыру мүмкіндігіне арнайы  жасалынған UBR сервисі өзімен бірге  трафик параметрлерінің фиксациясына  келісуге дайын емес, адам айтқысыз "жарылғыш" қосымшалар үшін  адекватты шешім ұсынады. Сонымен  қатар, UBR уақыт бойынша таралынған  жүктемесі бар, бірнеше деректер  ағынының легін көбейту жүрген  кезде, максималды өткізу жылдамдығын  қамтамасыздандыруға мүмкіндік  береді.

UBR жүрісінің негізгі жетіспеушілігі  болып, деректер ағынын басқарудың  жоқтығы және басқа тариф типтерінің  олақтығын ескермеу саналады. Желі  жүктелген кезде, UBR-байланысу деректерді  таратуды жалғастыра береді. Желі  коммутаторлары трафиктен түсетін  кейбір ұяшықтарды буферлендіре  алады, бірақ кей кездері буферлер  толып кетеді және ұяшықтар  жоғалады. Сондай-ақ UBR-байланысу трафикті  басқару жайында, желімен ешқандай  келісім жасасқан жоқ, әйтпесе  олардың ұяшықтары бірінші кезекте  лақтырылады. Бұл жетіспеушіліктің  орнын толтыру үшін, ASAM мультиплексорларында  абонентке деректер таратудың  – MCR минималды кепілділігін орнату  мүмкіндігін ұсынатын, UBR+ режімін  қолдану Алкатель компаниясымен  жіберіледі.

Әдетте, трафиктік сипаттамалар абоненттердің типтік профильдері түрінде беріледі. Мысалы, жеке ЖЕЖ-сі барлар, CBR сервисін және желіге деректер тарату жылдамдығын 1 Мбит/с қамтамасыздандырудан төмен емес, ал желіден ақпарат қабылдауды – 8 Мбит/с-та қамтамасыздандыратын 1 профильді қолданатын болады.

Шағын ЖЕЖ-сін пайдаланушылар үшін, UBR+ сервис класы және желіге деректер таратудың кепілді жылдамдығын 256 Кбит/с-тен төмен емес, ал желіден деректерді қабылдаудың кепілді жылдамдығын 512 Кбит/с-тен төмен емес қамтамасыздандыратын 2 профиль орнатылады. Соған орай, максималды деректер тарату жылдамдығы 512 Кбит/с және қабылдау 1024 Кбит/с.

Жеке пайдаланушылар үшін UBR+ сервис класын қамтамасыздандыратын және желіге кепілді деректер тарату жылдамдығын 128 Кбит/с-та, ал желіден кепілді деректер қабылдау жылдамдығын 256 Кбит/с-та, сәйкесінше, максималды деректер тарату жылдамдығын 256 Кбит/с-та және қабылдау 512 Кбит/с-та қамтамасыздандыратын 3-ші профиль орнатылады.

Пайдалану типі орнатылатын ATM over ADSL модемінің типін анықтайды. Қажеткердің сұранысына сәйкес, желіге 80 PC-NIC модемі (жеке пайдаланушылар), 80 Home (кіші ЖЕЖ) модемі, және 4 PRO модемі (ірі ЖЕЖ) орнатылады. Соған орай, PRO модемді абоненттер үшін 1 профиль, Home модемді абоненттер үшін 2 профиль, PC-NIC модемді абоненттер үшін 3 профиль орнатылады.

Қарастырылған қатынас құру желісінің бірінші кезеңінде, тұрақты (коммутирленбейтін) виртуальді байланыс қолданылатын болады, яғни әрбір пайдаланушы үшін фиксирленген VP/VC бекітіледі.

Қосындылық абоненттік жылдамдықтар мен қолданыстағы өткізу қабілетінің сәйкестігін анықтау келесі шарттардың негізінде жүргізіледі:

1. CBR класының барлық абоненттердің  максималды қосынды жылдамдығы, қолданылатын деректер тасымалдау  ортасының UBR+ класының барлық абоненттерінің  минималды кепілді жылдамдықтарының  қосындысынан (біздің жағдайда STM-1) артық болмауы керек;

 

 

å CBR +å UBRmin £ Kдтоқ * STM-1;

 

 

мұндағы -      Kдтоқ – деректер тарату ортасын қоланудың мүмкін болатын коэффициенті - ол 0,95-ке тең деректер тарату.

STM-1 – STM1 С-4 –тегі ұяшықтардағы  нақтылы АТМ-ның қосындылық пайдалы  жүктемесі 155,52 * 26 : 27 = 149,76 Мбит/с.) –ті  құрайды.

  1. UBR+ сервистер класының барлық абоненттер үшін деректер тасымалдаудың (кепілсіз) максималды жылдамдығының қосындысы, қайта жүктеу коэффициентіне көбейтілген деректер тасымалдау жүйесінің қолданыстағы өткізу жолағынан аспауы қажет (MCR - әрбір PVC немесе SVC–ға кепілденген минималды өткізу қабілеті). Бұл жылдамдық (секундына бір биттен) желі бойынша таратуға жиналған деректердің көлеміне сәйкес таңдалынады және оператормен кепілденеді. Егер, дестелік сәлемдемелер абоненттің қосылу портының жылдамдығынан аспаса, және желінің өткізу қабілеті нақты уақытта бос болса, онда абонент MCR келісілген мәнінен асып кетуі мүмкін. Толық өткізу қабілеті кезіндегі, абоненттің жіберетін деректер тасымалдау жылдамдығының мүмкіндігі oversubscription rate деп аталады. (oversubscription коэффициентінің мәні 2-ден 6-ға дейін)

 

 

å UBR max<= Kubr * B,                            

 

 

мұндағы, Kubr – қолданыстағы өткізу қабілетінің қайта жүктеу коэффициенті ( Kubr = 400%); B – өткізу қабілеті

ASAM-ның 1-ші мультиплексорына арналған өткізу қабілетінің есебін жүргіземіз. Оған 14 PC-NIC (3-ші профиль) модемі, 13 ST HOME (2-ші профиль) модемі және 1 ST Pro (1-ші профиль) модемі қосылған.

Осыған орай, осы мультиплексордың NT – интерфейсіндегі қосынды кепіл жылдамдығы төмен түсу ағынында келесілерді құрайды:

 

 

- ST Pro бір модемі үшін                            - 8 Мбит/с

- ST Home 13 модемі үшін                    - 13 х 512=6,656 Мбит/с

- ST PC-NIC 14 модемі үшін                - 14 x 256=3,584 Мбит/с

-жалпы кепіл жылдамдығы               - 18,240 Мбит/с

 

 

Осыған орай, қосынды кепіл жылдамдығы қолданыстағы деректер тарату ортасының өткізу қабілетінің мәнінен айтарлықтай кіші:

 

   

 

    18,240 > 149,76 х 0,95 = 142,272 Мбит/с

 

 

UBR+ класымен қызмет көрсетілетін  абоненттер үшін максималды кепілсіз  жылдамдықтардың қосындысының есебін  жүргіземіз:

 

 

- ST Home 13 модемі үшін                    - 13x1,024 = 13,312 Мбит/с

- ST PC-NIC 14 модемі үшін                - 14x512 =7,168 Мбит/с

- қосынды максималды жылдамдық   - 20,480 Мбит/с

 

 

Біздің жағдай үшін 2 шарттың орындалуын тексереміз. Осыған орай, кепілдіксіз тарату үшін қалған өткізу мүмкіндігін анықтаймыз:

 

 

142,272-18,240=124,032 Мбит/с

 

 

Өткізілген есептеуден көрініп тұрғандай өткізу жолағы кепілсіз UBR+ трафигі үшін талап етілетін жалпы максималды жылдамдығынан үлкен.

Осыған орай, қарастырылған мультиплексор үшін толығымен 1 және 2 шарт орындалады. Қалған мультиплексорларға қосылған абоненттердің саны мен типі, 1-ші мультиплексордегі абонент санынан асып кетпейді. Олай болса, барлық абоненттерді қажетті деректер тарату сапасымен қамтамасыздандыру үшін оларға қосылған өткізу қабілетіне STM-1 трактлері толығымен жетеді.

Сұлбада көрсетілген барлық абоненттер, Интернет желісіне шығуды талап етеді, және бірінші кезеңде жартылай тұрақты байланысу режімі қолданылады. Олай болса, қатынас құру желісіндегі ең тар орын болып, АТМ – коммутаторды Интернет желісіне қатынас құру серверімен байланыстыратын STM-1 ағыны саналады.

1 және 2 шарттарды қолданып, осы интерфейске аналогтық есептеулер  жүргіземіз.

 

    Осыған орай, осы интерфейстегі қосынды кепіл  жылдамдығы төмен түсу ағында  келесілерді құрайды:

 

 

- ST Pro 4 модемі үшін                         - 8 х 4 =32 Мбит/с

- ST Home 80 модемі үшін                    - 80 х 512=40,960 Мбит/с

- ST PC-NIC 80 модемі үшін                - 80 x 256 =20,480 Мбит/с

- жалпы кепіл жылдамдығы                   93,440 Мбит/с

 

 

Осыған орай, қосынды кепілді жылдамдық, деректер тасымалдау ортасының өткізу қабілетінен төмен:

 

            

93,440 < 149,76х 0,95 = 142,272 Мбит/с

Информация о работе Байланыс желілерін талдау