Өнімнің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 12:38, реферат

Описание работы

Тарихта сыраның дайындалу тәсілін ойлап тапқан адамның кім екені белгісіз болып қалды. Алайда оның біздің эрамызға дейін 7 мың жыл бұрын Вавилонда сыраны арпа уыты мен бидайдан дайындаған деген болжам бар жәнебаяғы замандарда көне Египет пен Грекияда қайнатылғаны мәлім. Одан кейін Англия, Бельгия, солтүстік Францияда, Германияда, Русьте сыра қайнату өнерінің өркендегені тағы бар. Кейіндері Пасхада, Дмитрий сенбісінде, масленицада, шоқындыру мен үйлену тойларында қайнатып ішуге рұқсат берілді. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазіргі кезде сыраның отаны – Чехия делінсе, еліміз бойынша Шымкент пен Қарағанды қалалары осы сусын яғни ішімдік түрін қайнатудан көш бастап тұр.

Файлы: 1 файл

Сыра өнімі. курстық жұмыс Айдана 2.docx

— 105.34 Кб (Скачать файл)

5. Сүзу және дайын болған  сыраны шөлмекке және бөшкеге  құю.

 Сыраның бірнеше сортына  спецификалық дәм беру және  өндірістін арзандауы үшін, оған  күріш, арпа, жүгері ұны, майса,  қантты сияқты уытсыз өнімдер  қосып дайындады.

 

1.3 Техникалық регламент бойынша сыра өніміне қойылатын талаптар

 

Техникалық регламент бойынша сыра өніміне қойылатын талаптар:

  • Cыраның типі (ақшыл, қоңыр). Пастерленген сыраны таңбалау «Пастерленген», ақшыл емес сыра үшін - «ақшыл емес» деген қосымша жазуларды қамтуы тиіс;
  • бастапқы сөлдің экстрактивтілігінің шамасы (құрғақ заттардың массалық үлесі);
  • этил спиртінің пайызы немесе көлемі бойынша шоғырлануының ең аз шамасы - «алк. кемінде...%(% айн.)» немесе «спирт кемінде...%(% айн.)»;
  • сыра дайындау кезінде пайдаланылған негізгі сыраның құрамы;
  • тағамдыққұндылығы;
  • уәкілеттіорганалкогольөнімінөндіругебергенмемлекеттіклицензияныңнөмірі;
  • кегаларменбөшкелербруттосалмағынтазасалмағыннемесеноминальдыкөлемін (литр) көрсетіп, қосымшатаңбалайды.

 

1.4 Өнімге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

 

"Сыра және алкогольсіз  сусындарды өндіру жөніндегі  объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар" санитариялық ережесін  бекіту туралыҚазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің  м.а. 2010 жылғы 4 тамыздағы N 597 бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігінде 2010 жылғы 26 тамызда  Нормативтік құқықтық кесімдерді  мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6448 болып енгізілді. Күші жойылды  - Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы  № 362 бұйрығымен:

Қоса беріліп отырған  «Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объектілерге қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық ережесі бекітілсін.

Сыра және алкогольсіз  сусындарды өндіретін объектінің аумағын  күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелері мен талаптары:

1. «Сыра және алкогольсіз  сусындарды өндіретін объектілерге  қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық  ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) меншік нысанына қарамастан қызметі сыра және алкогольсіз сусындарды дайындаумен, өткізумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Ұйымдардың басшылары  мен жеке тұлғалар осы санитариялық  ереженің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді

3. Осы санитариялық ережеде  мынандай терминдер мен анықтамалар  қолданылды:

1) полиэтилентерефталаттан  жасалған шөлмектер (бұдан әрі  - ПЭТФ) - шөлмектерді шығаруға және  алкогольсіз сусындарды құюға  арналған преформа (дайындама);

2) жарма - ұсатылған арпа  дәні;

3) кегалар - ішкі беті  герметикалық жабық металлдан  жасалған цилиндр сыйымдылықтар;

4) купаждау ыдысы - арнайы  типтегі және құрамдағы өнімді  алу, сапасын жақсарту үшін  әртүрлі тағам өнімдерін белгілі  бір қатынаста араластыруға арналған  сыйымдылық;

5) шайырлау - сыйымдылықтарды  арнайы заттармен өңдеу;

6) "жылжымалы жүйек" - арпаны өсіруге арналған арнайы  жабдық;

7) тағамдық қоспалар - тағамдарды  дайындау және өндіру және (немесе) олардың сапасын сақтау процесінде  тағам өнімдеріне арнайы енгізілетін  табиғи және жасанды заттар  және олардың қосындылары;

8) өнген дән жармасы  - дақылдардың дәнін өсіру арқылы  алынған өнім;

9) сатуратор -сұйықты көмір  қышқыл газымен байытуға арналған  аппарат;

10) сыра ашытқысы - ашытуға  қойылған өнген дән жармасының  сулы ерітіндісі;

11) трансмиссия - қозғалтқыштың  айналуын жұмысшы машиналарға  (ұсатқыштарға) беруге арналған құрылғы  немесе жүйе;

12) тығындауыш қалпақша (кронендік  тығын)- газдың шығуына кедергі  жасайтын, шөлмекті берік тығындауға  арналған арнайы тығын;

13) фитинг - кеганың түбіне  дейін жететін, сұйықтық жеткізу  түтігімен біріктірілген, кегаларды  жуу, толтыру және босатуға  арналған құрылғы.

4. Сыра және алкогольсіз  сусындарды өндіретін объектілерді (бұдан әрі - объектілер) орналастыруға,  оларға жер учаскелерін беруге, құрылысын және реконструкциясына,  пайдалануға енгізуге арналған  жобалық құжаттаманы бекіту санитарлық-эпидемиологиялық  оң қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.

5. Объектілер бөлек аумақта  орналасады. Салынып жатқан немесе  жобаланатын өндірістер тұрғын  үйлерге кемінде 50 метр (бұдан  әрі – м) қашықтық қатынасы  бойынша орналастырылады. Объектілерді  тұрғын үй ғимараттарында орналастыруға  жол берілмейді.

6. Өндіріс аумағы қоршалады,  көгалдандырылады, абаттандырылады  және бөлек кіру және шығу  жолдары болады.

7. Аумақ өндірістік және  шаруашылық аймаққа бөлінеді. Өндірістік  аймаққа - өндірістік корпус, шикі  заттар мен дайын өнімдерді  сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар, тұрмыстық үй-жайлар, денсаулық сақтау  пункттері орналасады, шаруашылық  аймақта - жөндейтін шеберханалар, ыдыстар мен жанар-жағар май  қоймасы, қазандық, гараж, қоқыстарды  жинауға арналған контейнерлері  бар алаң, аула ішіндегі дәретхана  орналастырылады.

8. Жауын-шашын суының ағысы  үшін ғимараттардан және басқа  құрылыстардан сужинағыштарға бағытталған  еңістер көзделеді. Сужинағыштар  мен суағарлар тұрақты тазартылады  және уақтылы жөнделеді. Аумақ  күнделікті жиналады, жазғы мезгілде  – су себіледі, қысқы мезгілде  – қардан және мұздан тазартылады,  құм себіледі.

9. Сыра және квас жармасын  жинау және сақтау үшін бункерлер  немесе су өткізбейтін материалдардан  жасалған жәшіктермен жабдықталады. Жарма жинауға арналған жинағыштар  траптарға бағытталған еңістері  бар асфальтталған немесе бетондалған  алаңдарға орналастырылады.

10. Жармаларды тасымалдау  металл су өткізбейтін жабық  кузовы бар автомашиналарда немесе  арнайы цистерналарда, кузовтары  тығыздалған өздігінен түсіретін  бактарда немесе кузовы ағаштан  жасалып қаңылтырмен қапталған  машиналарда жүргізіледі.

11. Шаруашылық аймақ өндірістік  аймаққа қатысты жел соғатын   жаққа орналастырылады. Объектінің  аумағына кіретін және өтетін  барлық жолдар асфальтталады.

12. Ыдыстар, құрылыс және  шаруашылық материалдар қоймаларда  сақталады. Ыдыстарды жинауға  және оларды асфальтталған алаңдарда  қалқаның астында уақытша сақтауға  жол беріледі.

13. Сынған шөлмектерді  (сынған шыны) және қоқысты жинау  үшін оның көлемі контейнерлердің  табаны алаңынан үш есе асатын  және өндірістік және қосымша  үй-жайлардан 15 метрден аспайтын  қашықтықта орналасқан асфальтталған  алаңға орнатылған металл контейнерлер  пайдаланылады.

14. Қалдықтар мен қоқысты  шығару контейнер сыйымдылығының 2/3 аспайтын бөлігі толған кезде,  бірақ аптасына кемінде бір  рет жүргізіледі. Контейнерлер  босатылғаннан кейін Қазақстан  Республикасында қолдануға рұқсат  етілген құралдармен жуылады  және дезинфекцияланады.

15. Қоқысты шығару арнайы автокөлікпен жүзеге асырылады.

16. Жеке тұрған аула  ішіндегі дәретханалар өндірістік  және қоймалық үй-жайлардан кемінде  25 м қашықтықта орналастырылады  және таза ұсталады және күнделікті  дезинфекцияланады.

Өндірістің технологиялық  процесстеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

17. Сыра өндірудің технологиялық процесі мынадай бірқатар жүйелік кезеңдерді қамтиды:

  • арпаны өңдеу,
  • өнген дән жармасын өсіру,
  • өнген дән жармасын кептіру,
  • сыра ашытқысын дайындау,
  • сыра ашытуды дайындау,
  • сыра ашытқысын ашыту және сыраны ашытуға дейінгі,
  • сыра құю.

18. Сыра өндірісінің өндірістік үй-жайларына мыналар жатады:

  • элеватор бөлімшесі және өнген дән жармасына арналған бөлімше,
  • өнген дән жармасын кептіру және ұсақтау бөлімшесі,
  • сыра ашытқысын қайнату бөлімшесі,
  • сыра ашытқысын салқындату бөлімшесі,
  • ашыту бөлімшесі,
  • ашытқылардың таза өсірінділеріне арналған бөлімше,
  • лагерь цехы,
  • сүзгілеу бөлімшесі,
  • құю бөлімшесі.

 19. Алкогольсіз сусындардың өндірістік үй-жайларына мыналар жатады:

  • су дайындау бөлімшесі,
  • сироп қайнататын бөлімше,
  • сүзгілеу учаскесі бар купаждау бөлімшесі,
  • құю цехы.

20. Барлық технологиялық жабдық, аппарат, сыйымдылық, мүкаммал, ыдыс және қаптама материалдары тағамдық өнімдермен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалады.

 

1.5  Импортталатын сыра мөлшері

 

Статистика агенттігі  мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылы Қазақстанға  әлемнің 40-тан астам елінен алкогольді ішімдік импортталған. Сөйтіп, 64 млн 682 мың литр сыра, 11 млн 999 мың литр табиғи шарап, 1 млн литрге жуық хош  иістендіргіш, өсімдік заттары қосылған шарап, 6 млн 780 мың литр арақ қазақстандық дүкен сөрелерін толтырған. Сонда  елімізде әр адам басына шаққанда, жылына орта есеппен 5 литрден шетелдік ішімдіктен келеді. Әрине, осыдан кейін қазақстандықтардың тек кілең қымбат әрі жоғары сапалы, таңдаулы арақ-шараптарға ден қоя  бастағаны жайлы топшылауға болар  еді. Бірақ, шын мәнісінде, жағдай - басқаша.

Сыраның сыры. Өткен жылы елімізде ең көп импортталған ішімдіктің түрі - сыра. Бұл өтімді ішімдік былтыр бірнеше еуропалық елдерден, оның ішінде Бельгия, Германия, Чехиядан көбірек әкелінген. Импорт көлеміне қарағанда, Мексика мен Қытайдан шығарылатын сыраға да сұраныс бар. Алайда барлық алыс шетелдерден елге тасымалданатын сыраның көлемін (2 млн 287 литр) Ресей мен Беларусьтан әкелінетін өніммен салыстырсақ, бұл - теңізге құйылған тамшыдай-ақ.

Әрине, Қазақстанның бұл  екі елмен Кеден одағын құрғанын ескерсек, жаңа экономикалық жағдай үш елдегі сыра шығарушылардың саудасын қыздыра түсуі тиіс. Десек те, қазақстандық кәсіпкерлер өткен жылы ең көп сырасын тап осы «одақтастарына» емес, көрші Қырғызстанға өткізіпті. Ал Қазақстанға 2011 жылы 61 млн литрден астам сырасын жіберген Ресейге бар-жоғы... 782 мың литр қазақстандық сыра кетсе, Беларусьқа бір литр де өтпеген.

«Бұл рыноктың толық екендігін, Кеден одағы елдеріндегі сыра өндіру саласында бәсекелестіктің  жоғарылығын, оған қоса Ресей мен  Беларусь рыногында бірнеше ірі  әлемдік өндірушілердің бар екендігін  ескерсек, бұл елдерге экспортталатын жергілікті қазақстандық сыра маркаларының табысты болу мүмкіндігі мейлінше төмен» - деп мәлімдеді Efes Karaganda Brewery компаниясының  қоғаммен байланыс супервайзері Юлия Антонова. Оған қоса, мысалы, беларусьтер  өткен жылы мемлекеттік реттеу арқылы сыра импортын қысқартып, отандық кәсіпорындар экспортын арттыруға бағытталған  бағдарламалар арқылы сыра өндірісін 17,8 пайызға күрт өсірген. Бірақ Қазақстанда  керісінше жағдай орын алған.

Кеден одағы рыногын да «жаулай» алмаған бұл ішімдік  түрін өндіру Қазақстанның өз ішінде де құлдырай түсіпті. Өткен жылы бұл  сусынды шығару 14,1 пайызға азайып, жалпы өнімнің көлемі 425 млн 136,3 мың  литрді құраған. Мұның басты себебі алкогольді рынокты реттеу тәртібінің қатаңдатылуымен байланысты деп  есептейді Антонова. Ол оның ішінде сыра акциздерінің екі есеге дейін  өсіп, декларациялаудың жаңа тәртібі  енгізілгенін атап өтеді. Мысалы, 2011 жылдың 1 қаңтарынан акциздер сыраның литріне 13 теңгеден 25 теңгеге, яғни 92 пайызға  көтерілген. Сөйтіп, ең көп ішілетін отандық ішімдік түрі - қазақстандық сыраның өзі өндірісте қысқара  берген. Дегенмен Қазақстаннан экспортталған  жалпы сыра көлемі (3 млн 934 мың) - өткен  жылы сыртқа шығарылған барлық отандық  арақ-шараптардың арасындағы әзірге «рекордтық көрсеткіш».

 

1.6 Сыра өнімінің адам ағзасына әсері

 

Құрамында этил спирті бар  кез келген алкогольдік сусын сияқты сырада адам ағзасына қауіпті. 100 грамм арақтақанша спирт болса, екі кружка сыра құрамында да сонша спирт бар. Сыра араққа қарағанда мастықты айқынырақ тудырады. Сонымен қатар сыра өте күшті зәр айдатқыш әсерін тигізеді, ол ағзадан «құрылыс материалдарын» ақуызды, майларды, микроэлементтерді, әсіресе калий, магний және С дәруменін шығарады, ол өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін қауіпті. Магний жетіспеушілігі көңіл-күйдің  құбылуына әкеледі, адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. С дәруменінің жоғалуынан иммунитет төмендейді, ми гипоксиясы дамиды, интеллект зардап шегеді. Сыраны тым көп ішкен кезде жүрек, бауыр ауруы пайда болады.

Информация о работе Өнімнің сипаттамасы