Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 11:41, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби іскерліктердің іске асыру негізінде өзін-өзі еркін бағдарлай білуге, дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Сонымен қатар берілген мақсатқа жету үшін шешілетін міндеттердің біріне мұғалімдердің іскерлігін арттыру, оқушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік іскерліктерді игеруіне жағдай жасау керектігі аталып көрсетілген. Бұл міндеттердің іске асуы мыналарда екендігі көрсетілген: білім берудің мазмұнын орта біліммен кәсіптік білімге қарай өзгерту;

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3

І тарау. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
1.1. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жобалау негіздері...................................................................................................................5
1.2. Оқушылардың кәсіби бағдарларын құрылыс саласы бойынша қалыптастыру....................................................................................................... 8

ІІ тарау.Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау
2.1 Өндірістік бөлмелерге (шеберханаларға) қойылатын талаптар.........11
2.2.Зертханалық-тәжірибелік сабақтардың мақсаты және оны өткізуге қойылатын жалпы талаптар............................................................................14
2.3.Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарға дайындығы және сабақты жоспарлауы..........................................................................................................17
2.4.Өндірістік шеберханаларда пайдаланылатын мультимедиялық технологиялар......................................................................................................20
2.5. Компьютерлік оқу құралын сабақтарда пайдаланудың тиімділігі................................................................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................27

Файлы: 1 файл

Жаныбек.doc

— 177.50 Кб (Скачать файл)

      Қосымша  құрылыстардың орналасатын орнына, өлшеміне және жабдықтарына қойылатын  талаптар 11-92-76 құрылыс нормалары  мен ережелерінгде көрсетілген.

      Оқу өндірістік шеберханалармен арнайы кабинеттерде гигиеналық нормалар қолдан желдету, жеткілікті жарық, температура режимін жасауды, душ бөлмелері, асхана, әйелдердің жеке гигиена сақтауына арналған бөлмелер, сауықтыру пункті, тамақтандыру пункті,  шылым шегетін орын, арнайы киімдерді тазарту, жуу және кептіру бөлмелері, жылынатын бөлме т.с.с. бөлмелер жатады. Санитарлық- тұрмыстық бөлмелер мен құрылғыларды таңдау өндірістік удерістің санитарлық талаптарына сәйкес жүргізіледі. Санитарлық талаптардың негізінде құрылыстың қабат саны мен әрбір қабаттың биіктігі, еденнің жерден жоғары орналасу деңгейі, шкафтар мен гардеробтардың құрылымдары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің өңделуі, душ бөлмесінің орналастырылуы, т.с.с. жатады. Тынығу бөлмесінің ауданы 18 м2-ден кем болмауы тиіс немесе әрбір адамға 0,2 м2.

 

 2.2.Зертханалық-тәжірибелік сабақтардың мақсаты  және  оны өткізуге қойылатын жалпы талаптар

    Орта кәсіптік-техникалық мектептердің зертханалық-тәжірибелік сабақтары, әдетте, арнаулы құрал-жабдықтармен жабдықталған өндірістік бөлмелерде немесе шеберханаларда өткізіледі. Сабақтарды жоғары әдістемелік дәрежеде өткізу үшін мұғалім сабаққа алдын ала мұқият дайындалуы керек, әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, жұмыстың озық әдістерін ұйымдастыруын көздейді.

     Кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оқытудың маңызды бөлігі тәжірибе зерттеу сабағына бөлінеді. Құрылыс саласына мамандарды дайындауға арналған пәнінен өтілетін тәжірибе зерттеу сабақтары теорияда алған білімді тереңдетеді және бекітеді.

    Зертханалық-тәжірибелік  сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, оларға құрылыс өндірісі құрылыс-құрастыру жобалары, құрылыс машиналары (крандары) мен механизмдердің құрылысын таныстырып, реттеу әдістерін үйрету. Бөлшектеу, жинау жұмыстарына қажетті құрылғыларды, ажыратқыштарды, монтаж құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздей білу қажет.

     Бұл сабақтар барысында оқушылар ауылшаруашылық саласындағы құрылыстарда жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде меңгереді, яғни құрылыс машиналарын бөлшектеу, жинақтау, реттеу, күтіп-баптау дағдыларын қалыптастыруға, құрылыс жұмыстары –жер жұмыстары, бетон және темір-бетон, құрастыру, әрлеу және тағы да басқа  өзара құрылыс процестерімен машықтанады және слесарьлық-монтаждау құрал-саймандарын, арнайы көмекші жабдықтарды пайдалану әдіс-тәсілдеріне жаттығады.

     Зертханаларда өтілетін  тәжірибелік сабақтар оқушылардың  өзіндік және техникалық ойлау қабілетін дамытып, ауылшаруашылық техникаларының тетіктерін жөндеу дағдысын арттырады.

     Құрылыс-құрастыру жұмыстарын  ұйымдастыру пәні бойынша өтілетін сабақтар төрт бөліктен тұрады. Әр бөлік түрлі типті  құрылыс жұмыстарын қарастырады. Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында топты үш адамнан он бөлімшеге бөледі. Оқытушы бір мезгілде 8 бөлімшеде сабақ өткізеді. Екі бөлімше өндірістік оқыту шебері басшылығымен жердің өсімдік қабатын (қыртысын) бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топвырақты көлікке тиеп қазу, олардың түбін тазалау т.б. жұмыстарға тоқталып,  құрылыс машиналарды күтіп-баптау жұмыстарын орындайды. Бұл оқыту әдісі бір кезенде жекелеп және бөлімше түрде өзіндік жұмыс орындауға мүмкіндік береді. 

      Сабақтың өтуі алдымен жұмыс орнына байланысты. Әрбір жұмыс орны қажетті құрал-саймандармен жабдықталған болуы керек.

     Сабақтың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы үшін оның жоспарын жасай білу керек.Сабақтың әр кезеңін тиімді пайдалануға оның ұйымдастыру бөлімінде, кіріспелік, кезектегі және қорытынды нұсқауларды жүргізілетін шаралардың толық орындалуын көздеу қажет.

      Әрбір   тәжірибелік зерттеу сабағы ұйымдастырудан, кіріспе нұсқаудан, өзіндік оқушылардың  жұмыстарынан және қорытындылау  бөлімдерінен тұрады.

     1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі (5 минут): ұйымдастыру жұмысы 4-5 минут шамасында өткізіледі. Бұл уақытта оқытушы оқушыларды сапқа тұрғызып, тізім бойынша тексереді және сыртқы киімдеріне назар аударып, киімдерінің қауіпсіздік техникасы шараларына сай екеніне көңіл бөледі, машиналар мен машина-трактор агрегаттарымен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігіне тоқталады.

     2. Кіріспе алғашқы сабақта 25-30 минут, кейінгі сабақтарда 10-15 минут. Сабақ кіріспесінде оқытушы тақырыптың орындалу мақсатын, әр тапсырманың орындалу технологиясын түсіндіреді, технологиялық нұсқау карталарымен жұмыс істеу жолдарын таныстырады, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғыларды пайдалану әдістерін түсіндіріп, қолданылатын слесарьлық құрал-саймандар тізімін анықтап, пайдалану реттілігін көрсетіп тапсырма орындағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін таныстырады, әрбір топтың жұмыс орнына сай тапсырмамен таныстырып, жұмысты орындау жұмыстарын түсіндіреді, топтардың алмасу кестесімен таныстырады.

      3.Кезектегі нұсқау (оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру). Кезектегі нұсқау барысында, оқушылардың өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім олардың жұмыс орындарын бірнеше рет айналып шығуы керек.

     Бірінші айналымда топтардың қозғалтқыштарды, құрылыс машиналарының құрал-саймандарын бөлшектеу дайындығына назар аудару, әр оқушының технологиялық нұсқау карталарымен танысқандығын байқау. Олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін технологиялық нұсқау карталарының маңызын түсіндіру керек.

      Екінші  айналымда механизмдердің, құрылыс машиналарының құрал-саймандарының бөлшектенуінің дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуын талап етеді..

      Үшінші  айналымда оқушылардың жұмыс  барысында материалды ұғынуына  көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру. Құрылыс құралдарының орналасуына ден қойдырып, дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

      Төртіншші  айналымда бөлшектенген механизмдердің  қайта жиналу әдістерінің орындалуын  тексеру, әр оқушының іс-әрекетіне  көңіл аудару, әсіресе, олардың  құрал-жабдықтар мен құрылғыларды  пайдалана білуіне көңіл бөлу. Жиналған механизмдердің сапасына, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру керек. Бақылау нәтижелерін дәптерге түсіріп отыру керек.

     4.Қорытынды нұсқау. Топтардың жұмыстарын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған топты, жеке оқушыларды атап өту, әсіресе, жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару керек. Жіберілген қателіктерге тоқталып, қажетті нұсқаулар беру керек. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру керек. Үйге тапсырма беру керек. Керекті оқулықтарды, оның тарауларын атап өту керек.

      Сабақтардың  тиімді өтуін жоспарлауда: мұғалімнің  сабаққа дайындығын екі кезеңге  бөлуге болады: оның сабаққа дербес  дайындалуы және сабақтың материалдық  техникалық базасын жасауы. Мұғалім  әрбір сабаққа мұқият дайындалып, жаңа оқулықтар мен қажетті әдебиеттерді оқуы керек; әрбір технологиялық нұсқау қартасының мазмұнын қарап, түзетулер енгізуіне де болады. Егер сабақ барысында жаңа агрегатты немесе механизмді бөлшектеу қажет болса, оны мұғалім алдын ала өзі бөлшектеп, жинап көруі керек. Әсіресе, жұмыс барысында технгикалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын көздеу қажет. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар  жоспарын жасау үшін сол арнайы пәндердің тақырыптық жоспары мен бағдарламасын пайдаланады, жергілікті жерде пайдаланылатын тракторлардың, автомобильдердің және басқа ауылшаруашылық машиналарының түрлерін оқытуды жоспарға енгізе қажет. Жоспарды кәсіптік мектепте немесе лицейдің, колледждің әдістемелік кеңесінде қарап, бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарға дайындығы және сабақты жоспарлауы

       Оқытушы  өз пәнін жан-жақты меңгерген  жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс  атқара алады. Оқушы үлгерімінің жақсы болуы оқытушының сабаққа дайындығына байланысты. Ол екеуінің түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі  және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық принциптері, яғни, тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымдылығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда және таралғанда ғана оқыту үдерісі тиімді болады.

     Оқыту кезінде  оқытушы оқушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауы, еңбек мәдениетіне үйретуге тиіс.

      Оқыту  үдерісінде ғылымилық қағидаттармен  бірге түсініктілік қағидаты  бірге жүруі керек, яғни оқытудың  мазмұны, түрі және әдісі оқушылардың берген білімді игеру мүмкіндігі мен дайындық дәрежесіне сәйкес болуы керек.

      Оқушылар  теориялық алған білімдерін алғаш  өндіріске жақын жағдайларда,  яғни өндірістік оқыту кезінде  қолдана алады. Олар әр түрлі  машиналардың құрылысы мен құрылымын, олардың тетіктерін ретке келтіру, техниканың күтімі мен жөндеу операцияларын игеру, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және қажетті құрал-саймандарды реттеу, сонымен бірге техника қауіпсіздігі негіздерін біліп үйренеді. Сондықтан, өндірістік оқыту сабақтарын жоғары дәрежелі оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді.

      Сабаққа  дайындық кезінде оқытушы сабақтың  әрбір кезеңін жоспарлап, дайындауы  қажет, ол үшін әдістемелік  әдебиеттерді оқып, оқулықтардың  қажетті бөлімдерін, техникалық әдебиеттерді, ауылшаруашылық өндірісіндегі соңғы жеткен жетістіктерді қадағалап, оқушыларға беретін білімді әдістемелік және техникалық жағынан да жоғары дәрежеде беруі керек. Тәжірибе жүзінде құрал-саймандарды, іске қажетті жабдықтарды дұрыс пайдаланудыц үйретеді. Оқытушы сабақтың материалды-техникалық жабдықтарын алдын ала дайындауға, құрал-саймандардың толық болуын қамтамасыз етуге, оқушылар жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігін сақтауға, ретке келтіру және бөлшектеп –жинақтау жұмыстарын орындауға қажетті құрал-жабдықтардың толық болуын қадағалауға міндетті.

      Бәрінен  бұрын төмендегідей құжаттарды  дайындау керек:

      1.Күнтізбелік-тақырыптық  жоспар;

      2.Жұмыс  орындарында бөлімшелердің ауысу  кестесі;

      3.Сабақ  жоспары;

      4.Технологиялық нұсқау парағы;

      5.Техника  қауіпсіздігі жөніндегі есеп  журналы.

      Күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды оқытушы оқу жоспарына  және бағдарламаға сәйкес қарастырады.  Жұмыс орындарында бөлімшелердің  ауысу кестесін жұмыс орнының  санын және сабақ кестесін есепке ала отырып жасайды.

      Сабақ  жоспарын оқытушы күнтізбелік-тақырыптық  жоспар бойынша, құрал-саймандар  мен жұмыс орнының санына байланысты  барлығын біріктіре отырып, бөліктерге  бөліп бірақ жасайды. Оның құрылымы  төмендегідей болуы мүмкін:

      1.Ұйымдастыру  бөлімі;

      2.Кіріспе;

      3.Кезекті  нұсқау, оқушылардың өзіндік жұмысы;

      4.Қорытынды  нұсқау;

      5.Үй  тапсырмасы.

      Жоспарда  техника қауіпсіздігі жөнінде  нұсқауды және кіріспе, кезекті  нұсқау бойынша берілетін бақылау сұрақтарын қарастыру қажет.

      Технологиялық  нұсқау парағы талапқа сай,  дайындалатын кәсіпке және құрал-саймандардың  жеткіліктілігіне байланысты құрастырылады.  Онда техникалық көрсеткіштер  мен талаптарға сәйкес реттеу  және бөлшектеп-жинау жұмыстарының  реттілігі сақталады. Оқытушы жасалатын жұмыстарға жіберілетін уақытты есепке алып, яғни жұмыс күрделілігіне қарай технологиялық нұсқау парағына жөндеулер енгізіп отырады.

     «Құрылыс машиналары» пәнінен сабақ өткізу кезінде оқытушы тәжірибелік зерттеу сабақтарының бағдарламасын және тақырыптық жоспарын негізге ала отырып сабақ жоспарын жасайды, онда бөліктер бойынша тапсырма мазмұны, оқытылатын машиналар, оқу құрал-жабдықтар тізімі көрсетіледі. Тапсырма мазмұнын оқытушы оқу орнында және сол мандағы ауылшаруашылық жұмыстарына қолданылатын машина маркасына сай құрастырады. Оқу тобы үшін адамдар он бөлімшеге бөлінеді, соның ішінде сегіз бөлімше тәжірибе зерттеу сабағының тапсырмаларын орындайды, сондықтан оқытушыға барлық он бөлімшенің жұмыс орындарының ауысу кестесін құрастыруы керек.

      Кестеде  машина-трактор агрегаттарында жұмыс  жасайтын екі бөлімшенің жұмыс  жоспарын да және басқа бөлімшелер  орындайтын барлық тапсырмалар  да қамтылуы керек.

      Оқу  орнында біркелкі жасалған бөлімшелердің  ауысу кестесі болуы керек. Оны оқу бөлімі сабақ кестесімен бірге жасайды. Оқытушы бөлімшелердің ауысу кестесін оқу бөлімінің ауысу кестесімен келісіп жасауы керек.

Информация о работе Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау