Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 11:41, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби іскерліктердің іске асыру негізінде өзін-өзі еркін бағдарлай білуге, дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Сонымен қатар берілген мақсатқа жету үшін шешілетін міндеттердің біріне мұғалімдердің іскерлігін арттыру, оқушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік іскерліктерді игеруіне жағдай жасау керектігі аталып көрсетілген. Бұл міндеттердің іске асуы мыналарда екендігі көрсетілген: білім берудің мазмұнын орта біліммен кәсіптік білімге қарай өзгерту;

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3

І тарау. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
1.1. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жобалау негіздері...................................................................................................................5
1.2. Оқушылардың кәсіби бағдарларын құрылыс саласы бойынша қалыптастыру....................................................................................................... 8

ІІ тарау.Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау
2.1 Өндірістік бөлмелерге (шеберханаларға) қойылатын талаптар.........11
2.2.Зертханалық-тәжірибелік сабақтардың мақсаты және оны өткізуге қойылатын жалпы талаптар............................................................................14
2.3.Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарға дайындығы және сабақты жоспарлауы..........................................................................................................17
2.4.Өндірістік шеберханаларда пайдаланылатын мультимедиялық технологиялар......................................................................................................20
2.5. Компьютерлік оқу құралын сабақтарда пайдаланудың тиімділігі................................................................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................27

Файлы: 1 файл

Жаныбек.doc

— 177.50 Кб (Скачать файл)
  • программа жасау мерзімін қысқарту;

     - программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;

     - оқу құралының  мазмұны мен құрылымына сәйкес  оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды  аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін  беру;

     - оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

     Компьютерлік  оқу құралын пайдалану кезінде  компьютер арқылы жүзеге асатын  педагогикалық функциялар аса  маңызды болып табылады, сондықтан  оқыту үрдісін компьютермен нығайта отырып, «Мұғалім – оқушы – компьютер» жүйесіндегі педагогикалық функцияларды айқындауға болады.

      Мұғалім  кеңес беру, бақылау, оқу әрекеттерімен  басқару, үйлестіру, коммуникативтік  және тәрбиелеу функцияларын  іске асырады, ал қажет болған жағдайда, ақпаратты-таңдамалы, ақпаратты-ұсынушылық, ақпаратты-кескінді функцияларын жүзеге асырады.

      Оқушы  субъект-субъектілік әрекеттестігінде  оқу әрекеттерімен басқару (өзін-өзі  басқару), бақылау (өзін-өзі бақылау)  және коммуникативтік функцияларды орындайды.

      Компьютер  арқылы ақпаратты – таңдамалы,  ақпаратты-ұсынушылық, акпаратты-кескінді, жаттықтырмалы, бақылау функциялары  іске асырылады. Компьютердің  қызметі – қосымша және көмекші  ақпараттарды беру; арнайы бағдарламалар  арқылы оқушыны өзбетінше оқып-үйрету және өзін-өзі бақылау; ену және шығу бақылауын жүзеге асыру, ал кейбір жағдайда ағымдық, аралық және қорытынды бақылауын ұйымдастыру болып табылады.

     Компьютерлік  оқу құралдарын өз дәрежесінде  қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар,өзі белсенді жеке жұмыс істей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Елімізде  болып жатқан өзгерістер білім  жүйесіне де әсерін тигізіп  отыр. Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі  – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан  халқына Жолдауында, білім беру  жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттігін айтып, оқытуда, әр білім алушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жаса; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру керек екендігін атап көрсетті.    

     Бүгінгі  кезде оқушыларды еңбекке даярлау  технологиясына оқыту процесінде  ғана емес, сонымен қатар  оқу  орындардың бүкіл оқу-тәрбие іс-әрекеті  процесінде жүзеге асатыны белгілі.  Дегенмен оқушылардың жалпы еңбектік  политехникалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда еңбек технологиясына оқыту жетекші рөл атқарады.

    Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өндеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.

     Жаңа (мультимедиалық) технологияларды белгілі бір оқыту жүйесінің    мазмұны мен әдістеріне негізделген жағдайда пайдалану тиімді. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерінің өзара байланысы біркелкі болмайды, яғни, бір мультимедиалық құрал бірнеше оқыту әдістерін қамтыса, ал керісінше, бір оқыту әдісінде бірнеше мультимедиалық технологиялар кешені пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдістерін талап етеді.

       Жаңа технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • оқу материалын терең түсінуге;
  • оқу мотивациясының артуына;
  • алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

    Білім беруде  жаңа технологияларды тиімді пайдалана алуы үшін болашақ мамандар  мынадай білімдерді меңгеруі қажет:

     - пәндік, пәнаралық,  арнаулы курстарды жүргізуде жаңа  технологияларды қай жерде, қандай мақсатта және қалай пайдалануы керектігін білуі;

     - мультимедианы  әртүрлі оқыту модельдеріне (сызықтық, сызықтық емес, ізденушілік, аралас т.б.) сәйкесті қолдана білуі.

    Жаңа технология  – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын  құрал. Оқушылардың әртүрлі компьютерлік  технологияны игеруі, олардың тұтыну  тәсілін қалыптастыруы оларды  жаңа білім ортасына жылдам  енгізеді.       

    Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі – мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану болып отыр. Оқытуда мультимедиялық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Ю.Н.Егорованың, дидактикалық аспектілері Н.В.Клемешованың, орта мектептің информатика, математика пәндерін оқытуда мультимедианы пайдалану әдістемесі С.С.Кравцовтың,Т.Г.Пискунованың еңбектерінде зерттелінген.

     Бүгінгі  таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімге үлкен де жоғары талап қояды. Сондықтан әркез және үздіксіз ізденісте болуымыз керек.

      Білім  беру жүйесінің жаңа талаптары  мен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу  еңбектерінің нәтижелерін ескере  отырып, мынадай тұжырымға келуге  болады: үздіксіз білім беру жүйесін жетілдірудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде мультимедиялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі  техникалық және дидактикалық  құрамын дамыту маңызды болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  халқына Жолдауы: Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан.-Астана,2007.-16б.

2.Өстеміров К.О., Бекболғанов  Е.Ж., Әліпбеков Н.Ж. Өндірістік  оқыту шебері. Оқу құралы.-Астана.: Фолиант, 2008.-168 б.

3.Құттыбай М. Физика сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі // Математика және физика,2008 №4, 52-53 бб.

4.Айтмамбетова Б., Бейсенбаева.  Тәрбиенің жалпы әдістері.-Алматы, 1985.-

5.Ақназарова Б.Класс  жетекшісі.-Алматы.:Мектеп, 1973.-

6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.-Алматы,1999.

7.Бержанов Қ. Тәрбие  мен оқытудың бірлігі.-Алматы,1973.-

8.Иванова Н., Қозмамбаева  М. Оқыту процесінің мәні.-Алматы,1991.

9.Қоянбаев Ж., Қоянбаев  Р. Педагогика.-Астана,1998.

10.Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері.-Алматы,1991

11.Павелко Г.,Искакова  С. Оқыту үрдісінде интерактивті  тақтаны қолдану // Математика  және физика, №3, 2008

12.Досжанов Б.А. Мультимедиялық  технологияларды пайдалану арқылы  оқыту процесін жетілдірудің  дидактикалық негіздері. Автореферат.-Түркістан,2007.

13. Досжанов Б.А. Мультимедиалық  проекторларды оқыту процесінде  қолдану // «Жоғары кәсіптік білім  беру сапасын арттырудың өзекті  мәселелері» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары.-Қызылорда,2002 / М.А. Құдайқұлов, Қ.Ж. Жаңабергеновпен авторлық бірлестікте.

14.Досжанов Б.А. Мультимедиалық  құралдардың оқыту процесіндегі  тиімділігін анықтау // «Үздіксіз  кәсіби білім беру: проблемалары  мен болашағы» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары.-Қызылорда,2006. (Р.Әлменаевамен авторлық бірлестікте).

15.Абыканова Б.Т. Компьютерлік  технологияны пайдалану арқылы  оқушылардың танымдық белсенділігін  арттырудың дидактикалық шарттары.-Алматы,2006

16.Ақпараттық технология  сабақта // Қазақстан мектебі,  №5-2004, 44-45 бб.

17.Ошанова Н.Т.Информатиканың  негізгі (базалық) курсында телекоммуникациялық  технологияларды оқыту әдістемесін  жетілдіру.Автореферат.-Алматы,2007.

18.Медешова А.Б. Оқушылардың  оқу икемділігін ақпараттық технология  арқылы дамытудың педагогикалық шарттары.Автореферат.-Атырау,2006.

19.Мұғалім – оқу  үрдісін ақпараттық технология  жабдықтары арқылы ұйымдастырушы  // Қазақстан мектебі, №4-2005, 10-11 б.

20.Оқу материалын меңгеруді ақпараттық технология арқылы ұйымдастыру // Жас ғалым-2005», республикалық ғылыми-практикалық конференция.-Тараз,2005.

21.Қараев Ж.А. Мектепте  оқытудың педагогикалық жүйесін  жетілдірудің әдіснамалық негіздері  // Қазақстан мектебі,1996.




Информация о работе Құрылыс саласына жұмысшы мамандарды дайындауға қажетті өндірістік бөлмелеріне (шеберханалар) қойылатын талаптарды айқындау