1-тақырып. Сертификаттауды дамытудың
жағдайы және негізгі
даму бағыттары
Латын
тілінен аударғанда «Сертификаттау» (Sertifico) сөзі
растаймын, куәлендіремін деген мағынаны
білдіреді. Сертификаттау сөзінің төркінің
кейбір авторлар certum – дұрыс және
facere – жасалған деген латын сөз тіркесінен
шыққан деп пайымдайды. Тарих ғалымдары
сертификаттау рәсімінің тамыры тереңде
жатқанын нақтылау үшін ғасырлар бойы
бұйымдарды таңбалау мен сақтандыру рәсімдері
оның күйін бағалауда қолданғанын алға
тартады.
«Сертификаттау»
ұғымына алғашқы рет анықтама
берген Халықаралық стандарттау
жөніндегі ұйымның Сертификаттау
мәселесі жөніндегі комитеті
(бұрынғы СЕРТИФИКО) еді. Бұл
ұғым 1982 жылы ИСО/ХЭК 2 басшылығына
енген болатын.
Сертификаттау
– сәйкестікті растау жөніндегі
орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің
белгіленген талаптарға сәйкестігін
жазбаша куәландыратын рәсім.
«Сертификаттау»
ұғымының біздің сөз қорымызға
енуі соңғы он жылда өнімдердің
қауіпсіздігі мәселесіне тікелей
байланысты. Бүгінгі күні халықаралық
саудадағы жаһандануға, бір өнімнің
алуан әр түрлілігіне, өнім
өндірушілер арасындағы күшті
бәсекелестікке байланысты өнімді
шығарушы елге, фирмаға, сапаны
басқару жүйесіне тәуелсіз тұтынушы
үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету тетігі ретінде сертификаттау
ұсынылып отыр.
Сертификаттау
объектілеріне өнім, қызмет, бұйым,
процесс (жұмыс), сапа жүйесі, қызметкерлер,
жұмыс орындары және т.б. (әрі
қарай - өнім) жатады.
Өнімді сертификаттауға үш жағы
бар:
Бірінші тарап - өнім өндіруші,
бұйым жасаушы, қызмет көрсетуші,
өнімді сатушы, екінші тарап -
өнімді сатушы, сатып алушы, тұтынушы,
үшінші тарап – техникалық
реттеу және метрология жөніндегі
комитет және оның аумақтық
басқармалары, сәйкестікті растау
жөніндегі органдар мен сынау
зертханалары.
Қазақстан
Республикасының аумағында өнімнің
сәйкестігін растау міндетті
немесе ерікті сипатта болады.
Сәйкестікті
растау – нәтижесі объектінің
техникалық реттеу саласындағы
нормативтік- құқықтық актілерде,
стандарттарда немесе шарттарда
белгіленген талаптарға сәйкестігін
құжаттамалық куәландіру (сәйкестік
туралы декларация немесе сәйкестік
сертификаты түрінде) болып табылатын
рәсім.
ҚР
«Техникалық реттеу туралы» заңына
сәйкес, сәйкестігі міндетті расталуға
жататын өнім техникалық реттеу
саласындағы нормативтік – құқықтық
актілер бойынша айқындалады.бірақ
аталмыш заңның бұл талабы
практикада жүзеге асқанша, сәйкестігі
міндетті расталуы тиіс өнімдердің
тізілімін бұрынғысынша жыл сайын
ҚР Үкіметі өз қаулысымен бекітіп
отырады.
Ф.А.Брокгауз
бен И.А.Эфронның 1900 - жылы жарық
көрген энциклопедиялық сөздігінде
«сертификат» сөзіне бірнеше
анықтама берілген. Оның бірінде:
сертификат – куәлік. Бүгінгі
күні сертификат тек техникалқ
реттеу саласына ғана тән сөз
емес. Сетрификат сөзі қаржы саласында
бір жағдайда белгілі сомаға
ақшалай куәлік ретінде, бір
жағдайда арнайы мемлекеттік
займ ретінде қолданылады.
Ежелден
өнім өндірушілер өз өнімдеріне
жазбаша кепілдеме берген. Бұл
қазіргі заманғы терминология
бойынша «сәйкестік туралы декларация»
болып табылады. Ол декларацияның
ауқымы өте кең болған және
олар өнер туындыларын да қамтыған.
Қайта өрлеу (XV ғ) дәуірінің
суретшілері өз туындылары 300 жыл
бойы сақталатындығына жазбаша
кепілдік берген. Ең қызығы –
ол суреттердің бір бөлігі
осы күнге дейін халыққа қызмет
етуде.
Қазақстанда
сертификаттау ҚР «Стандарттау
және сертификаттау туралы» заңына
сәйкес 1993 жылдан бастап жүргізіліп
келеді.
КСРО-
ның экспортталатын өнімді сертификаттау
жүйесі Қазақстанға мұра болып
қалды. Бірақ КСРО – ның
сертификаттау жүйесінің кемшіл
тұстары көп болатын. 1984 жылға
дейін КСРО- ның отандық өнімлері
шетелдік орталықтарда, сол елдің
заңнамасына сәйкес сертификатталды.
Тек сол жылдың күзінде КСРО
Үкіметі экспортталатын өнімді
сертификаттау жөнінде қаулы
қабылдады.
Сәйкестік
сертификатын КСРО Мемстандартты
рәсімдейтін еді. Бұл сертификаттау
саласындағы халықаралық талаптарға
қайшы келетін.
1991 жылы
КСРО - да не бары 14 сынау орталығы
жұмыс істеген еді.
Неліктен
КСРО - да сертификаттау жүйесі
нашар дамыды? Оның үш себебі
болатын. Біріншіден, Кеңес өкіметі
жоспарлы саясатты ұстанып, халық
санына сәйкес өнім шығаратын.
Экспорттың үлесі мардымсыз болатын.
Халықта өнімнің әр түрлілігн
таңдау, талғамына сай өнім сатып
алу мүмкіндігі болған жоқ.
Екіншіден, КСРО - ның сертификаттау
жүйесіндегі Мемстандарт рәсімдеген
сәйестік сертификатты бақа елдер
мойындамайтын. Үшіншіден, кеңес
заманында бәсекелестіктің болмауына
байланысты өнім өндіруші өнімнің
сапасына үлкен ден қоймайтын
еді.
Бұл орайда бұрынғы КСРО - даөндірілген
өнімдер мен жасалған бұйымдардың
барлығы қауіпті қауіпті ой
тумаса керек. Ол кезеңде сол
заманға сай өнімнің сәйкестігін
бағалайтын басқа тетіктер болған.
Олар : өнімді сапа санаты бойынша
аттестаттау (жоғары, бірінші, екінші
санаттағы өнімдер деп оларды
сапа белгілерімен таңбалаған);
мемлекеттік сынау; мемлекеттік
қабылдау (сол кезднгі барлық өнімнің
30%-нің сәйкестігі осы әдіспен
бағаланған); стандарттардың талаптарының
орындалуын қадағалау; өнімді әзірлеу
және оны өндіріске енгізу жүйесі.
Кәсіорындарда шикізат пен дайын
өнімнің сапасын тексеретін техникалық
бақылау бөлімшелері жұмыс істеген
және олар тікелей салалық
министрлікке бағынған. Техникалық
бақылау бөлімшелерінің іс-әрекетінеде
өнім өндіру барысындағы технологиялық
процесстер ескерусіз қалып, тек
шикізат пен дайын өнімнің
нормативті құжаттардың талаптарына
сәйкестігі ғана қадағаланып
отырылған. Қазақстан тәуелсіздігін
жариялаған соң сапа санаты
бойынша аттестаттау, мемлекеттік
сынау, мемлекттік қабылдау сияқты
өнімнің сәйкестігін бағалайтын
әдістерден ресми түрде бас
тартты.
КСРО-дан
сертификаттау саласында қалған
мұра ішінара егеменді Қазақстанның
сертификаттау жүйесін дамытуға
және жетілдіруге қолданылды. Бастапқы
кезеңде, КСРО ыдыраған алғашқы
жылдары ТМД-ның басқа да елдері
осы жолмен өздерінің ұлттық
сетификаттау жүейлерін дамытуға
талпынды. Бірақ уақыт өте сертификаттау
жүйесінің «Кеңестік моделінің»
болашағы жоқ екендігі барлығына
аян болды. Бұл қабырғасын су
шайған үйдің шатырын үздіксіз
жөндеумен пара-пар еді.
Қазақстанда 1999-жылдың шілдесінің
16-жұлдызшасында «Сертификаттау
туралы» жеке заң қабылданды.
Аталмыш
заң Қазақстандағы өнімдерді,
сапа жүйелері мен өндірістерді,
жұмыстар мен қызмет көрсетулерді
сертификаттаудың құқтық негіздерін
белгілеп, сертификаттау саласындағы
қатынастарды реттеп, сертификаттауға
қатысушылардың құқықтарын, міндеттері
мен жауапкершілігін белгілеген
болатын.
Неліктен
алты жылдан соң сертификаттау
саласын реттейтін жаңа заң
қажет болды? Себебі 1993-жылғы заңның
жобасы Кеңес деуірінде талқыланып,
келістірілген еді. Негізінен
ол заң одақ құрамындағы республикаға
арналып, онда нарықтық, халықаралық
қатынастар реттейтін баптар
болмаған еді.
Уақыт
1999-жылы қабылданған ҚР «Сертификаттау
туралы» заңы да өтпелі заңдардың
бірі екендігін көрсетеді. Ол
өзіне артқан функциясын толық
атқарып, тарихта қала берді.
Елімізде
2004-жылдың қарашасының 9-жұлдызшасында
«Техникалық реттеу туралы» заң
қабылданып, алты айдан соң, яғни
2005-жылдың мамырының 3 - жұлдызшасында
өзінің заңды күшіне енді.
«Техникалық реттеу туралы»
заң Қазақстан Республикасында
өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесінің
құқықтық негіздерін белгілейді.
Аталмыш заң бұрынғы мемлекеттік
стандарттау және мемлекеттік
сертификаттау жүйелерін біріктіріп,
ҚР МТРЖ-нің тұтастығын қамтамасыз
етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда өнімнің
қауіпсіздігін реттеу жүйесі
әлемдік Қоғамдық ұйымдардың
ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар
мен басқа бірлестіктердің стандарттары
(ҚҰСТ) практикаға сай дамып келеді. Сонымен
қатар, сертификаттаудың әдістері, тәсілдері
мен оны ұйымдастыру жолдары отандық экономиканың
ерекшеліктеріне икемделіп, онымен ұштастырылып
отырылады.
Өткен ғасырдың 90-жылдары тағам
өнімдерінің көптеген түрлерінің
сапасы күрт төмендей бастады.
Бұған кәсіпорындарда қалыптасқан
моральдық-психологиялық жағдай, технологиялық
тәртіптің бұзылуына және сапаның
жақсаруын қамтамасыз ететін
қызмет әлуметінің төмендеуі
себеп болды. Әсіресе, шағын
кәсіпорындарда бұл проблема
өршей түсті. Себебі шағын кәсіпорындардың
көбінде бекітілген технологиялық
және нормативті құжаттар болмай,
шикізатты тексеру жұмыстары
мен өнімді сынау, талдау көлемі
ескерусіз, назардан тыс қалып
отырады.
Экономикалық құлдырау және сыртқы
саудадағы либералдық ұстаным
Қазахстан нарқындағы шетелдік
жеткізушілер ар-ожданнан жұрдай,
кәсіби деңгейлері күмән тудыратын
қазақстандық делдалдарды өз
мақсаттарына пайдаланып, батыстық
тұтынушылар сатып алудан бас
тартқан өнімдерді еліміздің
нарқына экспорттап отырған кездері
де жиі кездескен. Бұған көлеңкелі
экономика мен қылмыстық кәсіпкерлік
қосылып, еліміздің экономикалық
және әлеуметтік өмірінің жағымсыз
факторларын толықтыра түсті.
Қылмыстық кәсіпкерлік тәң
мысал ретінде алкагольды ішімдік
нарқын келтіруге болады. Жасанды
сертификатпен сатылған, сапасы
төмен алкагольды ішімдіктер
легі халықтың денсаулығына орасан
зор нұқсан келтірді.
Жоғарыда жазылған барлық кемшіліктерге
қарамастан кейінгі кезде сертификаттау
нарықтық экономиканы реттеуде
тиімді құрал ретінде біртіндеп
қалыптаса бастады.
Экономиканы басқарудың
әкімшілік-әміршілік жүйесінен нарыққа
көшу, кәсіпкерліктің даму кезеңінде
сертификаттау сауда айналымына
сапасыз, қауіпті өнімдердің шығуына
тосқауыл болды.
Қазақстан ДСҰ-ға мүшелікке үміткер
ел болып саналады. 2007-жылы
Қазақстан ол ұйымға толық
мүше болып кірмекші. Сондықтан-да,
ҚР МТРЖ-дегі сәйкестікті растау
саласында бірқатар құқықтық
мәселелерді дереу шешу, ДСҰ-ға
мүше елдердің кейбір талаптарымен
үйлестіру уақыт күттірмес
шаралар.
Міндетті сертификаттаудың шектеулі
мүмкіншіліктерін, сертификаттауға
жататын өнімнің көп түрлілігі
мен көлемін, сертификаттау жүйесіндегі
рәсімдерді Еуропалық Одақтың
іспеттес рәсімдерімен үйлестіруді,
ДСҰ-ға ену үшін қажетті шарттарды
орындауды ескерк отырып, міндетті
сертификаттаудан сәйкестікті міндетті
растауға көшу қажеттілігі туындап
отыр
Қазақстанда қалыптасқан сетификаттау
жүйесі сын көтермейді. Ол ұзын
саны шексіз рәсімдерден, ережелерден
және тәртіптерден тұрады. Ең
бастысы, экономикалық тұрғыдан
алғанда, өнімді сертификаттау
кезінде өнімнің әлеуетті қауіпіәнің
деңгейі мен сертификаттауға
кеткен шығындар арасындағы қатынас
айқындалмайды.
Міндетті сертификаттаудан арылып,
өнімнің сәйкестігін декларациялау
арқылы растау – қиын, әрі ұзақ
жол. «Техникалық реттеу туралы»заңының
қабылдануы – Қазақстанның бұл
жолға түскенінің нақты айғағы.
Қазіргі заманда озық стандарттардың
талаптарын бұлжытпай орындау
жеткіліксіз – тағам өнімдерін
өндіру жағдайын қауіпсіздік
(НАССР) немесе сапа (СМЖ) сертификатымен
нақтылай түсу керек. Әсіресе,
тапсырыс берушілер мен тұтынушылар
арасында сапа менеджменті жүйесінің
сертификаты айтарлықтай сенімге
ие. Ол сертификат өнімінің сапасының
тұрақтылығына, сапа көрсеткіштерінің
дәлдігіне сенім қалыптастырып,
өнім өндіру процесінің жоғары
мәдениеті жайында хабар береді.
Сәйкестікті растау саласының
мақсаттары мен қағидалары
Сәйкестікті
растау саласының мақсаттары:
- Өнімнің, көрсетілетін
қызметтің, процестердің адам
өмірі мен денсаулығы
және қоршаған орта, соның ішінде
жануарлар мен өсімдіктер әлемі
үшін қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
- Ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Өнімнің,
көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне
қатысты тұтынушыларды
жаңылыстыратын
іс-әрекеттердің алдын алу;
- Саудадағы
техникалық кедергілерді жою;
- Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру;