Сәйкестікті растау
саласының қағидалары:
- Мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесінің
бірлігі мен тұтастығы (жүйенің тұтастығы
қағидасы);
- Бірыңғай терминологияны,
өнімге қойылатын талаптарды
белгілеу ережелерін қолдану (жүйесінің заңнамалық
негізгі қағидасы)
- Техникалық
ркеттеу мақсаттарының орынды
және қолжетімді болуы, техникалық
реттеу процестеріне қатысу үшін
тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен
басқа да тараптар мүдделерінің
теңгерімін қамтамасыз ету (техникалық реттеу
жүйесінен шеттетпеу қағидасы);
- Отандық
және импортталатын өнімге және
оның белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау рәсімдеріне
қойылатын талаптардың бірдей
болуы (жүйеге қатысушы
тараптарға бірдей талап қағидасы);
- Техникалық
реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық
актілер мен стандарттарды әзірлеу
кезінде ғылым мен техника
жетістіктерін, халықаралық және
өңірлік ұйымдардың стандарттарын
басым пайдалану (ғылыми-техникалық
жетістіктермен озық стандарттарға басымдылық
қағидасы);
- Техникалық
реттеу саласындағы нормативтік-
құқықтық актілер талаптарының
мемлекет экономикасының дамуы,
оның материалдық – техникалық
базасы деңгейіне және ғылыми-
техникалық даму деңгейіне сәйкістігі (орынды заң/стандарт
қағидасы);
- Мемлекеттік құпияларды
және заңмен қорғалатын өзге
де құпияны құрайтын мәліметтерді
қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы
нормативтік- құқықтық актілердің,
стандарттардың және олар туралы,
оларды әзірлеу, бекіту, жариялау
тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі (жүйенің құпиялылығы
және ашықтығы қағидасы);
- Стандарттарды қолдану
мақсатында оларды ерікті түрде
талдау (стандарт деңгейін
ерікті таңдау қағидасы);
-Сәйкестікті растаудың
бірыңғай жүйесі мен ережелері (сәйкестікті растау
саласының бірізділігі қағидасы);
- Бір органның
аккредиттеу және сәйкестікті
растау жөніндегі өкілеттіктерді
қоса атқаруын болдырмау (сәйкестікті растау
саласының дара өкілеттілік қағидасы);
- Бір мемлекеттік органда
мемлекеттік бақылау мен қадағалау
және тсәйкестікті растау функцияларының
үйлеспеушілігі (сәйкестікті растау
саласында орындау мен қадағалауды бір
қолда болдырмау қағидасы);
- Сәйкестікті растау жөніндегі
органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан),
сатушылардан және сатып алушылардан
тәуелсіздігі (сәйкестікті растау
саласының бірінші және екінші тараптардан
тәуелсіз болу қағидасы);
- Сәйкестікті
растау жөніндегі жұмыстарда
бәсекелестіктің шектелуін болдырмау (сәйкестікті растау
саласында нарықтық қатынас қағидасы).
2-тақырып. Сертификаттаудың әлеуметтік-экономикалық,
саяси функциялары және тиімділігі
Өнім
өндірушінің өнімнің сапасын
жақсартып, оның қауіпсіздігіне
кепілдеме беруі тұтынушы үшін күрестегі
басты шарт.
Өнімнің қауіпсіздігі – қауіпті факторлардың іске
асу ықтималдылығы мен оның зардаптарының
ауырлық деңгейінің үйлесімін ескере
отырып, адамның өміріне, денсацлығына,
қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер
мен жануарлар дүниесіне зиян келтірілуіне
байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің
болмауы.
Өнім өндіруші сапалы, әрі қауіпсіз
өнім шығаруға мүдделі. Өйткені
бұл оған нарықтағы ауқымын
кеңейтіп, қосымша табысқа жол
ашады. Шаруашылықты жүргізудің
нарықтық жағдайына көшу жөніндегі
қазақстандық тәжірибе таза либералдық-экономикалық
концепцияның өміршендігіне күмән
келтіреді. Аталмыш коцепцияның
жақтаушыларының пікірінше «өнім
өндіруші ментұтынушы арасындағы
және сатушы менсатып алушы
арасындағы қатынастар мемлекеттің
қатысуынсыз, өздігінен реттеледі»
екен. Шын мәнінде, нарықтық экономиканың
«Батыстық моделінде» мемлекеттік
реттеудің масштабы ұлғайып, оның
формалары өсіп келеді. Мемлекет
сертифкаттау саласында кәсіпкерлік
іс-әрекетті ұйымдастырып, үйлестіретін
және сатушы мен тұтынушының
арасындағы қатынастар реттейтін
күш ретінде қызмет атқарады.
Бұған қоса, жыл өткен сайын
үлкен көлемде өнімдерді сатып
алу үшін мемлекет нарыққа
сатып алушы ретінде де шығып
жүр. Мемлекет соңғы онжылдықта
өнім мен технологиялық процесстердің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттік реттеуді
күшейтіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды басқаруда көш басшысын
рөлін атқарып келеді.
Тұтынушылар
үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік реттеу базасы
– сертификаттау. Сертификаттаудың
негізгі мақсаттары:
- адамдардың өьірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаға өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ;
- өнімнің сапасы жөнінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- Қазақстанның сауда нарығында заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекеті үшін және оларға халықаралық, экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынас пен халықаралық саудада қажетті жағдай жасау.
Жаман
пиғылды шетелдік бәсекелестерден
ұлттық нарықты қорғау – сертификаттаудың
маңызды функцияларының бірі. Сонымен
қоса, сертификаттау халыаралық
экономикалық ынтымақтастықтың нығайуына,
әрі оның кеңейуіне ықпал жасайды.
Әлем
елдерінің арасында ондаған жылдар
ішінде ұлттық стандарттар менсертификаттау
жүргізудің рәсімдері арасындағыалшақтық
қалыптасып, халықаралық саудада
техникалық кедергілер пайда
болды. Бұл алшақтықтар өндіріс
пен сауданы ұйымдастырудағы
ұлттық дәстүрге байланысты немесе
шетелдік бәсекелестіктерінің мысын
басу мақсатында пайда болған
шаралардың нәтижесі.
Бір
қатар ұйымдар халықаралық саудадағы
кедергілерді жоюда айтарлықтай
рөл атқарады, олар: ИСО ; ДСҰ.
Өнімді
сертификаттаудың әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы пәрменділігі бар. Әлеуметтік
салада, бұған дейін жазылғандай,
сертификаттау халықтың денсаулығы
мен өмірін қорғайды, қоршаған
ортаны қорғау жүйесінің негізгі
элементі болып табылады.
Сертификаттаудың
экономикалық тиімділігі. Сертификаттау
өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін реттеу
арқылы қарапайым тұтынушының қажеттігін
толық өтейді, өнімге жұмсалатын шығынды
төмендетеді, өнімнің өтуін арттырады,
нәтижесінде өнім өндірушінің табысы
ұлғайып, сатып алушының қаржысын үнемдейді.
Жалпы
қоғамдық денгейде алсақ, өнімді
сертификаттаудан жиналатын салық
пен кедендік салымдар мемлекеттік
бюджетке келіп түседі. Сертификатталған
өнімнен адам денсаулығына қауіп-қатер
төнбейді, сондықтан-да еңбекке жарамсыз
болуына байланысты төленетін
өтемақы, медициналық мекемелерді
қаржыландыруға бөлінетін қаражат,
яғни мемлекеттік бюджеттен денсаулық
саласына бөлінетін қаржы үнемделеді.
Сертификаттаудың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
дәлелдейтін бір мысал. Бельгиядан
әкелінген қауіпті 100 тонна сиыр
етіне ресейлік сертификаттау
жөніндегі орган сәкестік сертификатын
беруден бас тартып, оның нарыққа
шығу жолын бөгеп, жүздеген
адамдарда асқазан-ішек жолдарының
улануынан сақтсп қалды. Дер
кезінде тиісті органдар шара
қолданбағанда федерфлды бюджет
уланған адамдарды емдеу үшін
600 млн. рубльге, ал олардың
жұмыс орындарында болмағандығы
үшін қосымша 100 млн.рубльге шығындалар
еді.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдар мен сынау зертханаларының
қызметін өтінім беруші өзі қаржыландырады
да, алғашқы екеуі табыстарынан мемлекеттік
бюджетке салық төлйеді. Ол салықтан
түскен ақшаның бір бөлігі техникалық
реттеу жүйесін қаржыландыруға жұмсалады.
3-тақырып. Сәйкестікті растау
саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару
ҚР МТРЖ-дегі
сәйкестікті растау саласының
ұйымдық құрылымы. Мемстандарттың
техникалық реттеу саласындағы
функциялары. Мемстандарттың сәйкестікті
растау және аккредиттеу саласындағы
функциялары. Сәйкестікті растау
саласының мақсаттары мен қағидалары.
Сәйкестікті растау саласының
нормативтік-әдістемелік базасы
ҚР Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесіндегі сәйкестікті растау
саласының ұйымдық құрылымы. ҚР МТРЖ-дегі
сәйкестікті растау саласының ұйымдық
құрылымын келесі мемлекеттік органдар
мен кәсіпорындар құрайды:
- ҚР Үкіметі;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метролоргия жөніндегі комитет (ары қарай – Мемстандарт) және оған қарасты кәсіпорындар:
- “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК;
- “Қазақстан метрология институты” РМК;
- “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” ЖШС;
- “Ұлттық аккредиттеу орталығы” ЖШС;
- Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар (министрліктер, ведомостволар, агенттіктер мен комитеттер);
- Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
Саудадағы
техникалық кедергілер, санитарлық
және фитосанитарлық шаралар
жөніндегі ақпарат орталық;
Стандарттау
жөніндегі техникалық комитеттер;
Аккридеттелген
сәйкестікті растау жөніндегі
органдар;
Аккредиттелген
сынау зертханалары;
Стандарттау,
сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
Техникалық
реттеу саласындағы нормативтік
құқықтық актілер мен стандарттардың
мемлекеттік қоры;
Техникалық реттеу
– санитарлық және фитосанитарлық шараларды
қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу
және белгіленген талаптардың сақталуын
мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі
қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін
қызметке, процестерге қойылатын міндетті
және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге,
қолдануға және орындауға байланысты
қатынастарды құқықтық және нормативтік
реттеу
ҚР МТРЖ-нің ұйымдық құрылымына
кіретін мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар
туралы пәннің “Cтандарттау” бөлімінде
жан-жақты, тарқатыла баяндалған еді. Сондықтан-да,
бұл дәрісте тек Мемстандарт; аккредиттелген
сәйкестікті растау жөніндегі органдар
мен сынау зертханалары; сәйкестікті
растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар жайында, олардың
атқарар функциялар мен міндеттері жөнінде
баяндалады.
Мемстандарттың техникалық реттеу
саласындағы функциялары:
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу;
- Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың ,жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуын үйлестіру;
- Техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтік-құқықтық актілердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңы 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
- Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік ұйымдарда Қазақстан атынан өкілдік ету, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысу;
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
Сәйкестікті растау
және аккредиттеу салаларына тікелей
қатысты
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін және оны ұйымдастыру, сондай-ақ, техникалық реттеу саласындағы кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
- ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеу аттестатын беру, оның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру, өткізу сатысында өнімге қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту.