Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 07:51, реферат

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «Сертификаттау» (Sertifico) сөзі растаймын, куәлендіремін деген мағынаны білдіреді. Сертификаттау сөзінің төркінің кейбір авторлар certum – дұрыс және facere – жасалған деген латын сөз тіркесінен шыққан деп пайымдайды.

Файлы: 1 файл

Лекциялар жинағы, сертификация.docx

— 109.21 Кб (Скачать файл)

Өнім өндіруші өнімнің  сәйкестігін декларация арқылы растай алады, егер ол өнім сәйкестігін сәйкестік  декларациясы арқылы  растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізіліміне енсе. Соңғы тізілім 2005-жылдың сәуірінің 20-жұлдызында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Өнімнің сәйкестігін растау сәйкестік декларациясын қабылдау және тіркеу ережесіне сай жүргізіледі.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде өнімнің сәйкестігін  растауда декларациялау кеңінен  қолданылып, өнімнің тиісті нормативті құжаттарға сәйкестігін дәйектейтін  ең негізгі құрал болып отыр. Өнімнің  сәйкестігін декларация арқылы растау Қазақстанның заңнамасына үйлесімді, әрі Еуропалық Одақтың негіз  болатын құжаттарына сай келеді. Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау шамадан тыс дәйектеу базасын қажет етпейді. Ең бастысы - өнімнің қауіпсіздік деңгейінің қажетті шегі дәлелденсе болғаны.

Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растаудың өнімнің көп  түрлеріне таралуы - мемлекеттің  отандық тауар өндірушілерге  деген сенімдігінің көрсеткіші. Өнімнің  сәйкестігін декларация арқылы растау қаншалықты сенімділік, жариялық, дербестік  қадам болғанымен келесі біртекті топқа  біріккен өнімге қатысты сәйкестікті  растаудың бұл түрін қолдануға  болмайды. Олар:

"Сәйкестік туралы декларация", "Сәйкестік туралы жеткізушінің өтінімі", "Өтінім-декларация", және "Бұйым жасаушының өтінімі" деген ұғымдар арқылы тауар өндіруші немесе бұйым жасаушы немесе жеткізуші өз өнімінің көрсеткіштері тиісті нормативті құжаттардың талаптарына сай екендігін дәлелдеп, жауапкершілігін мойындап, өнімнің қауіпсіздігіне кепілдеме береді.

Сонымен, өнімнің сәйкестігін  растау тек сертификаттау арқылы ғана емес, сонымен қатар декларациялау  арқылы да жүргізіледі.

Өнімді декларациялаудың оны сертификаттаудан артықшылығы: 1) тауар өндіруші оннан астам  сатыдан тұратын сертифиаттау рәсімінен  өтуден босатылады; 2) сәйкестікті растау жөніндегі органның төлем ақысын төлеуден босатылады; 3) тауар өндірушінің  экономикалық мүддесі сақталынады.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сәйкестікті растау саласындағы  ережелерінде белгіленген тәртіппен  рәсімделген және тіркелген декларацияның  сертификатқа тең заңды күші бар.

Өнімнің сәйкестігін декларациялау  екі жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:

1 өз дәлелдері негізінде  сәйкестік туралы декларацияны  қабылдау;

2 сәйкестікті растау жөніндегі  органның қатысуымен алынған  дәлелдер негізінде сәйкестік  туралы декларацияны қабылдау.

Декларацияның формасы және оны толтыру ҚР СТ 3.4 стандартының Н қосымшасында келтірілген. Декларация өтінім беруші белгілген жоспарлы мерзімге байланысты, сапасы мен саны сынау хаттамасы арқылы расталған шикізаттың бар болуына байланысты немесе өнім тобының жарамдылық мерзіміне сай, бірақ, 1,5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Өтінім беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларациясын  осы өнім аккредиттеу саласына кіретін  кез-келген, өзі таңдаған сәйкестікті  растау жөніндегі органға қажетті құжаттармен тіркеуге береді.

Сәйкестік декларациясын  тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:

    • тіркеу туралы өтініш (ҚР СТ 3.4 стандартының П қосымшасына қараңыз);
    • өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмесі;
    • өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттар көшірмесі (нормативті құжат талаптарына сай болуы туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндіріс тұрақтылығының ішкі бақылауының актілерінің көшірмесі);
    • өтінім берушінің сынау зертханасының техникалық біліктілігін растайтын құжаттардың (аккредиттеу аттестаты немесе метрологиялық аттестаттау сертификаты) көшірмесі немесе аккредиттелген зертханалармен технологиялық процесстерде көзделген өнімге сынау жұмыстарын жүргізу туралы келісім-ша<span class="Normal__Char" style=" font-fa

Информация о работе Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары