Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 07:51, реферат

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «Сертификаттау» (Sertifico) сөзі растаймын, куәлендіремін деген мағынаны білдіреді. Сертификаттау сөзінің төркінің кейбір авторлар certum – дұрыс және facere – жасалған деген латын сөз тіркесінен шыққан деп пайымдайды.

Файлы: 1 файл

Лекциялар жинағы, сертификация.docx

— 109.21 Кб (Скачать файл)

 

                 Сәйкестікіті растау жөніндегі  органның құқықтары:

  • өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде объектілердің сәйкестігін міндетті және ерікті түрде растауды жүргізу;
  • сәйкестікті растау рәсімдерін жүзеге асыру үшін келісім шарт негізінде құзыретті ұйымдардың өкілдерін, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы – аудиторларды, өнім бойынша техникалық сарапшыларды тарту;
  • өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттарды сұрату;

 

 

 

                Сәйкестікті растау жөніндегі  органның міндеттері:

  • өтінім берушінің сәйкестікті растау ережелері мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеу;
  • Мемстандартқа тсәйкестікті растау саласындағы ҚР МТРЖ – нің ережелеріне сай берілген сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялар жөніндегі ақпараттарды және объектілерді сертификаттаудан бас тарту туралы мәліметтерді беру;
  • өнім өндірген елге қарамаста, өтінім берушінің комерциялық мүддесі болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамсыз ету.

Сәйкестікті растау жөніндегі  органдар сәйкестікті міндетті растау ережелерін тбұзғаны және сертификатты заңсыз бергні, сәйкестік туралы декларацияларды  заңсыз тіркегені үшін ҚР Заңдарына  сәйкес жааупты болады.

Сәйкестікті растау жөніндегі  органдардың құқық қабілеттілігі  олар аккредиттеу аттестатын алған  кезде туындайды және оның әрекетті мерзімінің аяқталуына немесе “Техникалық  реттеу туралы” заңда белгіленген  тәртіппен жарамсыз деп танылуына  байланысты тоқтатылады.

  Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредитеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқысы жоқ және олардың осы қызметтерді көрсететін ұйымдармен сыбайлас болуына жол берілмейді.

 

   Сынау зертханасы - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін сынау жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдардың зертханалары.

  Сынау зертханалары  – меншік формасына қарамастан, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен  және ҚР СТ ИСО 17025 сәйкес  аккредиттелген ұйымдар және  олардың құрылымдық бөлімшелері.

 Қазіргі кезде (2007 –  жыл) ҚР МТРЖ – де аккредиттелген 477 сынау зертханалары қызмет көрсетеді.

 Сынау зертханалары  сәйкестікті растау  жөніндегі  органдармен немесе басқа   да өтінім берушілермен жасалған  келісім шарт негізінде:

  • өзінің аккредитеу аясы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерді сынайды;
  • сынау нәтижелерінің дәйектігін қамтамасыз етеді;

       Мемстандарт  белгіленген тәртіппен және тиісті  формада жұмыс нәтижелерін рәсімдеп, сынау хаттамасын береді.

 Сәйкестікті растау  мақсатында сынау жүргізу жөніндегі  зертханалардың құқық қабілеттілігі  олар аккредиттеу аттестаты алған  кезде туындайды және оның  әрекетті мерзімінің аяқталуына, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен  қайтарып алынуына, әрекеті жойылуына  және жарамсыз деп танылуына  байланысты тоқтатылады.

Сынау зертханалары объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынаудың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынған үшін ҚР Заңдарына  сәйкес жауапты болады.

Егер сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында аккредиттелген сынау зертханасы болса, онда оны  сәйкестікті растау орталығы деп  атайды (1сұлба)

 

Мемстандарт
 
          Мемстандарт

       



                                

            



        тапсырыс



          


          

          сынау

       хаттамасы 



                                                                                                           


                                                                               


                          


 

 

 

         


 

 

а)                                                                             ә)

 

а) сынау зертханасы сәйкестікті  растау жөніндегі органның құрамында (сәйкестікті растау орталығы);

ә) сынау зертханасы дербес құрылым.

 

1сұлба - Сәйкестікті растау  жөніндегі ұйымдардың  жұмыс атқару

 

 

        5 – тақырып. Сәйкестікті ерікті  растау және сәйкестік туралы  декларация арқылы өнімнің сәйкестігін  растау 

 

       Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

                 Техникалық реттеу саласындағы  нормативтік-құқықтық актілерде  белгіленген талаптар қолданылмайтын  өнімнің сәйкестігін ерікті растау  өтінім берушінің бастамасы мен  талаптары бойынша жүргізіледі.  Сондықтан да, сәйкестікті ерікті  растаудың екінші атауы –«заңмен  реттелмейтін саладағы сәйкестікті  растау».

              Сәйкестікті ерікті растау сәйкестікті  міндетті растауды алмастыра   алмайды.

       Сәйкестікті  ерікті растау өтінім беруші  мен сәйкестікті растау жөніндегі  орган арасындағы жасалған келісім-шарт  негізінде жүргізіледі.

        ҚР  Мемлекеттік органдары өнімнің,  көрсетілген қызметтің сәйкестігін  ерікті растауды жүргізуге өнім  өндірушіні, қызмет көрсетушіні  міндеттейтін нормативтік-құқықтық  актілер қабылдауғақұқылы емес. ҚР Білім және ғылым министрлігі  ИСО 9001 негізінде СМЖ енгізілуі  тиіс оншақты жоғары оқу орындарының  тізілімін бекітіп, университеттердің  сапа жүйесі сертификаттарын  алуын қадағалап отырған. Бұл  ҚР «Техникалық реттеу туралы»  заңы 34-бабының 3-тармағына қайшы  келеді.

        Өнімнің  сәйкестігін ерікті растауға  деген сұраныстың артуы еліміздің  экономикалық ахуалының өсуіне, қаржылық-экономикалық топтардың  арасында бәсекелестіктің пайда  болуына тікелей байланысты.

     Қауіпсіздік  тұрғысынан талап қойылмайтын  өнімдердің сәйкестігі ерікті  расталуы мүмкін. Сәйкестікті ерікті  растау нарыққа сапасыз өнімнің  шығу жолын бөгейді. Себебі: сәйкестікті  ерікті растау барысында өнімнің  сенімділігі, әрі оның эстетикалық,  эргономикалық, экономикалық және  т.б. көрсеткіштері тексеріледі.

     Жоғарыда жазылғандай,  сәйкестікті ерікті растау міндетті  сертификаттауды алмастыра алмайды  және оның нәтижесі өнімді  сатуға немесе жеткізіп беруге  тиым салуға негіз бола алмайды.  Сәйкестікті ерікті растау бірінші  кезекте тұтынушылар үшін күреске  бағытталған.

     Сәйкестігі  міндетті расталған өнім сәйкестікті  ерікті растау аясында қосымша  талаптар бойынша тексерілуі  мүмкін, егер өтінім берушінің  бұндай талабы болса. Яғни, міндетті  сертификатталған өнімнің сәйкестігі  ерікті расталуына тиым салынбайды. Себебі өтінім берушіге өз  өнім жарнамалауы керек. Мысалы: тіс пастасының міндетті сертификаттау  барысында анықтауға мүмкін емес  қасиеттері болуы әбден мүмкін. Өнімнің қосымша қасиетін насиқаттау  мақсатында «14 күн үзбей осы  тіс пастасымен тісіңізді тазаласаңыз-  тісіңіз жұмыртқаның етіндей  жарқырайды» деп жарнама жасайды.  Бір жапондық телевизор жасаушы  компания өз өнімінің көрермендерге  қолайлы биологиялық әсері бар  деп жарнамалайды.

      Жоғарыда  келтірілген мысалдағы өнімдердің  қосымша қасиеттерін міндетті  сертификаттау шеңберінде тексеру  мүмкін емес, өйткені бұл кезде  міндетті сертификаттаудың басты  аспектісі- қауіпсіздік сөз болып  тұрған жоқ.

      Қазіргі  кезде ТМД-да, оның ішіндегі Қазақстанда  өнімнің сәйкестігін міндетті  растау, ал алыс шетелдерде ерікті  растау басымырақ.

      ҚР МТРЖ-дегі  соңғы реформаларға сай, сәйкестігі  міндетті расталатын өнімдердің  тізілімі күрт қысқарды. Бірақ  елімізде сәйкестікті ерікті  растау жүйесі кеңже қалып,  жүйенің ережелері қалыптаспай  отыр. Бұл нарықтағы бәсекелестікке  тікелей байланысты, әрі ол мемлекеттік  органдардың қатысуынсыз қалыптасатын  жүйе.

      Кемелденген  нарықтық экономика жағдайында  өнімнің сәйкестігін ерікті растау  өнім өндірушіге саудадағы техникалық  кедергідерден сүрінбей өтудің  және нарықтағы орнын ойып  тұрып алудың кепілі. Мысалы: Францияда  сәйкестігі ерікті расталған  өнім «NF» сәйкестік белгісімен  таңбаланады. Франция тұтынушылардың  арасында «NF» сәйкестік белгісімен  таңбаланбаған өнімге деген сұраныс  жоқ десе де болады. Осы себептен  фраанцуздық фирмалардың 75% шамасындағы  өнімдердің сәйкестігі ерікті  расталады.

     Біздің елімізде  өнімнің сәйкестігін ерікті растауға  тек қазақстандық экспортшылар  ғана мүдделі. Техникалық реттеу  жүйесіндегі реформалар сәтті  өтіп, нарықтағы бәсекелестік күшейген  кезде сәйкестікті ерікті растауға  деген сұраныс арта түсетіндігі  айқын.

               Сәйкестікті ерікті растаудың   күрделі мәселесі- сәйкестікті ерікті  растау жүйесінің дамуына заңнамалық  қолдаудың мардымсыз болуы.

     Соңғы жылдары  ИСО 9001 стандартының талаптарына  сәйкес кәсіпорындардың сапа  менеджменті жүйелерінің ерікті  сертификатталуы жақсы үрдіске  айналып келеді.

 

 

 

 

               Сәйкестікті ерікті растауға  қатысушылар.

               Өнімнің сәйкестігін ерікті растау  өтінім беруші мен ерікті сертификаттау  жүйесіне кіретін сәйкестікті  растау жөніндегі орган арасындағы  жасалған келісім-шарт негізінде  жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау  жүйесін осы жүйені және сәй»кестік  белгісін (тиісті тізілімдерге) Мемстандарт  бекіткен тәртіппен тіркеген  кез келген заңды тұлға тұра  алады.

     Біртектес  өнімдердің сәйкестігін ерікті  растау бағытында ерікті сертификаттау  жүйесі қалыптасқаннан кейін  ашылған сәйкестікті растау негізінде  жұмыс істейді.

     Ерікті сертификаттау  жүйесіне кіретін сәйкестікті  растау жөніндегі органның функциялары:

  • өнімнің сәйкестігін растау, сертификат беру, өтінім берушіге өзара жасасқан келісім-шарт негізінде өнімді сәйкестік белгімен таңбалауға құқық беру;
  • берілген сертификаттардың әрекетті мерзімін тоқтата тұру немесе жою.

     Ерікті сертификаттау  жүйесін қалыптастырған заңды  тұлға өнімнің сәйкестігін растау  ережелерін, өтемақы төлеу тәртібін  бекітіп, сәйкестікті ерікті растау  жүйесінің қатысушыларын анықтайды.

 

Сәйкестік туралы декларация арқылы өнімнің сәйкестігін  растау

ҚР МТРЖ-де сәйкестікті  ерікті растау өтінім берушінің бастамасы, қалауы және талаптары бойынша, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіліміне кірмейтін өнімге жүргізіледі.

Сәйкестікті ерікті растаудың  мазмұны және ондағы атқарылатын  жұмыстардың тәртібі міндетті сертификаттаумен іспеттес.

Сәйкестікті ерікті растау жұмыстары оң нәтиже берген кезде  сәйкестікті растау жөніндегі орган  өтінім берушіге ҚР СТ 3.4 стандартының р қосымшасында көрсетілген формадағы  сертификат рәсімдеп береді.

Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау сертификатаумен салыстырғанда  сәйкстікті бағалаудың жалпылама, әрі  икемді тәсілі. Өнімді декларациялауды  өнім өндіруші (бірінші тарап), сәйкестікті  растау жөніндегі орган (үшінші тарап) немесе екі тарап бірігіп іске асыруға болады. Өнімнің сәйкестігін  декларациялау практикада қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың басқа да формаларымен (мемлекетік қадағалау, ведомстволық бақылау, лицензиялау  және ерікті сертификаттау) жақсы үйлесім  табады.

Информация о работе Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары