Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Жаппай өнім шығару барысында қазіргі заманғы зауыттарда (ВАЗ, КАМАЗ, АЗЛК және басқа) термиялық және темір соғатын цехтардың автоматты желілеріне қаттылықты бақылап өлшейтін өндіргіш құралдар кірістіріледі. Бұл еңбек өнімділігін, сонымен қатар шығарылатын өнімдердің өмірлілігі мен сенімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты, ақ қаңылтырды түрлі механикалық факторлардың әсеріне сынай отырып: ақ қаңылтырдың сынау әдістемесін әзірлеу;сынақтардан кейін бұйымның өз қызметін атқару қабілеттілігін бағалау.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................
4
1
БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР..................................................................
6
2
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ............................
10
3
АҚ ҚАҢЫЛТЫРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР..............................................................................................
12
3.1
Жалпы техникалық талаптар..................................................................
12
3.2
Ақ қаңылтырды бақылауға жататын сапа көрсеткіштері....................
14
4
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫ СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ.......................
16
4.1
Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы...................................
16
4.2
Сынауға арналған құралдар мен аспаптар............................................
17
4.3
Үлгілерді сынауға дайындау..................................................................
18
4.4
Өнімді сынау әдістемесі..........................................................................
19
4.5
Сынау нәтижелерін өңдеу.......................................................................
22
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Файлы: 1 файл

Курсовая про белаую жесть на КЗ.doc

— 236.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

   

беті

КІРІСПЕ............................................................................................................

4

1

БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР..................................................................

6

2

АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ............................

10

3

АҚ ҚАҢЫЛТЫРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР..............................................................................................

12

3.1

Жалпы техникалық талаптар..................................................................

12

3.2

Ақ қаңылтырды бақылауға жататын сапа көрсеткіштері....................

14

4

АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫ  СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ.......................

16

4.1

Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы...................................

16

4.2

Сынауға арналған құралдар мен аспаптар............................................

17

4.3

Үлгілерді сынауға дайындау..................................................................

18

4.4

Өнімді сынау әдістемесі..........................................................................

19

4.5

Сынау нәтижелерін өңдеу.......................................................................

22

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

26

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................

27

А қосымшасы ГОСТ 13345-85 «Жесть. Технические условия»..............

28

Б қосымшасы ГОСТ 3813-68 «Металлы. Испытание на перегиб листов и лент толщиной менее 4 мм»............................................................

45

Г қосымшасы ГОСТ 10510-80 «Металлы. Метод испытания на выдавливание листов и лент по Эриксену»..................................................

51


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Үкіметіміздің қойған басты міндеті қоғамдық өндірістің динамикалық және пропорциялық дамуы және оның тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, халық шаруашылығының барлық саласында еңбек сапасын жақсарту негізінде  халықтың материалдық және мәдени деңгейін көтеру болып табылады.

Қазіргі заманғы өндіріс жалпы, атап айтқанда, машина жасау өндірісі жоғары вакуум, төмен және жоғары температура, агрессиялық орта, жоғары радиация және т.б жағдайларда жұмыс істейтін конструкцияларға, машиналарға, механизмдер мен машина бөлшектерінің механикалық сенімділігіне, оларды дайындауға арналған материалдардың қасиеті мен сапасына  өсіп келе жатқан талаптар қояды.

Машина жасауда қолданылатын негізгі материалдардың-металдардың әр түрлі және әр алуан қасиеттерінің ішінде механикалық қасиеттері маңызды болып табылады, яғни механикалық қасиеттерді анықтау үлкен мәнге ие.

Металадарды қазіргі заманғы техникада кеңінен  пайдаланылуы олардың кешенді қасиеттерге ие болуына байланысты: жоғары беріктік, қаттылық және серпімділік оларда жақсы жабысқақтықпен және созылымдылықпен үйлескен. Қазіргі уақыттағы ғылыми-техникалық прогресс екпінінің жеделдеуі металдардың механикалық қасиеттерінің өсуіне себеп болды. Уақытша кедергі (беріктік сипаттамасы) соңғы 10-15 жылда 1400-ден 3000 МПа дейін артты.

Жоғары механикалық қаситеттері бар материалдарды жасау кезінде техниканың бірнеше саласының дамуына қуатты түрткі болғаны туралы мысалдар аз емес.

Металдардың механикалық қасиеттерін зерделеу мәселесіне ғылыми негізделген көзқарас ХХ ғасырдың басында құрылымдық әдісінің дамуымен бірге пайда болды. Механикалық қасиет деңгейінің ішкі құрылыммен тура байланыста болатыны анықталды.

Механикалық металдар туралы ғылымға 500 жылдан артық. Леонардо да Винчи (1452-1519) еңбектерінде «Әр түрлі ұзындықтағы қаңылтыр сымдардың кедергісін сынау» деген жазба бар, онда алғашқы жарылатын құрылғының жобасы – сынақ машинасының бейнесі берілген.

Галилео Галилей (1564-1642) қатты денелердің механикасы туралы ғылымның басы болып табылатын материалдардың механикасы бойынша кітап шығарды.

Роберт Гук (1635-1703), ағылшын табиғат зерттеушісі, «бұрынғы қалпына келтіру қабілеттілігі немесе материалдардың серпімділігін» зерттеді және өзінің атымен аталған заңды ашты.

Шарль Огюстен Кулон (1736-1806), француз физигі, бұрау заңын белгіледі, бұраулық таразысын құрастырды, құрғақ қажалу заңын құрды.

Томас Юнг (1773-1829), ағылшын физигі, серпімді созылу үлгісін ұсынды.

Симеон Дени Пуассон (1781-1840), француз математигі, механик және физик, серпімділік теориясын құрастырды, материалдардың серпімді қасиеттерін сипаттайтын коэффициентті ұсынды (Пуассон коэффициенті).

Механикалық сынақ теориясы мен практикасын сонымен қатар ұлы ғалымдар Мариотт, Реомиюр, Веллер және басқалары дамытты.

Жоғары сапалы өнім шығару үшін өнеркәсіптік металл материалдардың қасиетін зерделеудің, жаңа жоғары төзімді және технологиялық қорытпаны енгізу және жасаудың, оларды бақылаудың және зерттеудің жаңа тәсілдерін қолданудың ерекше мәні бар.

Кәсіпорындарда металдардың және басқа материалдардың механикалық қасиетін анықтайтын арнаулы зертханалар бар.

Жаппай өнім шығару барысында қазіргі заманғы зауыттарда (ВАЗ, КАМАЗ, АЗЛК және басқа) термиялық және темір соғатын цехтардың автоматты желілеріне қаттылықты бақылап өлшейтін өндіргіш құралдар кірістіріледі. Бұл еңбек өнімділігін, сонымен қатар шығарылатын өнімдердің өмірлілігі мен сенімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты, ақ қаңылтырды түрлі механикалық факторлардың әсеріне сынай отырып: ақ қаңылтырдың сынау әдістемесін әзірлеу;сынақтардан кейін бұйымның өз қызметін атқару қабілеттілігін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Қазіргі заманғы машиналар, агрегаттар мен құралдар пайдалану ұзақтығы мен жылдамдықтар жүктемесінің үздіксіз өсуі мен қысым, температура, жұмыс режимдерінің кең көлемді диапазонымен сипатталатын күрделі жағдайларда пайдаланылады. Сынақтардың міндеті – техникалық жағынан сынақ жағдайларын пайдаланудың қауіпті жағдайларына жақындату және осы жағдайларда бұйымдар мен материалдардың сипаттамаларының, функцияларының және негізгі қасиеттерінің өзгерістерін анықтау. Сынау мақсаты – өнімнің сапалық және сандық қасиеттерін бағалау, белгіленген жағдайда қажетті қызметті атқаруға қабілеттілігін бағалау.

Сынақтар былай жіктеледі:

Өнімнің өмірлік циклінің сатысына байланысты келесі зерттеулер жүргізіледі:

  • зерттеу сатысында – зерттеу;
  • жасалу сатысында – жеткізу, алғашқы, қабылдау;
  • өндіріс сатысында – квалификациялық, ұсынушылық, қабылдап-тапсыру, мерзімдік, инспекциялық;
  • пайдалану сатысында – бақылаудағы пайдалану, пайдаланатын мерзімдік, инспекциялық.

Зерттеу сынақтары қажет болған кезде өнімнің кез келген өмірлік циклінде жүргізіледі. Зерттеу сынақтары негізінен типтік өкілде осы түрдің барлық объектілерінің жиынтығы жөнінде ақпарат алу мақсатында өткізеді. Осылайша, зерттеу сынақтары объекті қасиетінің сипаттамасын зерделеу үшін, өнімге деген бастапқы талаптарды қалыптастыру, техникалық шешімді таңдау, өнім сипаттамасын және құрамдас бөліктерін  анықтау, өндірістің тиімді тәсілін таңдау, өнімді пайдалану (қолдану) және бақылау, пайдалану жағдайын анықтау үшін өткізіледі.

Объект сапасын бақылау үшін өткізілетін сынақтар бақылау сынақтары деп аталады. Бақылау сынақтарын белгілеу – жинақтайтын өнімдердің белгілі бір нұсқасының немесе шығару кезіндегі құрамдас бөліктерінің техникалық жағдайларға сай екенін тексеру.

Жеткізу  сынақтары сатысында техникалық құжаттамаға енгізілетін әсерді бағалау, өнім сапасы көрсеткіштерінің берілген мәніне жетуді қамтамасыз ету үшін өткізеді. Сынақтардың қажеттілігін өңдеуші немесе өңдеушіге техникалық тапсырма құрастыру барысында, немесе жасау үрдісі барысында анықтайды; ол бағдарлама мен сынақ әдісін құрастырады.

Сынақтан өнімнің тәжірибелі және бас үлгілері және оның құрамдас бөліктері өткізіледі.

Сынақты ережеге сәйкес қажет болған жағдайда оған шығарушыны тарта отырып өңдеуші ұйымдастырып өткізеді.

Алғашқы сынақтардың мақсаты – қабылдау сынақтарына үлгілерді көрсету мүмкіндігін анықтау. Сынақ стандарт бойынша немесе министрліктің, ведомствоның, кәсіпорынның ұйымдастыру-әдістемелік құжаттамасына сәйкес өткізіледі. Кейінгілері жоқ болған жағдайда сынақтың қажеттілігін өңдеуші анықтайды. Алғашқы сынақтардың бағдарламасы өнімді пайдалану жағдайларына жақындатылған. Сынақты өткізуді ұйымдастыру жеткізу сынақтарына ұқсас өткізіледі.

Алғашқы сынақтар зерттеу бөлімшелері аттестатталған сынақ жабдығын қолдану арқылы өткізіледі. Бас ұйымдарға бекітілген өнімдер олардың қатысуымен немесе олардың бақылауында өткізіледі.

Сынақ қорытындысы бойынша акт, есеп  дайындалады немесе өнімнің қабылдау сынағына өткізу мүмкіндігін анықталады.

Қабылдау сынағы өнімді өндіріске қабылдаудың мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігін анықтайды. Өнімнің қабылдау сынағын осы өнімді пайдалануға берудің мақсатқа сәйкестігі мәселесін шешу үшін өткізеді. Сынақтан өнімнің бас немесе тәжірибелі үлгілері өткізіледі.

Мемлекеттік сынақ бойынша бас ұйымға бекітілмеген өнім түрлері бойынша сынақты екі жақтың біреу өткізеді – тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы), өңдеуші немесе шығарушы, және оларды басқа жақтың қатысуымен қабылдау комиссиясының басшылығымен аттестатталған сынақ бөлімшелерінде ұйымдастырады.

Қабылдау сынағы кезінде техникалық тапсырмада белгіленген көрсеткіштердің барлық мәні мен талаптарын бақылайды.

Квалификациялық сынақтар келесі жағдайларда өткізіледі: нақты сериялық өнімді шығаруға кәсіпорынның дайындығы, егер сериялық өнім мен тәжірибелік үлгілердің шығарушысы әртүрлі болса, сонымен бірге лицензия бойынша өнімді және басқа кәсіпорында игерілген өнімді өндіріске қабылдау барысында. Басқа жағдайларда квалификациялық сынақтарды өткізу қажеттілігін қабылдау комиссиясы шешеді.

Қабылдап тапсыру сынақтары өнімнің жеткізілуге немесе оны қолданудың жарамдылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Сынақтан өнімнің әр  дайындалған бірлігі немесе партиядан таңдап алыныпп өткізіледі.

Сынақ барысында өнімнің негізгі параметрлері мен жұмыс істеу қабілеттілігін тексереді. НТҚ-да белгіленген сенімділік көрсеткіштерін бақылау жанама әдістермен өткізілуі мүмкін.

 Сынақ тәртібі жалпы техникалық  талаптардың мемлекеттік стандартында  немесе техникалық шарттарда, ал  жеке өндіріс өнімдері үшін  техникалық тапсырмаларда белгіленген.

Сынақ үшін мемлекеттік стандартқа, техникалық шарттарға сәйкес және қабылдап тапсыру сынағынан өткен өнім үлгілері тапсырылады.

Мерзімдік сынақ бағдарламасы алуан түрлі және  айтарлықтай пайдалану жағдайларына жақындатылған.

Типтік сынақтар – конструкцияға немесе технологиялық үрдіске енгізілген өзгертулердің мақсатқа сай екенін және тиімділігін бағалау үшін жалпы әдістемемен бір типті  өлшем өнімдерін сынау.

Инспекциялық сынақтар пайдаланудағы және дайын өнім үлгілері сапасының тұрақтылығын анықтау үшін таңдамалы түрде өткізіледі. Оларды НТҚ сәйкес осы өнімге ұйым бекіткен, оларды орындайтын немесе онымен келісілген бағдарламасы бойынша арнайы уәкілетті ұйымдар өткізеді (мемқадағалау, ведомстволық бақылау органдары, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар және т.б).

Сертификациялық сынақтар өнімнің қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау   талаптарына сәйкестігін, кей жағдайларда өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін: сенімділігн, үнемділігін және т.б. анықтау үшін жүргізіледі.

Сертификациялық сынақтар - өнімнің нақты сипаттамасының НТҚ талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған, өндіруші мен өнімді тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынас барысында анық ақпарат алу мақсатында іс-шаралар жүйесінің элементі. Сертификациялық сынақтар ереже бойынша өндірушіге қатысты емес сынақ орталықтары жүргізеді. Сынақ қорытындысы бойынша сертификат немесе өнімнің НТҚ сәйкестік белгісі беріледі.

Информация о работе Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы