Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Жаппай өнім шығару барысында қазіргі заманғы зауыттарда (ВАЗ, КАМАЗ, АЗЛК және басқа) термиялық және темір соғатын цехтардың автоматты желілеріне қаттылықты бақылап өлшейтін өндіргіш құралдар кірістіріледі. Бұл еңбек өнімділігін, сонымен қатар шығарылатын өнімдердің өмірлілігі мен сенімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты, ақ қаңылтырды түрлі механикалық факторлардың әсеріне сынай отырып: ақ қаңылтырдың сынау әдістемесін әзірлеу;сынақтардан кейін бұйымның өз қызметін атқару қабілеттілігін бағалау.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................
4
1
БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР..................................................................
6
2
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ............................
10
3
АҚ ҚАҢЫЛТЫРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР..............................................................................................
12
3.1
Жалпы техникалық талаптар..................................................................
12
3.2
Ақ қаңылтырды бақылауға жататын сапа көрсеткіштері....................
14
4
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫ СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ.......................
16
4.1
Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы...................................
16
4.2
Сынауға арналған құралдар мен аспаптар............................................
17
4.3
Үлгілерді сынауға дайындау..................................................................
18
4.4
Өнімді сынау әдістемесі..........................................................................
19
4.5
Сынау нәтижелерін өңдеу.......................................................................
22
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Файлы: 1 файл

Курсовая про белаую жесть на КЗ.doc

— 236.00 Кб (Скачать файл)

1м2 бетке келетін жабын массасы 5-кестеде келтірілген.

 

5-кесте

 

Жабын класы

1м2 бетке келетін қалайы массасы, г

номиналды

Минималды

екі жағынын

жалпы

екі жағынан

Жалпы

I

II

III

ДI

ДII

ДIII

2,8/2,8

5,6/5,6

8,4/8,4

2,8/5,6

2,8/8,4

5,6/8,4

5,6

11,2

16,8

8,4

11,2

14,0

2,23/2,23

5,25/5,25

7,60/7,60

2,23/5,25

2,23/7,60

5,25/7,60

4,46

10,5

15,20

7,48

9,83

12,85


 

Қаңылтырды ұзақ сақтау үшін және тапсырысты орындаушылардың өзара бірігуі үшін дайындайды. Ақ қаңылтырдың беті таза, жылтыр, тот дақтарынсыз, лас емес болуы тиіс.

Ақ қаңылтырдағы қалайылы жабын түрлі-түсті, біліктен дақ, бөлек, нүкте түріндегі ластар, диаметрі 2 мм-ге дейінгі ірілеу қалайы, диаметрі 2-3 мм-ден аспайтын көбіктер, шеттерінде тереңдігі 1,5 мм-ден аспайтын жыртықтар болмауы тиіс.

ЭКҚ қаңылтырының бумасында 5 % қаңылтырлы орамнан арттырмайды және жазықтықтан ауытқуы 10 мм-ге дейін, қалыңдықтан ауытқуы ±10 %, жолақтар мен беттердің енінен ауытқуы   мм, беткі сызаттары мен қапсырмалары, беттердің шетіндегі қалайының қорытпасы, 5 данаға дейінгі санында диаметрі 3 мм көпіршіктер, 2 бүгілмелі бұрыш жақтан 25 мм-ге дайін не сол өлшемдегі бұрыштардың жоқ болуы, шетіндегі қатпардың бұрылуы жоқ жақшалар түрінде 5 мм-ге дейін, шетіндегі жыртықтар 5 мм-ден аспауы, биіктігі қаңылтыр қалыңдығының -інен артық емес шамалы қылауы болуы керек.

 

3.2 Сынауға жататын сапа көрсеткіштері

 

Қаттылық – формасын өзгерту немесе бөлігін жұлып алу немесе бір уақытта осындай әрекеттер кезінде қарсылық білдіре алатын қатты дененің қабілетінің ерекше қасиеті. Қаттылық екі әдіспен өлшенеді: 1) динамикалық – сыналатын дененің үстін сыру жолымен; 2) статикалық – дененің бетін майыстыру жолымен.

Иілу – қисаюға сезімтал, созылу кезінде материалдың сынғыш және көп майыспайтын механикалық қасиеттерін анықтау үшін көп тараған жүктемелердің бірі. Иілім сынақтары салыстырмалы түрдегі нәзік материалдарды, мысалы, пластикалық графитті шойындарды, қаңылтырларды, болат немесе қыш құралдарын сынау үшін қолданылады. Иілім сынақтары полимерлік материалдар үшін айрықша маңызға ие, өйткені бұл материалдар үшін іс жүзінде қолдану кезінде иілім кернеуі басым болады.

Жаншу – сынай әсер етудің көп тараған түрі болып табылады. Ол аздап өзгертетін қатты ұшымен үлгінің үстіңгі бетіне әсер ету арқылы материалдың қаттылығын анықтау үшін кеңінен қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ

 

4.1 Сынау бағдарламасы

 

Сынақ бағдарламасы бұл орындалуға міндетті, объектісі, мақсаты, өнімді сынаудың міндеттері, түрлері мен тексерілетін параметрлер мен көрсеткіштердің бірізділігі, олардың өту мерзімі, сынақ әдістері, сынақ әдістеріне мемлекеттік стандарттар немесе басқа НТҚ және қауіпсіздік техникасының талаптары мен қоршаған ортаны қорғауды белгілейтін  ұйымдастыру-әдістемелік құжат. Сынақ бағдарламасы ереже бойынша сынақтың әр категориясы бойынша, оларды өткізудің техникалық қамтамасыз етілуі мен жағдайларына ескере отырып бөлек жасалады.

Сынақ бағдарламасының келесі тараулары бар: жалпы ережелер; қолданылу саласы мен міндеті; сынақтың бірізділігі; анықталатын сипаттамалар (көрсеткіштер), өнімге қойылатын техникалық талаптар номенклатурасы; сынақтың жалпы шарттары. Сынақтың оң нәтижесі сынақ жабдығының және өлшем құралының барлығына байланысты. Қолданылу саласына байланысты сынақ жабдығы жалпы өнеркәсіптік, салалық және арнаулы (жеке данамен дайындалған жабдық, және тек аталған кәсіпорында шығарылған өнімді сынауға арналған жабдық) болып бөлінеді. Қажет болған жағдайда алдын ала жетіспейтін жабдық – салалық және арнаулы сынақ жабдықтары және өнімнің нақты түріне арналған стендтер жобаланып дайындалады.

Ақ қаңылтырды ГОСТ 13345-85-ке сәйкес сынау бағдарламасы:

    • сыртқы түрінің сапасы;
    • сызықтық өлшемдері;
    • қаттылыққа сынау;
    • жаншуға сынау;
    • иілуге сынау және
    • қалайылы жабынның массасын анықтау.

Қаңылтырлы беттер мен орамның сыртқы түрінің сапасын ешқандай құралдарды пайдаланбай қарау арқылы тексереді. Қаңылтыр қалыңдығын ГОСТ 6507-78 бойынша ауытқуы 0,004 мм-ден артық емес, шетінен 15 мм кем емес қашықтықта микрометрмен өлшейді.

Қаңылтырлы бет пен орамның сызықтық өлшемдерін сызғышпен                       (ГОСТ 7502-80) немесе басқа да өлшеудің талап етілген дәлдігін қамтамасыз ететін өлшеу аспаптарымен тексереді.

Қиғаш тегістігін А шетінің проекциясының В бет еніне қатынасы арқылы анықтайды: %.

Орақ тәріздесті С кесіндісінің беттің ұзындығына немесе 1 м жолаққа қатынасы арқылы анықтайды:  %.

Тегістіктен ауытқуын тегіс бетте бос жақтан, беттер жолақ кесіндісінің дәлдігіне сәйкес келетін өлшеу аспаптарымен өлшейді.

Сынауға үлгілерді жолақ кесіндісі немесе бет түрінде кесіп алады.

Қаттылықты өлшеу Супер-Роквелл әдісін пайдаланып жүргізіледі. Өлшеу қорғаныш жабындары мен майлауы өшірілгеннен кейін өткізеді. Сынау нәтижесіне қаттылықтың қаңылтырдың әр түрінің 4 үлгілеріне өлшеу жүргізген соң олардың орташа арифметикалық шамасын алады. Қайшылықтар туындаған жағдайда, алмаз үстел қолданып өлшейді.

Жаншуға сынау Эриксен бойынша ГОСТ 10510-80 сай қаңылтырдың әр түрінің 2 үлгісіне жүргізеді. Сынау нәтижесіне үлгінің шетінде және ортасында орналасқан алты шұңқыр тереңдігінде анықталған орташа арифметикалық мән алынады.

Иілуге сынақ ГОСТ 13813-68 сай, ал бетінің бүдірлігін анықтау ГОСТ 2789-73 сай, бір үлгіде өткізіледі.

Қалайлы жабынның массасын анықтау КIO3 немесе йодид-йодатты қоспаны қолданып йодометрикалық әдіспен жүргізіледі. Қалайы қабатының қалыңдығы мен санын анықтайтын, бақылаудың керекті дәлдігін қамтамасыз ететін басқа да әдістерді қолдануға болады. Қайшылықтар туындаған жағдайда қалайы жабынының массасын йодометриялық әдіспен анықтайды.

 

4.2 Сынауға арналған құрылғылар  мен аспаптар. Өлшеу құралдары

 

Қаттылықты сынау метрологиялық аттестаттаудан өткен ТКС-1 немесе басқа да осыған ұқсас аспаптармен жүзеге асырылады. Өлшеуді 30 Т шкаламен, 294 Н (30 кг/с) жүктемемен, диаметрі 1,588 мм шарикпен нүктелі таяныш үстелінде жүргізеді.

Нүктелі үстелдің үстіңгі беті таза болуы керек және еш дақ іздері, сызат, майлы не басқа лас заттар болмауы тиіс. Лас болған жағдайда үстелді ГОСТ 2789-73 бойынша 9-шы кластан төмен емес шекке дейін өңдеу керек. Сыналатын үлгінің келесі жағында білінетін дақ іздері болуына болады. Әрбір ұшын ауыстырған сайын аспапты қаттылықтың үлгі өлшемдері (эталондар) көмегімен тексеріс жүргізеді.

Супер-Роквелл әдісі бойынша, конустық алмастың А, С шкалаларын қолданып, қаттылықты өлшеу және сфераның дөңгеленген ұшының радиусы мм болуы тиіс. Қаттылық , диаметрі мм болуы тиіс.

 Иілуге сынау НГ-2 аспабымен жүргізіледі. Аспаптың губкасы және білікшесі араласқан түрде және НRC61-ден кем емес қаттылыққа ие болуы керек. Білікшелер мен губкалардың саяз бүдірлігі механикалық өңдеуден кейін Rа<1,25 (ГОСТ 2789-73) мкм-нен кем болмауы керек. Аспаптың білікшесі мен губкаларын былай орналастырады: үлгінің осі рычагтың осімен бір жазықтықта болуы керек. Білікшенің осі үлгі мен рычагтың осі арқылы өтетін жазықтыққа параллель болуы керек. Білікшенің осі арқылы өтетін жазықтық үлгінің домалау осіне перпендикуляр болуы керек. Білікшелер арасындағы саңылау жабық еріншелерде 0,2+0,05 мм болуы керек. Жоғарғы құрушы білікшеден рычагтың айналу ортасына дейінгі қашықтық 1,0 мм-ге тең болуы керек. Аспап үлгінің бүгу бұрышын оңға және солға 90 ±30 болуын қамтамасыз етуі қажет. Аспап 2-6 кг·с әрекетімен керілген үлгіні қамтамасыз ететін керілген аспап рычагіне ие болуы керек. Иілетін рычагтың конструкциясы а қашықтығының 3-40 мм аралығында өзгеруіне мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет. Аспапты радиустары 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; 4,0;5,0; 6,0; 7,5; 8,0; 10,0 мм болатын білікшелі губкалармен жинақтастыру ұсынылады.

Жаншуға сынау ТМЛ-10Г-1 аспабымен жүргізіледі. Беттер мен таспаны жаншуға сынау аспабы өлшегенде Пуансонның жаншу тереңдігінің кателігі 0,1 мм аспауын қамтамасыз ету қажет. Аспап үлгіні әр уақытта қысып тұруы қажет және өлшенген ауқымнан қысу және жаншу әрекетін өлшеу қателігі ±5%, 0,04 -тен бастап өлшейтін құралы болуы керек. Пуансон сынақ уақытында айналмауы қажет. Аспап шұңқырды жаншуды қамтамасыз ету қажет. Жұмыс істейтін матрицаның, сақинаның және пуансонның беті қаттылығы 750 HV-дан кем болмауы керек.

Үлгілерді орта өлшемнің 3 орыннан кем емес өлшейді: ені бойынша – қателігі 1,0 мм-ден артық емес; қалыңдығы бойынша – қателігі 0,01 мм-ден артық емес. Үлгінің қысу күші матрица мен қысу сақинасының арасында 9800 Н (1000 кгс) болуы қажет. №1 аспабымен шұңқырды жаншу жылдамдығы 5-20 мм/мин. болуы керек, ал № 2,3,4 аспаптарда – 5-10 мм/мин. № 2,3,4 аспаптарымен алынған шұңқырлардың тереңдігінің мәніне санды көрсетуі керек, матрицаның ішкі диаметріне сай: 1Е21, 1Е11, 1Е5. шұңқырдың тереңдігі 0,1 мм-ден артық емес қателікте анықталады. Металдың сапасын бағалағанда шұңқырдың тереңдігінің алынған мәндерінен орташа арифметикалық мәндері алынады.

 

4.3 Үлгілерді сынауға дайындау

 

Қаттылыққа сынау үшін қаңылтырлы үлгілерді әрбір бет немесе жолақтан өлшемі 7х70 мм етіп кесіп алады. Үлгі тегіс, таза құрғақ бетті, сызатсыз, майлау іздері, тот немесе тағы да басқа жабындарсыз болуы қажет. Деформация іздерімен, иілген және майланған бетпен қаттылықты сынауға жіберілмейді. Қалайылы жабынды 50-700С дейін жылытылған құрамы: 50 г/дм3 гидроксид натриді (ГОСТ 24363-80), тазартылған суда дайындалған  25 г/дм3 метанитробензой қышқылды (ГОСТ  6709-72) ерітіндіде түсіреді. Жабыннан босаған беттерді сумен жуады немесе спиртпен сүртеді (ГОСТ 18300-72).

Иілуге сынауға үлгілерді дайындауда оларды прокаттан кесіп алғанда кесілген сызықтан дайын үлгінің шетіне дейін припускалар қалдырылуы керек, себебі олар металл үлгісін қызып кетуден және жабысып қалудан сақтайды. Жабысып қалған аймақ пен қызып кетуге жақын аймақты механикалық өңдеумен жояды. Үлгі шеттерінде жарық пен қылау болмауы керек. Үлгінің қалыңдығы сыналатын материалдың қалыңдығына сай болуы керек. Үлгілерді дайындағанда илемделген бетті немесе жамылғы қабатын сақтау керек. Үлгінің ені 20-5 мм-ге тең болуы керек. Жолақ пен таспаның енінде 20 мм-ден кем емес үлгі ені қойылған күйдегі материалдың еніне тең болуы керек.

Егер стандарт пен басқа да ғылыми-техникалық құжаттарда металл өнімдеріне нұсқау жоқ болса, сынау алдында үлгілерді жөндеу жүргізілді. Үлгілерді жөндеуді ақырын қысыммен немесе төсемде жатқан үлгіні балғамен жеңіл соққы беру арқылы жүргізеді. Төсем және балға үлгіге қарағанда жұмсақтау материалдан жасалуы керек. Ұзындығы 150 мм сым үлгілері саңылаудан бірінен кейін бірі, қайсыларының өлшемдері сыналатын сымның диаметріне сай алынған. Сыналатын үлгілерді мұқият тазалау және тегістеу керек. Сынау уақытында үлгінің осі мен аспаптың рычагының осі бір жазықтықта орналасуы тиіс.

Жаншуға сынау үшін таспаның еніне тең (15-90 мм) және 90 мм енді және 90 мм жоғары енді жолақтар түріндегі үлгілерді қолданады. Таспаның қалыңдығы 0,2-ден 0,1 мм болғанда және ені 30 мм-ден жоғары болғанда ені 30-1 мм үлгілер қолданылады. Сыналар алдында үлгілерді мұқият қарайды. Сыналатын аспапқа үлгілерді дұрыс қою кезінде кедергі болмауы үшін олардың ұштары иілген және майысқан болмауы қажет, және таза, басқа да майлау болмауы керек. Үлгілерді суық және ыстық күйде түзету, термоөңдеу, тағы да басқа жеңіл қосымша өңдеу жүргізілмейді. Орамалы материалды, егер нормативтік-техникалық құжаттарда металл өндірісі жайлы басқа нұсқаулар көрсетілмесе, пуансонға үлгінің томпағын тегістемей-ақ сынайды. Үлгілерді орташа өлшемнің 3 жерден кем емес өлшейді: ені бойынша – 1,0 мм кем емес қателікпен, қалыңдығы бойынша – 0,01 мм-ден кем емес қателікпен. Сынау алдында үлгінің екі жағы да ГОСТ 3333-80 сай УСсА/қ жұқа қабаты жағылады.

 

4.4 Ақ қаңылтырды сынау әдістемесі

 

Қаттылықты сынау ТКС-1 аспабында Супер-Роквелл әдісі бойынша алмаз конусты не болат шарикті қысу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістің Бринелл әдісінен айырмашылығы, бұнда қаттылықты шұңқырдың көлемімен емес, ал оның қалыңдығымен анықтайды. Іздер ортасын бір-бірінен не үлгі шетінен 6 мм-ден кем емес қашықтықта орналаластыру қажет. Қаттылық бағалауды екі ұсынылған жүктеме әрекетінде: алдын ала 29,4 Н (3 кгс) және негізгі 294 Н (30 кгс) болат шариктің сыналатын денеге кіруіне байланысты шартты бірлікте жүргізеді.

Супер-Роквелл әдісі арқылы қаттылықты анықтауға арналған ТКС-1 құралы негізгі және қосымша жүктеме әрекетімен жаншылатын ұшпен алынған шұңқыр тереңдігінің арасындағы айырмашылықты өлшейді. Әр бір инидикатордың қысымы 2 мкм тереңдікте жаншылуға сәйкес келеді. Бірақ қаттылықтың Супер-Роквелл әдісімен анықталған шартты мәні жаншылған тереңдікті көрсетпейді, конуспен өлшегендегі қара шкала көлемі және шарикпен өлшегендегі қызыл шкала көлемі көрсетіледі.

Супер-Роквелл әдісімен анықталған қаттылықтың мәні шексіз және физикалық мәнге ие болмайды.

Қаттылықты Супер-Роквелл әдісімен мынадай жағдайларда өлшеуге болады:

  • жалпы күші 150 кгс болатын алмаз конуспен. Қаттылық С шкаласымен өлшенеді және HRC деп белгіленедеді. Бұл жағдайда шынықтырылған және босатылған болаттың қаттылығын, қалыңдығы 0,5 мм артық емес, орташа қаттылықтағы материалдардың қаттылығын анықтайды;
  • жалпы күші 60 кгс болатын алмаз конуспен. Қаттылық С шкаласымен сәйкес келетін, А шкаласымен өлшенеді және HRA деп белгіленеді. Қаттылықты бағалауға жұқа қабатты және жұқа бетті, өте қатты материалдарды қолданады;
  • жалпы күші 100 кгс болатын болат шарикпен. Қаттылық HRB деп белгіленеді және В қызыл шкаласымен өлшенеді. Бұлай жеңіл (күйдірілген) болат пен түсті қорытпалардың қаттылығын өлшейді.

Информация о работе Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы