Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Жаппай өнім шығару барысында қазіргі заманғы зауыттарда (ВАЗ, КАМАЗ, АЗЛК және басқа) термиялық және темір соғатын цехтардың автоматты желілеріне қаттылықты бақылап өлшейтін өндіргіш құралдар кірістіріледі. Бұл еңбек өнімділігін, сонымен қатар шығарылатын өнімдердің өмірлілігі мен сенімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты, ақ қаңылтырды түрлі механикалық факторлардың әсеріне сынай отырып: ақ қаңылтырдың сынау әдістемесін әзірлеу;сынақтардан кейін бұйымның өз қызметін атқару қабілеттілігін бағалау.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................
4
1
БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР..................................................................
6
2
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ............................
10
3
АҚ ҚАҢЫЛТЫРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР..............................................................................................
12
3.1
Жалпы техникалық талаптар..................................................................
12
3.2
Ақ қаңылтырды бақылауға жататын сапа көрсеткіштері....................
14
4
АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫ СЫНАУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ.......................
16
4.1
Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы...................................
16
4.2
Сынауға арналған құралдар мен аспаптар............................................
17
4.3
Үлгілерді сынауға дайындау..................................................................
18
4.4
Өнімді сынау әдістемесі..........................................................................
19
4.5
Сынау нәтижелерін өңдеу.......................................................................
22
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Файлы: 1 файл

Курсовая про белаую жесть на КЗ.doc

— 236.00 Кб (Скачать файл)

Сынақтардың бағдарламалары мен әдістері сертификациялық құжаттамада белгіленеді және аталған өнім түрінің сертификациясы бойынша ережеде оның дайындалу, сынау және жеткізілу ерекшеліктерін ескере отырып көрсетіледі.

Сынақтар келесі деңгейде өткізіледі:

  • мемлекеттік – қабылдау, квалификациялық, инспекциялық, сертификациялық және мерзімдік үшін;
  • ведомствоаралық – қабылдау, квалификациялық, инспекциялық сынақтар үшін;
  • ведомстволық – қабылдау, квалификациялы, инспекциялық сынақтар үшін.

Өндірістік-техникалық және мәдени-тұрмыстық міндеті бар өнімнің маңызды түрінің сынағы  мемлекеттік деп аталады. Мемлекеттік сынақтарда барлық мүдделі министрліктер (ведомстволар) қатысады.

Ведомствоаралық сынақтар ереже бойынша комиссияда бірнеше министрлік өкілдері қатысқан қабылдау сынағы барысында өткізіледі.

Ведомстволық сынақтар – мүдделі министрліктің (ведомтсвоның) өкілдерінің комиссиясы өткізетін сынақ.

Сынақтар өтілу орны мен шарттары бойынша:

  • зертханалық, зертханалық жағдайда өткізілетіндер;
  • стендтік, ғылыми-зерттеу немесе сынақ бөлімшелерінде сынақ жабдықтарында өткізіледі;
  • полигондық, сынақ полигонында өткізіледі, мысалы, көліктерді сынау;
  • табиғи – олардың тікелей қолданылу жағдайларына сәйкес келетін жағдайда жасалатын сынақ;
  • үлгілерді қолдану арқылы сынау өнімнің физикалық үлгісіне (қарапайымдалған, кішірейтілген) немесе оның құрамдас бөліктеріне жүргізіледі; кейде осындай сынақ барысында математикалық және физика-математикалық үлгілерге объектінің және оның құрамдас бөліктерінің табиғи сынағымен байланыстыра есептеулер жүргізуге қажеттілік туады.

Ұзақтығына, уақыт толықтығына байланысты сынақтар:

  • қалыпты, өткізу әдістері мен жағдайлары өнім (объекті) қасиетінің сипаттамасы туралы пайдалану жағдайларында қарастырылған уақыт аралығында қажетті көлемде ақпарат алуды қамтамасыз еткен кезде өткізіледі;
  • жеделдетілген, өту әдістері мен жағдайлары өнім (объекті) қасиетінің сипаттамасы туралы қалыпты сынақ кезіне қарағанда қысқа мерзім ішінде  қажетті көлемде ақпарат алуды қамтамасыз еткен кезде өткізіледі;
  • қысқартылған сынақтар қысқартылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Бақылау әдісіндегі сияқты әсер ету қорытындысы бойынша сынақтар:

  • бұзбайтын – сынақ объектісі сынақ өткеннен кейін жұмыс істей береді (пайдаланылады);
  • бұзатын – объект сынақ өткеннен кейін пайдаланылмайды.

Және объектінің анықталатын сипаттамаасы бойынша бөлінеді:

  • функционалдық, объектінің тағайындалу көрсеткіштерінің мәнін анықтау мақсатында өткізіледі;
  • сенімділік, берілген жағдайдағы сенімділік көрсеткіштерін анықтау мақсатында өткізіледі;
  • беріктік, әсер етуші факторлардың мәнін анықтау үшін объектінің белгілі бір сипаттамасының мәнін шығуын немесе оның бұзылуын мақсатында өткізіледі;
  • шекаралық, тұрақтылық, өнімнің өз міндеттерін орындау қабілетін тексеру және НТҚ белгіленген нормалар шегінде параметрлер мәнін сақтау үшін өткізіледі;
  • қауіпсіздік, сынақ объектісіне қатысы бар адамдар мен қызметкерлер үшін қауіпсіздік факторын белгілеу, растау мақсатында өткізіледі;
  • тасымалдауға жараушылық, объектіні бір ыдыста тасымалдау мүмкіндігін анықтау мақсатында өткізіледі;
  • объекті параметрлерінің соңғы рұқсат етілген мәні мен пайдалану режимі арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында өткізіледі;
  • технологиялық, өнімді дайындау кезінде оның технологиялылығын анықтау мақсатында өткізіледі.

 

2 АҚ ҚАҢЫЛТЫРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Қаңылтыр – күйдірілген суық тегістелген жұқа беттік болат                          (қалыңдығы 0,08-0,32мм). Тағамдық орта мен атмосфералық коррозиядан сақтау мақсатында қаңылтыр бетіне қорғаныш жабындары (қалайы, хром, арнайы сырлар және т.б.) жағылады.

Алғашқы ақ қаңылтырды шығару 14 ғасырда басталды (Бавария, Германия). 16 ғасырда Саксония мен Богемияда ақ қаңылтыр индустриясы қарқынды дамиды. 17 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ақ қаңылтыр шығару Англияда дамыған.  ISPAT – KARMET-тің қаңылтырды әр алуан қолдану үшін оның әр түрлі түрлерін шығару тәжірибесі бар. Басты өтім рыноктары: Украина, Ресей, Литва және ТМД-ның басқа елдері; әсіресе Таяу шығысқа үлкен экспорт жасалады. Ақ қаңылтыр өндіру қалайылаудың жалпы қуаты 375 000 т/жыл үш желісінен тұрады (қалайы жағу). Желілер халықаралық стандартқа сәйкес беттің кеуектігі мен сапасын анықтауға арналған бақылау құралдарымен жабдықталған. Бақылауға алынатын негізгі параметрлер: геометриялық өлшемдер, дәлдік шегі, формадан ауытқу, химиялық құрам, бетінің сапасы, салмағы, таңбасы.

Ақ қаңылтырды тағамдық және химиялық азықтарды буып-түюге және консервілеуге қолданады. Олар қаңылтырлы банка өндірісінде әзірленеді. Қаңылтырлы банка өндірісі өнімділігі минутына 400-500 банкі болатын автоматтармен жабдықтандырылған. Қаңылтырлы банкілер мен олардың қақпақтары жұқа беттік немесе орам болаттардан жасалады. Олардың екі жағы қалайымен (ақ қалайыланған қаңылтыр немесе электірлік қалайыланған), қара лакталған немесе хромдалған қаңылтырмен, сондай-ақ денсаулық сақтау органымен рұқсат етілген, тағамдық ыдыстарға арналған басқада қорғаныш материалдарымен жабылған қаңылтырмен жабылады. Банкілер корпустан, қақпақ және түбіршектен тұратын бүтін штампталған құрама болады. Құрама банкілер жалғастырылған тігіске ие. Банкілер цилиндрлік (кең таралған), сопақ және тікбұрышты формада болуы мүмкін. Тікбұрыштық және сопақ банкілер жартылай автоматты және автоматты престерде штампталады. Қақпақтар мен түбіршектер корпуспен тігіледі, герметикалық тегістеледі, соның нәтижесінде жоғарғы және төменгі өрілген тігістер пайда болады.        

Тағайындалуына, сыртқы жағдайына, сапасы мен қасиетіне, талаптарына байланысты қаңылтырды мынадай маркаларға бөлуге болады: ҚКҚ, ҚТҚ, ЫКҚ, ЫТҚ, ЭКҚ, ЭКҚ-Д, ЭТҚ, ЭТҚ-Д.

Маркалардағы әріптердің көрсетілуі:

КҚ – консервіге арналған қаңылтыр; ТҚ – түрлі тағайындалуға арналған қаңылтыр; Қ – қара; Ы – ыстық қалайылау; Э – электролитикалық қалайылау; Д – дифференцияланған жабыны бар қаңылтыр.

ТҚ маркалы қаңылтыр КҚ маркалы қаңылтырды іріктеу кезінде алынады; ҚКҚ маркалы қаңылтыр одан ақ консерві жасауға арналған қаңылтыр әзірлеуге арналған.

Қаңылтыр мына топтарға бөлінеді:

  • түріне байланысты: қара, ыстық қалайыланған ақ, электролитикалық

қайыланған ақ;

  • сортиментіне байланысты: қаңылтырлы бет және орам;
  • қаттылық дәрежесіне байланысты: А1, А2, В, С. Д;
  • қалайымен жабылуының қалыңдығына байланысты: ыстық

қалайыланған ақ қаңылтыр үшін – І және ІІ класс, электролитикалық қалайыланған қаңылтыр үшін: бірдей жабу үшін – І, ІІ, ІІІ класс, дифференциалды жабу үшін – ДІ, ДІІ, ДІІІ.

Құрамындағы негізгі металдың қалыңдығына байланысты қаңылтырдың келесі номерлерін дайындайды: 18, 20, 22, 25, 28, 32 және 36.

Негізгі металдың қалыңдығына байланысты қаңылтырды мынадай номерлермен әзірлейді: 18, 20, 22, 25, 28, 32 және 36.

Қаңылтыр беттерінің ені 712 мм қисық жазықтығы 1,5 мм-ден аспауы тиіс; құйылуға арналған қаңылтыр бетінікі - 1,0 мм. 712 мм-ден артық енді қаңылтыр беттерінікі 0,25%-ден аспауы құйылуға арналған қаңылтыр бетінікі - 0,20%.

Жазықтықтан ауытқуы консервілеуге арналған қаңылтырда 5 мм-ден, ал түрлі тағайындауға арналған қаңылтыр маркасы үшін - 10 мм.

Шартты белгіленуіне мысалдар:

Қара орама қаңылтыр, 22 номерлі, ені 712 мм, ҚКҚ маркалы, қаттылық дәрежесі А:

Қаңылтыр 22 – 712 – ҚКҚ – А ГОСТ 13345-85.

Электритикалық қалайыланған беттік ақ қаңылтыр, 22 номерлі,ені 712 мм, ұзындығы 512 мм, ЭКҚ маркалы, қаттылық дәрежесі В, жабын класы III:

Қаңылтыр 22 – 712x512 – ЭКҚ – В – III ГОСТ 13345-85.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АҚ ҚАҢЫЛТЫРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР. СЫНАУҒА ЖАТАТЫН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

3.1 Жалпы техникалық талаптар

 

Қаңылтыр химиялық құрамы ГОСТ 1050-74 сәйкес 08 кп, 08 кс, 10 кп, 10 пс маркалы болаттан әзірленеді.

Қаңылтыр құрамындағы негізгі металдың қаттылығы, 1-кестеде келтірілген, барлық маркаларда белгіленген нормаларға сай болуы керек.

 

1-кесте

 

Қаттылық дәрежесі

HR 30Т үстелін қолдану арқылы  Супер-Роквелл әдісімен анықталған  қаттылық

алмаз

Болат

А1

А2

В

С

Д

                 

                 

                  


 

Эриксен бойынша консервіге арналған А1, А2, В, С дәрежелі қалыңдықтағы қаңылтыр шұңқырының тереңдігі 2-кестеде белгіленген нормаларға сай болуы керек.

 

2-кесте

Қаңылтыр номері

Қаңылтыр қалыңдығы, мм

Эриксен бойынша шұңқыр тереңдігі, мм, қаттылық дәрежесі үшін кем емес 

         A1, A2

           B

           C

18

20

22

25

28

32

36

0,18

0,20

0,22

0,25

0,28

0,32

0,35

6,2

6,4

6,7

7,0

7,4

7,7

8,0

5,7

5,9

6,2

6,5

6,9

7,2

7,5

5,2

5,4

5,7

6,0

6,4

6,7

7,0


 

Қаңылтыр радиусы 1,5 мм шұңқырдың айналасында сынық пен қатпарлар пайда болғанға дейін 90 0 -қа дейін иілуге шыдауы тиіс.

Қалайылау үшін ГОСТ 860-75 бойынша қалайының массалық үлесі 99, 90% кем емес 01 және 01 пч маркалы қалайы қолданылуы керек.

Қалайылы жабынның салмағы, жабынның класына байланысты, 3-кестеде белгіленген нормаларға сай болуы керек.

 

 

3-кесте

Жабын класы

1 мм бетке екі жағынан жабылған жабын массасы, г

номиналды

Минималды

I

II

25,0

33,6

23,0

28,0


 

Дайындаушы мен тұтынушы арасындағы келісімге сай қаңылтырдың дайындалуына әр жақтан қалайының номиналды массасы 39,2 г/м2 болуы керек. Жабынның минималды массасы 33,5 г/м2 болуы керек.

  Ыстық қалайыланған ақ қаңылтырдың сипаттамасы және қалайылы жабынның ақаулары 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте

Қаңылтыр маркасы

Сипаттамасы

1 беттегі 1 м2 жолақтағы ақаулық

ҚКҚ

 

 

 

 

 

 

ТКҚ

Үстіңгі беті таза, жылтыр, тот дақтарынсыз және шаңсыз

 

 

Тағы да

    Жабынның біртұтастығын бұзбайтын, білінбейтін ақаулар: қалайылы жабынның бір түстілігі; біліктерден түскен дақтардың жеңілдігі; нүкте түріндегі бөлек үстіңгі кірлер; жеңіл сызаттар; диаметрі 2 мм қалайының ірілері, диаметрі 2 мм көпіршіктер – 3 данадан артық емес

   Айтылған ақаулардан басқалары жіберіледі: үстіндегі сызаттар; көлемі 50 см артық емес дақтар; бет жиегіндегі қалайы қорытпасы, диаметрі 5 мм артық емес көпіршік саны 10 дана; екі жақтан иілген бұрыштар немесе бұрыштардың болмауы; жиегінің мыжырылған болуы


 

ҚКҚ маркалы қаңылтыр 1 см2 таяздықта І класта жабыны 5 пордан артық, ал ІІ класта – 3 пордан артық болуы керек.

ҚТҚ маркалы қаңылтырларда 2 класта да жабынында пор саны наормаланбайды. Ақ қаңылтырдағы қалайылы жабын түрлі-түсті, біліктен дақ, бөлек, нүкте түріндегі ластар, диаметрі 2 мм-ге дейінгі ірілеу қалайы, диаметрі 2-3 мм-ден аспайтын көбіктер, шеттерінде тереңдігі 1,5 мм-ден аспайтын жыртықтар болмауы тиіс.

ҚКҚ қаңылтырының бумасында 3,5% қаңылтырлы беттен арттырмайды және жазықтықтан ауытқуы 10 мм-ге дейін, қалыңдықтан ауытқуы ±10 %, жолақтар мен беттердің енінен ауытқуы       мм, беткі сызаттары мен қапсырмалары, беттердің шетіндегі қалайының қорытпасы, 10 данаға дейінгі санында диаметрі 5 мм көпіршіктер, 2 бүгілмелі бұрыш жақтан 25 мм-ге дайін не сол өлшемдегі бұрыштардың жоқ болуы, шетіндегі қатпардың бұрылуы жоқ жақшалар түрінде 5 мм-ге дейін, шетіндегі жыртықтар 5 мм-ден аспауы, биіктігі қаңылтыр қалыңдығының -інен артық емес шамалы қылауы болуы керек.

Информация о работе Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы