Электр энергиясын үнемдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 10:12, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Үміт.docx

— 75.11 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет. Міне сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс, бұл еліміздің экономикасын тиімді дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. Өйткені, электр, жылу және су құбырлары желісін тұтынушылардың өздері пайдаланады. 

Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз. Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Евпорпалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді. 

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды. Әрине, мемлекет еліміздің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Отандық өнеркәсіптің қалыпты жұмыс жасауын, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алатыны, жаңа электр қуатын өндіретін станциялар салуға басымдылық беретіні сөзсіз. Дегенмен бұның барлығы, қомақты қаражатты, жылу, атом электр станцияларын салу экологиялық жағдайға әсер ететіні белгілі. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу бүгінгі күннің талабы. 

Әлемдегі барлық электростанцияларының 2,9 млрд. кВт. сағатан асады екене, ал өндірілетін электро энергиясының қуаты 13 трлн. кВт.•сағатты құрайды, өндірілетін барлық электро энергиясының 3/5 дамыған елдерге тиесілі: 25% — АҚШ, шамамен 2% — Қазақстан, 18 % - Ресей, 7% — Жапония мен Қытай, 4% — Германия және Канада. Әлемде өндірілетін электроэнергиясының 70% қазіргі уақытта Жылу электр станциялары өндіреді, 20% — ГЭС, біршама аз — АЭС және 1% аз — басқа да электростанция түрлерімен, бірақ кейбір елдерде ГЭС (Бразилия — 93%), АЭС (Франция — 77%).

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – cоңғы кезде БАҚ беттерінде, қоғамда осы екі түсінік туралы көп айтылып жүр. Ел Үкіметінің осы салаға көп назар аударуының бірнеше себептері бар.

Әлем экономикалары дамыған сайын, тұтыну нарығы да ұлғаюда. Алдағы уақытта бүкіл әлемде «энергия тапшылығы», яғни қуат жетіспеушілігі мәселесі тууы мүмкін. Қазіргі күнде әлемнің дамыған елдері бастап, дамушы елдері қостап, қоршаған ортаға зияны жоқ, энергияны үнемдейтін және оның тиімділігін арттыратын мәселелермен шұғылдана бастады. 

Қазақстанда «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» туралы Заң өткен жылы ғана қабылданды. Сонымен бірге бұл бағыт «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының да негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып танылды. Ал Елбасының биылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында энергия үнемдеу мақсатында «жасыл энергетикаға» көшу – басты мақсаттардың бірі болып табылатыны баса айтылды. 

Қазір ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен инновациялық бақтар ашылып, аймақтарда инновациялық зерттеулерге жол салынған. Мәселен, Алматыдағы «Алатау» технопаркінде жақын арада құрылысы басталатын екінші кезегінде «ақылды үй» және «жасыл технологиялар» әдістері көмегімен салынған ғимараттар орнайды. Биыл сол аймақта орналасатын компаниялардың бизнес-идеялары жинақтала бастайды. 

Технологиялық даму бойынша Ұлттық Агенттік инновациялық гранттарға байқау жариялап, телеарналар арқылы «Инновациялық форсаж» атты бағдарлама түсіріп, жас ғалымдарға барынша қолдау көрсетуде. 2010 жылы грант алуға ниет білдірген 36 өтініш түссе, оның үшеуі энергия тиімділігін арттыру тақырыбында болған. Олардың 1-уі қаржыландырылды. Ал 2011 жылы келген 679 өтініштің 53-і қуат көзін үнемдеу саласына тиесілі болса, оның 7-уіне қаржы бөлінді. 

Астанада «Назарбаев университетінің» жас ғалымдары – ең үздік шетелдік ЖОО түлектері, әлемдегі алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатып, жел, күн, су, геотермалды энергия бойынша, және биоэнергетикалық технологиялар бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жалпы күн, жел және су энергиясын пайдалану интеллектуалды басқару негізінде жүзеге асады. «Назарбаев университетінде» жасалған жүйелер интеллектуалды құрылғылармен жабдықталған, бұл құрылғылар ағымдағы технологиялық процестер туралы толық ақпаратты уақытылы беріп тұрады және қауіпсіздік шараларын күшейту туралы өз бетімен шешім қабылдайды. 

Қазақстан-Британ техникалық университетінде де баламалы энергетика төңірегінде зерттеулер жүргізілуде. Ондағы ғалымдар кремний негізінде жасалатын күн батареяларын массалары бойынша тарамдалған ауыр иондардың жеделдеткіштерін пайдалана отырып шығарады. 

Тағы бір ірі оқу орны – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары энергияны үнемдеу саласында ерекше жоба жасау үстінде. Жобаның негізінде мынадай ой жатыр: Өндірістік және әкімшілік ғимараттардың интерьеріне орнатылатын жарықдиодты шамдарды ұзақ уақыт бойы сенімді пайдалануға болады, осылайша, ғимарат тұтынатын қуатты айтарлықтай азайтуға қол жеткізілген. Осындай жарықдиодты шамдарды өндіретін зауыттар Үдемелі индустриялы-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды және Жамбыл облыстарында ашылды. 

Қазақстанда тұтынылатын энергияның 70%-ы ірі өнеркәсіп орындарына тиесілі. Елбасының ЖІӨ қуат сыйымдылығын (энергоемкость ВВП) 2015 жылға қарай 15%- ға, ал 2020 жылға қарай 25%-ға азайту туралы тапсырмасын осы ірі өнеркәсіп орындарында энергоаудит жүргізіп барып орындауға болады.

Ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығы санаты бойынша, әлемде бірінші орында Жапония тұр. Оларда бұл көрсеткіш 0,1-ді құрайды. Екінші орында Германия, олардың ІЖӨ-ң қуат сыйымдылығы – 0,16. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7, яғни, Жапониядан 17 есе көп. Сондықтан, немістің ұлттық энергетикалық агенттігімен бірлесіп, Қазақстан-Германия энергия тиімділігін арттыру орталығы құрылды. 

Жүргізіліп отырған энергия үнемдеу саясатының тағы бір салмақты бөлігі – мемлекет энергия үнемдейтін технологиялар сатып алған, немесе осы бағытта қаражат шығындаған кәсіпорындарды өзге де жолдармен қолдап отырмақ. Мәселен, ондай кәсіпорындар үшін көмірсутекті ауаға таратқаны үшін салынатын салық төмендейді, және сол технологияларға кеткен қаражаттың жартысын дерлік мемлекет қайтаратын да жолдар қарастырылған. 

Қазірдің өзінде бірқатар өндіріс орындарына энергоаудит жүргізілді, яғни, олардың қуатты қаншалықты тиімді пайдаланатыны тексерілді. Мәселен, «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ 15%-ға, Петропавлдағы машина жасау зауыты 40%-ға, «Химфарм» АҚ 13%-ға, «ҚазЦинк» АҚ 32%-ға өздерінің қуатты тұтыну әлеуетін азайта алатын болып шықты. 

 

 

 

 

 

 

  1. Электр энергиясын үнемдеу

 

 

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттер болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес.

Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды. 

Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Бұл өз кезегінде Заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шаралар кешені.

Өнеркәсіп барлық электр энергияның 70% жоғары тұтынатындығын атап өту қажет. Кешенді жоспар шеңберінде олардың 50/50 (50% қаржыландыру – бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты, қалған 50% - бұл мемлекеттік бюджет) энергия аудиті жүргізілді. Энергия аудиті қорытындылары бойынша электр энергетиканы қоса алғанда, өнеркәсіптің энергияны қажетсінуін төмендету үшін жүйелік шаралар өңделді.

Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді.

Жалпы электр энергиясының 70 %-ы ғимарат, 15 %-ы тамақ, 10 %-техникалық бұйымдар, 5%-ы жарықтандыруға кетеді екен. 2011 жылы 7 қалада автоматтандырылған есептеу санау жүйесі енгізілді.

Ең жоғары көрсеткіш электр энергиясын өндіру. 2011 жылы 86,2 млрд. кВт. сағатына, яғни, 1990 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4 %-ға өсті. 2011 жыл электр энергиясын тұтыну 2011 жыл 88,1 млрд. кВт.сағат, бұл 2010 жылдан 6% көп. Энергетиканыҗ Қазақстандағы компаниялары: «Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты», «Самрұқ-Энерго», «KEGOC», «Алатау Халық компаниясы», «Алматы Энергосбыт», «Алматы Энерго станциясы», «Ақтөбе ТЭЦ-і», «Астана Энергосбыт», «Атырау жарық», «Уран Энерго». Қазақстанда 70% электр энергиясы көмірден, 14,6 % су қорларынан, 10,6 % газ және 4,9 % мұнайдан өңделеді екен: 

1. Жылу энергетикасы Қазақстанға 37 жылу электр станциясы көмірмен  жұмыс істейтін Екібастқз, Майтөбе, Торғай, Екібастқздағы ГРЭС-1 қуаты 2250 МВт. 

2. Атом энергетикасы қазір  жұмысын тоқтатты, 1973-1999 ж.ж. үнемі  электр энергиясын өндіріп отырды. 

3. Су электр энергиясы  – негізгі көзін Іле, Сырдария, Ертістен алады. Ірі ГЭС-тер: Бұқтырма, Шульба, Өскемен, Қапшағай, 10% электр  энергиясымен қамтамасыз етеді. 2011 жылы желтоқсанда Мойнақ ГЭС-і , болашақта Бұлақ ГЭС-і, Кербұлақ ГЭС-і іске қосылады. 

4. Жел энергетикасы Қазақстанда  дамымаған, бірақ Жоңғар қақпасы  мен Шілік аумағында желдің  орташа жылдамдығы 5-тен 9 м/с. 2011 жылы 8-желтоқсанда Жамбыл облысында  тұңғыш жел және электр станциясы  Қордайда іске қосылуда, қуаты 1500 кВт .

5. Күн энергетикасы бізде көп емес.

Еліміздің энергетика саласындағы кешенді мәселелерді шешу тек пайдаланыстағы активтерді қалпына келтіріп, көмірсутегі шикізаттарына тәуелді жаңа энергетикалық қуаттарды ашып қана қоймай, еліміздің энергетикалық балансын баламалы қуат көздерімен толықтыруға да тікелей байланысты. Қазақстанның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қасиетіңнен айналайын қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік.

 

 

    1. Қазақстанның электр энергетикасы

 

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы электроэнергетикалық секторға тікелей байланысты. Электроэнергияны пайдалану халықтың іскерлік белсенділгінің дамуымен және тұрмыс деңгейімен тығыз байланысты. Салалық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту мен сапасын көтеру электроэнергияны кеңінен пайдаланбайынша мүмкін емес және бұл өз кезегінде сенімді және үздіксіз энергиямен қамтамасыздандыруды талап етеді.

Осы заманғы кезеңде Қазақстанның  электр энергетикалық саласын  дамыту  өндіруші қуаттардың ұлғаюымен,  электр жеткізу желілері арқылы  қуаттың ағындарын арттырумен,  энергия  жүйелері құрылымының күрделенуімен және  электр энергиясын тораптар бойынша  жеткізу кезінде  ысыраптың жоғары деңгейде болуымен сипатталады.

Республика экономикасы дамыған елдердің талдамалық ресурстарымен салыстырғанда ЖІӨ-нің жоғары энергиясиымдылығымен сипатталады. ЖІӨ-нің бірлігіне келетін энергияны үлесті пайдалану көрсеткіштері дамыған елдер көрсеткіштерінен бірнеше есеге асып түседі. Сондықтан ЖІӨ-нің энергиясиымдылығын төмендету ҚР жақын жылдардағы негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Тек осындай жолмен электр ресурстарын қолдану шығыстарын әжептеуір қысқарта отырып, өнеркәсіпті қайта жандандыруға болады. 

Қазақстан Республикасы электр энергиясының нақты өндіру мен тұтыну теңгерімінің деректеріне сәйкес, 2011 жыл ішіндегі технологиялық шығындарына электр энергиясын нақты сатып алу мөлшері 2 548,048 млн. кВтс, сомасы 15 621,749 млн.теңгені (ҚҚС бірге) құрады.

Электр энергиясының технологиялық ысыраптарына жұмсалған шығындар 2010 жылмен салыстырғанда (11 823,859 млн.теңге ҚҚС бірге 2 160,462 млн. кВтс) 3 797,9 млн. теңгеге немесе 32%-ға ұлғайды. Көрсетілген шығындардың артуы ұйымның жабдықтаушылардан сатып алынатын электр энергиясына тарифтердің ұлғаюына (орташа алғанда 12,0%-ға), сондай-ақ, электр энергия шығындарын 387,586 млн. кВтс (орташа алғанда 18,0%-ға) ысыраптың орнын толтыру шығындарына байланысты болды. Нақты тарифтердің өсуі энергия шығаратын кәсіпорындар тобы үшін бекітілген шекті тарифтер деңгейінің жыл сайынғы өсуімен шартталған.

2011 жылы Қазақстанда электр  энергиясын тұтыну 2010 жылмен салыстырғанда 4 368,9 млн. кВтс немесе 5,2%-ға артып, 88 136,0 млн. кВтс құрады. Аймақтар бойынша  электр энергиясын тұтыну:

Қазақстан Республикғасы 88 136,0 млн. кВтс немесе 100,0%

Солтүстік аймақ 60 588,7млн. кВтс немесе 68,7%

Оңтүстік аймақ 17 965,7 млн. кВтс немесе 20,4%

Информация о работе Электр энергиясын үнемдеу