Электр энергиясын үнемдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 10:12, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Үміт.docx

— 75.11 Кб (Скачать файл)

Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқашан басталған. Ғалымдардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор. Жыл қорытындысының деректері бойынша 2011 жылы елімізде балама көздер арқылы алынған электр энергиясы қуатының мөлшері 423 миллион кВт/сағ.-қа тең болып отыр. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың Қазақстан энергетикасындағы балама қуат көздерін зерттеу жөніндегі деректеріне сүйенсек, қазіргі еліміздің энергетикалық әлеуетінде ЖЭО-ның өндіретін электр энергиясының үлесі 88 пайызды, гидроэлектр стансаларының үлесі 12 пайызды құраса, балама энергетикалық қуат көздерінен алынатын электр энергиясы 0,02 пайызды құрайды екен. Солай бола тұрса да, елімізде балама қуат көздері, атап айтқанда, жел, күн және су сияқты балама қуат көздері энергетикалық ресурстарының едәуір бөлігін бере алады. 
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың деректері бойынша 2030 жылға таман еліміздің 46 ауданында қуаты 1 миллион кВт/сағ. болатын жел электр стансаларын салу жоспарлануда. Бұл бағдарлама жүзеге асса, еліміздің электр энергиясына ондаған МВт қуат қосылады деп күтілуде. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысының Шет ауданында жел электр стансалары орнатылған. Елімізде балама қуат көздерінің әлеуетін арттыруда биоқалдықтардың да әлеуеті мол. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын мал шаруашылығы және құс шаруашылығы шығаратын қалдықтар құрғақ күйінде 22,1 миллион тоннаны немесе 8,6 миллиард текше метр газ, 17,7 миллион тонна өсімдік қалдықтарын құрайды екен. Бұл өз кезегінде 14-15 миллион тонна шартты отын немесе 12,4 миллион тонна мазут деген сөз. Осы шартты отынды пайдалану арқылы жыл сайын 35 миллиард кВт/сағ. электр энергиясын және 44 миллион Гкал жылу энергиясын алуға әбден болады. Технология бар, қаржы бар, әттең, қиындығы көп күрделі жұмыспен ешкімнің айналысуға құлқы жоқ.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ Үкіметтің жоспарына сәйкес, балама қуат көздері арқылы алынатын энергия 2012 жылы жалпы электр энергиясының 0,05 пайызын, 2018 жылы 1 пайызын, 2024 жылы 5 пайызын құрауы үшін жұмыстар жасалып жатқандығын алға тартады. Ал миллиардтаған КВт энергия өндіруге мүмкіндік беретін балама қуат көздері пайдаланылмай жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен іс жүзіне асырыла бастаған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында бұл көкейкесті мәселеге ерекше маңыз берілді. Елбасы таяу болашақта еліміздің жалпы энергия тұтыну көлемінде балама энергия көздерінің үлесін 1 пайызға дейін жеткізу міндетін қойып отыр. Мемлекет басшысының нақты тапсырмасынан кейін ғана сең қозғалатын сияқты. Қазір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі балама энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін барлық шараларды қарастыруда.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Агуста Голдин. Океаны энергии.- Пер. с англ.- М.:Знание,1983.-144с
  2. Баланчевадзе В.И., Барановский А.И. и др.; Под ред. А.Ф. Дьякова. Энергетика сегодня и завтра М.: Энергоатмиздат, 1990.-344с
  3. Источники энергии. Факты, проблемы, решения.-М.: Наука и техника. 1997.-110с
  4. Кириллин В.А. Энергетика. Главные проблемы: В вопросах и ответах. М.: Знание , 1997-128с
  5. Мировая энергетика: прогноз развития до 2020г./Перс англ. Под ред. Ю.Н. Старшикова.-М.: Энергия,1980.-256с.
  6. Соснов А.Я. Энергия Земли.- Л.: Лениниздат, 1986.-104с.
  7. Регионы Казахстана, 2002. Статический сборник /Под. ред. А.А.Смаилова/. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2002. – 432 б. Экономикалық ғылымдар/ 9. Өнеркәсіп экономикасы – Магистрант Айнабекова М. Ж., Э.ғ.к. доцент       Джакишева Л. К.; М.Х. Дулати атындағы  Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы  Тараз қ.

 

 

Пайдаланылған интернет көздері:

 

 

  1. http://www.allbest.ru
  2. http://malimetter.kz/onerkasip-kurylymy-zhane-ony-ornalastyrudyn-principteri/ http://www.alashainasy.kz/society/45381/
  3. http://bnews.kz/kk/news/post/156110/
  4. http://www.rspp.ru

 

 

 


Информация о работе Электр энергиясын үнемдеу